Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:16, курсовая работа
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ортақ меншік ұғымы мен пайда болу негіздері
2.2 Ортақ меншік түрлері
2.3 Ортақ үлесті меншік
2.4 Ортақ бірлескен меншік
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді. Негаторлық талап— бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы. Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды. Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.
Сонымен, меншік құқығы — белгілі бір тұлғаның заңмен танылған өзіне тиесілі мүлкін өз қалауынша, өз мүддесіне саи кез келген шаруашылыққа пайдалану құқығы.
Қолданылған әдебиеттер:
Нормативтік актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж.
(07.10.1998ж. және 21 мамыр 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім) 1994 жыл 27 желтоқсан /өзгертулер менн толықтырулары/;
3. ҚР-ның “Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер” туралы 1998 жылғы 22 сәуірдегі заңы;
4. ҚР-ның “Жеке кәсіпкерлік туралы” 1997 жылғы 19 маусымдағы заңы;
5. ҚР-ның “Тұрғын үй қатынастары туралы” 1997 жылғы 1сәуірдегі заңы;
6. ҚР-ның “Бағалы қағаздар нарығы туралы” 1997 жылғы 5 мамырдағы заңы;
7. ҚР-ның “Акционерлік қоғамдар туралы” 2003 жылғы 13 мамырдағы заңы.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы оқулық Алматы «Жеті жарғы – 2001ж» Төлеуғалиев Ғ.А.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы ерекше бөлім І, ІІ – том Алматы – 2006ж Сапарғалиев Ғ.А.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі жалпы бөлім 27.12.1994ж ерекше бөлім 01.08.1999ж
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне түсініктеме 1999ж 1,2, - том
5. ҚР-ның Азаматтық Кодексі – талқылау мен комментарийлер. Жалпы бөлім. 1-шығ./Ред. Диденко А.Г. Алматы, 1996ж.;
6. ҚР-ның Азаматтық Кодексі – талқылау мен комментарийлер. Жалпы бөлім. 2-шығ./Ред. Диденко А.Г. Алматы, 1997ж.;
7. ҚР-ның Азаматтық Кодексі – талқылау мен комментарийлер. Жалпы бөлім. 3-шығ./Ред. Диденко А.Г. Алматы, 1997ж.;
8. ҚР-ның Азаматтық Кодексі – талқылау мен комментарийлер. Жалпы бөлім. 4-шығ./Ред. Диденко А.Г. Алматы, 1997ж.;
9. ҚР-ның Азамматтық заңдары – талқылау мен комментарийлер. 5-шығ./Ред. Диденко А.Г. Алматы, 1998ж.;
10. ҚР-ның Азаматтық Кодексі /жалпы бөлім/ Екі кітаптағы комментарийлер. Алматы, Жеті Жарғы, 1998ж. /Жауапты ред.М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.
11. Азаматтық құқық/ 2-томдағы оқулық. Е.А.Суханов ред.бойынша. М., 1993ж.
10