Авторлық құқық

Автор: i***********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 18:04, доклад

Описание работы

Авторлық құқық – санаткерлік меншік саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді .
Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген терминдердің мынадай мәні бар .

Работа содержит 1 файл

Авторлық құқық.doc

— 103.50 Кб (Скачать)

                                    Авторлық құқық  

Авторлық  құқық – санаткерлік меншік саласында  ғылым , әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік  хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді .

Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген  терминдердің мынадай мәні бар .

Автор – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға .

Авторлық  құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары .

Дыбыс бейнежазу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп  және естіп қабылдауға арналып жасалған , өзара байланысты кадрлар серияларынан құралатын туынды .

Деректер  базасы - деректер (мақалдар , есептер ,фактілер және сол сияқтылар) жиынтығы , ол деректер материалдардың ірітелуі немесе орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылады .

Қайта шығару – туындының немесе фанаграманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда , соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау .

Жазу  – дыбыстарды және бейнелерді көп  рет қабылдауға , қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін  белгілі бір материалдық нысанда  техникалық құралдардың көмегімен  жазу .

Дыбыс бейне-жазу туындыларын дайындаушы - осындай туындының бастамасы және жауапкершілігін соның ішінде материалдық жауапкершілікті мойына алған заңды жеке тұлға .

Санаткерлік меншік – шығармашылық қызметтің  обьектендірілген нәтижесіне ие меншік .

Айрықша құқық – автордың немесе сабақтас құқықтар иесінің туындысы , орындаушылықты , фанаграмманы хабарды осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез-келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы .

Орындау- туындыны фанаграманы көрсету , рөльді , әнді, биді орындап , техникалық құралдардың көмегімен көрсету .

Орындаушы – актер ,әнші , музыкашы , биші немесе рол ойнайтын ән салатын , оқитын, мәнерлеп оқитын , музыкалық аспапта оинайтын немесе әдебиет пен өнер туындыларын  қандайда бір басқа жолмен орындайтын өзге адам сондай-ақ спектакльді қоюшы-режисер .

Контрафактілік  даналар - туындының немесе фанаграмманың  дайындалған немесе таратылған жағдайда авторлық және сабақтас құқықтардың  бұзылуына әкеп соғатын даналары .

Айрықша емес құқық - авторлық құқық пен сабақтас құқықтар иесімен бірге бұған автордың тиісті рұқсатын алған басқа адамның осы Заңда белгіленген жағдайлардан басқа ретте туындыны пайдалана алатын құқығы .

Авторлық  немесе Сабақтас құқықтар иесі - мүліктік құқық берілген жағдайдағы автор  немесе орындаушы.

Туындыны  жариялау - автордың келісімімен жариялау , көпшілік алдында орынддау , эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс- әрекетті жүзеге асыру .

Жариялау - туындыны авторының , фанаграмма жасаушысының келісімімен туындының , фанаграмманың даналарын көпшіліктің қажеттілігін қанағаттандыру үшін айналысқа шығару .

Эфирге  беру – туындыны , фанаграмманы , орындаушылықты , қойылымды , эфирлік немесе кабельдік  хабар тарату, радио немесе теледидар  арқылы көпшілікке тарату .

Туындының данасы – туындының кез-келген материалдық нысанда дайындалған көшірмесі .

ҚР авторлық құық және сабақтас құықтар туралы Азаматтық кодекстің 3-бабында : ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНЕН , осы ЗАҢ және соларға сәйкес шығарылатын басқа да нармативтік актілерден тұрады .

АВТОРЛЫҚ  ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ:

1)Авторларының  немесе олардың құқық мұрагерлерінің  азаматтығына қарамастан , Қазақстан  Республикасының аумағында жарияланған  не жарияланбаған , бірақ қандайда болмасын обьекивті нысандағы туындыларға :

2)Жарияланған  не жарияланбаған , бірақ Қазақстан  Республикасынан тыс жерлердегі  қандайда болсын обьективті нысандағы  туындыларға қолданылады және  Қазақстан Республикасының азаматтары  авторлар және олардың құқық  мұрагерлері деп танылады .

3)Жарияланған  не жарияланбаған , бірақ ҚР  тыс жерлерде қандайда болсын  обьективті нысандағы туындыларға  қолданылады және ҚР халықаралық  шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің  азаматтары авторлар (олардың құық  мұрагерлері ) деп танылады .

4)Қазақстан  Республикасы аумағында туынды  халықаралық шарттарға сәйкес  қорғалатын болған жағдайда туындының  авторы авторлық құқықты алуға  негіз болған іс-әрекет немесе  мән-жай орын алған мемлекеттің  заңы бойынша анықталады .

Авторлық  құқықтың обьектісі

1) Авторлық  құқық мақсатына, мазмұны мен  маңызына, сондай-ақ берілу әдісі  мен нысанасына қарамастан, шығармашылық  еңбектің нәтижесі болып табылатын  ғылым, әдебиет және өнер туындыларына  қолданылады. 

2) Авторлық  құқық белгілі бір обьективті  түрге ие болған

3) заңның  осы бабының бірінші тармағында  аталған белгілері бар және  дербес қолдануға болатын туынды  бөлігі авторлық құқық обьектісі  болып табылады.

4) Авторлық  құқық идеалардың, тұжырымдамалардың,  принциптердің, әдістердің, жүйелердің,процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды.

5) Туындыға  деген авторлық құқық туынды  жасалған материалдық обьектіні  меншіктеу құқығымен байланысты  емес.

Материалдық обьектіні меншіктеу құқығының  немесе материалдық обьектіні иелену құқығының өзгеге берілуі, осы Заңның 18-бабында көзделген реттерін қоспағанда, сол обьектіде көрсетілген туындыға қандай да болмасын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеліп соға алмайды.

Ғылым, әдебиет және өнер шығармасына авторлық құқық оның жасалу дерегіне қарай  туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу, өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді.

Айрықша авторлық құқықтардың иесі өзінің құқықтарын хабарлау үшін авторлық құқық қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол белгі туындының әр данасына қойылады және мынадай үш элементтен тұрады:

1. Қоршауға  алынған латынша «С» әрпі : ;

2. Айрықша  авторлық құқықтар иесінің есімін  атауы;

3. Туындының  алғаш жарияланған жылы;

Туындыға  авторлық құқықтың немесе қандай да бір айрықша құқықтың иесі жарияланған немесе жарияланбаған туындығыа авторлығын, туындының жариялану фактісі мен мерзімін немесе автордың туындыға құқығына қатысты жасалған шарттарды куәландыру үшін авторлық құқығы қорғалатын мерзім ішінде кез келген уақытта оны ресми тізімдемелерге тіркей алады. Тіркеуді белгіленген нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес уәкілдік берілген орган жүзеге асырады.

Авторлық  құқық обьектілері болып табылатын  туындылар:

1. Әдеби  туындылар;

2. Драмалық  және музыкалық- драмалық туындылар;

3. Сценарий  туындылар;

4. Хореография  және пантомима туындылар;

5. Мәтіні  бар немесе мәтіні жоқ музыкалық  туындылар;

6. Дыбыс,  бейне жазу туындылар;

7. Мүсіндеме,  кескіндеме, бейнелеу туындылар;

8. Қолданбалы  өнер туындылар;

9. Сәулет, қала құрылысы және бау – саябақ өнері туындылар;

10. Суретке  түсіру туындылар;

11. Карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулерге  және географияға, топография  мен басқа ғылымдарға қатысты  үш өлшемді туындылар;

12. ЭЕМ-ге  арналған бағдарламалар;

13. Өзге  де туындылар;

Авторлық  құқық обьектілері болып табылмайтын  туындылар:

1. Ресми  құжаттар (заңдар, сот шешімдері,  заң әкімшілік, сот сипатындағы  және дипломатиялық өзге де  мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми  аудармалары;

2. Мемлекеттік  нышандар мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзг де мемлекеттік нышандар мен белгілер);

3. Халық  шығармашылығы туындылары;

4. Оқиғалар  мен фактілер туралы ақпараттық  сипаттағы хабарлар;

Туындыны  жеке мақсатта автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей көшірмелеу:

1. Заңды  түрде жарияланған туындыны автордың  келісімінсіз және авторлық сыйақы  төлемей жеке тұлғаның тек  өз мақсаты үшін, осы заңның 26 бабында көзделген реттерді қоспағанда, жалғыз дана етіп көшірмелеуіне  жол беріледі.

2. Осы  баптың 1 тармағының ережесі:

1. Үйлер  мен солар сияқты ғимараттар  түріндегі сәулет өнері туындыларын  көшірмелеуге;

2. Деректер  базаларын немесе олардың елеулі  бөліктерін көшірмелеуге;

3. Осы  заңның 24 бабында көзделгендерден  басқа реттерді қоспағанда ЭЕМ  –ге арналған бағдарламаларды көшірмелеуге;

4. Кітаптарды  және нота мәтіндерін репродакциялауға  қолданылмайды;

Туындыны  автордың келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану.

Автордың  келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей, бірақ туындысы пайдаланылатын автордың есімін және қай деректен алынғаны міндетті түрде көрсетіле отырып, шығарманы пайдалануға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1. Заңды  түрде жарияланған туындылардан  түп нұсқа күйінде және аударма  түрінде ғылыми, зерттеу, пікірталас, сынау және ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу ретінде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзінілерін қоса алғанда, дәйек сөз алу мақсатына сай көлемде дәйек сөз алу;

2. Заңды  түрде жарияланған туындыларды  және олардан алынған үзінділерін  оқыту сипатындағы басылымдарда, радио және телехабарларда, дыбыс-бейне жазуларда алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;

3. Ағымдағы  экономикалық, саяси, әлеуметтік  және діни мәселелер бойынша  газеттерде немесе журналдарда  заңды түрде жарияланған мақалаларды  немесе эфирге берілген осындай сипаттағы туындыларды жұртшылық назарына жеткізу үшін газеттерге көшіріп басу, эфирлерге тарату немесе кабель бойынша хабарлау;

4. Көпшілік  алдында сөйленген саяси сөздерді, үндеулерді, баяндамаларды және  басқа осы сияқты туындыларды  ақпараттық мақсатқа сай көлемде жұртшылық назарына жеткізу үшін газеттерге көшіріп басу, эфирлерге тарату немесе кабель бойынша хабарлау. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;

5. Ағымдағы  оқиғалар барысында көрінген  немесе естілген ағымдағы оқиғаларды суретке түсіру құралдары, эфирлерге тарату немесе жұртшылық назарына жеткізу үшін кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшірмелеу немесе көпшілік назарына арналған хабар. Бұл орайда автордың мұндай туындыларды жинақтарда жариялау құқығы сақталады;

6. Заңды  түрде жарияланған туындыларды  бедерлі-нүкте жазуымен немесе  зағип адамдарға арналған басқа  да арнайы тәсілдермен, осылайша  көшірмелеу үшін арнайы жасалған  туындыларды қоспағанда, пайда таппай  көшірмелеу;

Тең авторлар:

1. Екі  немесе одан да көп адамның  (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық  еңбегімен жасалған туындының  авторлық құқығы, мұндай туындының  бөлінбес біртұтас болуына немесе  әрқайсысы өз алдына жеке мәнге  ие бөлімдерден тұратындығына  қарамастан, тең авторларға тиесілі болады.

Информация о работе Авторлық құқық