Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 14:00, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.doc

— 290.00 Кб (Скачать)

       Басқа  теорияларда   кінәсі  және  себепті  байланыс  жабық  сипатта  болады.  Мүмкіндік  және  шындық  теориясына  қатысты, бір  фактілер  құқыққа  қарсы  нәтижеге  мүмкіндік  туғызса,  ал  екіншілері  -осы мүмкіндіктерді  шындыққа  айналдырады.  Мүмкіндікті шындыққа  айналдырушы фактілер,  әрқашан да  құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста  болады. Құқыққа қарсы нәтижеге  мүмкіндік туғызушы  фактілер көрсетілген  нәтижеге  қарағанда юридистикалық маңызы  болуы немесе  болмауы мүмкін.  Егер  тараптың  іс-әрекетінен  нақты мүмкіндіктің себепті байланысы болса,  онда  жауапкершілікке тартуға жеткілікті.  Ал  егер тараптың  іс-әрекетінде  құқыққа қарсы нәтиженің  абстрактілі  маңызы  болса,  онда  себепті  байланыстың  юридистикалық  маңызының  аз  болуына  байланысты  жауапкершілікке тартуға  болмайды.

      Нақты  мұмкіндік   ретінде  жағдайлардың  обьективті  қайталануын  шындыққа  айналдырушы   мүмкіндік  танылады.  Абстрактілі мүмкіндікте берілген  жағдайлар обьективті  қайталанбайды.  Егер  обьективті  қайталанатын  жағдайларда сәйкес  мүмкіндік шындыққа  айналса,  онда  осындай мүмкіндік туғызушы  құқыққа қарсы нәтижені  көре  білуі тиіс.  және  керісінше егер  мүмкіндік обьективті  жағдайларынан қайталанбауынан шындыққа  айналса,  онда  осындай жағдайлардың  обьективті  қайталанбайтындығ себепті мүмкіндік туғызушы  құқыққа қарсы нәтижені  көре  алмайды.  Бұл сондықтан теорияның себепті  байланысының  юридистикалық  маңызды  кінә  секілді  жауапкершіліктің  субьективті  жағдайларына  тәуелді.

      Осындай  кемшілік  себепті  байланыстың   қажетті   және  кездейсоқтық  теорияларында  бар. Бұл  теорияның  авторларының  пікірінше  жауапкершілік  болуы  үшін  құқыққа  қарсы  мінез және  нәтиже  арасында   қажетті  себепті  байланыс  болуы тиіс.  кездейсоқ  себепті  байланыс  нәтиженің  туындауымен  байланысты  жауапкершілікке  тартуға  негіз  бола  алмайды.  Осы  теориядан  себепті  байланыстың юридистикалық  маңызы  құқыққа  қарсы нәтижемен  кінәсі үшін  жауапкершілік  шектелгендігін  байқауға болады.  Егер  тараптың  әрекеті  және пайда  болған  нәтиже  арасында қажетті  себепті  байланыс  болса , онда осы  нәтижені  алдан  ала  көруге  болады  және  білуі  тиіс.  егер  тараптың  әрекеті  және құқыққа  сыйымсыз  нәтиже  арасында  кездейсоқтық  сипат алса  онда осындай нәтижені  көре  білуі  мүмкін  емес.  Сондықтан  көре  білуге  қол  жетпейтін  құқыққа қарсы  нәтижемен  қарастырып отырған теориядағы себепті юайланыстың юридистикалық маңызы  бар.

        Кінә.  Азаматтық   құқықтық  жауапкершілік  шаралары  тек  қана  талапкердің  мүліктік  қанағаттандыруына  бағытталып  қоймай,  сонымен  бірге   азаматтық құқық  бұзушылықтың  алдын алуға арналған.  Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  белгілі бір  превентивтік  қызметін  атқарады.  Сондықтан  азаматтық  айналымның  қатысушылары  жауапкершілікке  тартылмас  үшін  өзінің  іс-әрекетімен  басқа  тараптың заңмен  қорғалатын құқығын   бұзбауға  тырысады.  Алайда  жауапкершілікке тартудың  артылуы қатардағы азаматтық  айналымға қатысушыладың  инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан  арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға  өздерінің іс-әрекетінің  нәтижесін  алдын ала көре алмауына  байланысты жауапкершілікке тартылмайды.  Осындай  сенімділік  егер  азматтық  құқықтық  жауапкершілік кінәлі  құқық бұзушылық үшін қолданған  кезде  пайда  болады.  Азаматтық  кодекстің  359-бабының 1-ші  бөлігі  осыны көрсетеді: “борышқор  кінәлі  болған  кезде егер  заңдарда  немесе шарттарда  өзгеше  көзделмесе, міндеттемені  орындамаған және  тиісті дәрежеде  орындамағаны  үшін  жауап  береді.  Егер борышқор  мігдеттемені тиісті дәрежеде орындпу үшін өзіне байланысьы шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.” Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық  құқықта жауапкершілік кінәсіне баылансыта  құрылады.

      Құқыққа қарсы  мінез және  себепті байланысқа  қарағанда азаматтық  құқықтық  жауапкершіліктің субьективті шарты  болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінезіндегі психикалық  қатынасын анықтайды.  Кінәнің осы түсінігі теңдей  заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсінің көрінбеуі мүмкін,  өткені  оның  қызметін  міндеттемеге байланысты  қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп алса, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар  қолданбағаны үшін  шаралар комерциялық ұйымның жетекшісі кінялі болып есептеледі.  Заңды  тұлғаның кінәсі оның  қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен көрініс табуы мүмкін.  Мысалы,  қызметкердің өнімді  дайындаудағы кемшіліктер.

       Сонымен  қатар   әдебиеттерде  берілген  сұраққа   басқа да тұжырымдар  айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның  жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес,сонымен бірге  бүкіл ұжымның  бүтіндей  кінәсін көрсетеді.

        Кінә қасақаналық  және абайсыздық  түрімен  ажыратылады.  Өз кезегінде абасыздық  ауыр  және  жеңіл  түрінде  кездеседі.  Азаматтық  құқықтық жауапкершіліктің  субьективтік  шарты  ретінде  кінә адамның  санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік  туралы сұрақты шешу кезінде құқық  бұзылғандвғы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер тек қана адамның мінезіндегі сыртқы  көріністерін талқылай аламыз.

        Егер тарап   өзінің  іс- әрекеті  арқылы  құық бұзушылыққа саналы  түрде   жол  берсе, онда  кінәнің  қасақаналық түрі  орын  алады.  Азаматтық  айналымдағы  пайда  болатын  кәдімгі  құбылыстар ретінде  азаматтық  құқықта кінәнің қасақаналық  түрі  жиі  кездеседі. Сонымен қатар  әдеттегі  жағдайларды  басқа  тараптардың  заңмен  қорғалатын құқықтарын  қасақана  бұзады.  Мысалы, тәжірбиеде  жеткізіп  беруші  сатып  алушының  өнімі  ұстағаны үшін тиісі  дареске өнімді  жіберуді  тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бузушылық  сферасын  шектейді. Кінәнің  абайсыздақ  түрімен жасалған  азаматтақ  құықық бұзушылық  жиі  кездеседі. Бұндай  жағдайларда  адамның іс-әрекетінде көрінеу істердің элементтері  болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адманың іс-әректінде  мұқияттылық және байқаушылық  болмайды.  Қажетті байқаушылықтың және мұхияттылықтың болмауы абайзысдықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі фрмасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғарғы сот органдарының түсігіктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы  түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.

  Осы екеуін ажырату үшін  одан да тереңірек бағдарлау  қажет. Бұл бағдарлар ғылым  дауымен жетілген. Абайсыздықтың  менмендік түрінде  тараптың  іс-әрекетіне  байқаушылық және  мұқияттылық болмайды, алайда құқық  бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздақтың қарапайым түрі,  ал трамвай жолында  ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері  болғанымен, абайсыздықтың  менмендік түріне жол береді.

          Жалпы ережеге  сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат  кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды., бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеттігі жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің жауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта ралас кінә кездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:

А) зиян тек қана несие берушінің  мүліктік сферасыеда жинақталады.

В) зиян бүтіндей бірлікті құрап,  борышқордың  кінйлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкіндік болмайды.

         Аралас  інде  борышқордың  зиянды әрекеті  қанша ал несие берушінің кінәсінің  қанша екендігі анықтау мүмкін  болмаған кезде, осылардың арасындағы  зиянды анықтау кезінде тек  бір белгі ретінде осылардың  арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын) анықтау қолданады.  Бұл кезде міндеттеме қайсы тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі соның есебінен өтеледі.

          Аралас  кінәні бірлесіп келтірілген  зияннан ажырата білуіміз қажет.  Бірлесіп келтірілген зиян төмендегі  белгілермен сипатталады.

а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.

Б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың  құқыққа қарсы әректімен келтіріледі

В) тараптардың қайсысының әрекетіне  зиян келтіру  мөлшерін анықтау болмайды.

Г) бірлесіп зиян келтірушілер несие  берушінің алдында солидарлы  жауапкершілікте болады.

         Кінәнің  болмауынан міндеттемені бұзған  тарап дәлелдейді.

         Қылмыстық құқыққа қарағнада азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Міндеттеменің орындалуы үшін тарап барлық тиісті шаралырды қолданса, онда тарап кінәсіз деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі.

   ____________________

Варул В. А. «вина как  обьективное основание гражданско-правовой ответственности» 1986 г Санкт –Петербург 357 стр.  

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондықтан осы тарапқа зиянның  болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық бұзушының арасындағы себепті  байланысты дәлелдеу  фактілері  жүктеледі.

        Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауды қандай шаралар қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқаны, құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай боландығын біле алмайды сол уақытта құқық бұзушыға осының барлығы белгілі болады. Талапкерге қарағнада өзінің дәлелдемелерін келтіре отырып,  құқық бұзушы  кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің   кінәсіздігін  дәлелдей алады.   Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше  кінәлі болып есептеледі. Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлік презімпйиясы  туралы сотқа  талапкерде өзінің дәлелдемелерін келтіре алады.

       Азаматтық айналымдағы  қатардағы субьектілермен бірге  өзінің кәсіпкерлік қызметін  тәуекелге бел буып жүргізетін  тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер  де қатыса алады.

        Осыған байланысты  кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асырудағы азаматтық құқықтық  жауапкершілік  тәекел кезінде құрылады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 2 бөлігі және 360 бабында былай делінген: “кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән жайдың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары  және т.б) салдарынан тиісті дәрежеде  орындауға  мүмкіндік болмағанын дәлелдей  алмаса,  мүліктік  жауаптылықта  болады.” Ондай мән жайларға атап айтқанда, міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.

        Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немеес оны пайдаланудың  тиімсіз болу тәукелі кәсіпкерге жүктеледі.

         Кәсіпкерге  міндеттемені орындамағаны немесе  тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік  қызметін орындамағаны үшін көтеріңкі  көтеріңкі жауапкершілікте болады.  Ол тіпті міндеттемені кәсіпкерлік  қызметін орындамағаны немесе тиісіт дәрежеде кездейсоқ орындалмағаны үшін жауапкершілікте болады.

         Алайда,  кәсіпкерлік  қызметпен  байланысты  емес міндеттеме кәсіпкер қатысы  оның жауапкершілігі  тәуекел  ету барысында  емес, кінәсіне  қарай болады.  Кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асырудағы кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда   бой бермейтін күштің әсерінен  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін  болмағандығын дәлелдей  алса,  кәсіпкер жауапкершіліктен  босатылады.

         Бұл   ережеде  диспозитивті сипатта  екендігін  естен шығармау  керек. Осы  сұрақтың  басқа   шешімі заңда немесе  шартта  көзделуі  мүмкін. Азаматтық  заңдылық  негіздеріне  сәйкес  келтірілген   зиян  үшін жауапкершілік  егер  оның  кінәсінен болмағандығын  дәлелдей алса,  залады өтеуден босатылады.  Тасымалдау  шартын  бекіту  кезінде  тараптар егер кінәсі  бомаған жағдайда  жауапкершіліктен босатуды белгілеуі мүмкін. 

   Көтеріңкі    қауіппен  байланысқан ( транспорт ұйымдары,  өндірістік кәсіпорындар, құрылыстар, автотранспорт   құралдарының  иелері  және т.б)  азаматтар  және заңды  тұлғалар, егер бой бермейтін  күштің немесе талапкердің   қасақана  әрекетінен  зиянның  келгендігін дәлелдей  алмаса,  көтеріңкі қауіптің  қайнар көзімен  келген зиян үшін жауап береді. Көтеріңкі қауіптің  қайнар  көзі  ретінде көрсетілген обьектімен толық адам  басқара алмайтын,  өзінің  зиянды  қасиеттерімен ерекшеленетін материалдық обьектілер  танылады.   Мысалы, автомобильді  қас қағым сәтте тоқтату мүмкін емес,  өйткені қоршаған ортаға көтеріңкі қауіп туғызады.  Көтеріңкі қауіптің  қайнар көздерінің  иелері  көтеріңкі жауапкершілікті   қолдану (кінәсіне қарамастан)  оларды  көтеріңкі қауіп қайнар көздеріне әрдайым мұқият бақылап отыруға ықпал етеді.

        Сақтау  қызметімен  байланысты  ұйым  мүліктің  зақымдану   немесе кемшілігі  бой  бермейтін   күштің  әсерінен  болса, жауапкершіліктен  босатылады.

         Алайда  азаматтық  заңдылықпен бекітілгендей   кінәсіне  тәуелсіз жауапкершілікті   белгілеу  шексіз емес.  Кейбір  жағдайларда  егер  талапкердің  қасақана  әрекетінің  салдарынан  болғандығын  дәлелдей  алса,  жауапкершілікке  тартылмайды.  Көп  ретте  бой  бермейтін  әрекеті  орын  алса,  жауапкершілік  қолданылмайды.

       Ережеден  тыс СССР-дің  әуе  кодексінің 101 бабына  сәйкес  самолетті  қондыру, ұшыру  кезінде  жолаушыға  келтірілген  зиян үшін  бой  бермейтін  күшке  қарамастан  әуе  транспорт  кәсіпорны  жауапкершілікке  тартылады.  Осыған  байланысты  оқиға  және  бой   бермейтін  күшті  ажыратып  алуымыз керек. 

       Оқиға  бұл  алдын ала  ешкім көруі   мүмкін  емес жағдай.  Егер  оқиға  орын  алса,  онда  кінәнің де  болуы  мүмкін  емес.  Алдын ала көріп  білуге  мүмкін  болмағандықтан,  оқиға   субьективті қарсы   тұра  алмаушылығымен  сипатталады.  Сонымен  қатар  тарап  бола алатын  оқиға туралы  білсе, онда  оның алдын  алуға  мүмкіндік  болар еді.  Мысалы, сауды ұйымы халықтың  әкелінген  тауарға  сұранысының  төмендейтінін  білген  болса,  онда  өзінің  сауда  айналымын тоқтатпас ішін  басқа тауар әкелетін  еді.

Информация о работе Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері