Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:12, дипломная работа
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған.
Тігін бұйымдарын көбейту мақсатында айналым қаражаттарын алып тиімді пайдаланудың бизнес-жоспары серіктестіктің қаржылық жағдайын тұрақтандырып және пайда алу жан-жақты қарастырылған.
Кіріспе................................................................................................................... 4
1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20
2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46
3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52
Қорытынды......................................................................................................... 76
Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80
Қосымшалар......................................................................................................... 83
Олардың басты айырмашылықтары мыналар:
Бұлардың ешқайсысының жобаны басқаруға еш қатысы жоқ. Шын мәнінде әр жоба бірегей туынды, бірақ біртектес жобалардың бары сөзсіз.
Біртектес жобалар:
Жобаларды басқарудың келесі функцияларын көрсетейік:
Жобаны кіріктіруді басқару жобаның жарғысын құру, жобаның бастапқы мазмұнын жасақтау, басқаруды жоспарлау, жобаны орындау, мониторингілеу, кіріктіру, жабу үрдістерін жүзеге асырады.
Жобаның мақсаттарын және оған жетуге қажетті ресурстарды анықтау жобаның мазмұны деп аталады. Айталық, жобаның тіршілік циклы барысында жоба өзінің мазмұнын өзгертуі мүмкін, онда мазмұнды басқару қажеттігі туындайды.
Жобаның уақыты шектеулі екендігі белгілі. Өкінішке қарай, уақыт икемді ресурс емес, сондықтан барлық жұмыстар мұқият жоспарланып, есептелуі тиіс. Ал бұл уақытты басқару деген сөз.
Құнды басқару
үрдісі ең маңыздылардың бірі. Біздің
қоғамымызда «уақыт-ақша»
Табысты саналатын жоба белгілі бір талаптардың болуын қарастырады. Мұндай талаптарды әзірлеу мен орындау сапаны басқаруға жетелейді.
Жобаларды белгілі бір біліктер мен дағдыларға ие адамдар жүзеге асырады. Бірақ адамдардың саны мен біліктілігі жобаның тіршілік циклы барысында қажетті күш салу деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Демек, көптеген адамдар белгілі бір уақытқа қана керек болуы мүмкін. Сондықтан жобаны жобаның басшысы мен топ жүргізуі қажет.
Нақты өмірде жобалық топ тек уақытша қажет болады. Осылайша адамдарды таңдау мен қимылдарын үйлестіруге назар аударып, олардың өзара түсінісуі мен жауапкершілігіне қол жеткізу керек. Бұл адам ресурстарын басқаруды талап етеді.
Көбінесе мұндай уақытша құрылымдар дәстүрлі әкімшілік жүйенің ішінде жұмыс істейді. Бұдан барып мекеменің матрицалық құрылымының тұжырымдамасы шығады.
Жобалар белгілі бір өзгерістер енгізу үшін жасалады. Әр жобаның бірегейлігіне қарай жобаның нәтижелері белгісіз болады. Демек, соңғы нәтижені үнемі болжамдап отыру қажет. Мұндай болжамдарға сүйеніп, бақылауды қолдана отырып, бағытты өзгерту керек. Бақылау егер жоба қатысушылары өздерінің міндеттері мен қызметтерін анық білетін жерде айқын қажет. Сонымен қатар, жобаның ағымдық жағдайы оны жоспарлық жағдаймен салыстырғанда ғана анық бола түседі. Әдетте мұндай салыстыру-лар тек ішкі және сыртқы жобалық қоршауды түсіндірумен ғана шектеледі. Барлық жоғарыда аталғандар коммуникацияларды басқаруға саяды.
Белгісіздіктер туралы сөз еткенбіз. Белгісіздік ықтималдық пен тәуекелмен байланысты. Саналы менеджер жобаның тәуекелдерін азайту үшін шаралар қолданады. Бұл бізді жобаның кешенді және салааралық қатынастарына қарамастан табиғатының сығымдалған түсінігіне алып келеді.
Осы қызметтердің барлығын тәуекелді басқару арқылы шешуге болады.
Жобаны табысты жүзеге асыру үшін адамдар мен коммуникациялар жеткілікті емес. Адамдар ұсынатын қызметтер қажет. Жалпыға белгілі нәрсе – жобаның менеджері өзінің көп уақытын қызметкерлердің міндеттерін бөлу мен жобаның мақсаттарына жетуге арнайды. Сонымен қатар материалдар мен құрал-жабдықтар керек болады. Тауарлар мен қызметтермен қамтуды келісім шарттар мен сатып алуларды басқару жүзеге асырады.
Үрдістің негізгі қадамдары – инициалдау, жоспарлау, бақылау, орындау, жабу. Басқару сызбасы жобаның барлық деңгейлерінде және әр қадамдарында орындалады.
Концептуалдық тұжырымдама – бұл жобаның тапсырыс берушісін қанағаттандыруға арналған тиісті құжаттарды жасақтау мен жобаның мақсат-міндеттерін анықтау.
Концептуалдық тұжырымдаманың қорытындысы:
Бұл құжаттар жобаның басты бағыттарының дамуы мен басталуына басшылық ретінде қарастырылады.Жобаның құжаттарын жасақтау мен жобаның талаптарын құптау жұмыс басталар алдында қажет нәрсе. Бұл ақпарат алдағы уақытта қабылданатын шешімдерге негіз болады.
Жобаны анықтау – жобаны басқарудың маңызды үрдістерінің бірі, ол жобаның құрылымдылығы мен бөлінімділігіне кепілдік береді, олардың әрқайсының аяқталуына деген жауапкершілік бөлінген және бекітілген, бұл жобаның қатысушыларының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Wbs құрылымды қолдану барлық жұмыстардың анықталуына кепілдік беріп,жобаның басқарылатын кесінділерге бөлінуі мен әр кесінді ішіндегі жұмыстардың көлемін сипаттаудың маңыздылығын дәлелдейді.
Құжаттарды жасақтау мен негізгі жобалық шешімдерді қабылдау практикасы барлық жерде қолданылуға тиісті. Негізгі бағыттар аймағы –шешімдер қабылдау мен жобаның өзгеруін бағалауға негіз болады.
Өкілеттіліктер (жауапкершілік). Өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің тепе-теңдігі – жоба табыстарының кепілі бола алады. Ол жоспарлау құжаттарын тексеру мен әрі қарай келісім шарт құжаттарын тексеруден тұрады. Жұмыс басталардағы ресми өкілеттіліктер бұйрықтар мен басқа да құжаттар арқылы беріліп, оларды орындауға жауапты мекемеге тапсырылады. Жобаның басталуынан аяғына дейін барлық тиісті жұмыстар жүргізу үшін барлық жұмыс өкілеттіліктерін тексеру керек. Ресми бекітілген жұмыс өкілеттіліктері қажет рұқсатты алу үшін құралдардың ішкі үйлесімділігін қолдап отырады.
Есептер. Есептерді құру жобаның күйі мен дамуының уақытша анықтамаларынан, жазбалары мен жинақтарынан тұрады. Бұл мәліметтердің сомалануы мен көрсетілуі әртүрлі форматтарда жүруі мүмкін. Мәліметтер өкілеттіліктердің әртүрлі деңгейлерін көрсету үшін ақпаратқа құрылымдануы тиіс. Жобада қажетті есептер мен олардың мазмұны мен берілу жиілігін алдын-ала анықтау қажет.
Жоба мониторингісінің жүйелері. Өзінің табиғатына қарай жоба қозғалмалы, сондықтан оның дамуы әетте жоспармен сәйкес болмауы мүмкін. Мониторинг жүйесі жобадағы барлық өзгерістерді бақылап отырады. Осылайша мақсаттық жоспар ескіруден сақтандырылады. Өкілетті жұмыста өзгерістерді қабылдау үшін оларды бөліп алып, анықтап, басқа жұмыстармен үйлестіру қажет. Өзгертулерді тиісті өкілеттіліктері бар жауапты тұлға мақұлдайды. Жұмыстардың орындалуына жауапты өзгерістерді рұқсат алғаннан кейін бастай алады.
Жобаның аяқталуы. Бұл үрдіс аяқталған осыған ұқсас жобалар туралы мәліметтерді қолдануды қарастырады. Құжаттарды қарау мен пайдалану ағымдық жобаның мүмкіндіктерін дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпаратты жобаның мүмкіндіктерін талдау үшін қолдануға болады.
Жобаны аяқтау
кезеңінде жобаның барлық
Жобаның мазмұнын тиімді басқарудың бірінші қадамы – жоба мақсаттарын анықтау, құжаттау және осы мақсаттардың ішіндегі ең лайықтыларын таңдау. Әрі қарай жұмыс белгілі Wbs құрылымды қолдану арқылы жүреді.
Сосын жобаның аумағын анықтау мен құжаттар кешенін жоспарлау қайтадан ресми рұқсат алу үшін қаралады. Жобадағы өзгерістердің басты бағыттары жобаның құрылымына, бақылау жүйесіне қарай бақыланады. Өзгерістер енгізер алдында өзгерістерді бақылап тұру үшін ресми рұқсат алу керек.
Жоба басталғаннан кейін жобаның дамуы мен тұғыры туралы мәліметтер жазылып, жобалық талдау үшін жинақталып, құрылымданады. Бұл мәліметтерді талдау жобаның ағымдық жағдайын, мәселелі аумақтарды, даму тенденцияларын анықтауға жобаның келешегін болжауға мүмкіндік береді.
Компания басшылығы
жобаның көрінісін
1.4 Қаржылық
менеджмент тұрғысынан
Инвестицияларды басқару – кәсіпорынның іс-әрекетінің әртүрлі аспектілерінің жүзеге асуымен байланысты басқарушылық шешімдердің қағидаттары мен әдістер жүйесі болып табылады. ол қаржылық менеджементтің жалпы жүйесіне ене отырып, стратегиялық шешімдердің қабылдануына ақпал етеді.
Қаржылық менеджементтің басты мақсаты – кәсіпорынның меншік иелерінің әл-ауқатын оның нарықтық құнын тиімді өсіру арқылы қамтамасыз етуді - инвестицияларды басқару белсенді тәсілмен жүзеге асырады.
Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетіндегі инвестицияларды басқару міндеттері:
1. Кәсіпорынның
операциялық инвестицияларды
2. Жекелеген
нақты және қаржылық
Информация о работе Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес-жоспар жасау