«Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 21:51, реферат

Описание работы

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқығы.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

а) Қазақстан  Республикасының Парламенті;

ә) Қазақстан  Республикасының Үкіметі;

б) Қазақстан  Республикасының Конституциялық Кеңесі;

в) Қазақстан  Республикасының Сот органдары.

4. Қазақстан Республикасында  мемлекеттік биліктің  бастауы   

  болып саналады:

а) Президент;

ә) Халық;

б) Парламент;

в) Конституция.

5. Мемлекеттік егемендіктің  белгілері:

а) бәрінен  жоғары тұрушылығы, мемлекеттік биліктің біртұтас-   

 тығы;

ә) мемлекеттің  тәуелсіздігі, конституция мен ұлттық заңдардың    

 болуы;

б) өз азаматтығының, аумағының болуы;

в) барлық жауаптар дұрыс.  

4 Тақырып. Қазақстан  Республикасындағы  сайлау жүйесі.  

Әдебиеттер: І-2,  21; ІІ-2,  4; ІІІ-2, 5, 10, 26, 26, 27, 29.  

4.1. Сайлау, сайлау жүйесі  және сайлау құқығы  түсінігі.          

 Сайлау  референдуммен қатар халық билігін  білдірудің формасы; халық егемендігінің бір көрінісі болып саналады, конституцияның 3-бабының 2-тармағы және 33-бабының 2-тармағына сәйкес сайлауға және сайлаушыға азаматтардың құқығы бекітіледі. Сайлау жолымен мемлекеттің өкілді органдары құрылады.        

 Сайлау  науқаны (өзіне сайлау округтерінің, учаскелерінің құрылуын, сайлаушылар  тізімдерін жасау мен тексеруді, сайлау комиссияларын құруды, кандидаттарды ұсынуды, сайлау алдындағы күресті, дауыс беру күшін енгізеді) заңмен белгіленген белгілі ережелер, қағидалар бойынша ұйымдастырылып өткізіледі. Бүкіл осы ережелер мен қағидалардың жиынтығы сайлау жүйесін құрады.        

 Әлем  мемлекеттерінде 2 сайлау жүйесі: үйлесімді (пропорционалды) және мажориторлы (нақты округте көпшілік дауыс алған партия өкілдері ғана сайланғандар қатарына енетін сайлау жүйесі) жүйе өмір сүреді.

Мажоритарлық  жүйе кезінде депутат тіпті округтегі сайлаушылардың аз бөлігінің даусына ие болуы мүмкін: кімнің кандидаты көп дауыс жинаса сол сайлаушылар ғана өкілдерге ие болады.

Пропорционалды  жүйе кезінде барлық сайлаушылардың Парламентте өз өкілдері болады.        

 Мажоритарлық  жүйенің: абсолютті көпшілік және  салыстырмалы көпшілікке бөлінетін 2 ішкі түрі бар.

Мажоритарлық  жүйе кезінде, егер бірінші сол сияқты екінші турда сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50%-дан көбі қатысса, абсолютті басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер сайлауға қатысқан сайлаушылардың 50%-дан артығы оны жақтап дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі.        

 Мажоритарлық  жүйе кезінде, дауыс беруге  қатысқан сайлаушылардың санына қатыссыз түрде, салыстырмалы басым көпшілікпен сайлау өткен болып саналады; егер оны жақтап, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25%-дан астамы дауыс берсе, мұндай жағдайда, басқа үміткерлерге қарағанда сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып саналады.        

 Қазақстанда  абсолюттік басым көпшілікті  мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады.         

 Жоғарыда  баяндалғандардан, қоғамдық қатынастарды  реттеуші, сайлауға әзірлік пен оны өткізу барысында туындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы – сайлау құқы сияқты конституциялық дербес құқық  институтын бөліп көрсетуге болады.  

4.2. Сайлау құқығы  қағидалары.          

 Сайлау  құқығы түрінде құқықтық нормалардың  жиынтығын ғана емес, сонымен  бірге азаматтардың нақты сайлау  құқығы, яғни азаматтардың  мемлекет пен қоғам істеріне саяси қатысуын да түсінуге болады.        

  Сайлау құқығының  негізгі қағидалары:        

1. Жалпыға бірдей  сайлау құқығы. Тиісті жасқа толған барлық азаматтардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және т.б. қарамастан сайлау және сайлау құқығына ие екендігін білдіреді.         

 Қазақстан  заңдары, соның негізінде тұлғалар  сайлау құқығына ие болатын бірқатар жағдайларды нақтылайды.

а) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы (Конститу-   

 цияның 33-бабының 2-тармағы).

ә) Тиісті жасқа толу.

Қазақстан заңдары бойынша 18 жасқа толған азамат белсенді сайлаушы болып саналады.        

 Белсенді  сайлау құқығы – сайлауға құқығы  болып саналады.         

 Белсенді  емес сайлау құқығы – сайлану  құқығы болып есептеледі.        

 Республика  Президенті болып сайлану үшін 40 жастан кіші болмау, Сенат депутаты  болуы үшін 30 жасқа толу, Мәжіліс  депутаты болуы үшін 25 жасқа толу.  

б) Азаматтық  құқыққа ие болу (заң жолымен іс-әрекет жасауға құқығы болу).        

 Сот  арқылы заң жолымен іс-әрекет  жасауға құқығы жоқ деп танылған  азаматтар, белсенді және белсенді  емес сайлау құқықтарын иеленбейді.         

 Сот  үкімінің заң күшіне енуімен,  бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген тұлғалар сайлауға қатыстырылмайды.

в) Тұрғылықты жері оның белгілі бір сайлау учаскесі аумағында тұруы, азаматты сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі болып саналады.

2. Тең сайлау құқығы. Осы қағидалар негізінде барлық азаматтар, дауыс беруде ешқандай басымдық алмай, бір дауысқа ие бола отырып, сайлауға теңдей негіздерде қатысады.

3. Төте сайлау. Сайлаушылар өздерінің өкілдерін тікелей сайлайды.

4. Жанама сайлау, яғни Парламент Сенаты депутаттарының төте емес сайлауы, оған мәслихаттардың сайлаушы-депутаттары қатысады және теңдей негіздерде бір дауысқа иелік етеді.

5. Жасырын дауыс  беру. Сыртқы ықпалдың әсерінен тәуелсіз, өз еркін білдірген сайлаушы-азаматтар осы қағидалармен қамтамасыз етіледі.

6. Еркін дауыс беру – Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып саналады.         

4.3. Сайлау органдарының  жүйесі.  

      17.  Республиканың орталық сайлау комиссиясы;

      18.  аумақтық сайлау комиссиялары;

      19.  округтік сайлау комиссиялары;

      20.  учаскелік сайлау комиссияларына бөлінетін сайлау комис-    

 сиялары  Қазақстан Республикасындағы сайлау орган-    

  дарының жүйесін  білдіреді.        

  Барлық сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдері – 5  жыл.        

 Сайлау  комиссиялары қызметінің негізгі  формасы – мәжіліс болып саналады. Комиссияның төрағасы және оның орынбасарымен немесе комиссия мүшелерінің 1/3-нің талап етуі бойынша шақырылады және өткізіледі.

Орталық сайлау комиссиясының шешімі мен  іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының Жоғары Сотына, ал басқа комиссиялардың шешімдеріне – жоғары тұрған сайлау комиссиясына және сотқа шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын ала жүгіну міндетті емес.  

4.4. Сайлау алдындағы  үгіт. Сайлауды қаржыландыру.          

 Сайлау  алдындағы үгіт үміткерлерді тіркеген күннен басталып және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары қоғамдық бірлестіктер сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқықтарына ие.        

 Президент, Парламент, Мәслихат-депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлаулары мемлекеттен қаржыландыруға жатады.

Сайлау  комиссияларының барлық шығындары:

    21.                    кандидаттардың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуімен;

    22.                    үгіт материалдарын шығарумен;

    23.                    республикалық бюджет есебінен жабылатын, орталық сайлау комиссиясымен белгіленетін мөлшердегі көлік шығындарымен байланысты болады.

Сайлау  алдындағы шығындар Кандидаттардың сайлау қорларының қаражаттарынан қаржыландырылуы мүмкін. Президент, Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлауларындағы сайлау алдындағы үгіт – мемлекеттік емес қаржыландыруға жатады.

Кандидаттардың  сайлау қорлары олардың жеке қаржыларынан; азаматтар мен ұйымдардың ерікті қайырымдылықтарынан; кандидаттыққа ұсынған республика қоғамдық бірлестіктерінің үміткерге бөлген қаржыларынан құралады. 

     Халықаралық ұйымдардың және халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдіктердің, ол кім болып саналмасын, сайлауды қаржыландыруға тікелей немесе жанама түрде қатынасуларына, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, өздерінің жарғылық қорларына шетелдіктердің қатысуы бар қайырымдылық ұйымдардың, діни бірлестіктердің, Қазақстандық заңды тұлғалардың ерікті қайырым жасауларына тыйым салынады.

     Кандидаттардың  сайлау қорларындағы қаражаттарының жалпы сомасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Аты-жөні белгісіз қайырымдылықтар  республика бюджетінің кірісіне алынады.   

4.5. Сайлау нәтижелерін  анықтау.  

     Дауыс беру сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың бюллетендермен жұмыс жасауы үшін кабиналар орнатылатын арнайы бөлмелерде өткізіледі. Аталмыш кабинада сайлаушыдан басқа ешкім болмауы тиіс, егер оның бюллетенді толтыруға өз мүмкіндігі болмаса, сайлаушының комиссия мүшесі мен бақылаушыдан басқа, кез келген тұлғаны кабинаға шақыру құқығы бар. Сайлаушы бюллетенді толтырып болғаннан кейін, комиссия мүшелері алдын ала көрсеткен жәшікке салады; жәшікті сайлаушылар мен бақылаушылардың қатысумен учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы сайлау басталардың алдында мөр соғып жабады. Оны өткізу кезінде заң бұзушылықтар жіберілген болса, сайлау заңсыз деп саналады.

Егер  сайлауға тіркелген сайлаушылар  санының заңда белгіленгеннен аз мөлшері қатысса, онда сайлау өтпеген болып саналады.

     Сайлау  заңсыз немесе өтпеген болып танылған жағдайда, орталық сайлау комиссиясы қайта сайлау тағайындайды.

Дауыс беріп болғаннан кейін, комиссияның  түгел құрамының қатысуымен пайдаланылмаған бюллетендер қайта саналады, олардың саны жария етіліп және хаттамаға түсіріледі. Содан-соң пломбаланған сайлау жәшігі ашылып, дауыстар саналады. Ең алдымен жарамсыз бюллетендер саны анықталады. Дауыс беру қорытындысы бойынша учаскелік комиссия 2 дана етіп хаттама толтырады, яғни комиссия мүшелерінің түгелі қол қояды. Бір данасы жоғары тұрған сайлау комиссиясына жолданады.

     Қорытындалары шығарылып болғаннан кейін орталық  сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиялары сайланған депутаттарды тіркеп, оларға сайланғандықтары туралы куәліктер береді. Сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.    
 

Информация о работе «Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері