Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:33, реферат

Описание работы

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды.

Работа содержит 1 файл

ezhelgi_memleketterdin_kukyktary_men_bostandyktary_0.doc

— 359.00 Кб (Скачать)

Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары

 

Таќырып 1. Ежелгі Шығыс  мемлекеттерінің пайда болуы.

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында  пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы  аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі  шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер  пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан  Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына  еңбек-құрал  жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.

Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде  бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең  етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу  басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға   айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына  келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды  қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған.Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.

Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында  басқару жүйесі де күрделене бастады  және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін  мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды    топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың  ролі  дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.

Ежелгі Шығыстағы мемлекетке  тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Бірақ билік әр түрлі айсақта  әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан  сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік  жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі  байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы  деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм»сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХV!! Ғ. аяғы мен ХV!!! ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі  патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты. 

 

Ежелгі Египетте мемлекеттің  пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.

Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.

Осы кезеңнің соңында Фива қаласының  билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады.

Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен  б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы  саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.

Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті  құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін  Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.

Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік  құрылысы. Ежелгі Египет тұрғындары негізінен жер өңдеумен және мал өсірумен айналысқан.

Египет қоғамының жоғарғы қабатында перғаун, жрецдер, шенеуніктер және әскери беделділер тұрды. Египетте қалыптасқан көптеген культтерге байланысты жрецдер  топтарға бөлінген. Әр топтың басында барлық билікті басқарушы жоғарғы жрец тұрды. Перғаун ең жоғарғы мемлекеттік билік иесі. Оның қарамағында кеніштер, тас қашайтын орындар, сыртқы саудалар шоғырландырылды. Оның бұйрығымен су қойма, сарайлар және табыттар салынды. Перғауынның бірінші көмекшісі уәзір мемлекеттік мекемелерді, шіркеулерді басқарды, әскерге адамдар жинады және жоғарғы сот билігін атқарды.

Перғауынның жанында бас вельможа және орталық басқарманы басқарушы  сановник (джати). Мемлекет механизмі  жүйесінде көрнекі орынды жрецдер  алды. Ежелгі Египетте заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өзара бөлінбеген болды. Тутмос ІІІ кезінде үш везир үшін құрастырылған инструкцияда (текст фиван  мәйіт сақтаушысының қабырғасынды сақталынған) және басқа да деректер бойынша визирдің өкілеттілігі мен қызмет көлемі өте кең болған.

Ежелгі Египетте визерден басқа  да лауазымды тұлғалар болды, олардың ішінде маңыздылары – мөр сақтаушы немесе бас қазынашы еді. Оны “Төменгі Египет патшасының қазынашысы ” деп атады, әрине Египетте дамыған мағынада қазына сөзі болған жоқ, өйткені салық натуралды түрде төленді.

Сонымен қатар патша архитекторының және дербес тұрғындарға жүктелген тағзым етуін орындауды қадағалау лауазымына ие болған патшаның барлық жұмысы басшысының рөлі жоғары болды. Ежелгі Египетте іс жүргізуі дамыған үлкен чиновниктер аппараты құрылды, ондағы көптеген құжаттар чиновниктердің жемқорлықпен айналысқаны, заңсыздықтың және еріктіліктің болғаны жайында куәландырады.

Вавилон мемлекетінің пайда  болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон. Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі шумерлер.

Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі  нәтижесінде Месопатамидағы билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген. 

Вавилонның гүлденуі І Вавилон  әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан.

Вавилон мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгівавилон қоғамының жалпы құрылымы египет қоғамына ұқсас. Яғни, вавилон қоғамының ерекшелігі ірі жер иеленушілер мен құлиеленушілердің молайуы нәтижесінде мемлекеттің пайда болуы және патша құқығының күшеюі. Шіркеу жерлерінің мемлекеттікке көшуі, қауымдық жерлерді сатып алу және жаулап алу нәтижесінде патшаның жер қоры ұлғайды. Сонымен қоса, патша жер қорының және жеке меншік жердің көбейуіне қарамастан жер өңдеудің ирригациялық жүйесіне негізделген қауымдық құрылымының сақталуы қоғамның ерекшелігін танытады.

Вавилонның басқа қоғамдардан  ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум (“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді).

Барлық мемлекет облыстарға бөлінген, әр облыс басында патша тағайындаған (наместниктер) тұрды. Сонымен қатар  Хаммурапи кезінде екі басты  наместник – солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстігінде Ларс қаласында  тағайындалған. Олардың негізгі  жұмысы ирригациялық қаруландыруды және жаңа каналдарды қазуды қадағалау, осы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартты. Сондай-ақ патша кірісін жинау және патшаға жеткізуді қадағалады, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметін атқарды.

Ежелгівавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының  орындалуын қадағалау қарастырылды. Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен жауап берді.

Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған.

Ежелгі Үнді мемлекетінің қалыптасуы. Үнді-адамзаттық мәдениеті ошағының бірі. Үнді тарихы өте көне ғасырдан бастау алады.

Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен Імыңжылдықтың басындағы Солтүстік Үндістан тарихының негізгі деректеріне ертедегі үнді діни-әдеби ескерткештері ведалар жатады. Олар ән ұрандар, құрбандық пен қарғыс және қасиетті дәстүрлердің жыр жинақтары болып саналады. Ведалар үндіевропалық тілде пайда болған(“веда” сөзі, мысалы, орыстың “ведать” сөзімен туыстас). Оларды құрастыру фактісін өзі Үндістанда үндіевропалық тайпалардың келуімен байланыстырылады. Тілі, діні және аңызы жағынан ведалар Иранның “Авестасына” ұқсас.Ертедегі ведаларды шығарған үнділіктер мен ирандықтардың арғы аталары ортақ бір территорияда тұрған туысқан тайпалар болуы мүмкін. Ғылымда бұлардың екеуінде ариилер деп атау қалыптасқан (арья-қайырымды ерте үнді, ерте иран тайпалық бірлестіктеріндегі жоғары ру басшылары деген аттан-ақ көрініп тұр.

Қоғамның теңсіздігінің күшеюне  байланысты, бұрын тайпа жиналысымен  сайланған әскери қолбасшысы (раджа), өзіне тайпалық басқару органын бағындырды.

Сол кезде үлкен, күшті мемлекет – Магадха болған. ІҮ-ІІІ ғғ. Маурийлер  әулеті өз қол астына бүкіл Үндістан территориясын  біріктірген, бұл кезең осы мемлекеттің ең шырқап дамыған кезеңі болған.  Магадхо-Маурийлер дәуірі ежелгіүнді мемлекеттілік құрылымы дамуының ерекше кезеңі болып саналады. Маурийлер дәуірінде көптеген мемлекет институттарының негізі қаланды және көптеген саяси оқиғаларға куә болды.

Маурьи империясы әртүрлі даму сатысындағы тайпалардың және халықтардың  конглораметі (бірлестігі). Бірақ күшті әскеріне және мықты басқару аппаратына қарамастан, Маурийлер мемлекеті бірлігін сақтай алмады. Б.э.д. ІІғ. Үнді көптеген мемлекеттерге ыдырады. 

 

 

 

Ежелгі Үнді мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық құрылыстың бөлінуіне, қоғамдық және мүліктік теңсіздікке байланысты варналар құрылды. Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді. Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне бастады. Некелер тек өз варналарында ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды.

Информация о работе Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары