Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа
1. Құқық қорғаудың талаптық нысанының мәні, талап қою нәтижесінде пайда болған азаматтық істің іс жүргізудің заңмен белгіленген процессуалдық ережелері міндетті түрде сақтала отырып қаралуға жататындығында. Талап қою құқығы – бұл заңды тұлғаның жауапкермен арадағы материалдық-құқықтық дауды қарау мен шешу, бұзылған немесе дауланған субъективтік құқығын, заңды мүддесін қорғау туралы өтінішпен сотқа жүгіну бойынша мемлекет қамтамасыз еткен және заңмен бекітілген мүмкіндігі.
АІЖК-нің 151-бабының 1)-3) тармақтарында көзделген құжаттардан бөлек, 4, 6, 7-тармақтарға сәйкес талап арызға төмендегілерді қоса тіркеуге болады:
АІЖК-нің
155-бабының ережелерінде АІЖК-нің 151-бабының
4, 6-тармақтарында көрсетілген
Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары
арызды қабылдаудан бас тартуға себеп болатын салдарлардың 1- блогы:
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс. Дау қарауға жатпайтын болса, судья ұйғарымда талапкердің қандай юрисдикциялық органға жүгінгені дұрыс екенін көрсетеді. Егер аталған алғышарттар бола тұра сот талап арызды қателесіп қабылдаса, онда іс АІЖК-нің 247-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тоқтатылуға жатады да, бұл туралы ұйғарым шығарылады. Талап арызды қабылдаудан бас тарту талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа арызбен екінші қайтара жүгінуіне кедергі болады. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы, арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымына ол шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.
Талап арызды кері қайтаруға себеп болатын салдардың 2- блогы:
Арызды кері қайтару туралы судья ұйғарым шығарады, онда егер іс аталған соттың соттылығына жатпаса, арыз берушінің қандай сотқа жүгінгені дұрыс екенін немесе істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетеді. Арызды кері қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен сәттен бастап бес күн ішінде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге арыз берушінің қолына берілуге немесе оған жолдануға тиіс. Талап арыздың кері қайтарылуы, егер жол берілген заң бұзушылық жойылған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады.
Талап арыз берген тұлғаны хабардар ете отырып және оған олқылықтарды түзету үшін уақыт бере отырып, талап арызды қозғалыссыз қалдыруға себеп болатын салдардың 3- блогы:
Егер талапкер судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда көрсетілген талаптарды орындаса, арыз сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады. Егер ұйғарымда көрсетілген талаптар сот белгілеген мерзімде орындалмаса, арыз берілген жоқ деп саналады және судьяның ұйғарымымен, оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талапкерге қайтарылады. Талап арыздың кері қайтарылуы, егер талапкер жол берілген заң бұзушылықты жойған болса, талапкердің сол жауапкерге, сол дау нысанасы туралы және сол негіздемелер бойынша сотқа екінші қайтара жүгінуіне кедергі болмайды, бұл орайда мерзімнің басы сотқа екінші қайтара жүгінген сәттен басталады. Арызды кері қайтару туралы судьяның ұйғарымы шығарылғаннан кейін 10 күн ішінде жеке шағым, нарызылық беруге болады. Соттардың бұл мәселедегі басқа қатесі судьялардың олқылықтарды жою мерзімдері туралы нұсқауға мән бермеуі болып табылады, бұл соңынан істі қарау мерзімінің дұрыс есептелмеуіне әкеліп соғады. Олқылықтар жойылғаннан кейін талап арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарылған күнді тек егер сот берген мерзім ішінде талапкер олқылықтарды жоя алмай, арыз аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін берілген болса ғана талап арыз екінші қайтара берілген күн деп белгілеуге болатынын есте ұстау керек.
Талап арызды қабылдау
Талап арыздар соттың кеңсесіне түседі және оны жеке беруге, басқа тұлғалар арқылы беруге немесе почта арқылы жолдауға болады. Олар талап арыздың түскені туралы онда мөртаңба қойылып, тиісті түрде тіркеледі, содан соң сотта белгіленген тәртіпке сәйкес:
Почта (немесе басқа байланыс) арқылы түскен талап арызды қабылдау кезінде құжаттарға хат-хабардың жіберілген күні көрсетілген конвертті де қосып қойған дұрыс. Сонда арызды қабылдау туралы ұйғарымда көрсетілген күннің дұрыстығы туралы соңынан күмән туындамайды. Кейбір жағдайларда арыз берген субъектілер талап арыздарын тікелей сот кеңсесіне тапсырады. Мұндай жағдайларда кеңсе қызметкері талап арызға өтініш берген адамның қол қойғанын, қосымшаның талап арызда көрсетілген қосымшаға сәйкес келетінін, талап арыздағы күннің ол сотқа берілген күнге сәйкес келетінін тексеруі қажет. Қосымшада көрсетілген қандай да бір құжаттардың жоқ екені туралы акт жасалуға тиіс. Егер күн-ай бойынша алшақтақ болса, кеңсе қызметкеріне өтініш жасаушыға күн-айды түзетуді ұсыну, бұл орайда түзетілген жазуды екінші қайтара қолтаңбасымен куәландыру қиындық келтірмейді. Мұндай нақтылау судьяның іс жүргізу әрекеттерін заңмен белгіленген мерзімдерде орындаған-орындамағанын кейіннен айқындау үшін маңызды. Бұл орайда кеңсе қызметкерінің өз бетімен судьяның атынан, өтініш жасаушы субъектіге арыздың мәтініне қандай да бір басқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасауға, қандай да бір құжаттарды көрсетуді талап етуге құқығы жоқ. Азаматтық іс жүргізу заңымен мұндай іс-әрекеттерді тек судья ғана жүзеге асыра алатыны анық реттелген.
Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері
Талап арыз түскеннен кейін 1-тармақта белгіленген алғышарттар болған жағдайда (жоғарыдан қараңыз), судья бес күн ішінде талап арызды өз өндірісіне қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда талап арыз қабылданған күн, кімнің кімге және не туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қозғалып отырғаны көрсетілуге тиіс. Бұл орайда азаматтық процестегі тараптар талапкер мен жауапкер болып табылатынын есте ұстау керек. Өз мүдделері үшін талап қойған немесе солардың мүдделеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар талапкерлер болып табылады. Өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады. Заңмен көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар бола алады. Өзінің мүддесін көздеп басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар тұлғалардың арызы бойынша іс басталған тұлғаға сот пайда болған процесс туралы хабарланады және ол процеске талапкер ретінде қатысады. Азаматтық процестің тарабы мемлекет бола алады (АІЖК-нің 48-бабы).
Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешумен бір мезгілде сот АІЖК-нің 14-бабын, Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының ережелерін ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындауға тиіс. Аталған ережелерге сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) қандай тілде берілгеніне қарай сот ұйғарымымен белгіленеді.
Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы» № 21 нормативтік қаулысының (бұдан әрі - нормативтік қаулы) 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы өтінім түскен жағдайда, судьяның сот отырысында істі қарау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар.
Денсаулыққа келтірілген зиян туралы талап арыз берілген кезде құжаттарды ресімдеудің мына мысалын назарларыңызға ұсынуды мүмкін деп тауып отырмыз, ол біздің ойымызша, даудың санатына байланысты бірінші сатыдағы соттар үшін күрделі болып табылады.
Жоғарғы Соттың 1999 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 нормативтік қаулысына (2004 жылғы 18 маусымдағы нормативтік қаулымен енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен бірге) сәйкес, қызметкерге келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызды сот тек қызметкердің талап етуі немесе қаза болған қызметкердің отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша ұйым әкімшілігінің шешімі қабылданып, зардап шегуші, қаза болған қызметкердің отбасы мүшелері оның шешімімен келіспегеннен кейін немесе осы талаптарды әкімшілік белгіленген он күндік мерзім ішінде қарамаған жағдайда іс жүргізуге қабылдайды. Әкімшілік зардап шегушінің арызы бойынша дер кезінде шешім қабылдамаған жағдайда зардап шегуші тікелей сотқа жүгіне алады.
Қойылатын талаптардың сипатына қарай талап арызға мынадай дәлелдемелер қоса берілуге тиіс:
Сонымен
қатар, талапкер нормативтік құқықтық
актілерге сілтеме жасай
Талап арыздың өтініш бөлігінде талапкер жауапкердің кінәсінен болған денсаулығының зақымдануы нәтижесінде айырылып қалған еңбекақысын өтеу турасында талапкерге қойылатын нақты сомаларды, ай сайын қандай уақыттан бастап төленуі керек екенін, сондай-ақ талапкер жұмсаған қосымша шығыстарды көрсетуге тиіс.
Төменде талап арызға қосымшада сотқа ұсынылуы қажет деп саналатын құжаттардың кейбір тізбесі келтірілген, олар:
еңбек келісім-шарты;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);
еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдай немесе қызметкердің денсаулығының басқаша зақымдануы туралы акт (Н-1 нысанындағы акт);
Мемлекеттік инспектордың жазатайым жағдайдың себептері туралы қорытындысы;
арызбен жүгінген сәттегі орташа айлық еңбекақысы туралы анықтама;
егер талапкер жұмыс істемейтін болса, мүгедектігі және т.б. бойынша зейнетақы алатыны туралы анықтама;
атқарып жүрген қызметінен босатылуы, басқа жұмысқа ауыстырылуы және т.б. туралы бұйрықтың көшірмесі (үзінді көшірме);
зардап шегуші қызметкерге еңбектегі жарақат арқылы келтірілген нұқсанды өтеу туралы ұйым әкімшілігінің шешімі (бұйрығы, өкімі);