Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:50, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Фемида Заң Академиясы
ЗАҢТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны»
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел
атанған Қазақстан
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .
Менің курстық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес курстық жұмысымның міндеті –
ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Осы зеттеу жұмысымды екі бөлім, алты тараудан құрап жаздым. Мынадай бөлімдерге бөліп қарастырдым: кіріспе; жұмысымның 1-тарауында-мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы; 2-тарауда – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларға сәйкес құрылуы, қызмет ету жағдайлары; қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е, Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
1.2 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты,
тікелей бағыты мен қалыптасу
бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері,
жұмыс нысандары мен
Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша – қаржы қоры.
Мемлекеттің механизмі бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмнің мәні зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтар мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзыретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастыраушылық материалдық және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйейтін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттің міндеттерін орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіліктерді иеленеген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік орган дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппаратының бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер:
Әрбір мемлекеттік органдарға мыналар тиесілі:
Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:
Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:
Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге асырушы күш, бұл мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымның жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандарын көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
Мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді: