Зорлау қылмысының құрамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 00:55, курсовая работа

Описание работы

Жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды. Олар негізі¬нен адамгершілік қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік, сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара қатынастар туралы нормаларымен реттеледі.
Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы ересек адамның өз нәпсіқұ¬мар¬лық қажеттігін кіммен және қалай шешетін жыныстық бостандығын, сондай-ақ ере¬сектердің де сол сияқты кәмелетке толмағандардың да дербес құқықтығын қам¬ти¬ды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4
Зорлау қылмысының құрамы........................................................................5-12
Зорлаудың ауырлататың мәнжайлары...............................................13-16
Зорлаудың ерекше сараланған құрамдары................................................17-19
Қорытынды.......................................................................................................20-21
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22-24

Работа содержит 1 файл

Тема. Зорлау..doc

— 109.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Зорлау»

 

 

 

 

 

Орындаған:

   .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2013ж.

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы 

 

Кіріспе...................................................................................................................3-4

  1. Зорлау қылмысының құрамы........................................................................5-12

1.2Зорлаудың ауырлататың мәнжайлары...............................................13-16

  1. Зорлаудың ерекше сараланған құрамдары................................................17-19

Қорытынды.......................................................................................................20-21

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................22-24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П  Е

Жыныстық қатынас адамзат  өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды. Олар негізінен адамгершілік қағидаларымен, отбасы заңнамасының некелік, сол сияқты некеден тыс жыныстардың өзара қатынастар туралы нормаларымен реттеледі.

Тұлғалардың бостандығы мен дербес құқықтығы ересек адамның  өз нәпсіқұмарлық қажеттігін кіммен және қалай шешетін жыныстық бостандығын, сондай-ақ ересектердің де сол сияқты кәмелетке толмағандардың да дербес құқықтығын қамтиды. Қылмыстық заңнама (ҚР ҚК 120-124-баптары) осы құқықтарды қоғамда қалыптасқан жыныстық мораль нормаларына қайшы келетін іс-әрекеттерге тыйым салу жолымен шешеді.

Қарастырып отырған  қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мыналармен көрінеді, ол шынында тұлғалардың жыныстық дербес құқықтығы мен бостандығын елеулі түрде бұзады, кәмелетке толмағандарды аздырады, олардың адамгершіліктік және іс жүзіндегі дамуына кері әсер етеді, қоғамдық моральды бұрмалайды. Жаңа заңнамаға қарағанда бұрынғы қылмыстық заңда ауырлататын мән-жайлармен жасалған әйел зорлауда өлім жазасына кесу қарастырылған (Қаз ҚКС ҚК 101-бабының 4-бөлігі).

Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен  байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысына сәйкес, зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек.

Жыныстық дербес құқыққа  қарсы қылмыстар деп қылмыстық  заңмен көзделген 16 жасқа немесе 14 жасқа  толмаған өскіндердің жыныстық дербестігіне, ойдағыдай психикалық пісіп-жетілуі мен дамуына, ересектердің жыныстық бостандығына не қоғамдағы қалыптасқан жыныстық қарым-қатынас тәртібіне қоғамға қауіпті қол сұғушылық танылады.

Жыныстық қылмыстың тектік объектісі тұлғалардың дербес құқықтығы мен бостандығы болып табылады.

Бұл қылмыс тобының тікелей объектісі жыныстық дербес құқық пен жыныстық бостандық, ал қосымша объектісінің кейбірісі балалар мен өскіндердің қалыпты өсуі мен адамгершіліктік дамуы болып табылады. Жәбірленушілерге байланысты сипаттамаларды заңның мағынасына қарай әрбір бап бойынша бөлек-бөлек беруге болады, ондайлардың қатарына жас шамасына қарамастан қылмыстық-құқықтық қорғалатын еркектер де әйелдер де жатады.

Жыныстық қылмыстың объективтік жағы сипаттары ҚР ҚК диспозицияларымен немесе баптарымен анықталатын кінәлі адамның заңға қайшы әрекеттерімен сипатталады. Құрамдары негізінен формальды. Кейбір жыныстық қылмыстарда саралаушы белгілер бар деп тану үшін кінәлінің әрекеттері мен саралаушы ретінде көзделетін келтірілген зардаптардың арасындағы себепті байланыстарды анықтау қажет.

Қылмыстың субъективтік жағы тура ниетпен сипатталады. Қылмыстың себебі негізінен нәпсіқұмарлық бағытта болады, кейде басқаша да болуы мүмкін.

Жыныстық қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған екі жыныстың екеуі де болуы мүмкін. Зорлаудың (ҚР ҚК 120-б.) және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданудың (ҚР ҚК 121-б.) субъектісі 14 жасқа толған адам болып табылады.

 

 

 

 

 

            1. Зорлау қылмысының құрамы — ҚР ҚК 120-бабы.

Зорлау — әйелдің  жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігіне қол       сұғудың ең ауыр түрлерінің бірі.

Қылмыстық заң бойынша  зорлау дегеніміз — жәбірленушіге  немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып психикалық қысым жасап (қорқытып) не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып ер адамның әйелмен кәдімгі түрде жыныстық қатынасқа баруы.

Бұл қылмыстың объектісі — әйел жынысты адамның жыныстық еркіндігі мен жыныстық дербестігі. Бұл — ер адаммен жыныстық қатынасқа бару мәселесін әйел өзі шешеді деген сөз.

Жыныстық қатынасқа  әйелдің ықтияры болмағандығына, оның ондай әрекетке ешбір келісім бермеуі және жанталасып қарсыласуы дәлел болады. Зорлаудың жәбірленушісі тек әйел жынысты адам ғана болады. Зорлағандық үшін жәбірленушінің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы рөл атқармайды, жезөкшені, көңілдесін, әйелін зорлағандық үшін де жауаптылық қарастырылған. Қазақстанның қылмыстық заңы кез келгене адамның жыныстық еркіндігін, оның оны қалай пайдаланып жүргендігіне қарамастан, қорғайды.

Әйел немесе еркек  жынысты адамға табиғи емес нысанда  жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы және т.с.с.) өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері деп түсіну керек.

2. Зорлау және өзге  де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттерін саралау кезінде жәбірленушінің моральдық келбеті, әлеуметтік мәртебесі, мінез-құлқы, кінәлі адамның және жәбірленушінің бұрынғы өзара қарым-қатынастары маңызды емес. 

3. Күш қолдану деп  жәбірленушінің қарсылығын басуға  бағытталған, мысалы, ұрып-соғу, тыныс алу жолдарын қысып жабу, аяқ-қолдарын ұстап жібермеу, киімін жырту, және с.с. әрекеттер жасауды түсіну керек. 
      Зорлау, өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау немесе оларды жасауға оқталу кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 120 немесе ҚК 121-баптарының диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

Денсаулыққа келтірілген  зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесіне сәйкес алынған сараптамалық қорытынды негізінде анықталады.

Зорлау не өзге нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау барысында немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде не болмаса олар аяқталғаннан кейін жасалған қылмысты жасыру немесе көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағы және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануы керек. 
      Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралаған кезде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында, сондай-ақ басқа да тармақтарында, ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген барлық анықталған саралау белгілерін көрсетуі тиіс.

Зорлау - физиологиялық  мағынада жыныстық акт басталған  сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Өзге нәпсіқұмарлық  сипаттағы күш қолдану әрекеттері сол әрекеттер нәпсіқұмарлық сипатта жасалына бастаған сәттен бастап аяқталды деп саналады.

Зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш  қолдану әрекеттеріне оқталуды басқа  қылмыстардан ажырату кезінде кінәлі жәбірленушілердің еркінен тыс жыныстық акт немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау мақсатында әрекет жасады ма және күш қолдану осы мақсатқа жетудің тәсілі болды ма, анықталуы керек. Осындай мән-жайлар болмаса, адам зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне оқталғаны үшін жауаптылыққа тартылмайды.

Жыныстық акт жасауға  физиологиялық мүмкіндігі жоқ және ол туралы алдын ала білген адам, сырттай зорлауға ұқсас әрекеттер  жасағаны үшін ҚК 120-бабымен жауапқа  тартылмайды. Оның әрекеттері нақты  мән-жағдайларға байланысты өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін, бұзақылық, қорлау және басқаларды жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК баптарымен саралануы мүмкін.

Зорлаған кезде қатігездік танытудың белгісі — зорлап жыныстық қатынас жасау кезінде жәбірленушінің немесе басқа адамдардың тәнін, жанын қатты ауырту. Азаптау, қинау, т. б. жан күйзелту — жәбірленушінің қарсылығын басатын тәсіл болып табылады. Әйелді жақын, туыс адамдардың көзінше, әдейі көрсетіп зорлау да аса қатігездікке жатады.

Жәбірленушінің соз  ауруын жұқтырып алуына әкеп соғатын  зорлау. Қылмыстың бұл нышаны болу үшін кінәлі өзінің соз ауруымен ауыратынын білуге және оның жұғатынын біле тұра зорлап қылмыстық қатынасқа баруы тиіс. ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «в»-тармағымен саралау үшін жәбірленушіге кінәлінің қандай ауру жұқтырғанының маңызы жоқ. Бірақ, егер зорлау кезінде жұққан соз ауруынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе, онда ол зорлаудан келген ауыр зардап деп танылуы мүмкін.

Бірнеше рет жасалған зорлау немесе бұрын нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамның зорлауы. Егер кінәлі екі немесе одан да көп рет зорлап жыныстық қатынас жасаса, ол бірнеше рет жасалған зорлау деп танылады. Егер кінәлі ҚК 121-бабында көзделген қылмысты жасаған болса, онда ҚК 120-бабы 2-бөлігінің «г»-тармағы қолданылады, ал оның сол бірінші қылмысты орындаушы немесе оған қатысушы болғандығының жәбірленушіне оған дейін аяқталған қылмыс жасағандығының маңызы жоқ. Жәбірленушіні белгілі-бір уақыт өткеннен кейін қайта зорлағанда ғана бірнеше рет зорлау болады. Егер жәбірленуші өне бойы бір адамның немесе топтың қол астында болса, ол созылмалы, бір реттік зорлау болып табылады.

Көрінеу кәмелетке толмағанды зорлау. 14 жастан 18 жас аралығындағы адаммен күш қалданып жыныстық қатынасқа бару-кәмелетке толмағанды зорлау деп танылады. Бұл ретте кінәлі өзінің кәмелетке толмағанды зорлап отырғанын білуге тиіс.

Кәмелетке толмағанды зорлаудағы ниет кінәлініз кәмелетке толмағанға күш қолданып, оны өзінің зорлап жыныстық қатынас жасағандығын ұғынды, соны тілейді. Егер кінәлі жәбірленушінің жас шамасын шынымен білмей қалған болса, онда жәбірленушінің кәмелетке толмағандығы кінәлінің әрекетін ҚК 120-бабы 2-бөлігінің осы тармағы бойынша саралауға негіз бола алмайды.

Бұл қылмыстың ерекше сараланған түрлері мыналар:

1. Абайсызда жәбірленушінің өлуіне  әкеп соқтырған зорлау. Жәбірленушінің  өлімі зорлау барысында оның қарсылығын басу кезінде болуға және де мұндай зардаптың болуындағы айыптының кінәсі абайламағандықтан болуға тиіс. Мысалы, зорлау кезінде дене жарақатын алғандықтан жәбірленуші көп қан жоғалтады, соның салдарынан қаза табады. Немесе зорланғаннан кейін, қандай да бір ауруы ушығып, жәбірленуші өледі. Мұндай зардаптың болуына, кейде жәбірленушінің өзі де себепкер болады.

2. Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, онын ВИЧ/ ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соғатын зорлау. Бұл жағдайда өзінше бөлек-бөлек үш ауырлататын мән-жай қарастырылған және бұл зардаптарға қатысты кінә абайсыздық болуға тиіс. Зорлау факторы мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру арасындағы қажеттік байланыс анықталған жағдайда ғана бұл үш мән- жай зорлаудың ерекше ауыр зардаптары деп саналады.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян тікелей зорлау кезінде де, не зорлау кезінде алынған жарақаттың салдарынан, кейін де келуі мүмкін. «Адамның денсаулығына зиян» түсінігі сот медицинасы бойынша анықталады, оған не дене жарақаты, органдар мен тіннің анатомиялық бүтіндігінің немесе олардың қызметінің бұзылуы, не науқасы немесе паталогиялық күй жатады. Жәбірленушінің өміріне қауіпті, одан өліп кетуге болатын зиян ауыр зиян деп саналады.

Жәбірленушіге ВИЧ/ЖҚТБ ауруын жұқтыру  дегеніміз-зорлап жыныстық қатынас  жасағаннан кейін жәбірленушінің ВИЧ  жұқпалы аурумен немесе ЖҚТБ-мен науқастануы.

Өзген ауыр зардаптар  дегеніміз, бұл жағдайда, жәбірленушінің немесе оның туыстарының біреуінің өзін- өзі өлтіруі.

3. Жәбірленушінің 14 жасқа  толмағанын көрінеу біле тұрып  зорлау. Жасы 14-ке толмағандарды заң жас балалар санатына жатқызады, олардың дене бітімінде, психикасы да әлі жетіп толыспаған. 14 жасқа толмаған қыз баланың жыныстық жетілмегендігін сот-медициналық сараптама анықтамайды, себебі физиологиялық тұрғыдан олар қай жағынан алса да жыныстық жетілмеген деп саналады. 14 жасқа толмаған адамды зорлап отырғандығын өзі білетінін субъективтік жағынан анықтау қажет. Егер кінәлі жәбірленушінің дене бітіміне қарап немесе оның жас шамасын шындығында біле алмай қалса, бұл ауырлататын мән-жай есепке алынбайды.

Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында зорлау. Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздікті пайдалану, бір жағынан, кінәлінің қылмыстық ниеті жүзеге асыруын жеңілдетеді, екінші жағынан, өзінің жазаланбай қалатынына сенімділігін арттырады. Қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тәртіпсіздік өздігінен қылмысқа итермелейді, бірақ қылмыс жасау үшін ыңғайлы жағдай тудырады

Зорлаудың объективтік жағы жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушімен жыныстық қатынас жасауды көрсетеді. Бұл ретте әйел мен ер адамның кәдімгідей бірігуін жыныстық қатынасқа бару деп түсіну қажет. Егер жыныстық қатынас әйелдің ықтиярынсыз, оған күш жұмсалып немесе оны не басқа адамдарды қорқытып, не оның дәрменсіз күшін пайдаланып жасалса, ол зорлау болып танылады. Алдап немесе өзіне деген сенімді теріс пайдаланып жыныстық қатынасқа барудың әйелдің келісімін алса, онда зорлағандық болмайды.

Информация о работе Зорлау қылмысының құрамы