Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 17:34, монография

Описание работы

Жоғарыда келтірілген жағдайлар зерттеу жұмысының тақырыбын айқындауға мүмкіндік туғызды, себебі Қазақстан Республикасының балаларын шетелдіктермен асырап алу мәселесін теориялық және тәжірибелік жүзінде зерттеуді заңмен реттеу қазіргі заманғы ғылым мен құқық үшін маңызды болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3-6
Бала асырап алудың теориялық – ұғымдық аспектілері......................7-14
Халықаралық бала асырап алудың артықшылықтары мен кемшіліктері......................................................................................................15-18
Халықаралық бала асырап алудағы мемлекеттердің алатын орны
Қазақстан Республикасының халықаралық бала саудасына қатысуы...................................................................................................19-20
Балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясының орны............................................................21-23
Қазақстан Республикасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам өміріндегі алатын орны және оның алдын алу шаралары................................................................................................24-28

Қорытынды.............................................................................................29-30

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................31-32

Работа содержит 1 файл

Баяндама Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

        Қазақстан Республикасының халықаралық бала саудасына қатысуы

    Қазақстан билігі Халықаралық бала сату туралы Конвенцияға – адам жанын түршіктірер  құжатқа қол қойып, содан бері жетімдерімізді шетел асыра бастағанымыз жасырын емес. ҚР қол қойып, ратификациялаған БҰҰ жанындағы Бала құқықтары туралы конвенция еліміздегі жетім балалар мен шетелдіктер асырап алған балалардың тағдырына қорған бола алмайтын сыңайлы. Өйткені осы уақытқа дейін шетел асып кеткен балаларымыздың көбісінің тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Оның себебі де жоқ емес. Мәселен шетел асып кеткен балаларымыздың басым бөлігі АҚШ-қа тиесілі болса да, аталмыш конвенцияның бұл ел алдында күші жоқ. АҚШ-тың сыртқы істер министрлігі конвенцияға қол қойғанымен, АҚШ сенаты оны ратификациялау туралы заңды қабылдамай тастаған. АҚШ қана емес басқа да ірі-ірі мемлкеттер бұл конвенцияны мойындамаған. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ: бүгінге дейін 6014 бала шет ел асқан, бұл балалардың басым бөлігін, яғни 6014 баланың 5308-ін АҚШ елінің азаматтары асырап алған. Қалған 163 бала – Бельгияға, 126 бала – Ирландияға, 152 бала – Испанияға, 59 бала – Германияға, 45 бала Францияға жөнелтілген. Айта кетер жәйт, конвенцияға Батыс елдері басқа елден бала әкелу үшін қол қойып отыр. Мәселен, Ирландия заң жүзінде шетелдіктерге бала береді, алайда ол елден сырттан келіп асырап алуға бала табу мүмкін емес. Ресей де, Израильде де, тіпті халық саны, адам басы құнсыз дейтін Қытайда шет елге бала бермейді. Сол себептен Қазақстан бүгінге дейін кеткен 6014 баланың өміріне араласа алмауы мүмкін. Олардың асырап алушылары мен біздің органдар арасындағы келісімшарттар заңдық нормалар шеңберінде жасалған. Біздің мемлекеттік орган тек бала саудасына байланысты өтініш берген ұйымдар мен агенттіктерді тіркеумен ғана айналыспақ. Біз мемлекеттің ең басты қазынасы — халық дейміз де, демографиялық қор болып табылатын жас сәбилерді шетелдіктерге оп-оңай таратып жатырмыз. Айтпақшы небәрі 16млн. халқы бар Қазақстан шетелдіктерге бала беруде 1,5 млрд. халқы бар Қытайдың алдына да шығып отырғанын айта кеткен жөн. Нәтижесінде шетелге мұнай шығарудан әлем бойынша 4-ші орын алсақ, бала беруден 3-ші орынға шығып отырмыз. Елімізде шетелдіктерге бала берумен айналысатын 40-тан астам агенттік бар. Ал агенттіктің бір баланы шетелдіктің иелігіне заңдастырып беруден табатын табысы 30-35 мың долларды құрайды. Ал бұл ақша кімнің қалтасына құйылып, кімдердің қалтасын томпайтып жатыр? Бұл жағы тағы беймәлім. Шынтуайтында, біздің мемлекеттік органдар тек бала саудасына өтініш берген ұйымдар мен агенттіктерді тіркеумен ғана айналысады екен. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға  қатысты ынтымақтастық  туралы  Гаага  Конвенциясының орны

    Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу  саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді. Конвенцияның жалпы бөлімінде қарыстырылғандай Конвенцияға қол қойған мемлекеттер баланың толық және жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жанұя жағдайында, бақыт, мейірім, махаббат аясында тәрбиелуі қажеттігін мойындай отырып, әрбір мемлекет приоритетті мақсат ретінде баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар қабылдауы қажеттігін ескере отырып, баланың өзі туған елден сәйкесінше жанұя табылмаған жағдайда шет елдік бала асырау тұрақты отбасын қамтамасыз етерлік мүмкіндік беретінін мойындай отырып, шет елдік бала асырау баланың негізгі құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету үшін және баланы ұрлау, сату немесе саудалауды тоқтату үшін шаралар қолдану қажеттігін ескере отырып, осы мақсатқа сәйкес халықаралық құжаттауда, атап айтқанда,  1989 жылы 20 қарашада жарияланған балаларды қорғау туралы БҰҰ Конвенциясында, балаларды қорғауға және мүддесіне байланысты әлеуметтік және құқықтық принциптері туралы БҰҰ Декларациясында, әсіресе 1986 жылы 3 желтоқсанда жарияланған ұлттық және халықаралық деңгейде балаларды тәрбиелеуге және оларды асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының  41\85 ұйғарымында көрсетілген принциптерді назарда ұстай отырып келісім жасасты. 2004 жылғы 2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі туралы шешім қабылданды.

         Осы Гаага Конвенциясының мақсаттарына  қол жеткізуге және оның ережелерінің жүзеге асырылуына көмектесу үшін қатысушы мемлекеттер балаларды саудалау іс-әрекетінен, балалар порнографиясынан баланы қорғаудың кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолдануда. Баланың құқықтарын ынталандыру және қорғау ісінің кеңінен қуатталуын көрсететін баланың құқықтары туралы конвенцияға барлық жерде қолдау көрсетеді. Балаларды саудалауды, балалар зинақорлығын және балалар порнографиясын ескерту жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасының және 1996 жылғы 27-31 тамызда өткен балаларды коммерциялық мақсаттарда сексуалдық пайдалануға қарсы дүниежүзілік конгресінде қабылданған шешімдер мен ұсыныстарының ережелерін жүзеге асырудың маңызы зор.

         Осы нормалар Қазақстан аумағында  қолданылатын, балалар құқықтарын  қорғау саласындағы неғұрлым  маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге тиіс шекараларын белгіледі .

         Конвенция нормалары баяндаманы  шартқа қосылғаннан кейінгі екі  жылдан соң ұсынуды көздейтін  уақытта, Қазақстан Республикасы  Конвенцияның орындалуы туралы  бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда  дайындады. Баяндама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл аралығындағы кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002 жылы Қазақстанның Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға түсініктемені қамтыған балама баяндама дайындады.

        Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы  маусымда Женева қаласында  
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың топтамасын дайындады. Осы сессияда  БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады.

    Қазақстан Республикасы Гаага Конвенциясына  қосылуы және бекітілуі  төмендегідей қамтамасыз етеді:

    - шетелдіктер балаларды асырап  алуда  құқықтық қорғауды (1-бап);

    - балаларды сату  және басқа  да теріс пайдаланушылықты болдырмау  (Кіріспе);

    - бала асырап алуда заңсыз қаржылық пайда табу,  сыбайлас жемқорлық әрекетін болдырмау (8-бап);

    - баланың заңды құқығын бұзған  жағдайда оны қайтару мүмкін (21-бап);

    - баланың мүддесін қамтамасыз  ету мақсатында  қабылдап алуға  ықтимал ата-ана туралы ақпарат  жинауға, сақтауға әрі оны алмасу тәртібі (9-бап);

    - Конвенцияны неғүрлым жақсы қолдану  мақсатында кез келген мемлекет  бір немесе одан да көп   мемлекеттермен келісім жасасуы  мүмкін. (39-бап);

    Конвенцияның  негізгі басымдықтары:

    1. «Бала өзінің отбасының қамқорлыңында  қалу үшін барлық шараларды жасау» мемлекет міндетті.

    2. Асырап алу баланың шыққан  мемлекетіне басымдылық беріледі  және тек содан кейін егер  Қазақстан Республикасының азаматтарына  тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған  жағдайда  ғана халықаралық асырап  алу  қолданылады.

        Қазақстан Республикасындағы  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам  өміріндегі алатын орны және оның алдын алу  шаралары

    Шетел асқан жетімдердің құқын қорғайтын заңдық құжаттың жоқтығы өз алдына, өз еліміздегі жетім балалардың құқықтарының қорғалуы көңіл көншітпейді. Республикамыздағы жетім балаларға арналған 44 балалар үйі мен 22 мектеп интернатта 8 987 бала тәрбиеленеді. Бұл балалардың барлығы дерлік кәмелеттік жасқа толғаннан кейін көшеде қараусыз қалады. Не мамандығы, не басында баспанасы, тіпті жанашыр ағайын, туған-туысы жоқ мұндай балалардың қылмысқа да жиі ұрынатынын мамандар растайды. Осылайша не шетелдегі, не еліміздегі жетім балалардың болашағына қамқор бола алмай жатырмыз. Ал бұл мәселелердің барлығын заңдық тұрғыдан ғана реттей алатынымызды ескерсек, елімізге «Жетім балалар туралы» жетім балалардың мүддесін қорғайтын заңның қажеттігі айқындала түседі. Аталған заң жетім балалар құқығын қорғай отырып, Қазақстанда балалар үйлерінің санын көбейтуге емес, отбасы және неке құндылықтары институтын нығайтуға жұмыс істеуі тиіс.  

      Айталық, биыл Қазақстан Халықаралық бала асырап алу бойынша Гаага конвенциясына қол қойған алпауыт 78 мемлекеттің қатарына қосылды. Алайда көптеген мемлекеттер жетім балаларын шетел асырмас бұрын сол баланы өздеріне қалдыруға тырысады. Демек, мемлекет алдындағы ең үлкен міндет – жетімдерді мүмкіндігінше Отанынан айырмауға барынша жағдай жасау.

    Бүгінде ел халқының 4,5 млн.-ын балалар құраса соның ішінде 46 мыңнан астам бала түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалып отыр. Әрине, ол себептер айтпаса да түсінікті. Ал сол балалардың 16 мыңы мемлекет қарауындағы балалар үйлері мен интернаттарда тәрбиеленуде. Сондай-ақ, 25315 бала ата-ана қамқорлығына берілсе, қалған 2063 бала отбасы үлгісіндегі ауылдарда жүр. Елімізде де бала асырап алуға ниетті қайырымды жандар жетерлік-ақ...Бірақ, бізде бала асырап алғандардың көпшілігі өз туыстарының балаларын қамқорлықтарына алғандар. Өйткені, бөтенің баласынан гөрі ет жақын жетім баланы асырап алудың заңдық машақаты аздау. Мысалы, 2008 жылы 2773 жетім баланы өзіміз асырап алсақ, өткен жылы 3044 бала жетімдіктің қамытынан құтылған. Дегенмен, бұл көрсеткіш бұдан да көптеу болар ма еді, егер заңымызбен әлеуметтік жағдайымыз  сәл де болса жоғарылау болғанда...

    Мысалы, бала асырап алуға өтініш білдірген ата-аналардың көпшілігі жаңа туылған сәбилерді бауырларына басқысы келеді. Әрине ондай қорғансыз сәбилерге ата-ананың  аялы алақаны ерекше керек-ақ. Ол үшін баланы асырап алған отбасының анасы үйде отыруы керек. Әдетте, жұмыс істейтін аналар балалы болғанда ҚР Еңбек кодексінің 193-бабы бойынша босанғанға дейін жетпіс күн, босанғаннан кейін елу алты күн еңбек демалысын алуға құқылы. Сондай-ақ олар бала күтіміне байланысты 3 жылға дейін ақысыз демалып, кейін алаңсыз жұмысына орала алады. Алайда, бізде нәрестені асырап алғандарға заң басқаша қарайды.

    Жаңа  туылған баланы асырап алған ата-аналарымызға ҚР еңбек кодексінің 194 бабына сай, бар  болғаны 56 күн ғана демалыс беріледі. Заң бойынша емханалар мен  медициналық орталықтарда қалдырылған жаңа туылған сәбилер үш айдың ішінде асырауға беріледі. Қалай есептеп қарасаңыз да бала асырап алған адамдар сәби өмірге келгенге дейін 56 күнге тиесілі ақылы еңбек демалысының ақшасын мемлекеттен ала алмайды. Демек, ел қатарлы ақылы еңбек демалысын алу мүмкіндігі бұйырмаған аналар мерзімінен бұрын жұмысқа шығуға мәжбүр. Өйткені қазақстандық бала асырап алушылардың 95 пайызы қарапайым орта шаруалар. Оның үстіне мемлекет бірді-екілі баланы асырап алған адамдардан гөрі, балаларды патронаттық тәрбиеге алған отбасыларға көбірек қолжетімді болып тұр. Мұндай отбасыларда тәрбиеленіп жатқан бір баланың айлық шығыны орта есеппен 26 мың теңге. Одан бөлек балалардың түрлі әлеуметтік төлемдері мен  жәрдемақылары (алимент, пенсия сияқты т.б.) толығымен сақталады. Ал, бөтеннің баласын бауырына басып, өз баласы еткендерге түк те жоқ. Айталық мемлекет қарамағындағы балалар үйінде өсіп жатқан бір балаға айына айына шамамен 72 мың теңге жұмсалады екен. Яғни мұны есептеп көрсеңіз, жоғарыдағы 16 мың балаға айына 1,1 млрд теңге, жылына 13млрд теңге шығын шығады. Он үш миллиард теңге аз қаражат емес, мұны күллі әлем ең дұрысы осы деп мойындаған баланы асырауға неге жұмсамасқа?     

    Ұсыным  жоба:

    1. Елдегі жетім балалар үйлері  мемлекеттік тілде тәрбие беруі  қажеттігі міндеттелуі тиіс.

    2. Аталған заң жетім балалар  құқын қорғай отырып, Қазақстанда  жетімдер үйлерінің санын көбейтуге  емес, отбасы және неке құндылықтары  институтын нығайтуға жұмыс істеуі  тиіс.

    3. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз  қалған балалардың саны 46 мың  126. Олардың 16 мыңдайы балалар үйінде тәрбиеленуде, 28 мыңнан астамы туыстарының немесе асырап алған ата-аналар қамқорлығына берілген. Биыл Қазақстан азаматтары тарапына 1700, шет елдік азаматтар тарапына 700 бала қамқорлыққа берілді. Балаларды қамқорлыққа алушылардың көбісі зейнеткерлер болғандықтан, олардың балаға толыққанды күтім көрсетіп, білім беруіне шамалары жете бермейді. Оған қоса, қазіргі экономикалық дағдарыс уақыты да қамқоршылар жағдайын қиындата түскендей. Сондықтан қазір дәл осы топты қолдау қажет.

Информация о работе Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы