Авторлық құқық

Автор: i***********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 18:04, доклад

Описание работы

Авторлық құқық – санаткерлік меншік саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді .
Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар .

Работа содержит 1 файл

Авторлық құқық.doc

— 103.50 Кб (Скачать)

Егер  туындының бір бөлігін осы  туындының басқа бөліктеріне  қарамастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.

Егер  тең авторлар арасындағы келісімді  өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәні бар өзі жасаған бөлігін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

2. Тұтас  алғанда туындыны пайдалану құқығы  тең авторларға ортақ. Тең авторлардың  өзара қатынастары олардың арасында  жасалған келісім арқылы белгіленуі  мумкін. Егер тең авторлардың туындысы бөлінбейтін біртұтас дүние болса, тең авторлардың бір де бірінің туыныны пайдалануға жеткілікті негіздері болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.

Жинақтар  мен басқа да құрама туындыларды  құрастырушылардың авторлық құқығы:

1. Жинақтар  мен басқа да құрама туындылардың авторына шығармашылық еңбек нәтижесі болып табылатын материалдарды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырғандығы үшін авторлық құқық беріледі.

Құрастырушының  өзі туындыға енгізілген әрбір туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.

Егер  авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгізілген туындылардың авторлары  өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.

Құрастырушының  авторлық құқығы басқа адамдардың сол  материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшін дербес іріктеуіне және орналастыруына кедергі жасамайды.

2. Энциклопедияларды,  энциклопедиялық сөздіктерді, мерзімді  және шығуы жалғаса беретін  ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттерді, журналдарды және басқа да  мерзімді басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басылымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық беріледі. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келгн жағдайда пайдаланса да өзінің атауын көрсетуге немесе оны көрсетуді талап етуге құқылы.

Мұндай  басылымдарға енгізілген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады. 

Авторлық  құқықтарды қорғау:

1. құқықтарды  тану;

2. құқық  бұзылғанға дейінгі жағдайды  қалпына келтіру;

3. құқықты  бұзатын немесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттері тыю;

4. айырылып  қалған пайданы қоса алғанда,  шығындардың орнын толтыру;

5. құқық  бұзушы авторлық құқық бұзу  салдарынан тапқан табысты өндіріп  алу;

6. Қазақстан  Республикасының заңдарымен белгіленген,  жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі ең төменгі мөлшері, ал ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзған кезде жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі ең төмен мөлшері сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндіріп алудың орнына өтемақы мөлшерін сот белгілейді.

7. олардың  құқықтарын қорғауға байланысты  заң актілерінде көзделген өзге  де шаралар қолдану арқылы  жүзеге асырады.

Осы тармақтың 4,5,6 тармақшаларында авторлық құқық  иелерін таңдауыны қарай қолданылады.

Іс қаралғанға дейін судья туындылары мен фонограммалардың контрафактілік деп жорамалданған  даналары жауапкердің дайындауына, көшірмелеуіне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья туындылары мен фонограммалардың контрафактілік деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ дайындау мен көшірмелеуге пайдаланатын материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.

Сот туындының  немесе фонограммалардың контрафактілік даналарын, сондай-ақ көшірмелеуге пайдаланатын материалдар мен жабдықтарды  тәркілеу ұйғарым шығаруға құқылы.Туындылардың немесе фонограммалардың контрафактілік даналары оның талп етуі бойынша авторлвқ құқықтың иесіне берілуі мүмкін не соттың шешімі бойынша жойылуы тиіс.

Олардың көшірмелеуге пайдаланылған  матариалдар мен  жабдықтар соттың шешімі бойынша жойылуға не мемлекет кірісіне берілуі тиіс.

Туындыны  авторлық сыйақысын  төлеп, автордың келісімінсіз жеке мақсатта көшірмелеу:

1. Туынды автордың, орындаушының және  фонограмма жасаушының  икелісімінсіз, бірақ  оларға сыйақы  төлеп, дыбыс-бейне  жазу туындысы  немесе туындының  дыбыстық жазбасын  жеке мақсатта  көшірмелеуге жол  беріледі.

2. Осы баптың 1-армағында аталған көшірмелеу үшін пайдаланатын жабдықтарды (дыбыс және бейне магнитофондарды, өзге де жабдықтарды ) және материалдық жеткізгіштерді (дыбыс және бейнетаспалар мен кассеттер, шағын дискілер,өзге де материалдық жеткізгіштер) дайындаушылар немесе импорттаушылар төлейді.

3. Бұл сыйақыны жинау  мен бөлуді авторлардың,  фонограмма жасаушылардың  және орындаушылардың  мүліктік құқықтарын  ұжымдық негізде  басқаратын ұйымдардың  біреуі осы ұйымдар  арасындағы келісімге  сәйкес жүзеге  асырады.

4. Егер бұл келісімде өзгеше көзделмесе, аталған сыйақы мынадай шамада бөлінеді: авторларға- қырық процент, орындаушыларға отыз процент, фонограмма жасаушыларға отыз – процент.

5. Сыйақының  мөлшері және оны төлеудің  шарттары бір жағынан аталған  дайындаушылар мен импорттаушылар және, екінші жағынан авторлардың, фонограмма жасаушылардың және орындаушылардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар арасындағы келісімде белгіленеді, ал тарптар мұндай келісімге келе алмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының уәкәлдік берілген органы белгілейді.

6. Осы  баптың 2-тармағында аталған, экспортқа  шығаруға болатын жабдықтар мен  материалдық жеткізгіштер, сондай-ақ  үй жағдайында пайдалануға арналмаған  сыйақы төленбейді.

Авторлық  құқық 

Бизнес

Бизнеске  қажетті қызметтер

Тауар белгілерін тіркеу 
 

Интелектуалды меншіктілік  құқығы, тіркеу мен  толтыру тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Патенттік Заңмен»  жүйеленіп, өндірістік меншіктілікті  пайдаланумен, мүліктік және мүліктік емес қатынастармен байланысты, құрумен, құқықтық сақтаумен байланысты жүргізіледі. 

Интелектуалдық  меншіктілік - әр түрлі салалардағы (өндірістік, ғылыми, әдеби, көркем) интелектуалдық қызметтің және өнімнің индивидуализация құралдарына теңесу, орындалған жұмыспен қызмет көрсету (тауарлық белгі, тауардың шығарылу орнының атауы) нәтижесіндегі айрықша құқық. 

Авторлық  құқық – автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқығы. 

Авторлық  құқық мыналарға беріледі: 

Қазақстан Республикасының территориясында  халықтандырылған, бірақ Қазақстан территориясында тиімді формада табылатын шығармаға:

автордың  азаматтығына қарамай және оның құқық  қабылдауына қарамай;

авторды Қазақстан Республикасының азаматы  деп санайды;

авторды    Қазақстан Республикасындағы халықаралық  шарттарға сәйкес шетелдің азаматтығы жоқ тұлғалар жоқ деп санайды.

шығарманың  арналған бағытына, мазмұнына және мәртебесіне, сонымен қатар шығарманың тілі мен тәсіліне қарамастан шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын  ғылымның, әдебиеттің және өнердің  шығармаларына.  

Авторлық  құқық берілмейді 

Жеке  идеяларға, тұжырымдамаларға, принциптерге, әдістер, жүйелерге, жаңалықтарға және фактілерге.  

Егер  шығарма өзге территорияда алғаш  жарық көрген күннен бастап 30 күн  ішінде Қазақстан Республикасының  территориясында жарияланған болса, ол Қазақстан Республикасында жарияланған болып табылады. 

Авторлық  құқық нысаны болып табылатын  шығарма:

әдеби шығармалар;

драмалық  және музыкалы драмалық шығарма;

сценариялық шығармалар;

хореографиялық  және пантомимдік шығармалар;

мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;

аудиовизуалдық  шығармалар;

сурет, мүсіндеу, графика,басқа да бейнелеу өнерінің шығармалары;

құрастырмалы  өнер шығармалар;

сәулет, қаласалу және бақшалы – саябақтық  өнер шығармалары;

фотографиялық шығарма және оған ұқсас әдіспен алынған фотографиялық  шығарма;

карталар, жоспарлар, эскиздер, иллюстрациялар,топография;

ЭЕМ үшін бағдарлама;

Басқа да шығармалар;

Туынды  шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеме, шолулар, қойылымдар, музыкалы өңдеулер және басқа ғылыми, әдеби және өнер шығармаларының өңдеулері);

Жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, дерек  қоры құрастырмалы шығармалар).  

Авторлық  құқықтың нысаны болып табылмайтын  шығармалар:

ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, басқа  да заңдылық, әкімшілік, соттық, дипломатиялық, сипаттағы мәтіндер,сол сияқты ресми аудармалар);

мемлекеттік рәсімдер мен белгілер (жалау, елтаңба , ордендер, ақша белгілері және басқа  мемлекеттік рәсімдер мен белгілер) ;

халық творчестволық шығармалары;

ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.  

Біріккен  авторлық:

бірігіп (екі немесе одан да көп) жазылған шығарма  авторларына авторлық құқық бірдей беріледі, ол тұтас бөлінбейтін шығарма  болып саналмаса да, оған қарамай  әр біреуі өз алдына өз бетіндік шығарма болып саналады.

әр автор  өздері құрастырған шығармалардың  бөлімдерін, өз қалаулары бойынша  пайдалануға болады;

шығарманы тұтас пайдалану құқығы авторлардың  бәріне бірдей беріледі;

Авторлардың өзара қатынасы олардың өзара  келісімімен анықталады. Егер,шығарма біріккен авторды бөлінбейтін тұтас құраса, онда авторлардың біреуі шығарманы пайдалануға тиым сала алмайды;

әр автор  өз атынан, оның ішінде басқа авторлардың  келісімінсіз, Қазақстан Республикасының  заңдылық актілеріне сәйкес, авторлық құқына нұқсан келсе шара қолдана алады. 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама  авторлық құқықты – автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар түсініледі. Ал автор өз кезегінде - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын  жасаған жеке тұлға, олардың бәрі міндетіне, мазмұнына және қасиетіне, және де олардың білдіру әдістері мен нысандарына байланысты емес, зияткерлік меншіктің объектілері болып саналады.

Қазақстан Республикасында авторлық Қазақстан  Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 971-984 баптарымен, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң), 1942 жылғы 6 қыркүйектен Дүниежүзілік (Женева) авторлық құқықтар туралы Конвенция нормаларымен (Қазақстан оны бұрынғы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін және келісім-шарттарын   заңды мұрагері ретінде таныған болатын), 1996 жығы желтоқсанның 20-нан авторлық құқықтар және орындау және фонограммалар бойынша Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Женевадағы Келісім-шарттың Ережелерімен (Қазақстан оларға 2004 жылғы сәуірдің 16-нан №545 және №546 Заңдарымен қосылды) және тағы басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелінеді.

Қазақстан Республикасының авторлық құқық саласында заңнамасы басты мақсаттарға және міндеттерге жетуіне бағытталған. Біріншіден, авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларды жасау бойынша қызметін ынталандыруы қажет. Осы мақсаттарда авторлық құқық шығармашылық еңбекпен айналысуға жағдай жасап мүмкіндік туғызады, жеткен шығармашылық нәтижелерінің қорғауын, құқықтық тануын, және авторлардың соңынан олармен жасаған туындыларды қолдануына құқықты бекіту және табысты алуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, авторлық құқық қоғамның мүдделерінде туындылардың кең қолдануына жағдай жасайды. Басқа сөзбен айтсақ, авторлық құқықтың қорғауын күшейтуі және оны бұзғаны үшін жазаның қаталдануы адамның күнделікті өмірінде авторлық құқықтардың объектілерін қолдануға ешқандай бөгет жасауға қажет.

Информация о работе Авторлық құқық