Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:41, контрольная работа
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелдi болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Адамдар өз өмiрiнде және әрекет үстiнде үнемi әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласады. Мысалы: дүкеннен зат сатып алғанда сатушы мен сатып алушының арасында азаматтық-құқық қатынасы пайда болады.
Кiрiспе
Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.
Негiзгi бөлiм.
Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi.
Азаматтық құқық қатынасының ерекшелiгi.
Азаматтық құқық қатынасының құрамдас элементтерiн айқындау және заңды фактiлер түсiнiгi мен түрлерi.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Тауардың оның жарнамасында, каталогтардың да сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлiм адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларынд көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды. Осы жерде бiз Ресей мемлекетiнiң заңының және бiздiң заңымыздың арасындағы айырмашылықты көруiмiзге болады. Өйткенi Ресей заңы бойынша жарнама арқылы, каталогтар арқылы, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауарды сипаттау мағлұмат тарату офертаға жатқызылған. Ал бiздiң заңымыз сол товар сатылатын жерде мағлұмат тарату оферта болып танылған.
Ендi осы шарттың басты талаптарының бiрi ол – баға. Бұл шартта бағаны сатушы белгiлейдi. Егер сатып алушы сатушы белгiлеген бағамен келiспесе ол бағаны қабылдамауға еркiтi.
Осы бағаны 447-бабында баға шарттың елеулi талаптарының бiрi деп көрсетiлген, ал 453-бап былай дейдi: егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушы шарт жасасу кезiнде сатушы жариялаған баға бойынша тауарға ақы төлеуге мiндеттi.
Бөлшектеп сатып алу сату шарты жалпы сатып алу-сату шартынан өзгешелiгi бар. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауар бағасын және оған ақы төлеу мына жолдармен де жүзеге асырыла алады.
Тауарға алдын-ала ақы төлеу шартта сатушы тауарды бергенге дейiн бағасын толық немесе iшiнара төлеу жөнiнде сатып алушының мiндетi көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көрсетiлген мерзiмде, ал егер де шартта мерзiм көзделмесе, осы кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төлеуге тиiс.
Кредитке сатылған тауарға ақы төлеу бұнда шартта сатып алушыға тауар берiлген соң белгiлi бiр уақыттан кейiн оған ақы төлеу (тауарды кредитке сату) көзделген жағдайларда сатып алушы ақыны шартта көзделген мерзiмде, ал егер мерзiм көзделмесе, осы кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде төленуге тиiс. Тауарды кредитке сату туралы шартта төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу көзделуi мүмкiн. Егер бөлшектеп сатып алу-сату шартында басқа да елеулi талаптармен қатар баға төлемдердiң тәртiбi, мерзiмi мен мөлшерi көрсетiлмесе, төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу талабымен тауарды кредитке сату туралы шарт жасалған болып есептеледi.
Сатушының мiндеттерiнiң бiрi ол сатып алушыға тауар туралы ақпарат беру. Бұл осы кодекстiң 448-бабында баяндалған.
1. Сатушы сатуға үсынылатын
тауар туралы сатып алушыға
қажеттi және анық ақпарат беруге
мiндеттi. Бұл ақпарат заң актiлерiнде
белгiленген талаптарға және
2. Сатып алушы шарт
жасалғанға дейiн, егер бұған
тауардың сипатына байланысты
тыйым салынбаса және бөлшек
саудада қабылданған
3. Сатып алушыға тауар
туралы тиiстi ақпарат алуға мүмкiндiк
бермеген сатушы тауардың оны
сатып алушыға бергеннен кейiн
пайда болған, сатып алушы өзiнде
ақпараттың болжауына
Товардың сапасы мемлекеттiк
стандарттарда, стандарттау жөнiнде
өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес
болуы керек. Мына жағдайларда тауардың
сапасына сатушы жауап бередi. Бiрiншiден
егер сатып алушы тауардағы
Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар жөнiнде өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатушыны жауапкершiлiктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келiсiм жарамсыз болады. Егер тауардағы кемшiлiктердiң олар сатып алушыға берiлгеннен кейiн сатып алушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерiн бұзуы не үшiншi бiр тұлғалардың әрекеттерi немесе дүлей күштiң салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, сатушы сапа кепiлдiгiн берген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi үшiн жауап бередi.
Егер сатушы сатып алушыға сапасы мардымсыз товар берсе, товар кемшiлiктерi туралы айтпаған болса, тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:
Тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн. Тауар үш төленген ақша сомасын сатып алушыға қайтарған кезде сатушының одан тауардың толық немесе iшiнара пайдаланудан, оның тауар түрiн жоғалтудан және т.б. болған тауар құнының төмендеген сомасын ұстап қалуға құқығы жоқ.
Осы кодекстiң 454-бабы сапасы
лайықты тауарды алмастыру
Егер таур пайдаланылмай,
оның тұтыну қасиеттерi сақталмаса және
оның сол сатушыдан сатып
1. Сапасы лайықсыз
тауарды шартқа сәйкес сапасы
лайықты тауарға алмастыру кезi
2. Сапасы лайықсыз тауарды соған ұқсас, бiрақ көлемi, пiшiнi, сорты және т.б. жағынан өзгеше сапасы лайықты тауарға алмастырған кезде алмастырылатын тауардың айырбастаған кездегi бағасы мен сапасы лайықсыз тауардың орнына берiлетiн тауар бағасының арасындағы айырманың орны толтырылуға тиiс. Егер сатушы сатып алушының талабын қанағаттандыралмаса, бұл баға тауарды алмастыру туралы сот шешiм шығарған кезде белгiленедi.
3. Тауардың сатып алу
бағасын соған орай кемiту
4. Сапасы лайықсыз
тауарды сатушыға қайтарған
Осы кодекстiң 408-бапта сатушының тауар беру жөнiндегi мiндеттерi, яғни сатып алушы өзiне қажеттi тауарды таңдап алып оның бағасымен келiскен жағдайда.
1. Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi.
2. Егер шартта өзгеше
көзделмесе, сатушы тауарды берумен
бiрге сатып алушыға оның керек
1. Сатушының сатып
алушыға тауарды беру мiндетiн
орындау мерзiмi шартта
2. Егер мерзiм бұзылған
кезде сатып алушының шартты
орындауда мүдделiгi
Сатушының тауар беру мiндетiн орындау кезiне тоқталайық.
Егер сатып алу-сату шартта өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi:
- егер шартта тауарды
жеткiзiп беру бойынша
- егер тауар сол
тауар орналасқан жерде сатып
алушыға немесе ол атаған
Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде бөлшектеп сатып алу-сату шартына сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға тауар беру жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып-алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi. Келесi кезек сатып алушының тауарды қалай қабылдауына тоқталайық. Бұнда тауарды асуыстырып беру талап пен шартты орындаудан бас тартуға өзi құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алушы өзiне сатушы берген тауарды қабылдауға мiндеттi. Осыған қоса егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы әдетте қойылатын талаптарға сәйкес, тиiстi тауар берудi және алуды қамтамасыз ету үшiн өз тарапынан қажеттi iс қимылдар жасауға мiндеттi.
Содан кейiн сатып алушы егер заң актiлерiнде не шартта көрсетiлген талаптарды бұза отырып, тауарды қабылдамаған не қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, сатушы сатып алушыдан тауарды қабылдауды талап етуге немесе шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Осы кодекстiң 45-7 бабы сатушының жауапкершiлiгi мен мiндеттемесiн заттай орындауында қамтыған. Бұнда – сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемесiн орындамаған жағдайда залалдарды өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеу сатушының мiндеттемесiн заттай орындаудан босатпайды. Бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасасудың мынадай түрлерi бар. Ол осы кодекстiң 449-бабында көзделген – сатып алушының тауарды белгiлi бiр мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт. Бұл шартта тараптар сатып алушының тауарды шартты белгiленген мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт жасасуы мүмкiн, осы мерзiм iшiнде тауарды басқа сатып алушыға сатуға болмайды.
Егер шартта өзгеше көзделмесе сатып алушының келмей қалуын немесе шартта белгiленген мерзiмде тауарды қабылдап алу үшiн өзге де қажеттi әрекеттер жасалмауын сатушы сатып алушының шартты орындаудан бас тартуы ретiнде қарастыруы мүмкiн. Шартта белгiленген мерзiмде сатып алушыға тауар берудi қамтамасыз ету жөнiндегi сатушының қосымша шығындары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауардың бағасына еңгiзiледi. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының келесi бiр түрi ол – тауарларды үлгiлерi бойынша сату. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатып алушының сатушы ұсынған тауар үлгiсiмен (оның сипаттамасымен, тауарлар каталогымен және т.б.) танысуы негiзiнде жасалуы мүмкiн. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шартта көрсетiлген жерге тауар жеткiзiлген кезден бастап, ал егер шартта тауар беретiн орын белгiленбесе, азаматтың тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғалардың орналасқан жерi бойынша сатып алушыға тауар жеткiзiлген болып есептеледi. Сатушы шартты орындау жөнiнде әрекет жасалуына байланысты қисынды шығындарды өтеген жағдайда сатып алушы тауар берiлгенге дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Келесi түрi ол автоматтарды пайдалана отырып тауар сату, бұл жағдайда автомат иесi сатып алушыларға тауар туралы (атау, саны, т.б.) автоматқа орналастыру арқылы тауардың сатушы туралы ақпарат жеткiзуге немесе сатып алушыларға сатушының атауы (фирмалық атауы) оның орналасқан жерi, жұмыс режимi, сондай-ақ сатып алушының тауар алу алу үшiн жасайтын қажеттi әрекеттерi туралы өзге де әдiстермен мәлiметтер беруге мiндеттi. Бұл шарт бойынша сатып алушы тауар алуға қажеттi әрекеттер жасаған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.
Егер сатып алушыға
ақысы төленген тауар берiлмесе,
сатушы тауардың сатып алушыға дереу
беруiн немесе оның сатып алушының
сол тауар үшiн төлеген ақша
сомасының қайтарылуын
Кедйе сатып алушыға тауар жеткiзiп беру туралы талап қойылатын шарт жасалынуы мүмкiн. Бұндай шарт жасалған жағдайда сатушы тауарды сатып алушы көрсеткен жерге шартта белгiленген мерзiмде жеткiзiп беруге мiндеттi. Егер заң актiлерiнде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушыға, ал ол болмаған кезде шарттың жасалғандығын немесе тауарды жеткiзiп берудiң рәсiмделуiн куәландыратын түбiртектi немесе өзге де құжат көрсеткен кез келген адамға тауар табыс етiлген кезден бастап сатушы шартты орындады деп есептедi.
Қорытынды.
Тауар сату жөнiндегi кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп
сатып алу-сату шарты бойынша
сатып алушыға кәсiпкерлiк
Информация о работе Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi