Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2011 в 19:37, курсовая работа

Описание работы

Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.

Содержание

Кіріспе
І-бөлім
1.1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
1.3 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.4 Азаматтық хал актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер

Работа содержит 1 файл

жеке тұлға.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

Некесіз туған балаға ѕкесі жоқтығынан сот  арқылы қажет болмаған жағдайда анасынығ фамилиясыт беріледі.

Біздің  елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға  ұлтгық дәстүрлі ескере отырып, балаға әкесінің не атасының атына жаздыруға мүмкіндік берілді. Баланың аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, айталық, казақтар құжаттарда әкесінің атын керсетпеуіне болады. Әрине, оның өзі ата-аналарынын келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат тіркелу кезінде жазылған өз есімін, фамилиясы және әкесінің атын заң құжаттарънда белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқығы бар. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2-сәуірде қабылдаған "Қазақ ұлтының адамдарының фамилиясы мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешудің тәртібі туралы" Жарлығында қазақ ұлтының өкілдері өздерінің ықтияры бойынша қазақ тіліне келе бермейтін жалғауларды фамилиясы мен әкесінің аттарының түбірін сақтай отырып өзгертуіне болатындығы айтылған. Әкесінің атынан кейін "ұлы" немесе "қызы" деп жынысына қарай жазылады. Аталған Жарлықта фамилиясы мен әкесінің атын жазылуындағы өзгерістер азаматтың құқық субъектісін өзгерте алмайтындығы ескертілген. Яғни жасалған өзгерістер оның құқықтары мен міндеттерін тоқтатса да, өзгерте алмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының фамилиясы  мен әкекесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26-қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.

Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді.Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәлан-дыратын мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалған.

Әдетте  азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Дейтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінші жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып, Қаскеленде жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей көрсетуіне орай оның жұмыс орны емес, тұрғылықты жеріне басымдылық беріледі.

Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше тұрғын үйді иеленуге құқылы, әрі онда бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында жазда тұратын үйі болды делік. Мұндай жағдайда заң оның қайсысында көп тұратындығын ескереді. Азаматтар тұрғылықты жерін өзі таңдайды, бұл оның азаматгық құқық қабілеттілігінің бір элементі болып табылады (АК-тің 14-бабы). Жасы 14-ке толмаған және қорғаншылықтағы азаматтардың, ғана нақты тұрғылықты жері есепке алынбайды, яғни оның ата-аналарының, асырап алушылар мен қорғаншыларының тұрғылықты жері танылады. Мұның өзі аталған азаматтардың әрекет қабілеттілігі болмай, өз беттерімен мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі. 
 
 
 
 

2.2 Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану 

    Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.

Сот шешім  шығарған кезде барлық қолда бар  мәліметгерді еске алады. Арыз берушіден  немесе басқа адамдардан жоғалған адамның  қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетгі деп тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.

Хабар-ошарсыз  кетті деп саналған адамның мүлкіне  сот шешімінің негізінде қорғаншылық  белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз  кеткен адам асырауға міндетті адамдарды  асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның, салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.

Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.

Азаматгық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, мүдделі адамрдың арызы бойынша  қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.

Хабар-ошарсыз  кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жойды (АК-тің 30-бабы). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары 

     АК-тің З1-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның хабар-ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ болады.

 Азаматты  өлді деп жариялауға байланысты  сотқа жүгінбестен бұрын сотқа  оның хабар-ошарсыз кеткені туралы  тануы талап етілмейді.

Сонымен, үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп жария етуге болады. Ал, өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болған жағдайда өлді деп жариялау алты ай мерзімнен кешіктірілмей шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен, дауылдан, бораннан және т.б. кездейсоқ апат кезінде жоғалып кетсе, оны өлді деп жариялауды үш жыл күтудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы хабарды алты ай күтіп, сосын өлді деп жариялай береді. Заңда әскери қызметкерлердің, сондай-ақ соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер туралы арнайы ереже бар. Аталған тұлғалардын басқа мемлекеттің аумағында тұтқында болуы тәрізді мәселелер де ескеріледі. Соған орай азаматтық кодекстің 31-бабы 2-тармағында соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшіні немесе өзге адамды соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялау мүмкіндігі айтылған.

  Өлді  деп жариялау туралы сот шешімі  заңды күшіне енген күні өлді  деп жарияланған адамның өлген  күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тану мүмкін. Мысалы, азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып сел болған күн танылады.

  Адамды  өлді деп жариялау туралы заңды  күшіне енген сот шешімінің  негізінде Азаматтық хал актілерін  жазу кітаптарына оның өлгені  туралы жазба жасалады. Азаматтық кодекстің 31-бабына сәйкес бұл жазбаның нәтижелері де нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.

Осы айтылғандарға  қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі күшіне енген соң, азаматтық  хал актілеріне, жазу кітаптарына  оның өлгені туралы жазба түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне мүрагерлік ашылады, некесі бұзылып, асыраушысыз қалған адамға зейнетақы төленеді.

 Азаматты  өлді деп жариялау өлгені туралы  нақты факті негізінде емес, жорамалға  сәйкес жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 32-бабы өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайларды қарастырады. Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда, сот тиісті шешімінің күшін жояды.

Азамат  өзінің қай уакытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлкін қайтарып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның мүлкін қайтаруға оның тек мұрагері ғана емес, мұрагердің мүлік сыйлаған адамы да міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді.

Өлді  деп жарияланған азаматтың мүлкі  ақысы төленетін мәміле бойынша  өзіне көшкен адамдар оған бұл  мүлікті қайтаруға, ал оларда мүлік  жоқ болған жағдайда, егер мүлікті  алған кезде олар өлді деп жарияланған  азаматгың тірі екендігін білгені дәлелденсе, мүліктін құнын өтеуге міндетті.

    Мүлікті иеліктен шығарушы адам  өлді деп жарияланған адамның  мүлікті иеліктен шығару кезінде  тірі екендігін білген болса,  мүлікті қайтарып беру немесе  оның құнын өтеу міндетін мүлікті  алушымен бірге мойнына алады.

   Егер өлді деп жарияланған  адамның мүлкі мұрагерлік құқық  бойынша мемлекетке өтіп, сатылып  кететін болса, адамды өлді  деп жариялау туралы шешімнің  күші жойылғаннан кейін оған  мүліктіғ құны төленетін күнгі  нарықтық бағасы ескеріле отырып  оны сатудан түскен сома қайтарылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.4 Азаматтық хал  актілері 

   Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жеті түрлі акт жазбасын жүргізеді. Соның ішінде тууды және қайтыс болған адамдарды тіркеу тәртібі де бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық актілерін жазу бөлімі баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі.

Азаматтық хал актілерін жазатын органдары  жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ, анасы  теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда босанған жағдайда туған балалардың тууын тіркеу ата-анасының бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде жүргізіледі. Туған баланы тіркеу туралы азаматтық хал актілерін жазу бөліміне берілетін арызға емдеу мекемесінің дәрігерлік куәлігі, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір емхана қызметкерлерінің немесе олар болмаған жағдайда екі куәнің арызы қоса беріледі.

Медицина  мекемелерінің тууы туралы дәрігерлік куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы т.б. Сондай-ақ, баланың туған күні, жынысы, салмағы және куәліктің берілген күні жазылады. Осы куәлік лауазымды адамның қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылады. Баланың тууы туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінде бала туған күннен бастап екі айдан, ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде