Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.doc

— 290.00 Кб (Скачать)

        Егер  оқиға   субьективті алдын-ала  алмаушылық  тән  болса,  бой  бермейтін   күшке  обьективтік   алдын   алмаушылық  тән.  Оны  көріп   білу  ғана  емес,  сонымен   бірге  оның  алдын  алуға  мүмкіндік  болса,  да  оған  тараптың іс-әрекеті  жеткліксіз.  Мысалы,  кеме жүк  таымалдау  міндеттемесіне сәйкес  жүк  иесі тиісті  күнде  жеткізе  алатындығы  білсе  де,  сол  күні  теңізде  дауыл  болуына байланысты  жеткізе  алмауы. 

                                                                                                                                                                 Бой  бермейтін  күші  ретінде  табиғат  құьылыстарын  жатқызамыз ( жер сілкінісі  су тасқыны, дауыл т.б ) сонымен қатар қоғамдық  құбылыста  (әскери  әрекет,  көтеріліс, міндеттемеде көзделген  іс-әрекетке  тиым  салушы құзіретті  билік  органдарының  бұйрығы  және  т.б)  Алайда міндеттемені орындауда  бой  бермейтін күш  ретінде  саналмайды.  Жыл  мезгілдерінің ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншелік белгісі жоқ әдеттегі  құбылыс.  Сондықтан берілген  берілген жағдай  бой  бермейтін  күшінде  саналмайды.  Бой  бермейтін  күш  ретінде кісі  өлімін қарастыруға  болмайды,  өйткені оның төтенше  қасиеті жоқ.

         Бой бермейтін  күшке  берілген мысалдағыдай төтеншелік  және  жоя  алмаушылық  қасиеті  тән.  Ал  басқа жағдайларда  міндеттемені  орындау  кезінде  тарапқа  бой  бермейтін күш әсер етуі мүмкін ,  ал кейбірінде  міндеттемені  орындауға  кедергі   болатын  әдеттегі  құбылыс   ретінде  қарастырылады.  Дауыл  туралы  хабарлаған  кезде  кеме теңізге  шығып кеткен  болса және жақын  жердегі  портқа  келе  алмаса,  онда  дауыл  бой бермейтін күш ретінде қарастырмайды.

        Ғылыми  техникалық  прогрестің  дамуымен  байланысты  бой  бермейтін  күш түсінігі  пікірлер  көбеюде.  Бұрынғы  бой  бермейтін  күш  ғылым  және  техника  жетістіктеріне   байланысты  төтеншелік  белгісі  болып  немесе  жоя  алмаушылық  белгісінің  бірі  ретінде  саналып,  бой бермеітін  күш маңызын  жоғалтып  отыр.  Қазір  техника  жетістіктеріне   байланысты  азаматтық  қатынасқа  қатысушылар  оны  бой  бермейтін  күшке  жатқызбайды.

     Зиян.  Зиян-заңмен  қорғалатын игілік  атаулының  кемуі. Егер зиян мүліктік сипат   алатын болса  оны  залал  деп  атайды.  Заладың  ақшалай  баламасы шығын  делінеді.

     Азаматтық  кодекстің  9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі  шығын қаралмаса,  өзіне  келген  залалдың толық қалпына  келтіруді  талап  ете алатындығы бекітілген. Залалдың  орнын толтыру жөніндегі  норма императивті  тұрғыда келеді,  ол барлық азаматтық құқықтық  қатынастарға  жүреді  және  жақтардың  шартында  шығынды келтіру  қаралды  ма,  жоқ па,  оған  қарамай  әрекет  ете береді.

      Мемлекеттік  өкімет  билігі  органының,  өзге де  мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымда адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі)  салдарынан азаматқа   немесе заңды тұлғаға келтірілген залады  Қазақстан Республикасы немесе тиісінше  әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.

            Залалдар  мынандай екі  түрге   бөлінеді:

  1. құқығы  бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті  шығындар,  оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
  2. сол тұлғаның құқығы бұзалмаған болса,  дағдылы айналым жағдайнда  болатын, бірақ алынбай  қалған табыстары (айырлып қалған пайда)

   Мысалы,  тасымалдау  шарты   бойынша мүлік  бүлінсе немесе  зақымданса,  онда тасымалдаушы  тек қана нақты  нысан мөлшерінде  шығынын төлейді.  Ал  айырылып  қалған пайдаға,  мәселен,  азаматқа  жарақат немесе  денсаулығына өзгеде  зақым келтірілген кезде  жәбірленуші  жоғалтқан немесе анық  иелене алатын табыс,  сондай ақ  денсаулыққа зақым келтруден  туындайтын  шығындар (емделуге, қосымша  тамақтануға т.б) жатады.

           Егер  құқықты  бұзған  тұлға  кейін  кіріс  түсіретін  болса,  онда құқығы бұзылған тұлға   өзге  де  айрылып  қалған  пайдасымен  қоса түсуге тиісті  кірістен  кем  емес  мөлшерде  орын алған  залалды қалпына   келтіруді  талап  ете   алады.

       Мүліктік  емес  зиянға  тұлғаның  дене  кемтарлығы мен психикалық  ауруына байланысты  моральдық адамгершілік зардап, іскерлік  беделге келетін залал,  біреудің  атын пайдаланып  оған  залал және т.б жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

     Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

     Дейтұрғанмен  бұдан азаматтық құқық мүліктік  қатынастардың бәрін бірдей реттей  береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі  сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұны оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсты бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы. Міне, осы тәрізді белгілері болады.

     Мүліктік  құндылық қатынастарға ең алдымен  қатысушылардың құн заңына сүйенетін  мүліктік қатынастарының теңдігіне  негізделген тауар-ақша қатынастары  және өзге де қатынастар жатады  десек, нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.

     Мүліктік  қатынас адамдар арасындағы қатынас  болғандықтан ол мүліктік емес  қатынастармен біте қайнасып, ұштасып  жатады.

     Қазақстан  Республикасы азаматтық заңдары  мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1- бабының 1- тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1 – бабының 2 – тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі «байланыстылық» деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйым басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса, онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп, мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүмкінділігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен тәртіптеледі.

     Мүлік  қатынасына байланысы жоқ мүліктік  емес жеке қатынастардың екінші  түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.

     Мүліктік  емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның ІІ тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне осындай. Енді әдістеме жөніндегі мәселеге тоқталайық.

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

 

 

  1. Алексеев С.С. Проблемы теории права. М. 1972 г.
  2. Ашеулов А.Т. , Г.А. Жайлин. Гражданско-правовая. Ответственность за вред, причененный преступлением против личности. Алматы, Издательства КазГЮУ 2000 г.
  3. Басик М.Г. , Сулейменов М.К. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы.
  4. Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность. Москва, 1976 г.
  5. Белякова М.А. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика 1986 г.
  6. Бризиский. О возмещение ущерба гражданам. 1989 г.
  7. Васькин В.В, Овчиников И.Н. Гражданско-правовая ответственность.1998 г.
  8. Варул В.А. Вина как субъективное основание гражданско-правовой ответственности. Учебник 1986 г.
  9. Грибанов В.П. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Москва 1973 г.
  10. Егоров Н.Д. Причинная связь как условие юридической ответственности . Москва 1981 г.
  11. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. Москва 1991 г.
  12. Маркова М.Г. Основы гражданского права
  13. Майлин Н.С. Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Москва 1985 г.
  14. Пугинский Б.И. , Сафиуллин Д.Н. Правовая экономика, проблемы становления. 1991г.
  15. Сергеева А.П. Гражданское право. Под ред. Доктора профессор юридических наук. Санкт-Петербург. 1996 г.
  16. Суханов Е.А. Гражданское право
  17. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. Гражданское право. Учебник / Под ред. 1997 г.
  18. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. 1995 ж.
  19. Төлеуғалиев Ғ. І том. ҚР азаматтық құқығы. Алматы 2001 ж.
  20. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 – тамыз.
  21. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан – 2030» жолдауы.
  22. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы ІІ жеті жарғы.
  23. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997 г.
  24. Гражданское право, часть вторая в вопросах и ответах. Москва юрист 2001 г.
  25. Гражданский кодекс Р.К толкование и комментирование. Алматы 1997 г.
  26. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім 1995ж. 1 - наурыз) (Ерекше бөлім ІІ 1999 ж. 1- шілде)
  27. Постановление Пленума Верховного Суда от 5 – сентября  1986 г.
  28. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 – қаулысы «Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18-желтоқсан 1992 ж.
  29.   ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңы. 1997 ж. 17 - сәуір
  30.   «Кәсіпкерлік қызмет туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. 1996 ж. тамыз



Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері