Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2011 в 19:37, курсовая работа
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.
Кіріспе
І-бөлім
1.1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
1.3 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.4 Азаматтық хал актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер
Сонымен бірге, перзентханада дүниеге келген балалар мен бірге, даладан тауып алынған балалар да кездеседі. Бұл жағдайда да баланың тууын міндетті түрде тіркеуден өткізу қажет. Тауып алынған баланың туылған, егер ол бұрын тіркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс. Өзара некеде тұратын әкесі мен шешесі олардың біреуінің өтініші бойынша тууды тіркеу кітабында баланың ата-анасы болып жазылады. Неке қию туралы куәлік туу туралы куәлік жазуға негіз болып табылады. Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, тіркеу өзін баланың әкесімін деп танитын адамның тұратын жерінде тіркелуі мүмкін, онда тууды тіркеу туралы өтінішпен қоса әке болуды анықтау туралы өтініш беріледі.
Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, ата-ананың бірлесіп берген арызы және соттың әке болуды анықтау туралы шешімі болмаған жағдайда баланың тууы туралы куәлігінде баланың әкесі туралы жазба анасының айтуы бойынша әкесінің тегі, аты мен оның әкесінің аты жазылады.
Қайтыс
болуды тіркеу оның тұрақты мекенжайы
бойынша немесе қайтыс болған жері бойынша
Азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде
қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік
негізінде, ал ол жоқ болған жағдайда екі
куәнің куәландыруымен жүргізіледі. Қайтыс
болғандығы туралы мәлімдеме жеті тәуліктен
кешіктірмей, ал адам зорлықпен өлтірілген
болса, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайда
өлсе, сондай-ақ өлік табылған жағдайда
өлген немесе өлік табылған кезден бес
күннен кешіктірмей тіркелуі қажет. Адамның
қайтыс болғандығы туралы мәлімдемені
өлген адаммен бірге тұратын, ал ондай
адамдар болмаған жағдайда көршілері,
тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері
немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің
әкімшілігі немесе өлікті тапқан ішкі
істер органдарының қызметкерлері жазбаша
немесе ауызша түрде жасайды. Қайтыс болғандығы
туралы мәлімдемеде мәлімдеуші қайтыс
болған адам туралы мына мәліметтерді
көрсетеді: қайтыс болған адамның тегі,
аты, әкесінің аты, туған жылы, соңғы мекенжайы
және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған
жылы, айы, күні, қайтыс болу себебі, сондай-ақ
қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған
адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты
мекенжайы. Сот тәртібімен адамды өлді
деп жариялау туралы және өлу фактісін
анықтау туралы сот шешімін тіркеу шешім
шығарылған жердегі Азаматтық хал актілерін
жазу бөлімінде жүргізіледі.
Қорытынды
Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.
Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14
пен 18 жас аралығындардың әрекет
қабілеттілігі мейлінше
Қолданылған
әдебиеттер мен нормативтік
актілер:
Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.
Алматы, 2003 ж.
Информация о работе Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде