Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 00:55, курсовая работа
Жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды. Олар негізі¬нен адамгершілік қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік, сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара қатынастар туралы нормаларымен реттеледі.
Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы ересек адамның өз нәпсіқұ¬мар¬лық қажеттігін кіммен және қалай шешетін жыныстық бостандығын, сондай-ақ ере¬сектердің де сол сияқты кәмелетке толмағандардың да дербес құқықтығын қам¬ти¬ды.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
Зорлау қылмысының құрамы........................................................................5-12
Зорлаудың ауырлататың мәнжайлары...............................................13-16
Зорлаудың ерекше сараланған құрамдары................................................17-19
Қорытынды.......................................................................................................20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22-24
Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян тікелей зорлау кезінде де, не зорлау кезінде алынған жарақаттың салдарынан, кейін де келуі мүмкін. «Адамның денсаулығына зиян» түсінігі сот медицинасы бойынша анықталады, оған не дене жарақаты, органдар мен тіннің анатомиялық бүтіндігінің немесе олардың қызметінің бұзылуы, не науқасы немесе патологиялық күй жатады. Жәбірленушінің өміріне қауіпті, одан өліп кетуге зиян ауыр зиян деп саналады.
Жәбірленушіге ВИЧ/ЖҚТБ ауруын жұқтыру дегеніміз — зорлап жыныстық қатынас жасағаннан кейін жәбірленушінің ВИЧ жұқпалы ауруымен немесе ЖҚТБ-мен науқастануы.
Өзге де зардаптар дегеніміз, бұл жағдайда, жәбірленушінің немесе оның туыстарының біреунің өзін-өзі өлтіруі.
Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысының 13 тарауына сәйкес, зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған кезде өзінде соз ауруы немесе ВИЧ/ЖҚТБ аурулары бар екенін білген кінәлі, ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарымен ғана емес, тиісті зардаптар келтірілген жағдайда - осы ауруларды жұқтырғаны үшін, сондай-ақ алдын ала басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыру қаупін тудырғаны үшін жауапқа тартылады.
4. Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында зорлау. Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздікті пайдалану, бір жағынан, кінәлінің қылмыстық ниетті жүзеге асыруын жеңілдетеді, екінші жағынан, өзінің жазаланбай қалатынына сенімділігін арттырады.
Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздік өздігінен қылмысқа итермелейді, бірақ қылмыс жасау үшін ыңғайлы жағдай тудырады.
Егер жәбірленушінің 14 жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып зорлау. Жасы 14-ке толмағандарды заң жас балалар санатына жатқызады, олардың дене бітімі де, психикасы да әлі жетіп толыспаған. 14 жасқа толмаған қыз баланың жыныстық жетілмегендігін сот-медициналық сараптама анықтамайды, себебі физиологиялық тұрғыдан олар қай жағынан алса да жыныстық жетілмеген деп саналады. 14 жасқа көрінеу жетпегенді зорлаудың құрамы болу үшін кінәлінің 14 жасқа толмаған адамдарды зорлап отырғандығын өзі білетінін субъективтік жағынан анықтау қажет. Егер кінәлі жәбірленушінің дене бітіміне қарап немесе оның жас шамасын шындығында білсе, бұл ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынып ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Зорлау үстінде не
өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш
қолданып әрекеттерді жасау үстінде
қорқыту деп жәбірленушілердің
қарсылығын басу мақсатында кінәлінің
жәбірленушілердің өздеріне немесе
олардың жақындарына күш қолдан
Өлтірумен, денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сондай-ақ адамға басқа да ауыр түрдегі күш қолданумен немесе мүлкін өртеу, жарылыс жасау жолымен жою немесе өзге жалпыға қауіпті тәсілмен қорқыту, зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері жасалғаннан кейін, мысалы, жәбірленушілерді қорқыту және жасалған әрекеттің жария болуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылса, олар осындай қорқытушылықты орындайды деп сескенуге жеткілікті негіз болса, ҚК 112-бабы бойынша дербес саралануға, ал осы әрекеттер тұтастай көрсетілген қылмыстық нормамен және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Жәбірленушінің дәрменсіздігі деп оның дене немесе психикалық жағдайда (жастығына, қарттығына, дене кемтарлығына, ақыл-есінің ауысуына, басқаша ауру немесе есінен айырылу және т.с.с. жағдайларда) болуына байланысты кінәліге қарсылық көрсету мүмкіндігінің болмағандығын, соңғысының жәбірленушінің тап осындай халде екенін біле тұра, оны зорлауын немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасауын түсіну керек.
Жас немесе кәмелетке
толмағанды зорлағаны немесе осындай
жастағы адамдарға қатысты
Әдебиеттер: