Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:41, контрольная работа

Описание работы

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелдi болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Адамдар өз өмiрiнде және әрекет үстiнде үнемi әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласады. Мысалы: дүкеннен зат сатып алғанда сатушы мен сатып алушының арасында азаматтық-құқық қатынасы пайда болады.

Содержание

Кiрiспе
Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.
Негiзгi бөлiм.

Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi.
Азаматтық құқық қатынасының ерекшелiгi.
Азаматтық құқық қатынасының құрамдас элементтерiн айқындау және заңды фактiлер түсiнiгi мен түрлерi.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

Қосалқы зат және басты  зат.

Дербес пайдалануға  келмейтiн, тек басқа затпен ғана бiрге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады. Жалпы  ережеге сәйкес қосалқы зат басты  заттың заңдық тағдырына әсер етедi. Ендi басты зат пен қосалқы затқа мысалдар келтiрейiк: құлп пен кiлт, есiк пен құлып, үй мен есiк. Егер сiз үйдi сату-сатып алу жөнiнде шарт жасассаңыз, онда оған үйдi есiгiмен, құлпымен, сондай-ақ кiлтiмен сатылады деп жатудың қажетi жоқ, өйткенi ол басты зат пен қосалқы зат ережелерiне бағынады. Сатушы есiктiң құлпын алып қойса, онда сатып алушы оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келiсiм шарт бойынша қосалқы затты басты заттан бөлуге мәмiлеге келе алады.

Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық құқық объектiлерiнiң  тiзiмiне жануарларды да қосады. Затқа  ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгiлермен анықталған зат  болып табылады. Тек оның көрiнiске қойылғаны есепке алынбайды.

Валюта құндылығына  қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар, шетелдiк валюта, шетелдiк  банктiк кiрiстер, акциялар, шетелдiк  облигациялар жатады. Олармен келiсiм  жасау 1996 жылы 24-желтоқсанда қабылданған  Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңымен жүзеге асады.

Құнды қағаздар да зат  делiнедi. Құнды қағаз дегенiмiз  белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, қайсiбiр мүлiктiк құқықты  орнататын, оны куәландыратын, өзiн  көрсеткенде ғана құқықты iске асыратын құжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен жасалған мүлiктiк құқық та қоса жойылады. Құнды қағаз осы ерекшелiктермен қарыз алғанда берiлетiн қолхат есебiнде әрекетке түседi. Оның соңғысы мүлiктiк талапты куәландыруға қызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға тартуға кедергi жасамайды. Құнды қағаз өзiнде көрсетiлгенiндей, мүлiктiк құқықты айғақтайтын бiрден бiр құжат болып есептеледi.

Ол белгiленген және мiндеттi өлшемдердi сақтай отырып жасалады. Мәселен, жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болу үшiн оның белгiленген өлшемi болуы шарт. Онда коносаменттiң атауы, белгiлi бiр саланы төлеуге деген ұсыныс, оны кiмнiң төлейтiндiгi, атауы, төлемдi төлеу мерзiмi мен орны, кiмге немесе тапсырыс бойынша кiмнiң төлем жасайтындығы, коносаменттiң жасалған уақыты мен орнын көрсету, коносаменттi берушiнiң қолы тәрiздi талаптар қамтылады.

Құнды қағаздарды бiр  тұлғадан екiншiсiне беруге болады. Қазiргi кезде құнды қағаздардың түрлерi көп. олар, акциялар, облигациялар, жинақ және депозитивтi сертификаттарды айтамыз.

Заңдылық фактiсiнiң  түсiнiгi Азаматтық құқық нормалары  өздiгiнен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды.

Қандай да болсын нақтылы  азаматтық құқық қатынастары  белгiлi бiр жағдай болғанда ғана пайда  болады.

Мұның мазмұнының өзгеруi немесе оның қысқартылуы да белгiлi бiр жағдайға байланысты. Осындай  құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруiне немесе оның қысқартылуына  себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактiлер деп атайды. Мысалы, баланың  тууы, мәмiленiң бiлiнуi, заңдылық фактiлер болып табылады.

Азаматтық кодексте сату-сатып  алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын  тағыларды кезiнде пайда болатын  құқық қатынастарын тәртiптейтiн  баптардың болуы сол жеке тұлғалардың  арасында нақтылы құқық қатынастарын өздiгiнен тудыра алмайды. Белгiлi бiр азамат пен дүкенге барып бiр нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату-сатып алу мәмiлесiне кiрiсуi керек.

Заңдылық оқиғалар. Кейбiр  заңдылық фактiлер осы фактiлер  нәтижесiнде туатын құқық қатынастарына  қатысушы тұлғалардың өздерiнiң қалауы және ниетiнен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактiлердi оқиға деп атайды. Адамның өлуi, белгiлi бiр мерзiмнiң өтiп кетуi фактiлерi – оқиғалардың қатарына жатады.

Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар яғни белгiлi бiр құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттерi де заңдылық фактi болып табылады. Мысалы, мәмiле жасау, ерлi-зайыптылардың айырылысу заң әрекеттерi болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қоғамда азаматтар мен  заңды тұлғалар өз мүдделерiн қанағаттандыру мақсатында әр түрлi қоғамдық қатынастарға түседi. Оның өзiнше азаматтық құқық қатынастар көптеп кездеседi. Айталық, қайсiбiр затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында сату-сатып алу қатынасы туындайды. Жалпы Азаматтық құқық қатынас дегенiмiз – азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар болып табылады.

Азаматтық құқық қатынасының  өзiне тән ерекшелiктерi бар. Азаматтық  құқық қатынасына түсушi жақтарға белгiлi қойылатын талаптар бар олар құқық  қабiлеттiлiгi және әрекет қабiлеттiлiгi болуы керек. Азаматтық құқық қатынасына түсушi жақтар жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер, сондай-ақ мемлекет (болып) түседi. Бұл қатысушыларды азаматтық құқық субъектiлерi деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар.

    1. Кiрiспе

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсiнiгi

II. Негiзгi бөлiм.

  1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны және түрлерi.
  2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi.
  3. Бөлшектеп сатып алу сату шарты бойынша тараптардың жауапкершiлiгi.

 

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе.

 

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты  Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексiнiң Ерекше бөлiмiнiң 25-тарауында  орын алған. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының өзi және олардың түрлерi кең  тараған.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты  бойынша КОнституциялық құқығымыз яғни өзiмiздiң мұң-мұқтажымызды қажеттiлiгiмiздi қанағаттандырамыз. Өйткенi сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасына, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.

Басты тақырыбымызды ашпастан бұрын шарт дегенiмiзне, сатып алу-сату дегенiмiз не соған қысқаша тоқталайық.

Шарт дегенiмiз: екi немесе одан да көп адамдар арасында азаматтық  құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуi өзгертуi немесе тоқтатуы туралы келiсiмi. Ал сатып  алу-сату дегенге келетiн болсақ, ол бiр тарап мүлiктi екiншi тарапқа меншiгiне, шаруашылық жүргiзуге және жекелiк басқару құқығына бередi ал сатып алушы бұл мүлiктi қабылдап ол үшiн белгiлi бiр ақша соммасын төлейдi. Осы арада екi тарап арасында шарт жасалады, ол шарт сатып алу-сату шарты деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты – осы сатып алу-сату шартының бiр түрi.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты дегенiмiз – тауар сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып  алу-сату шарты бойынша сатып  алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес жеке өзiне отбасында үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. Осы жердегi кәсiпкерлiк деген ұғымға тоқталайық.

Кәсiпкерлiк – меншiк  түрлерiне қарамастан, азаматтар мен  заңды тұлғалардың тауарларға сұранымды  қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекелiмен және мүлiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.

Осы шарт бойынша бiрден-бiр  елеулi қатысушы тұлғалардың орнын  алушы осы кәсiпкер. Екiншi тұлға  бұл сатып алушы яғни тұтынушы. Осы товарды қажет ететiн адам. Осы жерде жалпы сатушы (кәсiпкер) сатып алушы (тұтынушы) құқықтарына тоқтала кетейiк.

Кәсiпкердiң құқықтары: 1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiмен  басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң  болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру  мүмкiндiгi арқылы.

2) Экономикалық барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртiбiмен.

3) Жеке кәсiпкерлiк  үшiн тыйым салынған импорт, экспортқа  шек қойылған жұмыс, тауарлардың  түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң  құжаттарында белгiлеу арқылы.

4)  Мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ  өзге де жақтар мен ұйымдарды  кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз  кедергi жасағаны үшiн олардың  алдындағы заңдарда белгiленген  мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту  арқылы.

Ал тұтынушының құқықтарын атап айтсақ.

      1. тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға;
      2. тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына;
      3. тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;
      4. тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар.

Осы жерден көретiнiмiз  – екi жақта шарт жасасуға құқылы. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты  әр түрлi нысанда жасалуы мүмкiн. Бiрақ көбiнше бұл шарт ауызша нысанда жасалады. Осы шарт нысаны Азаматтық кодекстiң 446-бабында былай делiнген – егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы кодекстiң 389-бабында.) формулярдың немесе өзге де стандарттың нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар шегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды. Яғни ең қарапайым мысал: Сатып алушы алған товарды қайтару мақсатында оның сатып алынған кездегi құжаттары табылмаған жағдайда басқа куәлiк айғақтары болса оны қолдануға толық құқылы. Тұтынушының екiншi құқығынан көретiнiмiз – сатушы товардың сапасы мен қауiпсiздiгiне толық жауап бередi.

Ендi бөлшектеп сатып  алу-сату шартының басқа шарттардан айырмашылығын айта кетейiк.

Күнделiктi өмiрде бөлшектеп  сатып алу-сату кең тарағандықтан  оның басқа шарттардан өзгешiлiгi бар. Олар:

  1. Сатушы-кәспкерлiк пен айналысатын заңды немесе жеке тұлға.

Заңды тұлға бұл  – меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау  мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын сотта талапкер не жауапкер бола алатын ұйымды айтамыз.  

Екiншi ерекшелiгi сатып  алушы көбiнесе – жеке тұлға (тұтынушы). Жеке тұлғалар болып Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар танылады.

Келесi ерекшелiгi сатылатын  тауар сатып алушының жеке өзiне отбасына, үйiне қолдануға немесе өзге де пайдалануға арналған қажеттi тауарлар. Келесi ерекшелiгi тұтынушыға берiлетiн тауар санаулы көлемде жекедей, бөлшектi түрде берiледi. Келесi ерекшелiгi – бөлшектеп сатып алу-сату шарты әрқашанда жария шарт.

Жария шарт дегенiмiз –  коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркелкi қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт танылады(бөлшектеп сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина және т.б.).

Жария шарт бойынша тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк  беру заңдарменжол берiлетiн жағдайларды  қоспағанда, тауарлардың жұмыс пен  қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария  шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей қолданылады. Тағы бiр айта кете тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарттан бас тартуына жол берiлмейдi.

Бқлшектеп сатып алу  сату шартының заңи мiнездемесi.

Бiрiншiден бұл шарт – Консенсуалды. Екiншiден – екi жақты мiндеттемелi. Үшiншiден – ақылы шарт болып табылады. Ақылы шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.

Консесуалды шарт дегенiмiз: тараптардың құқықтары мен мiндеттерi олардың шарт бойынша келiсiмге келген кезден бастап пайда болады.

Ал екi жақты мiндеттемелi шарт дегенiмiз сатушының да сатып  алушының да құқықтары мен мiндеттерi бар шартты айтамыз. Бөлшектеп сатып  алу-сату шартының мәндiлiгi.

  1. Сатылатын тауардың өзi.
  2. сатылатын тауар саны.
  3. қойылатын талаптар болып табылады.

Тауардың көпшiлiгiне арналған офертасы. Жоғарыда айтақынмыз шарттың жариялығын осы офертадан көруге болады. Оферта осы кодекстiң 447-бабында былай деп түсiндiрiлген – тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулi талаптарының көрсеткенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып табылады. Бұл жердегi сатылуға арналмаған дегендi – осы жердегi көркемдiк безендiрулер, витриналар, сауда қойғыштары.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi