Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 14:10, курсовая работа
Қазақстан Республикасы терең, саяси, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық қайта құруды жүзеге асырып, нарықтық қатынастарға өтуі Конституциялық құрылыстың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті үздіксіз нығайтуды талап етеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту азаматтық іс жүргізудегі өкілдік сияқты азаматтық құқықтың маңызды институттарын жан-жақты қарастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде өкілдік ұғымы және сотта өкілдік етудің негізгі қағидалары белгіленген.
Кіріспе..................................................................................................3
І. тарау
1.1Өкілдіктің түсінігі .........................................................4-11
II.тарау
2.1 Өкілдіктің түрлері.......................................................12-17
2.2 Заңды өкілдік....................................................................18
2.3 Шартты өкілдік............................................................19-21
Қорытынды...................................................................................22-23
Пайдаланылған әдебиеттер....................
II.тарау
2.2 Заңды өкілдік.......................
2.3 Шартты өкілдік.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Қазақстан Республикасы терең, саяси, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық қайта құруды жүзеге асырып, нарықтық қатынастарға өтуі Конституциялық құрылыстың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті үздіксіз нығайтуды талап етеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту азаматтық іс жүргізудегі өкілдік сияқты азаматтық құқықтың маңызды институттарын жан-жақты қарастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде өкілдік ұғымы және сотта өкілдік етудің негізгі қағидалары белгіленген.
Өкілдік
(ағылшынша representation) деп басқа адамның
атынан басқа адамның (өкілдің) сенімхатқа,
заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік
құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен
жасаған мәмілесін айтамыз. Бұл мәміле
өкілдік берушінің азаматтық құқықтары
мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді
жєне тоқтатады. Өкілдік тәжірибеде азаматтық
іс жүргізу құқығын жүзеге асыру институттарының
бірі болып табылады. Ежелгі Римде тапсырма
шарты бір тұлғаның (сенім білдіруші, мандант)
тапсырма беруімен, ал басқа тұлғаның
(сенім білдірілген тұлға, мандатарий)
қандай да бір іс-әрекеттерді орындауымен
сипатталды. Тапсырма пәні заңды іс-әрекеттер
(іс жүргізу әрекеттерін орындау, шарт
жасасу), сонымен бірге іс жүзіндегі қызметтер
де (киім тазалау, т.б. ) болуы мүмкін. Соның
ішінде курстық жұмысы
ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық
Кодексі. Жалпы бөлім, ҚР Азаматтық
Кодексі. Ерекше бөлім, ҚР Азаматтық
іс жүргізу Кодексі, ҚР сақтандыру
қызметі туралы заңдарын және
Қазақстан Республикасының Президентінің
заң күші бар Жарлықтарын,
Ресей ғалымдары Басин Ю.Г., Диденко
А.Г., Маслеева А.И., Гришаева
С.П., Шакарян М., Суханов Е.А., отандық
ғалымдар Төлеуғалиев Ғ., Ынтымақов
Б.С., Жайлин Г.А., т.б. ғалымдардың
еңбектерін басшылыққа ала отырып,
салыстырмалы түрде талдау жасай
отырып жазылды.
І.бөлім.
1.1 Өкілдіктің түсінігі
Жалпы ереже бойынша азаматтық құқық субъектілері мүліктік қатынастарға өкілдердің қатысуынсыз қатысуға мүмкіндіктері бар, бірақ өкілдік институты азаматтық құқықтық қатынастарда кеңінен қолданылады.
Өкілдікке қажеттілік өкілдік беруші тұлға өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын жағдайда, мысалы, заң бойынша әрекет қабілеттілігінің болмауы кедергі келтірсе, немесе басқа да өмірлік маңызы бар нақты мән-жайларда туындайды. Сондай-ақ өкілдік қызметін өкілдің арнайы білімін немесе тәжірибесін пайдалану үшін де қолдануға болады.
Өкілдік
деп басқа адамның атынан басқа
адамның сенімхатқа, заңдарға, сот
шешіміне немесе әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен
жасаған мәмілесін айтамыз. Бұл
мәміле өкілдік берушінің азаматтық
құқықтары мен міндеттерін
Іс-әрекеттерінің барлығын өкіл арқылы жүзеге асыруға рұқсат етілмейді. Заң бойынша кейбір іс-әрекеттер үшін тұлғаның өзі қатысуы керек жағдайлар да кездеседі. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат етіледі. Мысалы, өсиет қалдыру мәселесінде өкілдік болмайды, себебі, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан - өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы не заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады2.
Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жақ – азамат немесе заңды тұлға бола алады. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқықтық қатынастарының белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкіл ретінде қызмет атқаратын тұлға үшін арнайы уәкілеттіксіз немесе оларды шегінен тыс асыра пайдалану жолымен қызмет ету күрделі заңды салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер өкілдік беруші берілген мәмілені құптамаса, бұл мәміле оны жасаған тұлға атынан және соның мүддесі үшін жасалған деп саналады. Сондықтан бұл мәміленің орындалмауы немесе тиісті орындалмауына бақылау агентінің алдындағы тікелей жауаптылық осы мәміле нәтижесіне мүдделі тұлғаға жүктеледі.
Өкілеттіктің туындауының негізі заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады; өкілетті органның кесімі – тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін кесім. Мысалы, өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін.
Субъектілер – кез келген құқықтың ажырамас бөліктері. Субъектісіз құқық қолдану ғана емес, құқықты реттеу және жүзеге асыру процесінің өзі де мүмкін емес. Өкілдікке қатысты үш субъектіні атап айтуға болады - өкілдік беруші, өкіл және өкілдік берушіде өкілдің іс-әрекеттерімен байланысты құқықтық байланыс туындайтын үшінші тұлға3.
Өкілдік беруші - өкілге сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген белгілі бір заңмен көзделген іс-єрекеттерді жасауға өкілеттік беруші тұлға.
Өкіл - өкілдік берушінің атынан сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген іс-әрекеттерді жасайтын тұлға.
Әрекет қабілеттілігі жағдайынан тәуелсіз азаматтық құқықтың кез келген субъектісі яғни жеке және заңды тұлғалар өкілдік беруші субъектісі бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Кез келген тұлға өкіл бола алмайды. Толық әрекет қабілеттілігі бар 16 жасқа толған азаматтар ғана өкіл бола алады.
Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Өкілдік беруші өкілдің көмегімен азаматтық құқықтық шарт немесе басқа да заңды іс-әрекет жасайтын үшінші тұлға ретінде де азаматтық құқықтың кез келген субъектісі азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алады. Заң өкілге өкілдік берушінің атынан жеке өзіне қатысты, сондай-ақ бір уақытта өзі өкіл болып табылатын басқа тұлғаға қатысты, коммерциялық өкілдік жағдайларын қоспағанда, шарт жасасуға тыйым салады. Мысалы, өкіл өкілдік беруші өзіне сатуға берілген мүлікті сатып ала алмайды.
Өкілдік бойынша қатынастар туындау үшін жоғарыда аталған үш тараптың бірлескен және келісілген еркі талап етіледі:
өкіл - өкілдік беруші ретінде құқықтар мен міндеттерді анықтау үшін;
үшінші тұлға - өкілдік берушімен қатынасқа түсу үшін;
өкілдік беруші - өкіл арқылы шарт жасауға іс жүргізудің қандай да болмасын сатысында өз келісімін беру үшін.
Өкілдік беруші мен өкіл арасындағы құқықтық қатынас ішкі қатынас деп аталады, ал өкіл мен үшінші тұлға арасындағы қатынас өкілдік бойынша сыртқы қатынасқа жатады жєне өкілдік бойынша уәкілеттікті жүзеге асыру болып табылады. Бір тарабы өкіл болып танылатын шарт бойынша өкілдік беруші тұлға құқықтар мен міндеттер субъектісі болып танылады, үшінші тұлға үшін өкіл тұлғасының айтарлықтай маңызы жоқ, себебі үшінші тұлға өкілдік берушімен өкіл арқылы ғана байланысқа түседі. Өкіл шарты – өкілдік беруші мен үшінші тұлға белсенді және пәс субъектілері болып танылатын қатынас тудыратын заңды факт. Бұл жағдайда өкіл өкілдік көмегімен анықталатын қатынастан тыс қалады және ешқандай құқықтар мен міндеттер иеленбейді.
Жалпы өкілеттік деп өкілге жасауға рұқсат етілген шарттар шеңбері танылады. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, ол өкілдік беруші атынан құқықтық қатынасқа түсетін басқа да тұлғалар үшін міндетті. Сондықтан өкілдің өкілеттіктері үшінші тұлғаларға таныстырылуға және тексеруге жататын әдістермен бекітілуі тиіс. Өкілдің өкілеттіктері өкілдік негізделген заңды факт мазмұнынан туындайды. Заңды тұлғаның филиалының басшысын тағайындауға арналған өкілдік барысында заң талабы бойынша өкіл функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат беру қажет. Оқиғаға немесе сот шешіміне негізделген өкілдік бойынша өкілдің уәкілеттігі заңда көзделген нормалардан туындайды. Мысалы, баланың дүниеге келу оқиғасынан өкілдік туындауы барысында өкілдердің – ата-аналардың өкілеттіктері жасы 14-ке дейінгі кәмелетке толмағандармен шарт жасасу тәртібін қарастыратын Азаматтық кодекстің 23-бабының нормасынан туындайды. Сот шешімі бойынша азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану барысында өкілдің өкілеттігі әрекетке қабілетсіз тұлғалармен шарт жасасу тәртібін қарастыратын Азаматтық кодекстің 26-бабынан туындайды.
Мәміле шартынан өкілдік пайда болған жағдайда өкілдің уәкілеттіктері сол бойынша бекітіледі. Осыған сәйкес тапсырма шарты немесе коммерциялық өкілдік шартын бекіту барысында өкілдің уәкілеттіктері шартта немесе сенімхатта көрсетіледі.
Өкілеттік,
сондай-ақ, өкілдік беруші ұсынған
өкіл қатысатын мән-жайлардан
Өкілдік беруші құқықтар мен міндеттер субъектісі болып табылатындықтан, одан жалпы азаматтық құқық қабілеттілік талап етіледі. Құқық қабілеттілік құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеті болып табылады4. Азаматтың құқық қабілеттілігі Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті, яғни азаматтық құқық қабілеттілік барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды5.
Белгілі бір заңды немесе жарғылық шектеулердің салдарынан мәміле жасасуға құқығы жоқ заңды тұлғаның өкілдік етуі арқылы жасалған мәмілелерге жол берілмейді. Мысалы, мемлекеттік мекеменің жеке өзі немесе өкіл арқылы мекеменің негізгі фондына жататын мүлікке қатысты шарт жасасуға құқығы жоқ. Егер өкілдік берушінің белгілі бір шарт бойынша заңмен белгіленген немесе азаматтық құқықтық қатынас субъектілеріне берілген қажетті құқық қабілеттілігі туралы ереже сақталмайтын болса, өкіл жасаған шарт жарамсыз болып табылады жєне өкілдік беруші мен үшінші тұлға үшін заңды құқықтық қатынас тудырмайды. Мысалы, өкілдік беруші шет ел азаматы болып табылса, ауылшаруашылығы үшін маңызды жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шарттың заңды күші жоқ, өкілдік берушінің азаматтығының бұл жағдайда маңызы болмайды. Сондай-ақ банктер мен сақтандыру ұйымдары өкіл арқылы жасаған жєне материалдық құндылықтар саудасын жүзеге асыруға бағытталған шарттар, егер бұл шарттарды жасасуға аталѓан ұйымдар үшін тыйым салынса, жарамсыз деп танылады6.