Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:50, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік
құрылымдардың барлығын бірнеше
түрге бөлуге болады. Олардың ішінде
мемлекеттік механизмнің
Мемлекет миханизміне орасан зор роль берілген. Ол іс жүзінде мемлекеттік билікті жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет – мемлекет механизмінің шексіз құқықығы. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жасалып, сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай-ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынасы туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір-бірімен өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада: мемлекеттік аппарат мемлекеттік механизмінің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да мемлекеттік аппаратта, мемлекеттік жергілікті өкілді органдар, қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұра жергілікті өкілді органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекет механизмінің
ерекшеліктері,оны
Мемлекет механизмінің қағидаларының санын көрсететін айтылған екі шекті тәсілдермен қатар автордың қазіргі заманғы мемлекет қызмет негізінде болуы тиіс, маңыздырақ, негіздірек қағидаларды айту ынтасы көрінетін ұстамдырақ тәсілдер бар.
М.Н.Марченкомен ұсынылған мемлекет механизімінің ұйымдастырылуы және қызметінің қағидаларының жіктелуіне көңіл аударайық, ол мемлекет механизмінің (аппараттың) қызметінің келесі негізгі қағидаларын айтты: қызмет атқарылу мен құрылудың үйлесімділігі; іс әрекет нәтижелілігі, заңдылық және конституционалдық, мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары этикалық талаптарды орындау, парламент депуттаттарының және мемлекеттік шенеуніктердің саяси адалдығы.1 Қағидалардың бірі мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен қызметінің заңдылығы мен конституционалдылығы қағидасы. Айта кету керек, заңдылық ғана емес, сонымен қатар саяси мәнге ие бола тұрып, заңдылық және конституционалдық түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінің негізгі әдісі ретінде орын алады. Түрлі елдердің мемлекеттік аппаратының қызметіне қатысты заңдылық және конституционалдық мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тиісті қызметтерін ағымдағы конституцияға, қарапайым заңдарға және өкілеттіктердің бекітілген заңдылық тәртібіне байланысты заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыруы. Заңдылық және конституционалдық қағидасы, сонымен бірге, оған бағынышты органдардың, ұйымдардың және мекемелердің күшіндегі нормативтік құқықтық актілердің, жемқорлықпен күрес, оған қоса азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын түрлі бұзушылықтардың, қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымының қатаң және бұлтартпас істелуін қамтамасыз етуін білдіреді.
Ескертіп өту керек, заңдылық және конститутционалдық құбылыс және түсінік ретінде қоғам мен мемлекетпен байланыссыз болуы мүмкін емес. Бұл абстракция. Заңдылық және конституционалдық әрқашанда мемлекет және құқықтық белгілі бір нысандарына, қоғамның белгіленген мәні мен даму деңгейімен ара қатынасы белгіленеді.
Осыдан шығатыны, ғылыми әдебиетте заңдылық және конституциялықты жалпылай қарастырмайды, тек мемлекеттің және құқықтың құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік нысандарында қолданылады.
Кез келген заңдылық және конституционалдылықтың негізін түрлі мемлекеттердің конституциялары, сонымен бірге олардың даму барысында қабылданған заңдар құрайды. Нақты, жақсы дамыған, практикалық өмірдің үздіксіз өзгеріп отыратын және жоғарылайтын талаптарға жауап беретін заңнаманың болуы жекелеген мемлекеттік органдардың және бүкіл мемлекеттік механизмнің бүтіндей қызметіндегі заңдылығын және Конституциялығын біртіндеп бекіту үшін маңызды және қажетті шарты болып табылады.
Заңдылықты және конституционалдықты қатаң және бұлтартпай орындау тек мемлекеттік емес, сонымен бірге мемлекеттік емес органдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметінің маңызды
қағидасы болып табылады. Мемлекеттердің конституциялары ережені бекітеді, оған сәйкес бүкіл мемлекеттік органдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар конституцияны және соның негізінде және дамуында шығарылған заңдарын бұзбауға міндетті. Бүкіл теориялық органдар және ұйымдар, сол сияқты бүкіл саяси және қоғамдық бірлестіктер конституция және басқа да заңдар аясында қызмет етуі тиіс.
М.И.Байтин мемлекеттік механизм қағидаларының жүйесін құрылуына қаншалықты өзгеше тәсіл айтады. Ол бүкіл мемлекеттік механизм және оны құратын бүкіл мемлекеттік органдардың жалпы қағидаларын және мемлекет механизмінің тек кейбір бөлімшелеріне, жеке органдар мен органдар тобына қатысты жеке қағидаларды ажыратуды ұсынады.
Жалпы қағидалар өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне конституцияда бекітілген қағидалар жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура туралы және т.б. көрсетілетін қағидалар жатады.
Бірінші топ мемлекеттік механизм ұйымдастырылуымен қызметінің конституциялық бекітілген қағидаларды: халық билігін, гуманизмді, мемлекеттің құрылу формасына байланысты федерализмді немесе унитаризмді, билік бөлінісін, заңдылықты қамтиды.
Халық билігі қағидасы егемендік иесі және билік көзі – көп ұлтты халық болып табылатын мемлекеттің демократиялық ұйымдастырылуында, республикалық билік нысанында көрінеді. Халық өз билігін көптеген каналдар арқылы жүзеге асырады, соның ішінде тікелей өздері, мысалы, президенті және мемлекеттік биліктің өкілді органдарын сайлауы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары бойынша. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабына сәйкес «Мемлекеттік биліктің бірден бастауы болып халық саналады.Халық өз билігін республикалық рефферендум арқылы және тәуелсіз сайлау арқылы тікелей жүргізеді және мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруға өкілдік етеді». Дегенмен, мемлекеттегі халық билігін жүзеге асыратын әдістердің қатарында мемлекетпен біріктірілетін органдар тұлғасындағы мемлекеттік механизм басты орынды алады.
Мемлекет механизмінің ұйымдастырылуы мен қызметіндегі гуманизм қағидасы – тұлғаның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, адам және қоғамның құндылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясаты бар әлеуметтік мемлекет екендігін түсінуге негізделеді. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ең жоғарғы құндылығы бұл адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы. Ресей Федерациясының Конституциясы конституциялық қатар негізінде 2-бабында «Адам , оның құқықтары мен бостандығы ең жоғарғы құндылық » деп жариялады. Адам және азамат құқығы мен бостандығын тану, сақтау және қорғау бұл мемлекет қызметі. «Бұл Конституциялық талап еш шектеусіз бүкіл мемлекеттік органдарға және әр мемлекеттік қызметшіге арналған».
Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған. Совет мемлекеттік саясатында және тәжірибесінде бірінші орында мемлекет мүдделері, екіншісінде - қоғам мүшелері және үшіншісінде тұлғаның мүдделері тұрды. Енді бірінші орында тұлға мүддесі, екіншісінде қоғам және тек үшінші орында мемлекет мүддесі тұруы керек.
Ежелгі Шығыс және антикалық Европалық елдерде мемлекет механизмі айтарлықтай жүйелі болды. Ол мемлекет басшысынан, орталық органдардан, лауазымды тұлғалардан, жергілікті органдардан, шенеунік, армия, сот, полиция т.б мемлекеттік органдардан тұрды.
Феодалдық ортағасырлық мемлекет механизмі негізгі даму жолынан ерте феодалдық, сословельді-өкілдік және абсолюттік монархия өзге де айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Ерте феодалдық кезеңде мемлекет аппараты күрделі емес жүйе иеленген болатын. Ол мемлекет басшысынан, әскери дружинадан т.б тұрды. Кейіннен Сословельді - өкілдік, атқарушы және т.б мемлекеттік билік органдарынан тұрды.
Ортағасырлық мемлекетте мемлекет механизмі айтарлықтай күрделенеді. Осыдан келіп тармақталған басқару аппараты пайда болады: түрлі министрліктер, орталық ведомства, арнайы сот органдары, полицейлік аппараттар және т.б органдар. Әскери дружиналар феодалдардан бөлек орталықтанған армияға айналды. Одан бөлек мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешуде көбіне көп діни ұйымдар маңызды роль атқарды.
XVII- XVIII ғ буржуазиялық
революция кезеңінде Европада, мемлекет
аппараты қызметіне жаңа өзгерістер
еңгізеді. АҚШ-та мемлекет механизмі
билік бөлінісінің
Ал, Францияда мемлекет механизмі жаңа элементтері пайда бола бастады. Онда: Ұлттық Конвент, Директория, Напалеон жанындағы Консульство, Париж камунасы т.б. Ресейде мемлекеттік совет жоғарғы заң шығарушы орган ретінде бірнеше департаменттерден тұрады. Заң департаменті, діни және азаматтық департаменттер, өндіріс, ғылым және сауда, әскери департаменттер. Кейін министрлер кабинеті, мемлекеттік дума қалыптасты. Ол заң шығарушы ұсынысын енгізуге құқылы.
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер нәтижесінде, мемлекеттік аппарат құрамында жаңа құрылым қалыптасты. Бірақ, мемлекеттік аппарат тарихи кезеңде қоғамдық саяси жүйенің қалыптасуына бастау болды.
Мемлекеттік механизм құрылымы белгілі бір обьективтік мінез-құлыққа сай сүйеніп жүзеге асады. Қазіргі таңға дейін ұйымның және мемлекет аппаратының ісіне заң ғылымы мемлекет басқару, демократиялық
орталықтандыру, партиялық жетекшілік ісінде барлық мемлекет аппараты салалары кең құрылымды қатысу қағидаларымен саналды. Экономика, саясат және басқа да мемлекеттік қоғамдық өмірдегі өзгерістер барлық мемлекеттік органдар жүйесіне олардың мазмұнына және құрылымына өзгерістер енгізді.
Мемлекет механизмі құрылымына мыналар кіреді:
байланыстағы және өзара бағыныштылықтағы мемлекеттік органдар.
денсаулық қорғау, ғылым, т.б. салада жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар.
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары және т.б.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттің басқарушылық, қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдастыруымен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық ұйымдық қызмет құрайды. Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдармен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметі келесі нысандарға бөлінеді:
Тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжрибе
алмасумен байланысты. Яғни, бұл құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрі.
Құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрі.
Олар барлық субьектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндет салдарды туындатады.
Мемлекеттік аппарат
- қоғамды басқару үшін арнаулы
құрылған мемлекет
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана – сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым – қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын-патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының обьктивтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нысандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Мемлекет аппараты АҚШ штаттарында да құрылды. Онда заң шығарушы жиын, үкімет, жергілікті орган, полиция, сот органдары, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық және іс-жүргізушілік заңдар бар.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы.
Ол үшін оның қызметі демократицлық, Конституциялық , заңдылық қағидаларына сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі: » Ал қатысудың түрлерін былай деп белгілейді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау: «мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру».
Мемлекеттік қызметтің қағидалары: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының , бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары білігі.