Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 10:29, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсыты- «патронат» ұғымын азаматтық құықтың бір институты ретінде зерттеп, тақырыптың негізін ашу.
Кіріспе..........................................................................................................3
Бала асырап алу. Қорғаншылық пен қамқоршылық.
Қорғаншылық пен қамқоршылық ұғымы.
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру.
Қорғаншылардың және қамқоршылыққа алғандардың құқықтық жағдайы.
Патронат .
Патронат ұғымы
Патронат негізі және субъектілері.
Патронат туралы ережелер. Жалпы ережелер.
Баланы патронат тәрбиешіге беру құқығы.
Қорытынды.
Қорғаншылық пен қамқоршылық кең мағынада кәмелетке толмаған және әрекет қабілеттігі жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттігін толықтыру, құқылары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Ал нақты мағынада ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалардың әрекетке қабілеттігін толықтыру, құқылары мен заңды мүдделерін қорғау және тәрбиелеу әдісі болып қарастырылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылықтың тағайындалу негіздері:
Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап оларды есепке алады. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар анықталған жағдайда қорғаншылықты немесе қамшылықты уақытша қорғаншылық немесе қамқорщылықты қорғаншылық органдары жүзеге асырады. Кейіннен қорғаншылық және қамқоршылық органдары бір ай ішінде балаға қорғаншыны немесе қамқоршыны белгілеуі қажет немесе баланы орналастырудың басқа да нысандарын анықтауы қажет. Қамқорлыққа алынған балалардың орналасу нысандары таңдалады. Оларға тәрбиелеу мен білім беру мәселесінің қалай жүзеге асырылып жатқандығына бақылау жасап отырады.
Жеткіліксіз әрекет қабілеттіліктері олардың қамқоршылары және қорғаушыларымен жүзеге асырылады. Қамқоршылық пен қорғаншылық ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады.
Қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді. [1;67бет]
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алынған тұлғалар мынаған құқылы:
Қорғаншылыққа алынған балалар жоғарыда көрсетілген құқылардан басқа мынандай құқыларға ие:
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердегі балалар мынандай құқыларға иемденеді:
Қорғаншы және қамқоршы органдар
балаларға тиісті жағдайлар жасалуына
бақылауды бақылауды жүзеге асырады.
Осы мекемелерді бітіріп
Қоғаншылар өз қарамағына алған балалардың заңды өкілдері болып есептеледі және олардың қызығушылықтарын сақтай отыра қажетті мәмілелерді жасауға келісім береді. Сонымен қатар, олардың өз құқықтарын жүзеге асыруға және міндеттерін атқаруға көмек көрсетулері тиіс.
Қорғаншылық және қамқоршылық тегін тегін атқарылуы тиіс, егер заңда басқасы көзделмесе.
Қорғаншы немесе қамқоршы өз есебінен қамқоршылыққа алынған балаларды асырап-бағу міндетті емес. Бұл олардың жалақысынан, алиментінен, зейнетақысынан және басқа әлеуметтік төлемдерінен жүзеге асырылады. Ал егер де қамқоршылыққа алынған тұлғаның қаражаты жеткіліксіз болса , онда жәрдемақыны қорғаншы және қамқоршы органдары тағайындайды.
Қорғаншы және қамқоршылардың заң бойынша мынандай құқылары бар:
Қорғаншы және қамқоршы
органдар қорғаншылар мен қамқоршылардың
қызметіне бақылау жасауы тиіс. Жылына
екі рет олардың өз міндеттерін
қалай орындап жатқандығын
Он жасқа толған баланың асырап алуға келісімі алынады және асырап алудың қажеттілігі түсіндіріледі. Қорғаншы мен қамқоршылардың қамқорлыққа алынған тұлғаға қатысты келесідей міндеттер жүктеледі:
- асырап-бағуға;
- бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге;
- құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға.
Бұл міндеттер сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктеледі.
Спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салыну салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруі міндетті. Баланың қорғаншысы қорғаншылығындағы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, ден, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауына құқылы әрі міндетті. Тәрбиелеу жолдарын белгілеуде қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланың пікірі және қорғааншысының және қамқоршысының пікірі ескерілуі тиіс. Бала пікірі ескеріле отыра қорғаншы және қамқоршы орта білім беретін оқу орнын және нысанын таңдауға құқылы. Қорғаншы және қамқоршы органдар балаға өз ата-аналарымен, туыстарымен қарым қатынас жасауына бөгет жасамауы қажет. Белгілі бір себептермен қорғаншылар және қамқоршылар өздерінің тұрғылықты жерлерін өзгертетін болса, онда қорғаншы және қамқоршы органдарға осы туралы мәлімет берулері тиіс. Денсаулығына орай кәмелетке толған адамға өтініші бойынша қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлік мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. Қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамның келісімі бойынша ғана белгілей алады. Қамқоршылыққа алынған кәмелетке толмаған баланың ата-анасы қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда қорғаншы мен қамқоршы өз міндеттерін атқарудан босатылады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамныңталабы бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қамқоршылыққа алынған адамның кірістрін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін , қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын-ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы мен қамқоршы
органдардың рұқсатынсыз
Қорғаншы мен қамқоршы органдардың алдын-ала берген рұқсатынсыз қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылықтағы тұлғаның мүлкін иеліктен алу туралы мәмілелерді жасауға құқылары жоқ.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген тұлғаның мүлкі басқа жерде орналасқан болса, онда басқару мақсатында осы мүлік орналасқан жердегі қорғашы мен қамқоршы органдар қорғаншыны белгілейді. Кәмелетке толмаған , әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі кәмелетке толған тұлғалардың, өлген немесе соттың шешімімен өлді немесе хабар –ошарсыз кетті деп танылған тұлғаның мүлкіне қорғаншы тағайындалады.
Қорғаншы мен қамқоршы , олардың жұбайлары және жақын туыстары қамқоршылыққа алынған тұлғамен мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже тек сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруге қатысты емес. Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынған баланың өз ата-анасы қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншы немесе қамқоршы өз міндеттерін атқарудан босатады.
Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан босатады.
Қорғаншының және қамқоршының өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатылу үшін дәлелді себептері болуы керек. Осы дәлелді себептерге мыналарды жатқызуға болады: сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушының өзара түсініспеушілік және т.с.с.
Қорғаншылыққа алынған бала 14 жасқа толған сәтте қорғаншылық тоқтатылады, қорғаншы болып келген адам оның қамқоршысы болып есептеледі. Бұл үшін қосымша шешім қажет етілмейді.
Қамқоршылыққа алынушының әрекетке
қабілетті деп тану немесе қорғаншының
немесе қорғаншы және қамқоршы органның
арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі
шектеулілігінің күшін жою
18 жасқа толуымен немесе некеге тұруымен қамқоршылық тоқтатылады. Бұл үшін қосымша шешім талап етілмейді. [1;71бет]