Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 21:51, реферат
Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.
«Конституциялық
құқығы» пәні бойынша
дәріс сабақтарының
контактілік мәліметтері
Контактілік
дәріс сабақтарының
кестесі
№ | Тақырыптар | Сағат саны |
1 | Қазақстан Республикасы
Конституцялық ұғымы пәні әдісі және бастаулары |
2 |
2 | Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мемлекеттiк негiзгi заңы |
2 |
3 | Қазақстан Республикасындағы
адам және азаматтық конституциялық- құқықтық мәртебесiнiң негiздерi |
2 |
4 | Қазақстан Республикасындағы
сайлау құқығы және сайлау жүйелерi |
1 |
5 | Қазақстан Республикасы
конституциялық құрылысының негiздерi |
1 |
Барлығы | 8 |
1
Тақырып. Қазақстан
Республикасының
конституциялық құқығының
жалпы сипаттамасы.
Әдебиеттер:Ш
– 12, 25, 27, 28.
- Құқық саласы ретіндегі Қазақстан Республикасының
консититуциялық құқығының түсінігі мен пәні.
Конституциялық
құқық – Қазақстан
Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.
Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.
Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:
1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6, 18–баптары).
2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шектеулі жағдайларда азаматтарға қатысты қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).
3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқындау үшін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы), сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
4.
Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи
құқығын тану (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
1.2. Конституциялық-құқықтық нормалар мен
институттар.
Жалпы
құқық теориясында құқық
Конституциялық-құқықтық нормалар:
1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың аясымен);
2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін нормалардың күшін жоюымен;
3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында түзілген);
4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ережелердің болуы);
5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қатынастардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);
6. қатынастарды реттейтін (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;
7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);
8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.
Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (классификациясы).
Нұсқаулардан тұратын сипаты бойынша:
1. құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;
2. міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі;
3. тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған.
Ондағы нұсқаулардың-айқындаушылық дәрежесі бойынша мынадай нормаларға бөлінеді:
4. императивті нормалар – белгілеген ережелерді субъектілерге қолдану еркіндігін қорғауға рұқсат етпейтін нормалар;
5. Диспозитивті нормалар – нормада көрсетілген жағдаяттарды ескеру арқылы субъектінің әрекет ету вариантын таңдау мүмкіндігін қарайтын нормалар.
Құқықтық реттеу механизмі бойынша нормалар:
6. материалдық нормалар - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша әрекет етудің мазмұнын қарайтын нормалар;
7. процессуалдық нормалар – сол арқылы жүзеге асырылатын тәртіпті анықтайтын нормалар болып бөлінеді.
Бірыңғай
және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейтін және салыстырмалы түрде
дербес топты құрайтын конституциялық
құқық нормаларының жиынтығы конституциялық-құқықтық
институт деп аталады. Мысалы: азаматтық
институты, Президенттік институт, сайлау
құқығы институты және т.б.
1.3. Конституциялық-құқықтық қатынастар және олар-
дың
субъектілері.
Жалпы құқық теориясында құқықтық қатынастар түрінде құқық нормалары негізінде туындайтын, оның қатынасушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық байланыстар түсіндіріледі. Бұл анықтама конституциялық-құқықтық қатынастарға да қолдануға келеді. Конституциялық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері мыналардан тұрады:
1) оларды
конституциялық құқық пәнін
2) айрықша
субъективті құрамының болуы,
конституциялық-құқықтық
3) құқықтық
қатынастардың айтарлықтай
Субъектілер, олардың өзара құқығы мен міндеттері дәл айқындалған нақты конституциялық құқықтық қатынастар – құқықтық қатынастардың классикалық түрі болып саналады: олар мінез-құлық норма-ережелерін жүзеге асыру негізінде туындайды.
Қатынас субъектілері нақты анықталмаған, нақты құқықтар мен міндеттер белгіленбеген құқықтық қатынастар – жалпы сипаттағы құқықтық қатынастар болып табылады. Мұндай қатынастар норма-қағидаларды, норма-мәлімдемелерді, норма-мақсаттарды жүзеге асыру негізінде туындайды. Құқықтық хал-ахуал – құқықтық қатынастардың айрықша түрі болып саналады. Олардың субъектілері дәл айқындалғанмен сол субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталмаған. Мұндай құқықтық қатынастарға азаматтықта тұру жағдайы жатқызылады.
Конституциялық-құқықтық қатынастардың жіктеуі (классификациясы).
1. Әрекет ету мерзімі бойынша тұрақты және уақытша қатынастарға ажыратылады.
2. Құқықтық
реттеу механизмі бойынша матер
3. Мақсаттық тағайындалуы бойынша құқық белгілеуші және құқық қорғаушы құқықтық қатынастарға ажыратылады.
Құқықтық қатынастардың туындауына, тоқтатылуына немесе өзгеруіне заң жүзінде болған іс – оқиғалар немесе іс-әрекеттер әсерін тигізеді. Оқиға субъектінің еркіне қатыссыз түрде болады, іс-әрекет – соңғының өз еркін білдіруімен байланысты болып табылады. Іс-әрекет заң актілеріне және заңдық іс-әрекеттерге жіктеледі.
Конституциялық-құқықтық
қатынастар субъектілері – бұл конституциялық-құқықтық
нормаларға сәйкес олардың қатысушылары
арасында туындайтын заңды құқықтары
мен міндеттері. Субъектілердің шеңбері
өте кең: аталмыш саланың құқықтық нормалары
кімге міндеттер жүктейді және құқық береді,
солардың бәрі оның субъектілері бола
алуы мүмкін. Субъектілер – мемлекет,
халық, депутаттар, мемлекеттік билік
органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар,
азаматтығы жоқ тұлғалар және т.б.
1.4.
Конституциялық құқық
көздері.
Құқық көзі түрінде құқық нормаларын білдіретін формалар түсіндіріледі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағында конституциялық құқық көздері тізіп көрсетілген. Бірақ бұл жерде мынаны ескеру қажет, конституцияда атап көрсетілген барлық нормативтік-құқықтық актілер оның көздері болып саналмайды. Бір нормативтік актілер тек конституциялық құқық нормаларынан ғана тұрады, ал келесі бірі - әртүрлі салалардың құқық нормалары және т.б. с.с.
Формаларына қатысты, конституциялық құқықтың барлық көздері мынадай түрлерге бөлінеді:
Информация о работе «Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері