Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 14:10, курсовая работа
Қазақстан Республикасы терең, саяси, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық қайта құруды жүзеге асырып, нарықтық қатынастарға өтуі Конституциялық құрылыстың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті үздіксіз нығайтуды талап етеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту азаматтық іс жүргізудегі өкілдік сияқты азаматтық құқықтың маңызды институттарын жан-жақты қарастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде өкілдік ұғымы және сотта өкілдік етудің негізгі қағидалары белгіленген.
Кіріспе..................................................................................................3
І. тарау
1.1Өкілдіктің түсінігі .........................................................4-11
II.тарау
2.1 Өкілдіктің түрлері.......................................................12-17
2.2 Заңды өкілдік....................................................................18
2.3 Шартты өкілдік............................................................19-21
Қорытынды...................................................................................22-23
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Бастапқыда өкілдік заңды түрде пайда болды. Ерікті өкілдікті жеке мінез-құлықпен келіспейтін міндеттеме ретінде мойындамаған Рим құқығы кейіннен заңды және ерікті өкілдіктен тұратын, өкілдік институтының негізі болып танылатын біршама дамыған заңды өкілдік институтына ие болды. Заңды өкілдік мүліктік айналымда кеңінен тараған. Ол әрекет қабілеттілігі жоқ адамдарға қатысты қолданылады. Толықтай әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғалар болып 14 жасқа толмаған жасөспірімдер және қорғаншылық тағайындалған азаматтар танылады. Қорғаншы тағайындау негізі, шарттары және тәртібі неке-отбасылық заңдылықтармен, соның ішінде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. 14 жасқа толмаған жасөспірімдер және қорғаншылық тағайындалған азаматтар, сөзсіз, азаматтық құқық субъектілері болып танылады, себебі, жалпы құқық қабілеттілігін иеленеді.
Бірақ сонымен бірге азаматтық құқық оларды өз әрекеттерімен құқықтар иеленіп, міндеттер атқару мүмкіндігі – әрекет қабілеттілікке ие тұлғалар ретінде танымайды. Бұл 14 жасқа толмағандар мен қорғаншылық тағайындалған азаматтардың өз іс-әрекеттерінің салдарын ұғына алмайтындығымен түсіндіріледі. Сондықтан заң мұндай тұлғалардың әрекет қабілеттілігінің орнын толтыру үшін 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қорғаншылық тағайындалған тұлғалардың құқықтарын иеленіп міндеттерін атқаруды заңды өкілдерге беруді қарастырады12 Бұл жерде ескере кететін жайт - азаматтық құқықтық қатынастың әрекетке ќабілетті және әрекетке қабілетсіз тұлғаларының арасындағы негізгі критерий – тұлғаныњ мәміле жасасу қабілеттілігі.
14 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін шарт жасасқан ата-аналар, асырап алушылар және қорғаншылар, сондай-ақ бекітілген тәртіппен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтар үшін шарт жасасқан қорғаншылар олардың заңды өкілдері болып танылады. Бұл жағдайда өкілеттік өкілдіктің туындауын заңды фактінің пайда болуымен байланыстыратын заңдылықтан келіп шығады, мысалы, оқиға (баланың өмірге келуі), сот шешімі (азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану). 13
14-18
жас аралығындағы кәмелетке
2.3.
Шартты өкілдік
Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады14. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші Өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды, мысалы, тапсырма шарты.
Дұрыс
ресімделген өкілеттік ерікті өкілге
өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу
әрекеттерін жүзеге асыруға құқық береді.
Бірақ ол арнайы уәкілеттіктерсіз дербес
басқару әрекеттерінің кейбірін жасай
алмайды: талаптардан толық немесе ішінара
бас тарту, талапты тану, талап затын өзгерту,
халықаралық келісім жасасу, өкілеттікті
басқа тұлдғаға беру, сот шешіміне шағымдану,
өндіріп алу бойынша атару парағын ұсыну,
берілген мүлікті немесе ақшаны алу. Мұндай
іс-әрекеттердің әр қайсысын жасау мүмкіндігі
сенімхатта арнайы көрсетіліуі тиіс. Бұл
ерікті өкілдікті жүзеге асыратын барлық
тұлғаларға теғ дәрежеде қатысты. Аталған
талаптарды тәжірибеде сақтамау диспозитивтік
қағиданы бұзушылық болып табылатындықтан
сот шешімін жоғары тұрған сотты күшін
жоюына әкеліп соқтырады.
Қорытынды
Сонымен курстық жұмысымды қорытындай келе, онда талқыланған мына мәселелерді атап өткім келеді. Кез келген құқықтың ажырамас бөлігі – Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде танылатын өкілдік берушілерге, өкілдерге жалпы сипаттама беріліп, олардың пайда болу негіздері мен түрлері, сотта өкілдік ету мен тоқтатылу негізі толық әрі жан –жақты талқыланды. Қорыта айтқанда, заң бойынша өкілдер өкілдің атынан әртүрлі шарттар жасауға (сатып алу-сату, жалдау, тұрғын үйді ауыстыру және т.б. шарттар), сондай-ақ наразылық білдіру, еңбекақы алу және басқа да заңды іс-әрекеттер жасауға құқылы. Бірақ өкіл арқылы сипаты бойынша өкілдік берушінің жеке өзімен жасалатын іс-әрекеттерді орындауға тыйым салынған. Мысалы, өсиетті ресімдеу, бала асырап алу.
Өкіл ретінде құқықтық қатынастарға түсетін адамдардың әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Заңды тұлғалар егер өкілдік ету олардың жарғылық міндеттеріне қайшы келмеген жағдайда өкіл бола алады.
Ќоѓам мен мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі. Қазіргі таңда осы мәселе дамыған мемлекеттерде де, дамушы елдерде де әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес, себебі қоғам мен арасындағы байланыс деңгейі тұтастай ел аумағында болып жатқан процестерді оң немесе теріс ықпалын тигізе алады. Аталмыш мәселе мемлекеттің даму сатысына, ондағы қалыптасқан саяси- әлеуметтік ахуалға байланысты шешілетінін атап өткен жөн.
Жалпы ереже бойынша азаматтық құқық субъектілері мүліктік қатынастарға өкілдердің қатысуынсыз қатысуға мүмкіндіктері бар, бірақ өкілдік институты азаматтық құқықтық қатынастарда кеңінен қолданылады. Өкілдікке қажеттілік өкілдік беруші тұлға өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын жағдайда, мысалы, заң бойынша әрекет қабілеттілігінің болмауы кедергі келтірсе, немесе басқа да өмірлік маңызы бар нақты мән-жайларда туындайды. Сондай-ақ өкілдік қызметін өкілдің арнайы білімін немесе тәжірибесін пайдалану үшін де қолдануға болады.
Заңды өкілдіктің туындау негіздері заңды фактілерге – туыстық, асырап алушылық, қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындауға байланысты әр түрлі. Заңды өкілдер сотта істерін өздері жүргізеді немесе ерікті өкіл ретінде өздері таңдаған өкілге тапсырады. Істі ерікті өкілдің жүргізуі іске қандай да болмасын жағдайда жеке түсініктеме беруге шақырылатын заңды өкілдің қатысуына кедергі бола алмайды.
Азаматтық іс жүргізуде өкілдікке барлық істер бойынша рұқсат етіледі. Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады.
Іс – бұл өкілдің өкілдік беруші атынан іс жүргізу әрекеттерін жасауы. өкіл арқылы сотта іс жүргізу құқығы барлық тараптарға да тиісті, бірақ бұл жағдайда азамат процеске өз өілімен бірге қатысуы керек. Кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғаумен байланысты өкілдіктер олардың заңды өкілдері арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамымыздың әлеуметтік деңгейін көтеріп жүрген осы өкіл берушілер мен өкілдердің беделі шарықтап, одан әрі дамуына, жас мемлекетіміздің жас қырандарына өз ықпалын тигізетін өнегелі де тәрбиелі жолды нұсқайтын, мемлекетіміздің әлемдік деңгейде өз дәрежесін биік деңгейде көрсете алатын сенім білдіретін өкіл берушілер мен өкілдер өз жұмыстарына адал қараса қоғамымыздың мәдениеті өркендеп, бұқара халықтың мақсат мүддесінің жүзеге асуына игі әсерін тигізетінін сөзсіз айқын көруге болады.
Қорытындылай келе, өкілдіктің мақсаты
- өкілдің өкілдік берушінің
Пайдаланған
әдебиеттер
Нормативтік-құқықтық
актілер:
1. ҚР Конституциясы. 30.08.1995 ж. - Алматы, «Баспа», 2001 ж.
2. ҚР
Азаматтық кодексі. Жалпы
3. ҚР
Азаматтық кодексі. Ерекше
4. ҚР сақтандыру қызметі туралы заңы 18.12.2001 ж. – Алматы, «Баспа», 2003 ж.
5. «ҚР
Конституциясының түсіндірме сөздігі»
Алматы, «Жеті жарғы»,1998
Әдебиеттер:
1. Абрамов С.Н. «Гражданский процесс» - Москва, 1996 г.
2. Андреев В.К. «Представительство в гражданском праве» - Казань, 1998 г.
3. Басин
Ю.Г. «Юридические лица по
4. «Гражданское право» Том 1. Отв ред.Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. – Алматы, изд. КазГЮА, 2000 г.
5. «Гражданское право в 2 томах» Отв. ред.Суханова Е.А. – Москва, 1996 г.
6. Гражданское право Учебник Под ред. Шимкина М. – Москва, 2003 г.
7. Комментарий к Гражданскому кодексу РК Общая часть – Алматы, «Жеті жарғы», 1998 г.
8. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С. «Гражданское право РК» - Алматы, «Жеті жарғы», 2001 г.
9. Төлеуғалиев Ғ. И. «ҚР азаматтық құқығы» - Алматы, «Жеті жарғы», 2001 ж.