Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:41, контрольная работа

Описание работы

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелдi болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Адамдар өз өмiрiнде және әрекет үстiнде үнемi әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласады. Мысалы: дүкеннен зат сатып алғанда сатушы мен сатып алушының арасында азаматтық-құқық қатынасы пайда болады.

Содержание

Кiрiспе
Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.
Негiзгi бөлiм.

Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi.
Азаматтық құқық қатынасының ерекшелiгi.
Азаматтық құқық қатынасының құрамдас элементтерiн айқындау және заңды фактiлер түсiнiгi мен түрлерi.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кiрiспе

    1. Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi.
    2. Негiзгi бөлiм.

 

  1. Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi.
  2. Азаматтық құқық қатынасының ерекшелiгi.
  3. Азаматтық құқық қатынасының құрамдас элементтерiн айқындау және заңды фактiлер түсiнiгi мен түрлерi.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Кiрiспе

 

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелдi болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық  қатынастары деп аталады. Адамдар  өз өмiрiнде және әрекет үстiнде үнемi әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласады. Мысалы: дүкеннен зат сатып алғанда сатушы мен сатып алушының арасында азаматтық-құқық қатынасы пайда болады. Бұлмәмле бойынша сатып алушы белгiлi бiр соммада ақша төлеуге мiндеттi, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншiгiне беруге, немесе затында сапасы жағынан бiр кемшiлiгi немесе сан жағынан кемiстiгi болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге мiндеттi. Заңды тұлғалардың барлық iстерi нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретiмен жүзеге асады.

Азаматтар мен заңды  тұлғалар өзiнiң қажеттiлiгiмен мүдделерiн  қанағаттандыру мақсатында әр түрлi қатынастарға түседi.

Адамдар арасындағы пайда  болатын қатынастар әр жақты және де моральдық, этикалық нормалармен реттеледi.

Көптеген қатынастар – құқық нормалармен реттелiп  отырады. Жалпы құқықтық қатынас  – қоғамдық қатынастардың бiр  түрi болып табылады. Ал азаматтық  құқық қатынастары бұл құқық  қатынастарының бiр түрi болып табылады.

Қоғамдық қатынастар - әр түрлi құқық салаларының нормаларымен реттеледi. Азаматтық құқық товар-ақша айналымыдағы мүлiктiк қатынатар мен қатар мүлiктiк емес қатынастарды реттейдi. Құқықтық қатынастарға қатысушылар өз еркiмен түседi. Кейбiр жағдайларда азаматтардың еркiн құқық қатынасының барлық стадияларынан көруiмiзге болады.

Мысалы: сатып алу-сату шартында айқын байқалады. Ал кейбiр  жағдайда азаматтардың еркiн олардың  белгiлi бiр құқықтары мен мiндеттерi туындаған жағдайда көруiмiзге болады. Мысалы: зиян келтiру нәтижесiнде туындайтын қатынасты алайық. Бұл қатынасты зиян келтiрушi және зиян келтiрiп отырған адам да қаламайды, бiрақ белгiлi бiр осындай жағдайдың пайда болуына байланысты пайда болады. Азаматтық құқық қатынастары барлық құқық қатынастары сияқты заң негiзiнде, әр түрлi құқықтық актiлер негiзiнде және де азаматтар мен заңды тұлғалардың iс-әрекетi негiзiнде пайда болады.

Азаматтық құқық қатынастарының субъектiлерi өз ара тең болады. Бұл  жерде әкiмшiлiк құқ қатынасынан  азаматтық құқық қатынасының  айырмашылығын көруiмiзге болады.

Екiншi ерекшелiгi ол, субъектiлердiң  көптiгi. Азаматтық құқық қатынастарына  жеке және заңды тұлғаларда қатыса алады.

Келесi ерекшелiгi: Объектiлерiнiң (ерекшелiгi) көптiгi тзаттар, қызмет көрсету, мәлiмет тарату, интелектуалдық қызмет нәтижелерi, материалдық емес игiлiктер.

Келесi ерекшелiгi: бұнда  қатысушылардың келiсiмiмен азаматтық  құқық қатынастарының пайда болуы.

Бесiншi ерекшелiгi: Азаматтық  құқық қатынастарына түсушi жақтардың  құқықтары бұзылған жағдайда олар сотқа  шағымдануға толық құқығы бар.

Алтыншы ерекшелiгi: Азаматтық  құқық қатынасына түсушi жақтардың  бiреуiне зиян келтiрiлген жағдайда ол зиянның  орнының толтырылу мiндеттiлiгi.

Осыны қортындылай келе азаматтық құқық қатынасына анықтама берсек. Азаматтық құқық қатынасы дегенiмiз азаматтық құқық нормаларымен реттелетiн мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар болып табылады. Азаматтық құқық қатынастардың мазмұнына келетiн болсақ, ол азаматтардың яғни т   тұлғалардың субъективтiк құқықтары мен субъективтi мiндеттерiнен тұрады.

Субъективтi құқықтары дегенiмiз: заң тарапынан қатысушылардың тәртiптерiн қамтамасыз ету, яғни қатысушы тұлға өзiнiң iс-әрекетiн өзi белгiлейдi. Субъективтi мiндеттерi дегенiмiз: заң тарапынан мiндеттi тұлғаның тиiстi тәртiбiн қамтамасыз ету. Субъективтi деп бұл жерде айтылу себебi өйткенi бұл белгiлi бiр тұлғаға тиiстi болып отыр. Сатып алушы өзi сатып алған затына субъективтiк құқыққа ие болу үшiн сатушы өзiнiң субъективтiк мiндеттемесiн орындауы тиiс яғни  сатып алушыға жаңағы затты табыс етуi керек. Субъективтiк құқықтар мен субъективтi мiндеттемелер бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Бұлар бiр уақытта туындайды, бiрақ келесi кездерi азаматтық құқық қатынасының мазмұны өзгеруi мүмкiн яғни қатысушыларда жағадан құқықтар мен мiндеттемелер туындауы мүмкiн.

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда бiз алдымен құрамдас элементтерiн айқындап алуымыз қажет. Әрбiр құқық қатынастарында қатынастың субъектiлерi деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектiлерi жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарына  қатысушылардың арасында белгiлi бiр  байланыс орнайды, сол себептi бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгiлi бiр құқықтар мен мiндеттер  пайда болады. Азаматтық кодекстiң 12 бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазасқтан Республикасының азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттiң құқық субъектiсi болады. Құқықтар мен мiндеттердiң иесi бола бiлу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектiсi ретiнде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодексте оған мынадай анықтама берген: «Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер не жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Бұлар азаматтық құқық қатынасының басты екi субъектiсi болып табылады. Бұл субъектiлерге заң тарапынан қойылатын талаптары да бар, олар субъектiнiң құқық қабiлеттiлiгi болуы керек және әрекет қабiлетi болуы керек. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң түсiнiгi Азаматтық кодекстiң 13-бабында былай деп көрсетiлген. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.

Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден бастаып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Ал азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi дегенiмiз азаматтың  өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi кәмелетке толғанда, яғни он сешiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемде пайда болады.

Осымен азаматтық құқық  қатынастарының бiрiншi элементi азаматтық  құқық субъектiлерiнiң болуы. Келесi элементi бұл азаматтық құқық қатынастарында белгiлi бiр объектiлердiң болуы.

Қатынаста құқықтар мен  мiндеттер не нәрсеге мүлiктiк  және жеке мүлiктiк емес игiлiктерге бағытталған болса, сол нәрсеге  оның объектiсi деп аталады.

Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бiр мәселесiне тоқтала кеткен жөн. Әдетте «құқық» сөзi бiр-бiрiмен тығыз байланысты, юiрақ шын мәнiнде мүлдем бөлек екi мағына бiлдiретiндiгiн айтпасқа болмайды. Оның бiрiншiсiн «Азаматтық құқық» құқық нормалары дегенге қолданамыз. Бұл сөз тiркесiндегi «құқық» дегенiмiз мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсiмдер жүйесi, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекет күшiне сүйенедi. Осы мағынасында қолданылатын «құқықтың объективтi құқықә деп немесе «объективтi құқық деп атаймыз. Бұл күнделiктi өмiрде «Менiң меншiк құқығым бар», «Сiз бұлай iстеуге құқығыңыз жоқ», «Оның зейнетақы алуға құқығы бар» тәрiздi сөдердi жиi айтамыз, ад бұл орайда кездесетiн «құқық сөзi заң дегендi емес, тұлғаның, нақты адамның белгiлi бiр мүддесiн ғана бiлдiредi. Бұл жағдайларда «құқық» туралы субъективтiк мағынасында немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкiндiктер болып есептеледi. Құқық қатынастарының элементi ретiнде айтқанымызда, бiз субъективтiк құқық туралы да айтамыз. Бұл «құқық» деген сөзге беретiн екiншi мағына. Әрбiр құқық қатынасында қатысушының бiрiнiң субъективтi құқығына екiншiсiнiң заңдық мiндеттiлiгi сәйкестендiрiледi, яғни бiреуiнiң екiншiсi алдындағы мiндеттiлiк аясы айқындалады.

Мысалы, үйдi сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып  алушы арасында екi бiрдей құқық қатынасы пайда болады. Оның бiрiншiсiнде сатып  алушы үдi алуға құқылы да, сатушы оны бiреуге мiндеттi.

Азаматтық құқық объектiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде 115-бабында тiкелей көрсетiлген.

Мүлiктiк және мүлiктiк  емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық  құқық объектiлерi бола алады.

Мүлiктiк игiлiктер мен  құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

Мүлiктiк құқықтар белгiлi бiр мүлiкке билiк ету. Мүлiктiң  өзi жылжымайтын және жылжитын болып бөлiнедi.

Жылжымайтын дүние, жылжымайтын  зат, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер мен жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан  олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк  жатады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi.

Заң құжаттары бойынша  қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады. Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға мирасқорлық тәртiбiн не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады.

Заттар – азаматтық құқық қатынатарының объектiлерi. Азаматтық құқық қатынастарының объектiлерi деп заттарды, жұмыс пен қызметтi, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтiн игiлiктер мен интелектуалды меншiктi, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектiлерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделерi тоғысады және де бұл объектiлердiң құқық қатынастарындағы тағдыры шешiледi.

Әдетте, азаматтық құқық  объектiлерiнiң шеңберi айнымалы келедi. Мысалы, күнi кешеге дейiн ақпарат  оның аясына кiрмейдi. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарының объектiлерiнiң негiзгi бөлiгiн заттар құрайды. Зат деп материалдың әлемнiң кез келген объектiсiн айтамыз. Заттардың заңдық тағдырында оның сапасы мен құқылық мәртебесi елеулi орын алады. Сондықтан да азаматтық құқық та заттарды саралаудың алуан түрi кездеседi. Заттар азаматтың айналымдағы қатынасына орай шектеулi айналым қабiлеттiлiгiне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған деп бөлiнедi. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелерi өзгеге еркiн түрде бере алады, сөйтiп, ол ешқандай шектеусiз қолдан қолға өте бередi. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емiн-еркiн қатысады. Айналым қабiлеттiлiгi шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардың белгiлi бiр бөлiгiне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртiппен жүзеге асады. Осы объектiлердiң шеңберi заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрi, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткiштер, тағы басқалар жатады.

Сонымен, азаматтық заң  кейбiр заттарды айналымнан шығарып тастайды. Өйткенi, оның өзi мемлекеттiң немесе басқа тұлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара меншiгi болып табылады. Қазiргi кезде оған мысал ретiнде, орман, су және басқа бiрқатар объектiлердi жатқызуға болады.

Заттарды бөлiнетiн  және бөлiнбейтiн деп жiктейдi. Бөлiнетiн заттар бөлiнген күннiң өзiнде тұтынушылық қасиетiнен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бiр бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден бөлсеңiз де нан күйiнде қалады емес пе. Ал бөлiнбейтiн заттарды бөлсеңiз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екiге жарып кесiп тастасаңызшы, онда ол тұтыну қасиетiнен айырылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттың мәнi мүлiктi бөлу кезiнде айқын көрiнедi.

Заттар құқық қатынастарында жекеше белгiленген және тектес қасиеттерiне қарай белгiленетiн заттар деп бөлiнедi. Заттар жеке белгiлерiне қарап, немесе бүтiн бiр тобына, басқаларына тектесуiне қарап бөлiнедi. Бiрiншi жағдайда жекеше белгiленген заттар деп, екiншi жағдай да тектес қасиеттерiне қарай белгiленген заттар деп атайды. Жекеше белгiленгенi тек басқасына емес, тек сол заттың өзiне тән. Мысалы, оған суретшiнiң суреттегi қолтаңбасы немесе көйлектiң өзiндiк үлгiсi жатады. Зат сол жекеше күйiнде ғана бiр құқық қатынасында тектес қасиеттерiмен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие.

Айталық, тiгiн фабрикасы  дүкенге 48-пiшiндi, 3 тұрқылы 100 көйлек әкелiп, сатуға шарт жасасты делiк. Бұл құжат  бойынша аталған тауар тектес белгiлерiмен анықталады. Ал сатып  алушы әлгi жүз көйлектiң тек  бiреуiн ғана алды. Демек ол қолына түскеннен емес, өзiне ұнағанын алады. Яғни дене бiтiмiне шақ келетiн әрi жарасымдысын көйлектiң жекеше сапасы бойынша таңдайды. Осы құқық қатынасында сатып алушының алған көйлегi жекеше белгiлерге ие, сондықтан да сатушы оған жүз көйлектiң өзгесiн бере алмайды.

Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлiнедi. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар учаскелерi, учаске қойнауы, көпжылдық өсiмдiктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулi залал келтiрмей бөлiне алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе, теңiз, темiр жол объектiлерi де жатады. Себебi олар халықаралық дәстүр мен халықаралық төрелiк жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын объектiлердi пайдалану белгiлi бiр мемлекет құзырынан шығыпта кетедi. Әрине, мұндай объектiлердiң қозғалмайтын мүлiк жөнiндегi жалпы ережемен сыйыспайтындығын да мойындауға тура келедi.

Қозғалмайтын мүлiкке  берiлетiн құқық мемлекеттiк тiркеуден  мiндеттi түрде өтуi тиiс. Дәл сол  сияқты мемлекеттiк тiркеуге қозғалмайтын мүлiкке жасалған келiсiм де жатады. Алайда бiз бұл арада ереже талаптарынан шығып кететiн жәйттердi де кездестiремiз. Мәселен, автокәсiпорын қозғалатын мүлiк болып есептелген мен тiркеуге жатқызылады.

Кәсiпкерлiкке пайдаланылатын кәсiпорын мүлiктiк кешен ретiнде мүлiктiң ерекше түрi болып саналады. Ал кәсiпорын негiзiнен алғанда қозғалмайтын мүлiкке жатады. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынға оның қызметiне керектi мүлiктiң барлық түрi енедi. Ол тек қажеттi объектiлердi ғана қамтып қоймай, жер учаскесi, ғимарат, құрылыстар тәрiздi қозғалмайтын болып көрiнетiндердi өзiне қаратып алады, тiптi жеке-дара күйiнде қозғалмалы мүлiк болып табылатын керек жарақ, құрал жабдық, шикiзат, өнiм, тiптi талап ету құқы да, қарыз, атауы, тауарлы және фирмалық белгiлер, бәрi-бәрi одан үлгiсiн аулақ сала алмайды. Демек, егер кәсiпорын сатылатын болса, онда оның иесi сатып алушыға өзiнiң қарамағындағы барлық мүлiктi беруге тиiс. Тек сатып сатып алушымен келiсiм арқылы мүлiктiң бiр бөлiгiн (мысалы, шикiзат немесе кейбiр құрал жабдықтар) жекелей түрде сатуына болады.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынасының түсiнiгi және ерекшелiгi