Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 11:48, реферат
Жоба тұжырымдамасы Қызылорда облысынан өтетін Самара-Шымкент трассасында жол бойындағы қызмет көрсету мекенін ұйымдастыруды қарастырады. Жол бойындағы қызмет көрсету мекені келесі қызмет түрлерін көрсетеді: бірорынды және екіорынды қонақжай нөмірлері, кафе, дүкен, жеңіл көліктер мен жүк автокөліктері автотұрағы және дөңгелек жөндеу шеберханасы.
БИЗНЕС-ЖОСПАР «ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕКЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ» |
МАЗМҰНЫ
Жоба тұжырымдамасы
Қызылорда облысынан өтетін Самара-Шымкент
трассасында жол бойындағы
Самара-Шымкент
трассасынын бойымен өтетін жүк автокөліктерінің
жүргізушілері және жеңіл автокөліктер
мен маршруттық автобустардың жүргізушілері
мен жолаушылары мақсатты топ болып табылады.
Казіргі таңда Батыс Еуропа мен Батыс
Қытайды байланыстыратын трассаны салу
жобасы жүзеге асырылып жатқаны ескеріліп,
жол бойындағы қызмет көрсету пунктінің
әлеуетті клиенттерінің саны көбейеді
деп жоспарлануда.
Жобаның ең төменгі
экономикалық тиімділігін қолдану
жол бойындағы қызмет көрсету мекенінінің
жоспарланып отырған түсім ақшасы 2015 жылда
26 млн. теңге сомасын құрайды деп жоспарлануда.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекенінің алаңы қажетті
инфрақұрылыммен: электр және су құбырларымен,
ұялы телефон байланысымен қамтамасыз
етіледі.
Жобаны іске қосу дайындығы
2012 жылдың қазан айынан 2013 жылға
дейінгі уақытты алады.
Жоба бойынша
жалпы инвестициялық шығыстар келесі
кестеде көрсетілген, мың.теңге:
Шығыстар |
|
Өндіріске дейінгі шығыстар | 5.890 |
Негізгі капиталға инвестициялар | 30.350 |
Айналым капиталы | 5.560 |
Жиынтығы | 41.800 |
Жобаны қаржыландыру
кәсіпорынның жеке қаражатына және қарыз
капитал есебінен жоспарлануда, мың.теңге.
Қаржыландыру көздері |
|
Кезең | Үлес |
Меншік қаражаты | 1.350 | 10.2012 | 20,3% |
7.150 | 01.2013 | ||
Барлық меншік қаражаты | 8.500 | ||
Ұзақмерзімді несие | 33.300 | 01.2013 | 79,7% |
Барлық ұзақмерзімді несие | 33.300 | ||
Жиынтығы | 41.800 | 100% |
Келесі неселендіру шарттары қабылданады:
Несие валютасы | теңге |
Пайыздық мөлшерлеме | жылдығы 14% |
Несие мерзімі | 6 жыл |
Негізгі қарыз және пайыз төлемдері | айсайын |
Негізгі қарыз төлемдерінің жеңілдік кезеңдері | 6 ай |
Кәсіпорын қызметі тиімділігінің 5 жылғы көрсеткіштері
Меншік капиталының тиімділігі | 99% |
Таза капитал тиімділігі | 18 % |
2015 ж. теңгерім есебінің коэффициенттері
Міндеттемелерді меншіктік капиталымен жабу коэффициенті | 14,97% |
Міндеттемелерді таза капиталмен жабу коэффициенті | 46,82% |
Ағымдағы өтімділік | 1.032% |
Толық салынған капиталдың
таза дисконтталған табысы 10% есептегенде
39. 000 мың.теңгені құрайды.
ПІН | 63% |
Инвестицияларға жаңартылған ПІН | 22,3% |
0% қалыпты өтелімділік | 3,92 жыл |
14% кездегі динамикалық өтелімділік | 4,25 жыл |
Экономикалық тұрғыдағы жоба:
Жобаның әлеуметтік әсерін төмендегідей көрсетуге болады
Кіріспе
Қазақстан халқының тығыздығының
төмен болуына және көршілес тұрған мекендердің
ара қашықтығының алыс болуына байланысты,
жол бойындағы қызмет көрсету мекені н
ұйымдастыру жүргізушілер мен жолаушылардың
дем алуына, тамақтануына, тасымалдау
құралдарын жөндеуге қосымша мүмкіндік
туғызады.
Бизнестің осы түрі Батыс Еуропа елдерінде кең таралған және, әдетте,қасында жанар-жағар май құятын станциялары да бар. Сондықтан осындай мекендерді халықаралық маңызы бар трассада ұйымдастыру өте өзекті беталыс болып табылады.
Осы жобаны жүзеге асыру автокөлік иелеріне жанама қызмет көрсету мүмкіндігімен қатар қосымша табыс көздерін алып келетін жанар-жағар май құятын станцияларды ұсынады.
Жол бойындағы қызмет көрсету мекенін дұрыс орналастыру оның тиімділігінің кепілі болады.
Жоба тұжырымдамасы Қызылорда облысынан өтетін М32 Самара-Шымкент трассасында жол бойында қызмет көрсету мекенін ұйымдастыруды қарастырады.
Трасса Ресей
Федерациясының территориясындағы ірі
қала Самара қаласы және Орал, Ақтөбе,
Қызылорда, Шымкент (Қазақстан территориясындағы)
қалалары арқылы өтеді. М32 жол бойында
орналасқан және қызметтік инфрақұрылыммен
қамтылған ауылдық елді мекендер бір-бірінен
қашық орналасқан. «Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» халықаралық тасымалдау дәлізін
іске қосқаннан кейін, осы трассадағы
автокөлік қозғалысының көбеюі түрлі
қызметтерге сұраныс тудырады.
Қызылорда облысы
арқылы өтетін жол бойындағы қызмет
көрсету мекенінің тасымалдау дәлізінің
учаскесі құлысының аяқталуы Қазақстан
территориясы бойынша 2012 жылдың желтоқсан
айына қарастырылған, ал жайластыру және
жерлерді қалпына келтіру жұмыстары 2013
ж. қарастырылған. Магистраль толығымен
жүк және жолаушы көліктеріне ашылғаннан
кейін, жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің
дайындық жұмыстары 2012 ж. аяғында және
аяқталу жұмыстары 2013 жылға жоспарланған.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекені келесі қызмет
түрлерін көрсетеді: бірорынды және екіорынды
қонақжай нөмірлері, кафе, дүкен, жеңіл
көліктер мен жүк автокөліктері автотұрағы
және дөңгелек жөндеу шеберханасы.
Ауылдық елді
мекендерге жақын орналасатын болады,
ыңғайлы, коммуникация жүргізу және жұмысшылармен
қамтамасыз ету мақсатында, маршруттық
автобус жолаушылары клиенттер ретінде
тартылады.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекені жақын орналасқан
жанар-жағармай құю станциясын ұсынады.
Мақсаттық топ
Самара-Шымкент трассасынын бойымен өтетін
жүк автокөліктері жүргізушілері және
жеңіл автокөліктер мен маршруттық автобустардың
жүргізушілері мен жолаушылары болып
табылады.
Осы бизнес-жоспар
іс-әрекетке басшылықтың соңғы нұсқасы
емес, бизнес-идеяның әлеуетті мүмкіншілігінің
дамуын көрсетеді. Сондықтан осы жоспарды
жүзеге асыру кезінде сату бағдарламасында
ұсынылған қызмет түрлері өзгеруі мүмкін.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекені келесі қызмет
түрлерін көрсетеді: бірорынды және екіорынды
қонақүй нөмірлері, кафе, дүкен, жеңіл
көліктер мен жүк автокөліктер автотұрағы
және дөңгелек жөндеу шеберханасы.
Жолаушыларға:
Стандартты
нөмірлерде сантехникалық тораптар қарастырылмауына
байланысты, қонақүй жанында кір жуатын
орын және ақылы душ ұйымдастырылады,
оны қонақүй тұрғындары ғана емес, жолаушылар
да пайдалана алады.
Автокөлікті
орналастыруда күзеті бар автотұрақ
да қарастырылған, 12 жүк автокөлігіне
және 15 жеңіл көлікке арналған қоршаулы
тұрақ және бейнебақылау қарастырылған.
Кафе қызметшілері
тек қонақжай тұрғындарын ғана емес, өтіп
бара жатқан жолаушыларға да қызмет көрсетеді.
Кафе ішіндегі
дүкен азық-түлік, сусындар және халық
тұтынатын тауарлармен
Сонымен қатар, жүк және жеңіл автокөлік шиналарын жөндеу шеберханасы ұйымдастырылатын болады.
Жобаның ең төменгі экономикалық тиімділігі негізінде есептелген
Бағдарлама табиғи түрде төмендегідей болады:
1-кесте: Жобаның жылдар бойынша табиғи түрдегі сату бағдарламасы
Жыл
Атауы |
2013 ж. | 2014 ж. | 2015-2022 жж. |
Екіорынды нөмірр | 192 | 1104 | 1.194 |
Бірорынды нөмір | 128 | 736 | 796 |
Екіорынды люкс нөмір | 96 | 552 | 597 |
Кафе | |||
Тұрғындарды тамақтандыру (адам) | 704 | 4.048 | 4.378 |
Жолаушыларды тамақтандыру (адам) | 2.100 | 8.400 | 8.400 |
Автотұрақ | |||
Жеңіл автокөлік | 480 | 2.760 | 2.985 |
Жүк автокөлігі | 384 | 2.208 | 2.388 |
Қосымша қызметтер | |||
Душ (адам) | 800 | 4.600 | 4.975 |
Кір жуу машинасы (кг.) | 320 | 1.840 | 1.990 |
Сервистік қызметтер | |||
Дөңгелек жөндеу (Жеңіл автокөлік) | 180 | 960 | 960 |
Дөңгелек жөндеу (Жүк автокөлігі) | 90 | 600 | 600 |
Дүкен | |||
Дүкеннен түскен түсімдер (өзіндік құны) (адам) | 1.275 | 7.347 | 8.129 |