Жермен жасалатын мәміле

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы терең, саяси, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық қайта құруды жүзеге асырып, нарықтық қатынастарға өтуі Конституциялық құрылыстың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті үздіксіз нығайтуды талап етеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту азаматтық іс жүргізудегі өкілдік сияқты азаматтық құқықтың маңызды институттарын жан-жақты қарастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде өкілдік ұғымы және сотта өкілдік етудің негізгі қағидалары белгіленген.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3
І. тарау
1.1Өкілдіктің түсінігі .........................................................4-11
II.тарау
2.1 Өкілдіктің түрлері.......................................................12-17
2.2 Заңды өкілдік....................................................................18
2.3 Шартты өкілдік............................................................19-21
Қорытынды...................................................................................22-23
Пайдаланылған әдебиеттер....................

Работа содержит 1 файл

Өкілдіктің түсінігі(курстык жумыс).doc

— 168.50 Кб (Скачать)

     Өкілдік бойынша сыртқы қатынастың өкілдік үшін, атап айтқанда өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесінде маңызы бар. Шарт жасай отырып, өкіл өкілдік беруші атынан және берілген уәкілеттіктер шегінде өз еркін білдіреді. Сондықтан өкіл арқылы жасалған шарт қорытындысын зерттеу барысында, мысалы, өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасындағы даулы мәселе бойынша өкілдік берушінің емес, өкілдің еркі ескерілуі қажет. Мысалы, сатып алу сату шартын жасау барысында өкілге сатушы сатып алу сату пәнінің жетіспеушіліктері туралы ескертпеуі мүмкін, бұл жағдай жасалған шарт нәтижесіне ықпал етеді, өкілдік берушіге зиянды өндіріп алу, сатып алу бағасын азайтуды талап ету жөнінде құқық береді.

     Өкілден өз еркін білдіру талап етілгендіктен жалпы азаматтық құқық қабілеттілігіне ие тұлға өкіл бола алады. Заң бойынша шарт жасасуға тыйым салынбаған тұлғалар өкіл бола алатындықтан, әрекет қабілеттілігінің жоқтығы сотпен танылған адамдар өкіл ретінде азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алмайды. 

     Сонымен заң тұрғысынан алғанда жалпы өкілеттік ретінде өкілге жасауға рұқсат етілген шарттар шеңбері танылады. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, ол өкілдік беруші атынан құқықтық қатынасқа түсетін басќа да тұлғалар үшін міндетті7. Сондықтан өкілдің өкілеттіктері үшінші тұлғаларға таныстырылуға және тексеруге жататын әдістермен бекітілуі тиіс.

      Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

      Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құықтық кесімдермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайларын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.  
 

                                           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          2.1. Өкілдіктің түрлері

     Өкілдік түрлері азаматтық заңдылықтарда  маңызды роль атқармайды8. Олар тек өкілдің қандай мақсатпен және кім үшін қызмет ететінін анықтау үшін ғана керек. Өкілдікті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес

  • заңға негізделген өкілдік;
  • әкімшілік құжатқа негізделген өкілдік;
  • шартқа негізделген өкілдік;
  • коммерциялық өкілдік деп бөліп қарауға болады.

      Әкімшілік құжатқа негізделген өкілдік  дегеніміз - өкілдің өкілдік берушінің  атынан оның әкімшілік өкімінің нәтижесінде қызмет атқаруға міндет алуы. Бұл көбіне-көп егер заңды тұлға белгілі бір өкілдік функцияларды жүзеге асырумен байланысты лауазымға қызметкерді тағайындау туралы бұйрық шығарған жағдайларда орын алады. Мысалы, сотта өкілдік ету, мәмілелер жасасу, заң кесімдерін құру. Бұл жағдайда өкілдің уәкілеттіктері әкімшілік кесіммен анықталады немесе қызметкердің лауазымдық нұсқауынан немесе өкілдің қызмет ету аясынан туындайды. Сонымен қатар өкілдіктің осы түріне кооперативтік не қоғамдық ұйымдарға мүше болудан туындайтын өкілдіктерді де жатқызуға болады. 

     Құқықтық реттеу ерекшеліктері бар ерікті өкілдіктің бір түрі – коммерциялық өкілдік. Коммерциялық өкілдік туралы шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды. Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда – сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдіктің айырмашылығы   өкілдікке қатысушы ерекше субъект – коммерциялық өкілге байланысты. Коммерциялық өкіл деп өкілдік берушімен еңбек қатынастарына түспейтін кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызмет саласынла шарт жасасу барысында үнемі және жеке ұсынатын, өкілдік берушімен жасасқан жазбаша шарт негізінде қызмет ететін, өз қызметі үшін сыйақы алатын, берілген тапсырманы кәсіпкердің ыждағаттылғымен орындайтын тұлға танылады9. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің бір саласы болып табылады. Өкілдік беруші үшін коммерциялық өкіл бөтен тұлға болып саналады.

     Коммерциялық  өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және басқа тұлғаның алдында болатын өкілдік.

     Өз  атынан өкілдік - заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін  орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субъект болады, басқа тұлғаны іске қатыстырмайды.

     Коммерциялық  өкілдіктің екінші түрі – басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар).

     Коммерциялық  өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкілдіктің тағы бір ерекшелігі – ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің  ыждағаттылығымен орындауға міндетті. Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілгн тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.

     Коммерциялық  өкілдік қарым-қатынастарын пайдалану бойынша міндетті шарттарға мыналар жатады:

  1. Тараптардың бір мезгілдік коммерциялық өкілдікке келісім білдіруі. Бұл ережеден ауытқу тек заңда көзделген жағдайларда мүмкін болады.
  2. Коммерциялық өкіл бір мезгілдік өкілдікке құқықтарды көздейтін тікелей белгіленген уәкілеттітерге ие бола алады. Бұл уәкілеттіктер болашақта жасалатын мәміле тараптары коммерциялық өкілмен жасайтын жазбаша шартта қамтылуы мүмкін.

     Заңды тұлғалармен қатар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар да коммерциялық өкіл бола алады. Коммерциялық өкілдерге мысалға, кәсіпкерлердің атынан және оның тапсырмасымен ұзақ мерзімді шарт негізінде қор биржасында мәмілені жүзеге асыру бойынша құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, шарт бойынша клиенттің құнды қағаз пакетіне билік етуді жүзеге асыратын брокерлер, шарт негізінде сенім білдірушінің атынан оның мүлкі мен ақша қаражаттарына билік етуді жүзеге асыратын сенімді басқарушылар жатады.

     Коммерциялық  өкіл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады, сондықтан оған кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелерді уақытынан бұрын орындау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында міндеттемелерді орындамау мен тиісінше орындамауға байланысты жауаптылық туралы заңдылықтарда, соның ішінде Азаматтық кодекс баптарында қарастырылған кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері тән.

     Коммерциялық өкілге ақы төлеу, тапсырманы орындау барысында келтірілген шығындарды өндіріп алу  тәртібі мен көлемі тараптардың келісімімен анықталады10.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша берілген тапсырманы орындау барысында коммерциялық өкілге мәлім болған сауда шарты туралы мәліметтер коммерциялық (кєсіпкерлік) құпия болып есептеледі. Бұл норма заңдылықтарда коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізімін анықтау мүмкіндігін қарастыратын коммерциялық құпия туралы заңдылықтардың ережесі болып табылады. Коммерциялық өкіл мұндай мәліметтерді тапсырманы орындау барысында, сондай-ақ тапсырма орындалғаннан кейін де құпия сақтауы тиіс. Құпияны сақтау туралы талаптың орындалмауы коммерциялық құпияны жария етумен байланысты шығындарды өндіріп алу түріндегі коммерциялық өкіл жауаптылығының негізі болып табылады.

     1995 жылы 7-сәуірде қабылданған Президенттің  «Тауар биржалары туралы» Жарлығында биржа саудасына қатысушыларының ішінде брокерлік ұйымдар мен коммерциялық өкілдіктер қарастырылған. Брокер – мәміле жасауды шарт негізінде өз клиенттерінің мүддесі үшін және соның себебінен әрі өз атынан немесе өз клиентінің атынан жүзеге асыратын және сол үшін белгілі бір сыйақы алатын делдал11. Брокерлер сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қатысады. Сақтандыру агенті мен сақтандыру делдалының қызметіне байланысты іс-әрекеттер лицензиялауды талап етпейді. Олар сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлғалардың атынан сақтандыру шартын жасайды. Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар, ұйымдарға және шетелдік заңды тұлғаларға да сақтандыру қатынастарына делдалдық жасау рұқсат етілген.

     Коммерциялық  өкілдік қатынастарын қолдану бойынша міндетті талаптарға төмендегілер жатады:

1. тараптар  коммерциялық өкілдікке бір уақытта  келісім беруі керек. Бұл талапты  орындамау заңда көзделген жағдайларда  рұқсат етіледі.

  1. коммерциялық өкіл бір уақыттағы өкілдікке оның құқықтарын қарастыратын тікелей өкілеттіктерді иелене алады. Мұндай өкілеттіктер шарттың екі тарабы коммерциялық өкілмен жасаған жазбаша келісімде немесе әрқайсысына берілген сенімхатта қамтылуы мүмкін.

     Коммерциялық  өкілдік екі түрге бөлінеді:

  1. Меншікті өкілдік
  2. Сыртқы тұлға атқаратын өкілдік.

      Меншікті  өкілдік – заңды тұлғалардың  өз құрамынан өкіл тағайындалып, сол  арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру, міндеттерін орындау кезінде сол ұйымның атынан басқа субъектілермен қатынасқа түсуі. Сонымен қатар меншікті өкілдік, мәселен, заңды тұлғаныњ өз есебінен қосымша құрылымдар ашу арқылы ұйымдастырылады. Бұған жататын құрылымдар: филиалдар, өкілдіктер, еншілес шаруашылық серіктестіктері.

     Кәсіпкерлік қызметтің басқа салаларындағы  коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері  заңдылықтармен реттеледі. Мысалы,банк заңдарында сенім операцияларының, бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарда бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері қарастырылады.

     Өкілдікті сырттай ұқсас, бірақ азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының әрекеттерін басқа заң тұрғысынан реттейтін қатынастардан айыра білу қажет. Өкілдіктің делдал мен елшіліктен айырмашылықтары бар. Өкіл өкілдік берушінің атынан әрекет етсе де, мәміле жасасуда және басқа да заңды іс-әрекеттер жасауда өзінің еркін білдіреді. Өкілдіктің елшіліктен айырмашылығы ол бойынша бір тұлғаға екінші тұлғаныњ еркі жеткізіледі, бірақ өзінің жеке еркін білдірмейді. Бұдан біз елшінің әрекет қабілеттілігі болмауы мүмкін екенін көреміз.

     Делдал  да өкілдік сияқты ерікті түрде заңды іс-єрекеттер жасайды. Делдал – мәміле жасауды шарт негізінде өз клиенттерінің мүддесі үшін және соның себебінен өз атынан әрі өз клиентінің атынан белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыратын және сол үшін белгілі бір сый-ақы алатын тұлға. Бірақ оның әрекеті тек тараптар арасында шарт жасалуына ғана негіз болғанымен өзге де тараптарды заңды негізде байланыстырмайды. Делдал қажетті затты табады, әрбір тараппен жеке шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізе алады, бірақ оның болашақ қатысушылары мәміле жасасу жөнінде өз еріктерін білдіру мүмкіндіктеріне ие бола алады.

       Ал өкілдікте өкіл өкілдік берушімен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынастар туғызуға негіз болады.

     Өкілдіктің  көмегімен тек мүліктік қана емес, кейбір мүліктік емес қатынастар да реттеледі. Мысалы, туындының авторы өкіл арқылы патентті жасақтауға және оны алуға арыз беруді жүзеге асыра алады. Бірақ өкіл арқылы жеке өзімен жасалатын мәмілелерді жасауға жол берілмейді.

      Мәміле  жасауға уәкілдік берілмеген адамның  басқа адам атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен бастап жарамды етеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Заңды өкілдік 

      Заңға негізделген өкілдік тікелей  заңнан туындайды әрі ол өкілдік  берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді. Заңға негізделген өкілдік, яғни заңды өкілдік қандай да бір тұлғаның әрекет қабілеттілігінің жетіспеушілігінің немесе жоқтығының орнын толтыру үшін қажет етіледі. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген (жүйке ауруымен ауыратын немесе есірткіден тәуелді) адамдарға қорғаншылық тағайындау. Заңға негізделген өкілдік бойынша кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері уәкілеттіктері ата-аналық фактісіне негізделетін ата-аналары болып табылады. Бала асырап алу, қамқоршылық тағайындау және тағы басқа заңды факторлар осындай роль атқарады. Өкілдіктің бұл түрінің ерекшеліктері болып, біріншіден, бұл өкілдік берушінің тілегінен тәуелсіз туындайды, екіншіден, өкілдің әєкілеттіктері тікелей заңмен анықталады. Заңды өкілдік туғызатын заңды фактілерге оқиға, сот шешімі және әкімшілік құжат жатады.

Информация о работе Жермен жасалатын мәміле