«Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 21:51, реферат

Описание работы

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқығы.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы – конституциялық құқықтың негізгі көзі.

2. Конституциялық заңдар. Қабылдау мен олардың тізімі конституциямен (мысалы, конституцияның 92-бабы) қаралған. Қарапайым заңдар тәртібімен салыстырғанда неғұрлым күрделі, Конституцияда арнайы ескертілген, мемлекет үшін аса маңызды мәселелер бойынша қабылданады. Депутаттардың жалпы саның 2/3 дауысымен қабылданады.

3. Әдеттегі заңдарды, негізінен қарапайым көпшілік дауыспен (50%+1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қабылдайды.

Әдеттегіден өзгеше заңдар, Республика Парламентінің әрбір Палаталары депутаттарының басым көпшілік дауысымен Парламентте қабылданған өзгертулер мен толықтыруларды және референдумда қабылданған, өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға енгізеді.

4. ҚР Парламент Палаталарының  Қаулысы.

5. ҚР Президентінің  Жарлықтары, өз кезегінде:

а) Конституциялық заң күшіне ие жарлықтарға.

ә) Заң  күшіне ие жарлықтарға.

б) Заңға  бағынышты нормативтік жарлықтарға  бөлінеді.

Дегенмен, Президенттің барлық нормативтік жарлықтары конституциялық құқық көздері болып  саналмайды, тек конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын жарлықтар ғана конституциялық-құқық көздері болуы мүмкін.

6. Егемендік қағидаларын жариялаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 ж. және 1995 ж. Конституцияларда және өзге конституциялық актілерде бекітілген, 1991 жылдың 25 қазанындағы мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясы.

7. Нормативтік нұсқаулардан, құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың актілері.

8. Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесінің шешімі.

9. Конституциялық-құқықтық нормалардан (шешімдер, жарғылар, ережелер) тұратын жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері белгілі бір жердің аумағынан аспайды.

10. Мемлекетаралық деңгейде бекітілген халықаралық шарттар.

Мемлекетішілік  құқық нормалары мен халықаралық  құқық нормаларының коллизиясы (бағыттар қақтығысы) кезінде басымдық соңғыға беріледі.  

1.5. Конституциялық құқық  жүйесі, Қазақстан 

Республикасының құқықтық жүйесіндегі  оның орны.  

1.2. тақырыпшада конституциялық-құқықтық нормалар мен конституциялық құқық институтына анықтама берілген. Конституциялық-құқықтық институтты өзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттеуші конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, біз конституциялық құқық жүйесін анықтайтын қорытынды жасай аламыз.

Конституциялық  құқық жүйесі – оның ішкі құрылымын сипаттайтын және оны құқықтың басқа салаларынан өзгешелеп тұратын институттардың жиынтығы болып саналады.

Конституциялық  құқық институттарының жүйесі мынадай түрде беріледі:

      8.      конституциялық құрылыстың негіздері;

      9.      жеке адамның (тұлғаның) конституциялық мәртебесі;

      10.  әкімшілік-аумақтық құрылым;

      11.  мемлекеттік органдар жүйесі.  

Түйін.   

1. Қазақстан Республикасының  Конституциялық құқығы – Қазақстан Республикасы мен қоғамның басты негізгі бастауларын реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып саналады.

2. Конституциялық-құқықтық  норма – азаматтық қоғамды ұйымдастыру негіздерінен, мемлекет пен жеке тұлғалардың өзара байланысынан, мемлекеттің аумақтық құрылымдарынан, оның органдарының қызметі мен оны ұйымдастырудан туындайтын қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген тәртіптің жалпыға міндетті ережесі.

3. Осы нормалармен қаралған, өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілер арасындағы заңдық байланыстар конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұны болып саналады.

4. Конституциялық құқықтар  жүйесі -  конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы.

5. Конституциялық-құқықтық  институт - өзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.   

Білімін өз бетімен тексеру  үшін тестілік сұрақтар.  

1. Конституциялық құқық  пәні болып саналады

а) осы  сала үшін айқындалған заң ерекшеліктерінің жиынтығы;

ә) оның нормаларымен орталандырылатын қоғамдық қатынас-   

 тардың  жиынтығы;

б) конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы;

в) қоғамдық қатынастарға әсер ететін конституциялық құқық    

 нормалары  тәсілдерінің жиынтығы.

2. Құқық саласы ретінде  конституциялық құқық  әдісін    

  анықтау

а) тану (танымау);

ә) салыстырмалы құқықтану;

б) техникалық-заңдық;

в) талдау және синтез.

3. Қазақстан Республикасының  конституциялық құқық    

  салаларының негізгі  көздері

а) конституция;

ә) конституциялық заңдар;

б) Парламент  бекіткен халықаралық шарттар;

в) ҚР Парламенті палаталарының қаулылары.

4. Конституциялық құқық  жүйесі – бұл...

а) конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы;

ә) конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы;

б) өзара  құқықтар мен міндеттер формасындағы конституция-   

 лық құқық субъектілері арасындағы байланыс;

в) дұрыс  жауабы жоқ.

5. Конституциялық-құқықтық  қатынастардың субъектілері 

а) конституциялық-құқықтық нормаларға сәйкес араларында    

 заңдық  құқықтар мен міндеттер туындайтын  субъектілер;

ә) конституциялық-құқықтық нормалар кімге міндеттер мен    

 құқықтар жүктейді солардың бүкілі саналады.

б) бұл  – мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік  билік орган-   

 дары, сайлау комиссиялары, азаматтар.

в) барлық жауаптар дұрыс.    
 

2 Тақырып. Қазақстан  Республикасының Конституциясы және оның дамуы.  

Әдебиеттер: І–1, 2, 3, 4, 5; ІІ-1, 2, 3, 4; ІІІ–3, 7, 11, 12, 25, 29.                       

 

2.1. Конституция түсінігі, құрылымы және  ерекшеліктері.  

Конституция белгілі бір кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани және құқықтық дамуының нәтижесі ретінде демократияның даму деңгейін белгілейтін, аталмыш қоғамдағы жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын көрсететін, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі мемлекеттің рөлін айқындайтын, халықтың қоғамдық белсенділігі мен саяси жүйесін сипаттайтын құжат болып саналады. Басқаша айтқанда, Конституция мемлекет пен тұтастай қоғамның тек негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге жоғары заң күшіне ие және Қазақстан құқының бүкіл жүйесі үшін нормативтік база болып санала отырып, саяси-құқықтық құжат болып саналады, сондай-ақ қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет белгілері жүйесінде айрықша орын алады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.

Преамбула (кіріспе) Қазақстан халқын Конституция қабылдаған айрықша субъекті ретінде атап көрсетеді; Конституцияны қабылдау себептерін (мотивтерін) ашып көрсетеді.

1 бөлім. «Жалпы ережелер» мемлекет құрылысының негіздерін айқындаушы қағидаларға арналған.

1-бап.  Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. 

2-бап.  Қазақстан Республикасы – Президенттік  басқару нысанындағы біртұтас  мемлекет болып саналады.

3-бап.  Мемлекеттік биліктің бірден-бір  бастауы-халық; мемлекеттік биліктің заң щығарушы, атқарушы және сот үш билік тармағына бөліну қағидалары бекітілген.

4-бап.  Қазақстан Республикасындағы қолданылатын  құқықтарға анықтама беріледі және Конституция арқылы ең жоғары заң күші танылады.

5-бап.  Идеологиялық және саяси әралуандылық  қағидалары танылады, қоғамдық бірлестіктер қызметінің тәртібі реттеледі.

6-бап.  Мемлекеттік меншік пен жеке  меншік танылады және бірдей  қорғалады.

7-8-баптар. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі  және Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидалары негізінде басқа мемлекеттермен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас саясатын жүргізеді.

2 бөлім. «Адам және азамат» жеке адамның құқықтық мәртебе негіздеріне арналған, бұл бөлімде адам және азамат құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институты негіздерінің тәртібі белгіленеді.  

3 бөлім. «Президент»  бөлімінде президенттік басқару нысандары бекітіледі, бапқа сәйкес Президент биліктің бірде-бір тармағына жатпайды, мемлекеттің басшысы, халық бірлігінің, Конституцияның рәмізі әрі кепілі болып саналады және мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

4 бөлім. «Парламент» заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретінде Парламенттің құқықтық мәртебесін айқындайды, Парламент қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандарын және оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.

5 бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкімет пен Премьер-министрдің құзырын бекітеді.

6 бөлім. «Конституциялық Кеңес» негізгі қызметінің бірі Конституция нормаларына ресми түсініктер беру болып саналатын конституциялық Кеңестің құқықтық ереже негіздеріне арналған.

7 бөлім. «Соттар және сот төрелігі» сот жүйесіне арналған, соттардың нормативтік-құқықтық актілерді конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Конституция бұл бөлімде алдын-ала жүргізілетін әкімшілік тексерулер мен алдын ала тергеуді соттар мен прокуратуралардан бөледі.

8 бөлім. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқару органдарымен жүзеге асырылады. 89-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару танылады, оның міндеті-жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде халықтың дербестігін қамтамасыз ету.

9 бөлім. «Қорытынды және өтпелі ережелер» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық белгілеулерді жүзеге асыру процедураларын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының ерекшеліктері:

1) қабылдау  және өзгерту тәсілдері бойынша  қатаң болып    

 саналады;

2) заңдық  формасы бойынша – жазылған;

3) қолдану  уақыты бойынша – тұрақты.  

Информация о работе «Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері