Патронат ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 10:29, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсыты- «патронат» ұғымын азаматтық құықтың бір институты ретінде зерттеп, тақырыптың негізін ашу.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
Бала асырап алу. Қорғаншылық пен қамқоршылық.
Қорғаншылық пен қамқоршылық ұғымы.
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру.
Қорғаншылардың және қамқоршылыққа алғандардың құқықтық жағдайы.
Патронат .
Патронат ұғымы
Патронат негізі және субъектілері.
Патронат туралы ережелер. Жалпы ережелер.
Баланы патронат тәрбиешіге беру құқығы.
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Курсовая. Патронат.docx

— 52.06 Кб (Скачать)

 

 

 

 

2.Патронат

2.1.Патронат ұғымы

Патронат ұғымы - Уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрьиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.

Патронат Ресейде Екатерина I кезінен белгілі. Ұлы Отан Соғысының жылдарында жетім қалып кеткен балаларға қол ұшын беру үшін белсенді қолданылған. «Патрон – қамқоршы, қолдаушы немесе жарылқаушы». Владимир Дальдың 1863 жылғы орыс тілінің түсіндірме сөздігі.  
Әлеуметтік жетімдік – бұл ата-аналардың түрлі себептермен балаларын тәрбиелемейтін кезед болатын қиын әрі табиғи емес ахуал. Ежелгі Русьте жетім балалардың жек көру христиандықтың келуімен дамыды, тіпті ата-аналардың өз балаларын құлдыққа беруге құқығы болды.  
Ежелгі кезеңде ата-аналар беделі тіптен биік болды және олардың құқығы қатты қорғалды. Бұрынғының славян халықтарының балалары бір ата-анасы қайтыс болған жағдайда, екінші ата-анасының қысымынан босауға мүмкіндік алды. Бір ата-ана екінші рет отбасы құруға бел буған жағдайда да осы жағдай орын алды, яғни бала ата-ана бодандығынан босайтын. Баланың толығымен ата-анаға тәуелді болуы басқа мақсатты да көздеген еді: жердегі өмір жағдайы арғы өмірде де сақталсын деген ниетпен. Ежелгі Русьтың дәстүрлерін зерттеушілер емшектегі кішкентай ғана балаларды Святославтың өлі сарбаздарының денелерінің үстінен өлген күйінде табылған.  
Русьтегі Шоқынудан кейін шіркеу одан алдын кәдімгі құқықпен реттелген нәрселерді өз мойнына ала бастайды (988 жыл). Христиандық мораль кеңінен тарала бастайды. Ендігі кезекте Русь балалар өмірін өз заңдарының жауапкершілігіне алады. Әйгілі князь Владимир І 996 жылы жетімдерге көмек беріп, оларды қадағалау ісін көпшілікке бұйырды. Жетімдерді ұдайы тамақпен қамтамасыз етуді ол өз мойнына да алды, кедей-кепшік пен қарттарға көкөмегін аямады. 3 Ұлы князь Ярослав жетімдер училищесін ашты, онда 300 ұл бала оқытылды. Кедейлерге, оның ішінде әсіресе балаларға көмектесуді өзіне міндет санағандардың тағы біреуі Владимир Мономах. Ол өзге балаларға жетім балаларға үнемі қол ұшын беріп, көмектесіп жүріңдер деп айтып кеткен еді.

Патронат - ата-анасының қамқорлығынан айырылған келісім бойынша белгілі мерзімге шейін отбасыларға тәрбиеленуге берілген балаларды мемлекет тарапынан орналастыру. Балаларды орналастырудың мұндай түрінің негізгі мақсаты баланың әлеуметтенуі, отбасыда өмір сүру тәжірибесін алуы, балалар үйіндегі өмірін алмастыру болып табылады.

 

2.2. Патронат туралы ереже   

1. Жалпы ережелер   
     

1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патронат нысанындағы қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осындай мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.  
      

 Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалар қорғаншы және  қамқоршы орган мен баланы  тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берiлетiн тәрбиенiң нысаны. 
      Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы органның арасында жасалатын баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың пайда болуына негiз болып табылады. 
     

2. Баланы тәрбиелеуге беру туралы  шарт: 
     

1) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу  және оқыту жағдайларын; 
     

2) патронаттық тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн; 
     

3) қорғаншы және қамқоршы органдардың  патронаттық тәрбиешiге қатысты мiндеттерiн; 
     

4) шартты тоқтатудың негiздерi мен салдарын; 
     

5) баланың патронаттық тәрбиешiге қандай мерзiмге берiлетiндiгiн қамтуы тиiс. 
     Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 
     

3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы  шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға: 
      1) дәлелдi себептер (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар мен басқалардың арасындағы шиеленiстi қарым-қатынастар) болған кезде патронаттық тәрбиешiлердiң бастамашылығы бойынша;  
      

2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу  және бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайлар пайда болған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамашылығы бойынша;  
      

3) бала ата-анасына қайтарылып  берiлген немесе баланы асырап  алған жағдайларда мүмкiн болады.  [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Патронат негізі және субъектілері

Қазақстан Республикасының  «Неке және отбасы» Заңына сәйкес  қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді  басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді.

Патронат дегеніміз - бұл, патронаттың субъектілері, яғни тәрбиелеуге ынта танытқан  тұлға мен қорғаншы және қамқоршылық орган арасында жасалған  шарт бойынша, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды  азаматтардың отбасына беруден тұратын  тәрбие нысаны. Патронаттың тууының негізі болып патронат тәрбиеші мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың жасалуы табылады. Осы шартта мына мәселелерді міндетті түрде қамтуы керек:

  1. Баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру;
  2. Патронат тәрбиешінің  құқықтары мен міндеттері;
  3. Патронат тәрбиешіге  қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері;
  4. Шарттың тоқтатуға негіздері және салдары;
  5. Патронаттық тәрбиешіге бала қанша мерзімге  берілетіндігі.

Патронаттық тәрбиешіге жалақы заңнамаға сәйкесмемлекеттік  білім  беру мекемелерінде жұмыскерлердің жалақыларымен тепе-тең  төленеді.

Баланы тәрбиеге беру шатты  түрде жүзеге асады.

Дәлелді себептері (сырқаттану, отабасылық және материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсініктің болмауы, балалар арасындағы жанжалжар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша.

Баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру үшін қолайсыз жағдайлар болған кезде қорғаншы және қамқоршы органдардың бастамасы бойынша.

Бала ата-анасына қайтарылып берілген немесе бала асырап алынан жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Баланы патронаттық тәрбиешіге белгілеуде қорғаншы жәнеқамқоршы органдар оның этникалық тегін, белгілі бір  дінін және мәдениеттін, ана тілін  ескерулері тиіс.

Баланы шарт бойынша патронаттық  тәрбиешіге беру үшін алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органдардың  келісімімен  баланы отбасыға қабылдауға ынта танытқан тұлғалар жүзеге асырады.

Ағалы-қарындастарды бір-бірінен айыруға болмайды. Егер ағалы қарындастарымен бірге тұруы баланың қызығушылығына жауап бермесе онда құқығына айыру мәселесі шешіледі. [1;73-75 бет]

 

ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегi  N 1346 қаулысымен   бекiтiлген «Патронат туралы ережесінде»  патронаттық тәрбиешілерге тиесілі төмендегі  ережелер көрсетілген:

Патронаттық тәрбиешiлер      

8. Патронаттық тәрбиешiлердi iрiктеудi қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. 
      Екi жыныстағы жасы кәмелетке толған адамдар ғана:  
      

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды; 
      

2) сот бойынша ата-аналық құқықтарынан айрылған немесе сот ата-аналық құқықтарын шектеген адамдарды; 
      

3) өзiне заңдармен жүктелген мiндеттердi дұрыс атқармағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндетiнен шеттетiлгендердi; 
      

4) бала асырап алуды олардың кiнәсi бойынша сот тоқтатқан бұрынғы бала асырап алушыларды; 
      

5) денсаулық* жағдайы бойынша баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, патронаттық тәрбиешi бола алады.     

*Баланы асырап алуға, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа алуға болмайтын аурулардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 маусымдағы N 842 қаулысымен бекiтiлген.  
 

9. Егер олардың мүдделерiнiң арасында  қайшылық болмаса бiрнеше бала  үшiн бiр патронаттық тәрбиешi  тағайындауға жол беріледi.  
 10. Балаға патронаттық тәрбиешi тағайындау кезiнде патронаттық тәрбиешiнiң адамгершiлiк және басқа да жеке басының қасиеттерi, оның патронаттық тәрбиешiнiң мiндеттерiн орындауға қабiлетi, патронаттық тәрбиешi мен баланың арасындағы қарым-қатынас, патронаттық тәрбиешінің отбасы мүшелерінің балаға қарым-қатынасы, сондай-ақ, егер мүмкiн болса, баланың өзінің тiлегi ескерiледi.  
 11. Патронат шартын жасасу туралы мәселенi мынадай құжаттар:

1) адамның патронаттық тәрбиешi  болғысы келетiнi туралар өтiнiшi;  
2) егер патронаттық тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса жұбайының келiсiмi; 
3) патронаттық тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрушiнiң денсаулық жағдайы туралы анықтама; 
4) егер патронаттық тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса жұбайының жай-күйi туралы анықтама; 
  5) баланы тәрбиелеуге үмiткердiң тұрмыс жағдайын тексеру актiсi; 
  6) патронаттық тәрбиешiге тәрбиеленуге берілетiн баланың тұрмыс жағдайын тексеру актiсi болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар шешедi. 
 12. Патронаттық тәрбиешiнiң баланы тәрбиелеу, емдеу және басқа да мекемеге уақытша орналастыруы патронаттық тәрбиешiнiң осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды. 
13. Патронаттық тәрбиешiлер өз қамқорлығындағы баланың құқықтары мен мүдделерiн кез келген тұлғаларға қатысты, оның iшiнде сотта, арнайы өкiлеттiксiз қорғайды.

Патронаттық тәрбиешiлерге берiлген баланы  
(балаларды) асырап-бағу

14. Әрбiр баланы асырап-бағуға  ай сайын Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгiлеген тәртiппен және  мөлшерде ақшалай қаражат төленедi. 
15. Қорғаншы және қамқоршы органдар патронаттық тәрбиешiлерге қажеттi көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмiрi мен тәрбиесi үшiн қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге мiндеттi. 
 16. Қамқоршы және қорғаншы органдар патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қарабеков Қ.Ө., «ҚР Отбасы құқығы дәрістер курсы» , 2011ж. Алматы.
  2. Патронат туралы ереже. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң   1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 1346 қаулысымен    бекiтiлген.
  3. Б.Е. Айтжан, Т.Б. Шіркінбаева, «Отбасы құқығы (елементарлы курс)», Алматы «Жеті жарғы» 2006.
  4. Ч

Информация о работе Патронат ұғымы