Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:16, курсовая работа
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ортақ меншік ұғымы мен пайда болу негіздері
2.2 Ортақ меншік түрлері
2.3 Ортақ үлесті меншік
2.4 Ортақ бірлескен меншік
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
2.4 Ортақ бірлескен меншік
Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындағы үлестер бөлінбейді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады.
Ортақ бірлескен меншік үш түрде болады.
Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмеген кезде және ол кез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.
Бірлескен меншіктің қатысушыларының шеңбері заңмен анықталатын және олардың отбасылық қатынастарымен байланысты болғандықтан бірлескен меншік құқығы құқық мирасқорлығы ретінде басқа адамдарға өте алмайды. Ортақтас меншік иелері бірлескен құқығын емес, бірлескен меншіктегі мүлікті иеліктен шығара алады.
Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады (АК- ның 220-бабының 1-тармағы). Бұл ортақтас меншік иелерінің әрқайсы және олардың барлығы бірге білескен меншікті бүтін нәрсе ретінде теңдей негізде иемденуге және пайдалануға құқылы екендігін білдіреді, мысалы, жекешелендірілген пәтерді бірлесіп иемдену және пайдалану. Өзінің ортақ мүлікті пайдалану және иемдену құқығын бірлескен меншіктің әрбір қатысушысы кез келген уақытта және бірлескен мүліктің бар кезінің өне бойында іске асыруға құқылы. Бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен бірлескен меншікті иеленудің және пайдаланудың өзге де тәртібі белгіленуі мүмкін. Мысалы, жекешелендірілген пәтер бірлескен меншіктің қатысушыларының біреуінің немесе бірнешеуінің пайдалануына берілуі мүмкін. Бірақ, бірлескен меншіктің қатысушылары, үлесті меншіктің қатысушыларына қарағанда, өздерінің ортақ мүліктің қандай да бір бөлігін иемденуін немесе пайдалануын бекітіп беруді немесе өздеріне тиісті өтем төленуін, тіптен, сот арқылы да, талап ете алмайды.
Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады(АК-ның 220-бабының 2-тармағы). Бірақ бұл келісім тек болжамданады және ол әрбір жағдай сайын бірлескен меншіктің басқа қатысушылары тарапынан көрініс табуы қажет емес. Тек, ортақ мүлікке билік ету жөніндегі мәміле нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет еткен жағдайда үлестік меншіктің басқа қатысушыларының оған келісімі нотариалдық тәртіпте расталынуы тиіс. Бірлескен меншікте билік ету бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімімен жүзеге асырылатындықтан, олардың кез келгені, басқа қатысушысының ортақ мүлікпен байланысты мәміле жасауға ниетін біліп,оған қарсы сөз айтуға құқылы. Мұндай жағдайда мәміле жасалынбайды,ал жасалған болса,ол сот арқылы заңсыз деп танылады.Бірлескен меншіктің қатысушысы басқа қатысушы жа-саған мәмілеге қарсы дау айтуға құқылы.Бірақ,мәміле жасаған қатысушыда қажетті өкілеттіктер болмаған себепті, мәміле оның басқа тарабының бұл жайында білгендігі немесе қалайда білуге тиіс екендігі дәлелденгенде ғана заңсыз деп танылады.
Бірлескен меншіктің қатысушыларының мүлікте алдын ала белгіленген үлестерінің болмауы бұл мүлікті бөлу және одан енші алу тәртібінен бай- қалады. Мұндай бөлу немесе еншілеу қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлестері алдын ала анықталған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте,егер заң құжаттарында немесе бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмесе,олардың үлестері теңдей деп танылады. Үлестерді анықтау процесі,әдетте,уақыты жағынан мүлікті бөлумен немесе одан енші шығарумен сай келеді. Бірақ, үлестерді анықтау сатысының өзінде қосалқы маңыз бар. Егер мүлікті бөлу немесе еншілеу қандай да бір себептермен болмай қалса, онда бірлескен меншіктегі үлесті анықтау да өз мәнін жоғалтады,ал бірлескен меншіктің өзі, егер меншік иелері қаламаса, үлесті меншікке айналмайды.
Бірлескен мүлікті бөліу немесе одан үлесті шығару жоғарыда қаралған үлесті меншікті бөлу немесе одан енші шығару үшін белгіленген заң тәрті-бінде жүргізіледі.Әрине,егер заң құжаттарында бірлескен меншіктің кейбір түрлері үшін өзгедей белгіленбеген болса және бірлескен меншіктің қатысу-шыларының қатынастарының сипатынан туындамаса.
Ортақ мүліктегі үлесті бірлескен мүлікке қатысушының несие берушісінің талабы бойынша еншіге бөлудің бірқатар ерекшеліктері бар,ол ортақ мүліктің бірлескен немесе үлесті екендігіне байланысты емес. Несие беруші өз талабын қанағаттандыруға борышқордың басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда,өндіртіп алуға аудару үшін үлестің еншіленуін талап етуге құқылы. Бұл ретте ортақ меншікке қатысушының үлесіне өндіртіп алуды аудару оны сот шешімі негізінде жария саудада тікелей сату арқылы жүреді,егер ортақ меншіктің қалған қатысушылары несие берушінің талабы бойынша бұл үлесті сатып алудан бас тартса немесе оны борышты жаба алмайтындай бағамен алуға келіссе.
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі. Мүлік ерлі-зайыптыларға бөлектелген, ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі болуы мүмкін. Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады. Ерлі-за-йыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады(АК-ның 223-бабының 1 және 2-тармақтары).
Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған бірлескен меншікке құ-қығы туралы норма диспозитивті.Ерлі-зайыптылар арасындағы шарттарда, оның ішінде некелесу шартында мынадай мүлік олардың үлесті меншігі бо-лып табылады,не меншік құқығында олардың біреуіне тиесілі, не тиісті бөлік-терінде ерлі-зайыптылардың бөлектелген меншігі болып табылады деп көр-сетілуі тиіс.Бірлескен меншік шарт бойынша емес,тек заңға сәйкес белгілене-тін болғандықтан,ерлі-
Ортақ бiрлескен меншiк
1. Ортақ бiрлескен меншiк:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
2) шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ меншігі;
3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.
2. Заң құжаттарында ортақ бiрлескен меншiктiң басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.
3. Ортақ бiрлескен меншiк, егер оған қатысушылар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, тағайындалады және қолдануда болады.
Бiрлескен меншiктегi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету
Бiрлескен меншiкке қатысушылар, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлiктi бiрлесiп иеленедi және пайдаланады.
Мүлiкке билiк ету жөнiндегi мәмiленi қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бiрлескен меншiктегi мүлiкке билiк ету барлық қатысушылардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Егер барлық қатысушылардың келiсiмiнен өзгеше туындамайтын болса, бiрлескен меншiкке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлiкке билiк ету жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың бiреуi ортақ мүлiкке билiк етуге байланысты жасаған мәмiле басқа қатысушылардың талап етуiмен мәмiле жасаған қатысушының қажеттi өкiлеттiгi болмады деген себеппен мәмiледегi екiншi тарап бұл жөнiнде бiлгенi немесе көпе-көрiнеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттiк тiркеудi керек ететiн мәмiлелер жасасу кезiнде бiрлескен мүлiкке басқа қатысушылардың мәмiле жасауға келiсiмi нотариалдық тәртiппен расталуға тиiс. Егер осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бiрлескен меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн өзгеше белгiленбесе, осы баптың 1-3-тармақтары қолданылады.
Бiрлескен меншiктегi мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару
Ортақ меншiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiнiң үлесiн бөлiп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiкке құқығындағы үлесi алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару кезiнде, егер заң актiлерiмен немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, олардың үлестерi тең деп танылады.
Ортақ мүлiктi бөлу және одан үлестi бөлiп шығару негiздерi мен тәртiбi осы Кодекстiң 218-бабының ережелерiмен белгiленедi, өйткенi ол осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен бiрлескен меншiктiң жекелеген түрлерi үшiн өзгеше белгiленбеген және бiрлескен меншiкке қатысушылар қатынастарының мәнiнен туындамайды.
Ортақ мүлiктегi үлестен ақы өндiрiп алу
Үлестi немесе бiрлескен меншiкке қатысушыға несие берушi қатысушыда басқа мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда борышқордың ортақ мүлiктегi үлесiн одан ақы өндiрiп алу үшiн бөлiп беру туралы талап қоюға құқылы.
Ортақ меншiктiң өзге қатысушылары борышқордың үлесiн сатып алудан бас тартқан реттерде несие берушi борышқордың ортақ меншiк құқығындағы үлесiн жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндiрiп алуға талап етуге құқылы.
Егер мұндай жағдайда үлестi заттай бөлiп шығару мүмкiн болмаса, не үлестi немесе бiрлескен меншiктiң қалған қатысушылары бұған қарсылық бiлдiрсе, несие берушi борышқордан өз үлесiн ортақ меншiктiң өзге қатысушыларына осы үлестi нарықтық құнына сәйкес бағамен сатып, сатудан түскен қаражатты борышты өтеуге салуды талап етуге құқылы.
Ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi
Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкi, егер бұл мүлiк ерлi-зайыптылардың үлестi меншiгi болатыны, не олардың әрқайсысына тиесiлi немесе меншiк құқығында тиiстi бөлiктерде ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi екенi олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.
Ерлi-зайыптылардың некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезiнде сыйға тартылған немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлкi олардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
Қымбат бағалы және басқа әсемдiк заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар (киiм-кешек, аяқ киiм және т.б.), некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншiгi деп танылады.
Егер некеде тұрған кезде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен сол мүлiктiң құнын едәуiр арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен меншiгi деп танылуы мүмкiн.
Ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша жаза өз меншiгiндегi мүлiкке ғана, сондай-ақ бұл мүлiктi бөлiсу кезiнде ерлi-зайыптылардың бiрiне тиесiлi болатын ортақ мүлкiндегi өз үлесiне ғана қолданылуы мүмкiн.
Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқықтарының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарымен белгiленедi.
Шаруа немесе фермер қожалығының меншігi
Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығында тиесілі болады. Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі болады. Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығында тиесілі болады.
Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің меншігінде жер учаскелері, жер учаскесіндегі екпелер, оның ішінде жеке орман қорындағы екпелер, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсіріліп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін және жегін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар және қожалық мүшелері берген және (немесе) қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болуы мүмкін.
Шаруа немесе фермер қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім мен кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасында келісім бойынша пайдаланылады.
Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiн бөлу
Барлық мүшелерiнiң шығып кетуiне байланысты немесе өзге де негiздер бойынша шаруа немесе фермер қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлiк осы Кодекстiң 218 және 221-баптарында көзделген ережелер бойынша бөлiнуге тиiс.
Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрi одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндiрiс құрал-жабдықтары бөлiнуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлiкке ортақ меншiктегi өз үлесiне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде бiрлескен меншiк құқығындағы шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкiне үлестерi тең деп танылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын шаруашылық серiктестiгi немесе
кооператив етiп қайта құрған кездегi мүлiктiң құқықтық режимi. Қожалық мүлкi негiзiнде шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi шаруашылық серiктестiгiн немесе өндiрiстiк кооператив құруы мүмкiн. Қайта құрылған мұндай шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлға ретінде шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi өзiне салымдар және басқа жарналар түрiнде берген мүлiктiң, сондай-ақ оның қызметi нәтижесiнде алынған және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де негiздер бойынша сатып алынған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады. Шаруа немесе фермер қожалығының серiктестiкке қатысушылары немесе кооператив мүшелерi болып табылатын мүшелерi салымдарының мөлшерi осы Кодекстiң 218-бабында немесе 225-бабының 3-тармағында көзделген тәртiп бойынша белгiленетiн шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiне ортақ меншiк құқығындағы өз үлестерiн негiзге ала отырып белгiленедi.
Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк
Жекешелендiру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегiн алған мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйiндегi тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бiрге тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерiнiң бiрлескен меншiгiне көшедi.
Жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi тұрғын үй қатынастары туралы заң актiлерiнде белгiленедi.
III. Қорытынды
Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.