Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2011 в 19:37, курсовая работа
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.
Кіріспе
І-бөлім
1.1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
1.3 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.4 Азаматтық хал актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер
Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Жоспар:
Кіріспе
І-бөлім
1.1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
1.3 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар
мен қамқоршылардың құқықтары
мен міндеттері
ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.4 Азаматтық хал актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
мен нормативтік актілер
Кіріспе
Мен осы курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер қолданып, «Жеке тұлға- азаматтық құқықтың субъектісі ретінде» тақырыбын қарастырдым.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң
тілінде құқықтардың және міндеттердің
иелерін «құқық субъектілері» немесе
«тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан
алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен
сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған
құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға
деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы
бар. Құқық субъектілері – ең алдымен
адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық
субъектісі.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп - мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес, жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995
жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік
азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы»
Заң күші бар Жарлығының 2-бабына
сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары
болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел
азаматтары болып саналады». Қазақстан
Республикасындағы олардың азаматтық
құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің
заңымен емес, Қазақстан Республикасының
заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының
заңында қаралмаған азаматтық құқыққа
таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге
жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының
11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының
азаматтары болып саналмайтын және басқа
мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі
жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп
есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе,
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы
азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық
құқықты пайдаланады.
1.2
Азаматтардың құқық
қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттігі
Құқық
субъектілерін сипаттайтын
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. елдің
аумағында емін-еркін жүріп-
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз - қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық
кодекстің 17-бабына сәйкес
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен
18 жас аралығындағылардың әрекет
қабілеттілігі мейлінше
— өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен
18 жас аралығындағы жасы
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
Информация о работе Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде