Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа
1. Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі.
Тарихта
адамның ажырамас абсолюттік құқықтары
доктринасының ескі тәртіпті жоюды
талап еткен түрліше
Қазіргі
кезде адамның ең жоғарғы құндылық
екені, оның құқықтары мен бостандықтарының
ажырамастығы туралы идеяның озіне
лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы
қоғамдық басқа басымдылықтарын
шектеуге, тоталитарлық режимдердің
орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары
доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық
екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль
атқарғаны даусыз.
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас
абсолюттік құқықтары мен бостандықтары
идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп,
онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру
үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше
назар аударылуы өте орынды.
Адам
құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен
басқаға жалпы мойындалған
ҚР Конституциясында
тек әлеуметтік мемлекеттің ғана
емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің
де қағидалары дамытылады.Тұңғыш рет
мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы
сот негізінде қойылды, барлық құқықтар
мен бостандықтарды сотта қорғау
құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік
органдар, азаматтар мен олардың
бірлестіктері араларында туындайтын
барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы
енгізілді.
1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу
заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы
Конституцияның талаптарына сай адам
мен азамат құқықтары мен бостандықтарына
берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң
құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін
басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі
келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының
қабылдануы болды.
Конституцияда
адамның құқықтары мен
ҚР Конституциясында
адам мен азаматтың азаматтық
және саяси құқықтары мен
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның
еркін өздігінен дамуында көмектесетін
адам құқықтыра мен бостандықтарының
кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы
халықаралық стандартқа сай келеді. Оның
үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар
мен бостандықтар абстракция емес, оларды
қорғаудың және кепілдік берудің нақты
теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда
бекітілуі Қазақстан Республикасының
даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді,
өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды
шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында
адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда
осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып,
қоғамдық прогреске кедергі болатынын
талай мәрте дәлелдеді.
Қазіргі
заманда адамның бостандығы басқаша
түсініледі. Адамның бостандығы тек
белгілі бір әрекеттер жасау
және оларды іске асыруда кездесетін
кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды.
Адамның бостандығы көрініс табатын
маңызды тұстардың бірі-
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы
мына қағидаларға негізделеді: адамның
өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай
биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің
құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке
өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның
құқықтары мен бостандықтарын құдай да,
мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да
оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды.
Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай
немесе зайырлы билікке қарыздар емес.
Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар
мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің
алдында өзін мәңгілік борышкермін деп
сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті
оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының
түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге
де, неге де болса да құлшылық етіп, бас
ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам
болғаны үшін ғана тиесілі.
Егер
кісі өзінің қандай да болмасын моральдық
құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз
қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік
етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына
байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі
жоқ, өйткені олар оған тумысынан
тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының
өзі оларға негізделетін талаптар қою
үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының
маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам
өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты
тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына
алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының
тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші
өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап
ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды
элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде
адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің
бірі болып табылады.
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы
батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде
қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың
шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып
қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты
сипаттамалары өзара тығыз байланысты
және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған
сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының
түрліше тұстарына назар аудартады.
Қазақстан
жағдайында адамның ажырамас табиғи
абсолюттік құқықтары мен бостандықтары
доктринасының маңызы оның жеке адам
мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың
жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның
басымдылығын бекітті.
1. Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі. Талап бұзылған немесе дауланған құқықты қорғаудың іс жүргізу құралы болып табылады, ал бұзылған құқықты қорғау іске асырылатын нысан талаптық нысан деп аталады. Құқықты қорғаудың талаптық нысаны үшін төмендегілер тән:
Талап элементтері – талаптың мазмұнын айқындайтын оның құрамдас бөліктері. Талап элементтеріне қорғау тәсілі мен болашақ сот шешімінің сипаты байланысты болады. Талап элементтеріне төмендегілер жатады:
мән – осыған қатысты талапкер соттан қорғауды сұрайды (яғни, бұл талапкердің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабы немесе олардың арасындағы бүкіл материалдық құқықтық қарым-қатынас).
талаптың негізі – істің талапкердің дәлеліне негіз болатын мән-жайлары, талапкер өзінің жауапкерге қоятын материалдық-құқықтық талабын немесе талаптың мәнін құрайтын тұтас құқықтық қарым-қатынастарын, яғни талаптың қайда бағытталып отырғанын заңдық фактілер ретінде осы мән-жайлармен байланыстырады.
талаптың мазмұны – сот арқылы қорғау түрі (тәсілі), талапкердің сотқа талабы, олар талап арыздың өтініш бөлігінде көрініс табады.
Процессуалдық жағын, талап қою құқығының бар-жоғын судья талап арызды қабылдаған кезде тексереді. Егер талапкерде талап қою үшін іс жүргізу құқығы болмаса судья талап арызды қабылдаудан бас тартады. Талап қою құқығының материалдық-құқықтық жағы сотта қаралу барысында тексеріледі және анықталады.
Азаматтық іс қозғалар алдында мүдделі тұлға талап қоюға, ерекше талап қою және ерекше ісі жүргізу істері бойынша арыз беруге тиіс. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс қозғау бірінші сатыдағы соттағы ісі жүргізудің міндетті бастапқы сатысы болып табылады. Осындай құқықты іске асырудың ықтимал мүмкіндігінің себептері бойынша, талап сотқа қабылдағанға дейін сот жүзеге асырған кез келген іс жүргізу әрекеттері заңсыз болып табылады және АІЖК-нің 1-бабының ережелеріне қайшы келеді, онда Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп белгіленген.
АІЖК-нің 8-бабында белгіленгендей, әрбір тұлға бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда мыналар өзге тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгіне алады:
3. Талап қою құқығын жүзеге асыру шрттары.
Талап арыз түскеннен кейін
судья мыналарды мұқият
Талап арызды қабылдау кезінде іс жүргізу заңының барлық талаптарының қаншалықты егжей-тегжейлі орындалғанына істің сотта одан кейінгі қозғалысы тәуелді болмақ, себебі судья талап арызды өзінің өндірісіне қабылдағаннан кейін оны қозғалыссыз қалдыра алмайды. Барлық орын алған олқылықтарды судья соңынан сот ісін қарауға дайындалған кезде немесе сот ісін қарау барысында өзі түзететін болады, ал бұл істі қараудың мерзімдері мен сапасына әсер етеді, соттың одан кейінгі қызметі қиындайды. Алғышарттар бар-жоғын анықтаумен қатар судья талап арыздың нысаны мен мазмұны жағынан АІЖК-нің 150-бабының ережелеріне және АІЖК-нің 151-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес келетініне көз жеткізуге тиіс.
Сот талап қою құқығын іске асыруы үшін және арызды қабылдауы үшін төмендегі алғышарттар болуы қажет: