Минералды тыңайтқыштар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 12:12, реферат

Описание работы

Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты. Құрамында қоректік элементтер болатын заттарды тыңайтқыштар деп атайды.
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді .Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.

Работа содержит 1 файл

Минералды тыңайтқыштар2.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

 

 ЕСКЕРТУ: жалпы азот пен игерілген фосфаттардың үлес салмақтары шектерінен ±1%-ға ауытқуға болады. 

БУЫП-ТҮЮ: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер 
ТАҢБАЛАУ: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер келтіріп 
ТАСЫМАЛДАУ:  Барлық жабық көлік түрлерімен 
САҚТАУ: Жабық қоймалар ішінде

 

 

 

 

 

 

Азотты тыңайтқыштар

Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек  болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі. Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.

 

                               Калий тыңайтқыштары

КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ– өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см тереңдікке (20 – 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            «КАЗФОСФАТ» ЖШС

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдың 27 қазанында  құрылған. «Минералды тыңайтқыштар»  филиалы – ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, фтордан арылған азықтық фосфаттар шығаратын химия зауыты.Компания қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару. 
ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру жөнінен жетекші компания болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС - Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі. 
«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады. 
Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған. 
«Қазфосфат» ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бюджетке қомақты қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып табылады.

Өндірілген өнімнің  сапасына және оның сервистік деңгейде өткерілуіне ерекше ден қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен дұрыс таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны «Қазфосфат» ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп санауға кепілдік береді.

Зауыт аумағы 449,2 гектар.Зауыт құрамында келесі негізгі өндірістер бар:

- азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі – 46% P2O5, 10% N аммофос (ди- және моноаммонийфосфат қоспасы); 
- 19% P2O5 суперфосфат өндірісі ; 
- 22% P2O5, 22% N нитроаммофос өндірісі ; 
- 27% P2O5 азықтық үшкальций фосфаты, 37% P2O5 азықтық үшкальций фосфаты өндірісі.

Зауытта жаңа технологиялық  жабдықтар, химиялық технологиялар сынақтан өтеді, минералды тыңайтқыштардың жаңа түрлері игеріледі. 
Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі ішкі рынокқа шығарылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мемлекеттік Бағдарлама бойынша бөлінетін демеу қаржыға тыңайтқыштар беріледі. Тыңайтқыштар бұдан басқа Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстанға сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар рыногын игеру жолында ауқымды жұмыс атқарылуда

 

                          

 

Азот түк зауыты – Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорын. Қазақстандағы аммиакты және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз өндіруші зауыт. 1969 жылы пайдалануға берілген. 73 ғимараттан тұратын алаңының аумағы 1,15 миллион. м2. Зауыт аммиакты, көмірқышқыл газын, жеңіл азот қышқылын, аммиакты селитра өнімдерін шығарады. Құрамына аммиак, азот қышқылы және күрделі минералды тыңайтқыштар өндірістері, сонымен қатар қосымша цехтар мен қызметтер (энергия цехы, бақылап-өлшейтін құралдар және автоматика цехы, жабдықтарды орталықтандырып жөндеу цехы, көлік жөндеу, су дайындайтын цехтар) кіреді. Аммиак цехы 1978 жылы іске қосылды. 4,5, мың т сұйық аммиакты сақтауға арналған ыдыс бар. Цех жылына 200,0 мың т аммиак өндіре алады. Жеңіл азот қышқылы өндірісі нитрозды газды каталитикалық тотықтандыру әдісі арқылы жеңіл (47,5%) азот қышқылын шығарады. Оның жылдық өнімі 220,0 мың т-ға жетеді. Күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі негізінен түйіршікті минералды тыңайтқыштарды – аммиакты селитра, нитроальмофос, нитрофос, аммофос, диаммонийфосфат өндіреді. Энергетикалық цех алынған өнімдерді химиялық тазартылған сумен, айналмалы сумен, тазартылған газ конденсатымен, тұздалмаған дистиллятпен қамтамасыз етеді. Орталық зауыт зертханасы негізгі көрсеткіштердің сақталуына бақылау жүргізсе, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалық цехы бақылау-өлшеу құралдары мен аппараттарын монтаждау, дайындау және жөндеумен айналысады.

 

Қазақстан түрлі минералды  тыңайтқыштардың ірі жеткізушісі ретінде әлемдік рынокқа ұялмай шыға алатын ел. Өйткені, бүгінде бұл өнімге деген сұраныс көп, тұтынушылар ауқымы да үлкен. Әлемде қазір тек қаржы дағдарысы емес, сонымен бірге азық-түлік дағдарысы да анық сезіле бастады. Яғни, көптеген елдерде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өткір мәселелердің біріне айналуда. Ал бұл мәселеде минералды тыңайтқыштардың орны ерекше сезіліп, оның ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп өсіруде қажеттілігі арта бастады.

Ел, әрине, көптеген экономикалық қиындықтарды бастан кешкеніне қарамастан өнеркәсіп саласында негізгі мүмкіндіктерді сақтап қала білді. Химия өнеркәсібінің үлесі бүгінде бар болғаны бір пайызды ғана құрайды. Бірақ экспорттың жалпы көлемі бойынша 4 пайызға жетіп отыр. Бұл химия саласының әлі игерілмеген өте үлкен әлеуеті мен мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан Үкімет алдында өте ауқымды жұмыстарды атқару міндеті тұрғанын баса айтқан ләзім.

Қазіргі жағдай бойынша  сала, шын мәнінде, азық-түлік өнімдерін  өндіру үшін өзектілігін мойындата  бастады. Қазіргі кезде тек қана Қытай мен Үндістан жыл сайын 60 миллион тонна минералды тыңайтқыштарды тұтынады екен. Елбасы Н.Назарбаев қытай кәсіпкерлерінің Қазақстанның химия кеніштеріне қомақты қаржымен келуге дайын екенін байқайтынын бекерге айтқан жоқ. Осы орайда қазақ елінің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін өндіретін іргелі мемлекет болуға мүмкіндігі бар екенін ескере отырып, минералды тыңайтқыштарға өз диқандарымыздың да мұқтаж екенін ұмытпаған жөн. Егер агроөнеркәсіп кешендері, шаруа қожалықтары ең қажетті озық агротехникаларды қолданатын болса, Қазақстанның ішкі қажеттілігі бұл тыңайтқыштарға жыл сайын 2,6 миллион тоннаны құрайды. Бұған қоса қазір Қазақстан жыл сайын химия өнімдерін, соның ішінде тыңайтқыштарды 2 миллиард АҚШ долларына экспорттап отырған ел.

Демек, ел химиясындағы бар  мүмкіндікті дамыту үшін экспортпен бірге отандық ауыл шаруашылығы өндірісін көтерудің негізін қалыптастыру бізге әлемдегі ең негізгі өнім жеткізушілердің бірі болуға жағдай туғызады. Минералды тыңайтқыштарды Орталық Азия мен Ресей де өте көп мөлшерде пайдаланады. Сондықтан химия өнеркәсібін дамыту мәселелерін кешенді түрде қараудың кезі жеткен сияқты. Бұл үшін алдағы жылдарға нақты міндеттер қойып, Үкімет оны дер кезінде шешуге тиіс деп ойлаймыз.

Химия өнеркәсібі елдің  ғылыми-техникалық өсу қарқынының деңгейін де анықтайды. Мысалы, өнеркәсіптік өндірістегі химия саласының үлесі АҚШ пен Жапонияда – 6,5, Қытайда – 7,7, ЕО елдерінде 4,6 пайызды құрайды. Ал Қазақстандағы химия өнеркәсібі бүгінгі күні мұндай көрсеткіштерге қол жеткізген жоқ, бірақ белгілі бір өсу қарқыны байқалады. Сегіз айдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 70 миллиард теңгегені құрапты. Бұл 2007 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 11,7 пайызға көп.

Әсіресе, соңғы үш жылдан бері салада экономикалық өсу қарқыны анық байқала бастаған. Соған сәйкес бұл еліміздің өнеркәсіп өндірісіндегі химия саласы үлесінің арта түскенін көрсетеді. Мысалы, 2006 жылы химия саласының үлесі 0,8 пайыз болса, 2007 жылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 1 пайызды құраған.

Қазақстанның химия  өнеркәсібі бүгінде минералды тыңайтқыштарды (фосфор, азот, хром тұздары, т.б.) дайындау саласына бейімделген. Елімізде химия саласының 500 кәсіпорны бар. Оның ішінде 460 кіші, 30 орта және 9 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған салада 14 мың адам еңбек етеді. Саладағы ірі кәсіпорындар туралы айтсақ, бұлар: “Қазфосфат” ЖШС, “ҚазАзот” ЖШС, және “Ақтөбе хром қоспалары” ЖШС болып табылады.

“Қазфосфат” ЖШС фосфор шикізатын өндіру мен минералды  тыңайтқыштар, жемдік фосфаттар сияқты т.б. фосфор өнімдерін өңдеуге бағытталған. Оны шикізатпен тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін Балқаш қаласынан 2008 жылы күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынды. Ол шілде айынан бастап іске кірісті. Зауыттың қуаттылығы жылына 1,2 миллион тонна өнім өндіруге жетеді.

“Қазфосфаттың” тиімділігін  арттыру үшін Индустрия және сауда  министрлігі “Қазфосфат” ЖШС мен Голландияның Thermоphos Tradіng компаниясы арасындағы келісімді қайта қарағаны көңіл демдейді. Нәтижесінде, сары фосфорды рынок бағасынан төмен бағамен көп мөлшерде жөнелту тоқтатылып, Қазақстан экономикасы үшін 20 миллион АҚШ доллары көлемінде шығынға жол берілген жоқ. “Тау тауға қосылмайды, елге ел қосылады”. Мемлекеттер арасында алыс-беріс, барыс-келіс орнайды. Бірақ сауда-саттықта “алма піс, аузыма түс” деген сияқты сырт жаққа ғана пайдалы болып келетін жеңілтек саясаттың жолы кесілгені абзал. Сөйтіп, сары фосфордың экспорттық бағасын көтерудің арқасында еліміздің бюджетіне түсетін қаржы көлемі 40 пайызға көбейді. Өндірістің де тиімділігі арта түсті.

Еліміздің химия саласында  жалпы мәндегі мәселелер де орын алып отыр. Мысалы, құрал-жабдықтардың тозуы, энергоресурстардың қымбатшылығы, инвестициялық ресурстар мен газ, электр қуатының жеткіліксіздігі, химия өнімдері бойынша әлемдік рынокты жаулап алуға деген ынталы саясаттың төмендігі сияқты елеулі кемшіліктердің бар екенін мамандар да жоққа шығара алмайды. Сонымен бірге Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға әлеуеттік тұрғыдан өте көп мүмкіндік бар екені де белгілі. Өте қуатты шикізат қоры (фосфор, табиғи натрий тұзы, калий, бор, фтор және басқалар), тұрақты макорэкономикалық орта, өте тез дамып келе жатқан ішкі және сырқы рыноктың химия өнімдеріне деген сұранысы, мамандар мен жұмысшы күштері жеткілікті.

Қазақстан үшін химия  өнеркәсібін дамытудың негізгі  бағыттары өндіріс көлемін арттыру, минералды тыңайтқыштардың сорттарын ұлғайту, пестицид пен бороөнімдерді шығаруды ұйымдастыру, күкірт қышқылы, аммиак сияқты тағы басқа минералды тыңайтқыштарды өндіретін қуаттарды жасау осы бастан ойластыратын мәселе.

Агрономдардың айтуынша, топырақтың құнарлылығын арттыру үшін жыл сайын елдегі алқаптарды ең аз дегенде 1,3 млн. тонна минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету керек . Егер бұл мәселеге ғылыми-негіздемемен жасалған мөлшер бойынша жүгінсек, онда өнім беретін жерге 2,6 млн. тонна, оның ішінде 1 млн. 380 мың тонна фосфор, 1 млн. 190 мың тонна азот және 26 мың тонна калий тыңайтқышы қажет болатын көрінеді. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде алқаптан алынған өнім көрсеткіштері топыраққа сіңіріліп жатқан минералды тыңайтқыштардың көлеміне сай келмейді .

Демек, тыңайтқыштардың  түрлерін көбейту қажет. Қазақстанда  аммофос, нитроаммофос және аммиак селитрасы  шығарылады. Бірақ калий тыңайтқышы шығарылмайды. Ел диқандары оны сырттан сатып алады. Құрғақшылыққа байланысты облыстың аграрлық саласында астық өнімдері төмендегені рас. Бірақ мәселені шешу үшін жаңа технологиялар енгізіліп, оның ішінде, тамшылатып суару жобасы 253 гектар жерге қолданылды. Сондықтан тамшылатып суару үшін сұйық минералды тыңайтқыштардың аса қажеттілігі сезіле бастады. Қытайда ауа райы Жамбыл өңіріндегідей жерден құрғақшылыққа қарамастан 40-50 центнер астық алады екен. Израиль мен араб елдері тамшылатып суару арқылы құмның ортасында отырып-ақ мол астыққа қол жеткізіп отыр. Демек, сұйық тыңайтқыштарды елімізде көптеп өндіру және оны сумен қосып беру уақыт талабынан туындап отырған мәселенің бірі.

Әрине, “Қазфосфат” ЖШС  Қазақстанның Даму банкімен бірге фосфор өнімдерін өткеру жөніндегі қаржылық экспорттық операцияны 50 млн. АҚШ доллары  көлемінде табысты игере білуі  көңіл қуантады. Бүгінгі күнге 88 млн. АҚШ долларына сары фосфор жөнелтілген. Қытай елі жыл сайын 35 млн. тонна минералды тыңайтқыштарды қажет етеді. Сол сияқты Орталық Азия елдері де тыңайтқыштарға зәру. Сондықтан еліміз көлемді шикізат қорын тиімді игере отырып, минералды тыңайтқыштардың түрлерін көбейтіп, сапасын жақсартса, өңірде алдыңғы қатардағы ел бола алатынына сенім мол.

Информация о работе Минералды тыңайтқыштар