Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:50, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдар қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері мен қағидалары. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Сонымен мемлекеттік аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орыдау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституциядан және конституциялық актілерде көрсетілген. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі.
1.2 Мемлекеттік органдар ұғымы, белгілері, ұйымдастырылу, қызмет ету қағидалары
Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны. Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компаненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипаты өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықытары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері туралы ережені ұсынады. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына , лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.
Унитаризм қағидасы сәйкесінше унитарлық мемлекеттерге тән, мемлекеттік билік органдарының бір жүйелілігін (жоғарғы және жергілікті органдар), төмен тұрған органдардың жоғарғы органдарға бағынуы, бір дейгейдегі органдардың қызметтерін үйлестіруді көздейді.
Осылайша, ҚР «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңының 1 бабына сәйкес «Үкімет ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық жасайды».
Заңдылық қағидасы заңдарды жалпы сақтау мен орындаудан тұрады. ҚР Конституциясының 34 бабына сәйкес «Әркім ҚР Конституциясын және заңнамасын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, ар намысын сақтауға, міндетті», РФ Конституциясының 15 бабы «Мемлекеттік билік органдары және лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін өзі басқару органдар сияқты, азаматтар және олардың бірлестіктері РФ Конституциясын және заңдарын сақтауға міндетті».
М.Ш.Байтин ескергендей,
мемлекеттік механизмнің
- заң жоғарылығы және Конституциялық бекітілген адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іс жүзіне алуы;
- мемлекеттік билік
қызметін тек заңдар және
- мемлекеттік органның
және мемлекеттік қызметкерлерд
- кім жасағанына қарамастан кез келген заң бұзушылықтардың алдын алу, жасалған қылмыстары үшін жауапкершіліктің болуы3.
Т.Н.Радько бөліп көрсеткендей
заңдылық қағидасы мемлекеттік механизм
қызметіне қатысты
Заңдылықты негізін мемлекет конституциясы, оның дамуында қабылданған заңдар құрайды. Өмір талабына қатаң, кемшіліктерсіз заңнаманың болуы бүкіл мемлекет механизмінің заңдылығын біртіндеп бекітудің маңызды және қажетті шарты болып табылады.4
Заңдылықтың қатаң және бұлтартпас сақталуы мемлекеттік, сонымен бірге мемлекеттік емес органдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметіндегі маңызды қағидасы болып саналады. Жоғарыда айтылғандай РФ Конституциясының 15 бабына сәйкес мемлекеттік билік органдары, лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін өзі басқару органдар, азаматтар және олардың бірлестіктері РФ Конституциясын және заңдарын сақтауға тиіс.
Бірақ бірінші орында
бұл мемлекет аппаратына қатысты, өйткені
Конституцияның билік органымен, лауазымды
тұлғалармен бұзылуы қарапайым
тұлғалардың
Заңды билік органымен бұзудың қауіптілігі жөнінде Р. Иеринг былай деді: «Адамға түсетін ешқандайда әділетсіздік, қаншалықты үлкен болмасын, бекітілген билік істейтінмен теңесе алмайды». Р.Иеринг биліктің заңды бұзуы заңды өлтіру деп атайды.5
Қарастырылған мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қызметінің жалпы конституциялық қағидалары өз шешімін, дамуын және дәлелін заңдарда бекітілетін екі топтағы қағидаларда табады.
Оларға М.И.Байтин мыналарды жатқызады:
және құқықтарын қамтамасыз етуде констиуцияның өзге нормативті құқықты актілерден, лауазымдық нұсқаулықтардан жоғарылығы;
олардың жүзеге асуы; оларды
мемлекеттік қызметкерлердің
мемлекеттік қызметке орналасуға теңдігі;
басшыларының өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдердің мемлекеттік қызметкерлерге міндеттілігі;
міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық;
М.Н.Марченко сонымен бірге бөліп көрсетуі мемлекеттік органның
ұйымдастырылуы мен қызметіне кеңірек қатысуы да, халықтық көпшілік мүддесінің мемлекет саясатында ескерілуінде көрініс табатын демократизм қағидасы;
мемлекеттік басқаруда орталықтандыру және орталықсыздандырудың жеңілдетуді білдіретін сайланбалық және тағайындау үйлесімдігі қағидасы;
ирархиялық қағидасы, ол мемлекеттік органдар мемлекеттік аппаратта түрлі деңгейлерде орын алатыннан көрінеді.7
Қарастырылған мемлекеттік органдар жүйесі ретінде мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары тек өзара байланыс және әрекеттену нәтижесінде мемлекеттік механизмге қажетті бірлік және бірегейлікті, мақсаттылықты береді. Мемлекеттік органдардың құрылуы кезінде және қызмет атқару үрдісінде қарастырылған қағидаларды жан-жақты ескеру мемлекеттің қоғамды басқаруда ең жоғары нәтижелікке жетуді қамтамасыз етеді және оның демократизациялануына және нәтижелігінің жоғарлауына әкеледі
Мемлекеттік органдардың басқа сипаттағы белгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттің көп қырлы қызметі мемлекет органдары арқылы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Бірақ олардың әр түрлілігіне қарамастан ортақ белгілері бар. Олардың әрқайсысы мемлекеттік аппараттың құрамдас бөлігі, мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді. Сөйтіп, мемлекет органы дегеніміз –белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілдігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Әрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ә) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі; б) өзіне тән ұйыдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық және қызметтік тәртіп жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады.
Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік өкілеттілігі берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген. Бұлар бір жүйеге біріктірілген, бірақ олардың әрқайсысының функциясы бөлек, бір-бірінен өздеріне тән белгілерімен оңай ажыратылады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
Парламент.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың
өзіне тән ерекшеліктері
1. Мемлекеттік орган
өмір қажеттілігіне байланысты,
құқықтық негізде арнайы
2. мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган-мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар
заңдылық негізінде қызмет
7. Мемлекеттік орган
материалдық база және
Парламент – халық еркіндігін білдіретін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заң шығарушы орган. Парламент термині француз сөзі, сөйлеу деген мағынаны білдіреді. Парламенттің отаны Англия болып табылады. Парламент сонымен қатар, президентті сайлайды, халықаралық келісімдерді ратификациялайды, рақымшылық акцияларын жариялайды.
Жариялылық қағидасын жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекет
механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы; мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында парламент арқылы жүзеге аырады.