Талап қою құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа

Описание работы

1. Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі.

Работа содержит 1 файл

курстық жұиыс негізгі.docx

— 35.97 Кб (Скачать)

    жазатайым жағдайды арнайы тексеру туралы акт;

    медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) еңбек  қызметіне байланысты жарақат немесе немесе денсаулығы басқаша түрде  зақымданған қызметкердің кәсіби еңбек  қабілетін жоғалтуының дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы қорытындысы;

    медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының денсаулықтың зақымдануының басқа жағдайлары туралы қорытындысы;

    орташа  айлық еңбекақының АК-нің 938-бабына сәйкес есептелген мөлшері туралы мәлімет;

    айырылып  қалған еңбекақының есебі;

    қосымша шығыстардың есебі;

    қосымша шығыстарды және олардың қажеттігін растайтын дәлелдемелер; жәбірленушінің басқа адамның күтіміне және қосымша  шығыстардың басқа түрлеріне  мұқтаждығы туралы қорытынды;

    талапкер  өзінің пікірлерін растауға негіз етіп алған басқа қисынды және жарамды  дәлелдемелер;

    талап арыздың көшірмесі.

    Егер  моральдық зиянды өтеу туралы да талаптар қойылатын болса, талап арызда АІЖК-нің 150-бабында көрсетілген негізгі  ережелерден бөлек жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың  бұзылуы, кемсітілуі немесе айырылуы неде екенін, соның ішінде жәбірленушіге  қарсы жасалған заң бұзушылық  нәтижесінде ол басынан кешіретін  моральдық және дене азабын; олардың  қандай дәлелдемелермен расталатынын; талапкер өзіне келтірілген моральдық  зиянды қандай сомада айқындайтынын  көрсету және есептерді негіздеу қажет.

    Барлық  мән-жайлар АІЖК-нің 83-бабының талаптарына  сәйкес жазбаша дәлелдемелермен  құжат түрінде расталуға тиіс, оларды талап арызға қоса тіркеу керек.

    Құқықтар  мен заңды мүдделердің бұзылуының мәні, талапкер өзінің талаптарына  негіз етіп алған мән-жайлар, асыраушының  аса қауіпті қатер көзі және т.б. арқылы келтірілген қазаның нәтижесінде  басқа негіздемелер бойынша зиянды өтеу туралы осы мән-жайларды растайтын  талап арыздарының дәлелдемелері  шамалы түзету енгізіле отырып дәл  осылай баяндалуы мүмкін.

    Карсы талап қою:

    АІЖК-нің 35-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қай соттың соттылығына жататындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты  қараған жердегі сотқа беріледі.  
 

Информация о работе Талап қою құқығы