Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 17:34, монография

Описание работы

Жоғарыда келтірілген жағдайлар зерттеу жұмысының тақырыбын айқындауға мүмкіндік туғызды, себебі Қазақстан Республикасының балаларын шетелдіктермен асырап алу мәселесін теориялық және тәжірибелік жүзінде зерттеуді заңмен реттеу қазіргі заманғы ғылым мен құқық үшін маңызды болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3-6
Бала асырап алудың теориялық – ұғымдық аспектілері......................7-14
Халықаралық бала асырап алудың артықшылықтары мен кемшіліктері......................................................................................................15-18
Халықаралық бала асырап алудағы мемлекеттердің алатын орны
Қазақстан Республикасының халықаралық бала саудасына қатысуы...................................................................................................19-20
Балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясының орны............................................................21-23
Қазақстан Республикасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам өміріндегі алатын орны және оның алдын алу шаралары................................................................................................24-28

Қорытынды.............................................................................................29-30

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................31-32

Работа содержит 1 файл

Баяндама Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 

      Кіріспе.........................................................................................................3-6

  1. Бала асырап алудың теориялық – ұғымдық аспектілері......................7-14
  2. Халықаралық бала асырап алудың артықшылықтары мен  кемшіліктері......................................................................................................15-18
  3. Халықаралық бала асырап алудағы мемлекеттердің алатын орны
  4. Қазақстан Республикасының халықаралық бала саудасына қатысуы...................................................................................................19-20
  5. Балаларды қорғау және шетелдік асырап алуға  қатысты ынтымақтастық туралы Гаага  Конвенциясының орны............................................................21-23
  6. Қазақстан Республикасындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғам өміріндегі алатын орны және оның алдын алу шаралары................................................................................................24-28

    Қорытынды.............................................................................................29-30

    Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................31-32 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Кіріспе

    Соңғы жылдары қазақстандық балаларды  шетелдіктермен асырап алу көптен кездесіп жүр. Қазақстандық және шетелдік қоғам көзқарасы бұл жағдайға бірдей емес. Көптеген билік өкілдері мен қарапайым азаматтар қазақстандық жетімдердің жағдайлары үшін алаңдаушылықтарын білдіруде, және бұл кездейсоқтық емес. КСРО-ның тоқырауына дейін шетелдік азаматтардың қазақстан балаларын асырап алу сирек кездесетін. Бұл мәселе соңғы жылдарда ғана өзінің қиындықтарын туғыза бастады. Бала асырап алу (қыз асырап алу) – жетім қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жанұямен қамтамасыз ету құралы болып саналады.Ұcынылып oтыpғaн диccepтaциялық жұмыc «Бала асырап алу мәселесін халықаралық нормалар арқылы реттеу тәртібіне арналады». Зepттeудe бала асырап алу мәселесінің дaмуын, бала асырап алу мәселесінің пәнiн жүйeci мeн құpылымын   құқықтық нeгiзiн, бала асырап алу мәселесін халықаралық нормалар арқылы реттеу қызметі зaң жәнe бacқa дa ғылыми бiлiм жүйeciндeгi aлaтын opнын, бала асырап алу мәселесін мемлекеттік қaдaғaлaу мeн бала асырап алу  қызмeтiмен айналасатын cубъeктiлepiнiң қызмeтiн ұйымдacтыpу жәнe дe бала асырап алу мәселесінің ұйымдacтыpушылық­тaктикaлық элeмeнттepi қapacтыpылғaн.

       Бүгінгі таңда халықаралық асырап алу қызметі өте кең ауқымды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңының 76-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін. Соңғы жылдары шетелдік азаматтармен қазақстандық асырап алынған балалардың саны бес есеге өсті, ал қазақстандық азаматтармен асырап алынған балалардың саны екі есеге төмендеді.

    Бұл қалыптасып отырған мәселелерді  мына жағдайлармен түсіндіруге болады, қоғамдық-экономикалық жағдай (төмен  жалақы, экономикалық тұрақсыздық), ата-аналарының қамқорығынсыз қалған балалардың санынан  асырап алушы қазақстандық азаматтардың саны едәуір төмен.

    Сөзсіз, халықаралық асырап алу өте күрделі  және рухани-моральдық мәселені, яғни асырап алынушы баланың тағдырын шешуші құрал. Алайда,  Қазақстан  Республикасының аумағынан асып кеткен баланың алдағы өмірін қадағалап  отыру өте қиынға әкеліп соғады. Сонда шет жердегі баланың айналасындағылармен қарым-қатынасының қалай өрбитінің елестету өте қиын.

    Соңғы жылдары шетелдік азаматтармен асырап алынған 15 бала (оның ішінде 14 АҚШ азаматтарымен  асырап алынған) өздеріне асырап алған  ата-аналарының қатты қысым көрсеткендіктің салдарынан қайтыс болғандары тіркелген. Айта кететін жайт, шетелдік азаматтар асырап алу мәселесін реттеу үшін шетелдік ұйымдардың қызметіне жүгінеді.

    Бұл ұйымдар сәйкесінше, Қазақстан Республикасының  заңдарымен рұқсат етілуі тиіс. Теория жүзінде, бала асырап алу мәселесінде делдалдық қызмет жүргізілмеуі тиіс. Алайда, Қазақстан Республикасының аумағында кейбір жағдайларды мұндай заңсыз қызметтер орын алады. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкес рұқсатын алған шетелдік бала асырап алу жөніндегі ұйымдардың қызметтерінде көбінде заңсыздықтар көптен кездеседі.

    Қазақстан Республикасының заңына қарамастан асырап алу мәселесін реттейтін  ұйымдардың өкілдері асырап алушы шетелдіктерден көрсеткен делдалдық қызмет үшін көптеген ақша сомасын талап етеді. Кейбір агенттіктер Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат мерзімі бітсе де, өздерінің қызметтерін атқарып жатыр. Сондай-ақ асырап алу жөніндегі АҚШ-тың Ұлттық кеңесінің мәліметі бойынша асырап алынған  Қазақстан Республикасының балаларының қайтыс болғандарының көбісінде асырап алу туралы арнайы ресми рұқсаты болмаған делінеді, яғни бұл қызметпен айналасатын ресми рұқсаты жоқ ұйымдардың, асырап алушылардың теріс пиғылынан бұл балалар шетелге заңсыз жіберіліп отырған. Мұндай жағдайда тәуелсіз асырап алу жөнінде сөз болып отыр.

    Халықаралық асырап алумен айналасатын көптеген ұйымдардың заңсыз әрекеттерін байқауға болады. Кейбір осындай ұйымдар халықаралық  асырап алу жөніндегі бекітілген ережелерді сақтамағандықтан, балалардың құқықтары бұзылып жатыр.

    Асырап  алу процессі заңмен реттелсе де, әлі  де, асырап алу жөніндегі делдалдарды  жауаптылыққа тарту мәселесі, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды табу мен орналастыру қызметін салғырттықпен  орындап жатқан қамқоршы және қорғаншы органдарының қызметін, сондай-ақ асырап алудың сауда-саттық пен қылмыстық әрекетке айналуы жөніндегі мәселелер қарастырылмай отыр.

    Көрсетілген жайттарда ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың шетелдіктермен асырап алынған жағдайда құқықтары  мен бостандықтарын қорғалуын мемлекеттік қадағалау даулы мәселе болып табылады. Себебі, қазіргі таңда асырап алынған балалардың жағдайын қадағалау қиынға соқтырады. Қазақстандық қамқоршы және қорғаншы органдары шетелдіктермен асырап алынған қазақстандық балалардың жағдайын шетелде қадағалай алмайды, себебі, Қазақстан Республикасының юрисдикциясы Қазақстан Республикасының шекарасында аяқталады. Қазақстан Республикасының консулдық өкілдіктерінің де, шетелдіктермен асырап алынған балаларды толық қадағалау мүмкін емес, себебі, мекендік мемлекеттің нормалары мен ережелерін сақтау тек, консулдық округтердің шегінде жүзеге асырылады. Осыған, орай, туындап отырған келелі мәселелерді реттеу басты міндет болып отыр. Ол үшін балалардың құқықтарын қорғаумен қамтамасыз ететін халықаралық шарттар, жанұя мәселелерін реттейтін өзара жәрдем шарттарын, Қазақстан Республикасының балаларын асырап алушы елдермен халықаралық асырап алу жөніндегі шарттарға отыру қажет, сондай-ақ осы балалардың кейінгі жағдайын қадағалау жөніндегі шартпен қамтамасыз ету керек.

    Осыған  сәйкес, Қазақстан Республикасының  бала асырап алу жөніндегі мемлекет аралық ынтымақтастық туралы екі  жақты шарттары «Бала құқықтары» туралы Конвенцияның   21 бабына сәйкес келеді, сондай-ақ 1993 жылғы  «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық» туралы  Гаага Конвенциясына сәйкес келеді.

    Жоғарыда  келтірілген жағдайлар зерттеу  жұмысының тақырыбын айқындауға мүмкіндік туғызды, себебі Қазақстан  Республикасының балаларын шетелдіктермен асырап алу мәселесін теориялық және тәжірибелік жүзінде зерттеуді заңмен реттеу қазіргі заманғы ғылым мен құқық үшін маңызды болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Бала  асырап алудың тeopиялық-ұғымдық acпeктiлepi

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы халықаралық  бала асырап алу өндірісімен екпінді айналысуда. 17.12.1998 жылы «Неке және Отбасы туралы» ҚР-ның Заңымен ресми түрде халықаралық бала асырап алуға рұқсат берілген сәттен бастап шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алу мәселесі көкейкесті болып отыр. Ең алдымен ескере кететін жағдай көптеген бұқаралық ақпарат құралдары шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алуының даму қарқынына байланысты мәселелерді көтеруде. Аталған мәселенің көтерілуін жөнсіз деп те айтуға болмайды, себебі Қазақстанда халықаралық бала асырап алу жылдан жылға өсуде: 2006 жылы – 770 бала, 2007 жылы - 811 бала, 2008 жылы – 746 бала, 2009 жылы – 1015 бала шетелдік азаматтармен асырап алынған. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ 1999 жылдан бастап  7918 қазақстандық бала шетелдік азаматтармен асырап алуға берілген. Ресми емес қайнар көздер бұл санды екі есеге арттырып отыр.

    Заң әдебиеттерінде бала асырап алуға байланысты екі пікірді қарама-қайшы қояды. Хаскельберг Б.П. бала асырап алуды  отбасылық құқықтық қатынастардың  туындауының негізі ретінде қарастырса, Ворожейкин Е.М. оны тек отбасылық тәрбиелеудің нысаны ретінде қарастырады. Біздің пікірімізше, бұл екі көзқарас бір-біріне қайшы келмейді, себебі, бала асырап алу отбасылық құқықтық байланысты туындата отырып, отбасында тәрбиелеудің шарты болып табылады.

    Халықаралық бала асырап алу туралы қоғамдық пікір  қарама-қайшы. Оған қарсы шығушылардың пікірлері жалпы идеологиялық ұстанымға  негізделеді: шетелге біздің генофондымызды шығару, қылмыстық ниеттерін іске асыру үшін қазақстандық балаларды сатып алушы шетелдік асырап алушылардың жасырын мотивтері. Халықаралық бала асырап алуды жақтаушылар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаға мемлекет көрсете алмаған көмекті шетелдіктер көрсетеді, бала отбасылық тәрбие алады деп тұжырымдауда.

    Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу мәселелерінің Қазақстанда орын алғанына біраз уақыт болды. Ұзақ уақыт бойы қазақстандық балаларды  шетелдік азаматтардың асырап алуы не ұлттық заңнамамен, не тиісті халықаралық  актілерді ратификациялау жолымен реттелмеген болатын. «Бала асырап алу кеңестік заңнама бойынша және бала асырап алуға көзделген рұқсат алынған кезде жүргізіледі» деген ережені бекіткен Қазақ ССР-нің Неке және семья туралы Кодексінің 187 бабы бұл мақсаттар үшін жеткілікті болды. 1991 жылдың аяғында республика аумағында бала асырап алу бойынша америкалық агенттіктердің әрекет ете бастауы, қазақстандық заңнаманың жетілдірілу керек екендігін көрсетті. 1992 жылдың наурыз айында ҚР-ның Білім беру және денсаулық сақтау министрлігімен бала асырап алуды рәсімдейтін білім беру органдарының қызметкерлері үшін «Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды шетелдік азаматтардың асырап алуы туралы» түсіндірме хат жасалды. Тиісті түсіндірмеге сәйкес қазақстандық азаматтармен әртүрлі себептерге байланысты асырап алынбаған балалар, яғни мүгедек балалар, дамуында кемшіліктері бар балалар шетелдік азаматтардың асырап алуына берілді. Бұл хат нормативтік сипатта болмағандықтан қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен құжаттарды рәсімдеу кезінде ғана қолданылды. Осындай заңсыз әрекеттерге тиым салу мақсатында қазақстандық балаларды шетелдік азаматтардың асырап алуына мараторий жарияланды.

    Халықаралық бала асырап алу мәселелерін реттейтін  заңнаманың қалыптасуының жаңа кезеңі - бұл  17.12.1998 жылы «Неке және Отбасы туралы» ҚР-сы Заңының қабылдануы. Аталған заңға сәйкес ҚР-ның аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР-ның азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жою ҚР-ның заңдарына сәйкес жүргізіледі.

    ҚР-ның аумағынан тыс жерлердегі отбасыларға тәрбиелеуге берілген ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары мен мүдделерін қоғау қажеттілігі, халықаралық бала асырап алудың үрдісіне ерекше қарауды талап етеді. Халықаралық бала асырап алуға қатысты негізгі ережелер Қазақстан 1994 жылдан бастап қатысушысы болып табылатын 1989 жылғы Бала құқығы туралы БҰҰ-ның Конвенциясында бекітілген. Тиісті Конвенцяға сәйкес халықаралық бала асырап алу дегеніміз - бұл біріншіден, баланың туған мемлекетінде отбасына орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайларда қолданылатын, балаға отбасыны қамтамасыз етудің әдісі. Екіншіден, бала асырап алу туралы мәселелерді шешуді мемлекеттің тиісті құзіретті органдарының қарауына жатқызу. Үшіншіден, баланы өзге мемлекет азаматтарына асырап алуға беруде, мемлекет ішінде асырап алуға беруде қолданылатын нормалар мен кепілдіктерді қолдану қажеттілігі. Төртіншіден, баланы орналастыру пайда табу мақсатында жүргізілмеуі тиіс [10]. Бұл қағидалар халықаралық бала асырап алудың мәселелеріне арналған 29.05.1993 «Баланы қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» Гаага Конвенциясының мәтінінде бекітілген. Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері Гаага Конвенциясында детальды нысанда көрініс тапқан, сонымен бірге халықаралық бала асырап алуға байланысты бірқатар жаңа нормалар бекітілген. Гаага Конвенциясы ҚР-мен ратификацияланғанымен «Неке және Отбасы туралы» ҚР-сы Заңының 213 -бабында халықаралық бала асырап алуда ҚР-мен бекітілген халықаралық шарттардың ережелерін ескеру қажеттілігін көрсетеді.

    Мемлекет  ішінде және халықаралық бала асырап алуға таратылатын талаптардан  өзге халықаралық бала асырап алу  аясында арнайы ережелер де әрекет етеді. ҚР-ның  азаматы болып табылатын  балаларды ҚР-ның аумағында тұрақты  тұратын ҚР-ның азаматтарына беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға беріледі. ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі. Балалар ҚР-ның аумығынан тыс жерлерде тұратын ҚР-ның азаматтарына, баланың туысы емес шетелдіктерге бала орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткен соң асырап алуға берілуі мүмкін. Баланы асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап алуға, онымен екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына баланы асырап алғысы келетіні туралы арыз, сондай-ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әлауқаты, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті. ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібі 12.11.2002 жылы қабылдаған «ҚР-ның азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібі туралы» ҚР-сы Үкіметінің №1197 Қаулысымен анықталады. Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды ҚР-ның елшіліктері немесе консулдық мекемелері жүзеге асырады.

Информация о работе Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шет ел азаматтарымен асырап алынуы