Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 00:55, курсовая работа
Жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды. Олар негізі¬нен адамгершілік қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік, сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара қатынастар туралы нормаларымен реттеледі.
Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы ересек адамның өз нәпсіқұ¬мар¬лық қажеттігін кіммен және қалай шешетін жыныстық бостандығын, сондай-ақ ере¬сектердің де сол сияқты кәмелетке толмағандардың да дербес құқықтығын қам¬ти¬ды.
Кіріспе...................................................................................................................3-4
Зорлау қылмысының құрамы........................................................................5-12
Зорлаудың ауырлататың мәнжайлары...............................................13-16
Зорлаудың ерекше сараланған құрамдары................................................17-19
Қорытынды.......................................................................................................20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22-24
Зорлау кезінде күш жұмсау дегеніміз — ұрып-соғып жәбірленушінің денесіне әр түрлі дәрежедегі жарақат түсіру. Бұл ретте оның тәнін ауыртады, бостандығын шектейді, байлап тастайды, қылқындырады, қысқасы, жәбірленушінің қарсылығын басу немесе қарсыласуына мүмкіндік бермеу үшін әр түрлі әрекеттер жасайды.
Зорлау жасау үшін күш қолданудың бір тәсіліне заң психикалық қысым жасауды да жатқызады. Жәбірленушінің қарсылығын басу үшін оны сөзбен қорқытады, оған қару көрсетеді, ұрмақшы болып ұмтылады, т. б. қимылдар жасайды, ондағы мақсат — күш жұмсаудан қайтпайтындығын көрсету. Қорқытуды зорлауды тәсілі ретінде пайдаланғанда оның заңсыз болуы тікелей, қорқынды көрсетілуі, ол нақты және шындық болуы тиіс. Тек сондай қорқыту ғана әйелді дәрменсіз етеді. Мүлкінді жоямын деп қорқыту немесе жәбірленушіні масқаралайтын деректерді мәлім етемін деп қорқыту, яғни арандатушылықпен жыныс қатынасын жасау зорлау болып танылмайды. Мұндай әрекеттерді жасаймын деп қорқыту әйелді дәрменсіз жағдайға душар етпейді, себебі оның өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдауға немесе басқалардан көмек сұрауға мүмкіндігі болады.
Күш жұмсау немесе күш жұмсаймын деп қорқыту тек жәбірленушіге ғана қатысты емес, басқа адамдарға да (туыстарына, жақындарына, таныстарына) қатысты болуы мүмкін.
Жәбірленушінің дәрменсіз
Ал, психикалық дәрменсіздікте, әйел өзінің психикасындағы ерекше өзгерістерге байланысты өзімен қандай әрекеттің жасалып жатқандығын ұғына алмайды. Оған ұйқыны, талып қалуды, есірткіге немесе ішімдікке мас болуды, ақылкемдігін, әлі сәбилігін немесе басқадай да психикасының қалыпты жағдайда еместігін жатқызуға болады.
Дәрменсіз күйге жәбірленушінің естен танып қалу жағдайы да кіреді, бұл ретте ол өзі айтар ойын жеткізе алмайды. Жәбірленуші дәрменсіз күйде болғанда, кінәлі өз мақсатына жету үшін оны қорқытпайды немесе оған күш қолданбайды, себебі ол өз ойын жеткізе алмайды не қарсылық көрсете алмайды. Әйелдің дәрменсіз күйде болуы себепті ғана өзінің жыныстық қатынасқа барып отырғандығын кінәлі ұғынады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің не себепті дәрменсіз күйге душар болғандығының маңызы жоқ.
Қылмыстық заң алдап зорлағандық үшін жауаптылық көздемейді. Бірақ, алдау нәтижесінде жәбірленуші дәрменсіз күйде қалса, онда дәрменсіз күйдегі адамда зорлаудың орын алуы мүмкін.
Жыныстық қатынас басталған кезден зорлау аяқталған қылмыс болып саналады. Жыныстық қатынастың физиологиялық мағынада аяқталуы зорлауды аяқтайды деп тану үшін қажетті емес. Егер кінәлі, әйелді қорқытып, оған күш қолданып немесе оның дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға әрекет қылса, бірақ ол оған байланысты емес себептермен (әйел қарсылық көрсетіп, басқа біреу келіп қалып, физиологиялық факторлар себебін) жүзеге аспай қалса, мұндай іс-әрекет қылмысқа оқталғандық ретінде ҚР ҚК және баптары бойынша сараланады. Зорлауға оқталғандық деп тану үшін кінәлі әрекетінің сондай мақсатқа бағытталғандығын және оның қорқытуды, күш қолдануды немесе әйелдің дәрменсіз күшін пайдалануды сондай мақсатқа жету үшін қолданған-қолданбағандығын анықтау қажет. Және де зорлауға оқталуды ер адамның әйелдің ар-ожданына, намысына тиісіп, жыныстық дәрбестігін сыйламай (кемсіту, ұрып-соғу, бұзақылық, денсаулығына қасақана зиян келтіру, заңсыз бостандығын шектеу, т. б.) оны өзімен жыныстық қатынасқа баруға көндірмекші болған әрекетпен ажырату қажет. Зорлауға оқталғандықты, сонымен қатар, қылмыстан өз еркімен бас тартудан да ажырату қажет (ҚК 26-бабы). Қылмыстан өз еркімен бас тарту оны жасауға оқталғандық үшін жауаптылықтан босатады, бірақ егер оның әрекетінде басқа қылмыстардың (денсаулыққа зиян келтіру бұзақылық, қорқыту, т. б.) нышаны болса, кінәлі сол іс-әрекеттері үшін жауаптылық көтереді.
Субъективтік жағынан зорлау әрқашан тікелей ниетпен жасалады, сондақтан да ол өзінің заңдық болмысы жағынан формальды қылмыстар қатарына жатады. Кінәлі өзінің жыныстық қатынасты жәбірленушіні қорқытып немесе оған күш қолданып не оның дәрменсіздігін біліп жасағандығын ұғынады, соған қарамастан жыныстық қатынасқа баруды қалайды. Зорлаудағы негізгі себеп — кінәлінің өзінің немесе басқа адамдардың жыныстық тәбетін қанағаттандыру. Ал, оның жанама себептері — бұзақылық, біреуден өш алу, біреуді масқаралау, т. б. болуы мүмкін.
Бұл қылмысты жасаудағы мақсат — кінәлі өзінің немесе басқа адамдардың жыныстық қатынасқа құштарлығын салу.
Зорлаудың субъектісі — зорлап әйелмен жыныстық қатынасқа барған адамдар, сондай-ақ жәбірленушіні зорлау кезінде оларға көмектескен адамдар. Көмектескендер әйелдер де болуы мүмкін. Зорланғандық үшін жауаптылық 14 жастан басталады.
1.2 Зорлаудың сараланған құрамдары
1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдас-қан топ жасаған зорлау. Адамдар тобы жасаған зорлауға екі немесе одан көп адамның зорлаудың объективтік жағына кіретін тым болмаса бір әрекетті алдын ала келіспей жасаған зорлауы жатады. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының зорлауы дегеніміз – сол қылмысты жасауға алдын ала өзара келіскен адамдардың қылмысқа қатысуы. Ұйымдасқан топ жасаған зорлауға бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін бұрыннан біріккен тұрақты адамдар тобы жасаған зорлау жатады.
Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық
сипаттағы күш қолдану
Егер қылмысқа қатысқан адамдар, оны жасау үшін
алдын ала келіскен болса, зорлау және
өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану
әрекеттері алдын ала сөз байласқан адамдар
тобымен жасалған деп есептеледі.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер ҚК 120
немесе КҚ 121-баптарымен көзделген бір
немесе бірнеше қылмыс жасауға алдын ала
біріккен тұрақты адамдар тобымен жасалса,
онда осындай әрекеттер ұйымдасқан топпен
жасалған деп сараланады.
Топтасып зорлағандық үшін тек тікелей зорлық көрсетіп жыныстық қатынасқа барған адамдар ғана емес, сонымен қатар жәбірленушіге күш қолданып немесе оны қорқытып жыныс қатынасының жасалуына көмектескен адамдар да жауапқа тартылады. Олар топтасып әйел зорлауға қатысқандар болып танылады. Жәбірленушіге қарсы күш қорданбаған, бірақ оны басқа біреудің зорлап жыныстық қатынас жасауына көмектескен адамдар қылмысты ұйымдастырушы, арандатушы немесе оған көмектесуші ретінде ҚР ҚК 28-бабы бойынша және 120-баптың тиісті бөлігі бойынша жауапталады.
Бірнеше адамның бір әйелді топтасып зорлағаны ғана емес, бірнеше адамның өзара келісіп және күш қолданып немесе қорқытып бірнеше әйелдің әрқайсысын топтасып зорлауы да топтасып зорлағандыққа жатады. Егер топ ұйымдасқан болса, зорлау кезінде өздерінің атқарған рөлдеріне қарамастан, топтың ұйымдастырушысы да, оған қатысушылар да ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша жауапталады. Топтасып әйел зорлауды ұйымдастырушысы адамдардың әрекеттері, сол қылмысқа қатысқан адамдар өздерінің есі дұрыс еместігіне, жасының толмағандығына немесе басқадай себептерге байланысты жауаптылықтан босатылса да, жоғарыда көрсетілген бөлік бойынша сараланады.
2. Өлтіремін деп қорқытумен
ұштасып, сондай-ақ
Адам өліммен ұштасқан зорлау, қасақана адам өлтіру ретінде, ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «к» тармағы бойынша саралануға тиіс.
Зорлаған кезде қатыгездік
танытудың белгісі — зорлап жыныстық
қатынас жасау кезінде
3. Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соғатын зорлау. Қылмыстың бұл нышаны болу үшін кінәлі өзінің соз ауруымен ауыратынын білеуге және оның жұғатынын біле тұра зорлап қылмыстық қатынасқа баруы тиіс. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «а» тармағымен саралау үшін жәбірленушіге кінәлінің қандай ауру жұқтырғаннының маңызы жоқ. Бірақ, егер зорлау кезінде жұққан соз ауруынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе, онда ол зорлаудан келген ауыр зардап деп танылуы мүмкін.
4. Бірнеше рет жасалған
зорлау немесе бұрын
Бұрын жасаған зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін заңда көрсетілген тәртіппен соттылығы жойылмаған және алынбаған, сонымен бірге егер уақытына қарай соңғы зорлауды немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған мезгілде бұрын жасалған зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген адамдар жауапқа тартылуға жатады. Сонымен бірге зорлаудың немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің бірнеше рет жасалуын тану үшін кінәлінің бұрын жасаған қылмысы аяқталған немесе оған оқталу болғаны, оның қоса орындаушы немесе қылмысқа басқа да нысанда қатысушы болғаны маңызды емес.
Бір адамға қатысты айтарлықтай емес уақыт аралығында бірнеше жыныстық актіні немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау, егер кінәлі бір ниетпен әрекеттенсе бірнеше рет жасалу белгісін құрамайды және жалғасатын қылмыс ретінде қарастырылуы керек.
Екі немесе одан да көп
зорлау немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы
күш қолдану әрекеттерін
Бір жағдайда зорлауды немесе өзге нәпсіқұмарлық
сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау
аяқталған болса, ал басқасында - осы қылмыстардың
біріне оқталса, немесе бір қылмысты жасаған
кезде кінәлі оның орындаушысы болған,
ал басқаларды жасау кезінде - ұйымдастырушы,
айдап салушы немесе көмектесуші болса,
кінәлінің әрекеттері қылмыстардың жиынтығы
бойынша саралануы тиіс.
2. Бұл қылмыстың ерекше сараланған түрлері мыналар:
1. Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырған зорлау. Жәбірленушінің өлімі зорлау барысында оның қарсылығын басу кезінле болуға және де мұндай зардаптың болуындағы айыптының кінәсі абайламағандықтан болуға тиіс.
Мысалы, зорлау кезінде
дене жарақатын алғандықтан
Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық
сипаттағы күш қолдану әрекетте
2. Абайсыз жәбірленушінің
денсаулығына ауыр зиян