Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 12:12, реферат
Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты. Құрамында қоректік элементтер болатын заттарды тыңайтқыштар деп атайды.
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді .Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.
Қызылжар ауданында минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа «Биоплант Флора» зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Биоплант Флора» — Ресейдің жетекші мамандары бағалайтын, қазіргі заманғы, сертификатталған, нанотехнологиялық тыңайтқыш . Биологиялық және экономикалық тиімділігі бойынша бүкіл әлемде оған теңдес өнім жоқ!
Жаңа тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын 40 пайыздан астам арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте өнімнің өзіндік құны 2 еседен артық кемиді, дақылдардың пісіп-жетілу мерзімін қысқартады, сапасын арттырады, экологиялық қауіпсіз өнім өндіруге жағдай тудырады, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануды 50 пайыз азайтуға, кейін олардан мүлде бас тартуға болады, агротехникалық өзгерістерді қажет етпейді.