Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:12, дипломная работа
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған.
Тігін бұйымдарын көбейту мақсатында айналым қаражаттарын алып тиімді пайдаланудың бизнес-жоспары серіктестіктің қаржылық жағдайын тұрақтандырып және пайда алу жан-жақты қарастырылған.
Кіріспе................................................................................................................... 4
1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20
2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46
3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52
Қорытынды......................................................................................................... 76
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80
Қосымшалар......................................................................................................... 83
С.А. Стуков осы
ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі
сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір
сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген
анықтамалар қарастырылып отырған
ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында
бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік
беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар
түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай
көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік
құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық
жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу
нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны
анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы
жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі
барлығын куәландыруы тиіс".
Менің көзқарасым
бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін
көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге
сүйене отырып, мен бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамын:
Кәсіпорынның
қаржы жағдайы осы кәсіпорынның
белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы
өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл
сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі.
Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз
қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі,
жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз
ететін қаржының жеткілікті болуы"
деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық
- меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады [6]. Енді біреулер
"өз қаражаттары есебінен активтерге
(негізгі қорлар, материалдық емес активтер,
айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық
және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін
және де өз міндеттемелерін уақтысында
қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық
тұрақты болып табылады" деп жазады
[8].
Бұл ұғымды А.Д.
Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте
ықшам түрде анықтайды. Олардың
ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл
әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін
кәсіпорынның белгілі бір шоттар
жағдайы".
В.М. Родионова
мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей
түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты
қалыптасқан табыстың шығыннан артуының
өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық
болып табылады. Ол ақша қаражаттарын
еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану
арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ
қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға
қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып
табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде
төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін
сақтай отырып, табысты өсіру негізінде
қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қаржылық
тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық
қызметі процесінде қалыптасады
және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады"
[9]. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын
қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын
көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші
өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін
табыстың тұрақтылығын талап етеді және
оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және
тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар
мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта біз олардың кейіңгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Менің ойымша бұл
ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин
дәлірек және анығырақ түсіндіреді.
Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні -
бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамасыз етілуі - деп
түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста [10]. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [4] немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылық жағдайына
көптеген факторлар әсер етеді,
1) пайда болу
орнына байланысты - ішкі және
сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздыл
ығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша
- қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету
уақыты бойынша - тұрақты және
уақытша.
Ішкі факторлар
кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына
байланысты болады, ал сыртқы факторлар
кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды
қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы
ең бірінші өндіріс шығындарымен
үздіксіз байланысқан өндірілген өнім
мен көрсетілген қызметтің
Кәсіпорынның
өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен
тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы,
сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс
таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды
факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының
құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы
мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса,
соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге
тек таза табыстың көлемі ғана емес,
сонымен қатар оны тарату құрылымы,
әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар
нарығындағы қосымша
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділікте өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды
қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның
салалық топқа жатуы;
• шығарылатын
өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және
оның жалпы төлем қабілеттілігі
бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық
капиталдың мөлшері;
• шығындардың
көлемі, олардың ақшалай табыспен
салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен
резервтерді, олардың құрамы
мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен
қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды
басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты "кәсіпорындарға салады.
Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек
бүгінгі күні ғана емес, болашақта
да кәсіпорынның қаржылық
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Информация о работе Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес-жоспар жасау