Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес-жоспар жасау

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 19:12, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған.
Тігін бұйымдарын көбейту мақсатында айналым қаражаттарын алып тиімді пайдаланудың бизнес-жоспары серіктестіктің қаржылық жағдайын тұрақтандырып және пайда алу жан-жақты қарастырылған.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................... 4

1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару......... 6
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі.................................................................................................................... 6
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар................................................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі....11
1.4 Қаржылық менеджмент тұрғысынан инвестицияларды басқарудың
мәні мен міндеттері..............................................................................................18
1.5 Кәсіпорынның нақты инвестициялары бағдарламасын қалыптастыру..20

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты..........................................................................................................23
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты......................23
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.......30
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері.......................................................... 40
2.4 «Ақанай» серіктестігінің басқарушылық құрылымы және оның қызметіне жалпы сипаттама............................................................................. 45
2.5 Серіктестіктің баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.......................................................................................... 46

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау..................................................................................................................... 52
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру»................................................................................. 52

Қорытынды......................................................................................................... 76

Әдебиеттер тізімі................................................................................................. 80

Қосымшалар......................................................................................................... 83

Работа содержит 2 файла

Фирмада__ы ▌шк▌ жоспарлауды__ нег▌зг▌ ____жаты рет▌ндег▌ .22.doc

— 923.00 Кб (Скачать)

 «Ақанай»  ЖШС бизнес-жоспарын директоры  Кудабаева М.Д. 10 000 000 теңге шамасында айналымдағы қаражаттарды толықтыру үшін несиелік ресурстарды тарту мақсатында ұсынады. Нағыз жоба өзіне жалпы құны 10 000 000 теңге болатын негізгі материалдарды (мата, брезент, киіз, палаткаға арналған мата т.с.с.) сатып алуды қамтиды. Қазіргі кезде қаладағы ұлттық киіз үйлермен лагерге арналған палаткаларды шығарумен айналысатын жалғыз ғана кәсіпорын болып табылады. Несие алғаннан соң кәсіпорын нарықта тұрақтап қалуы үшін шығарылатын өнімді ұлғайтуы қажет, оның кейінгі қызметінің мақсаты болып тұрақтылығы жоғары табыс табуы мен өткізу нарығын кеңейтілу болуы керек.

Батыс Қазақстан  облысымен Қазақстанның басқада  облыстарындағы халықтың аталған өнім түрлерін өспелі түрде қолдану кәсіпорынды  өз алдына жеке өндірісін кеңейту  мәселесін алға қойды.Аталған шараларды іске асыру көрсетілген өнімдермен аймақтың сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі  сипаттамалары:

Жоба атауы  – «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту  үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру».

Қаржыландыруға  қажетті – несие 10 000 000 теңге.

Мерзімі – 1 жыл.

 

 

 

 

 

3.  Жобаны мәлімдеуші туралы мәліметтер.

3.1. Кәсіпорын  атауы: «Ақанай» ЖШС

3.2. Заңды статус  – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

3.3. Қайта тіркеудің  тіркеу мерзімі: 12.09.2000 жылғы заңды  тұлғаның мемлекеттік тіркеуі  жөніндегі куәлігі  № 3878-1926-ЖШС.ҚР салық төлеушінің сериясы РНН 271800045740

3.4. Кәсіпорын  жетекшісі – директоры Кудабаева  Тимиргуль Даулетбаевна.

3.5. Кәсіпорынның  мекен жайы: 417000 Орал қ, Елизаров  к-сі 48.

Тел/факс 51-47-56

3.6. Банк реквизиттері: ЗКФ АО «Қазақстан Халық Банкі»

3.7. Кәсіпорынның  өндірістік қызметін қысқаша  суреттеу:

Аталған серіктестікті  құру жеңіл өндіріс саласындағы  шағын және орта бизнесті, соның  ішінде атап айтқанда тігін өнімдеріндегі  халық сұраныста-рын қамтамасыз ету мақсатында киім тігіп беру секілді қызметтерді ұйымдастыру және оны дамыту мақсатында жүзеге асты.

ЖШС-ның қаржылық және коммерциялық қызметі шаруашылық өнерпаздық негізінде жүзеге асады. ЖШС-ның жарғылық капиталы 72 500 теңгені құрайды.

3.8. Жобаға тікелей  қатысушылар:

1. «Ақанай» ЖШС

2. «Аяз» ЖШС

3. Инвестор

4. Жобаны сипаттау.

4.1. Жоба мақсаты.

Жобаның негізгі  мақсаты болып жергілікті шикізаттарды, еңбек ресурстарын және халық  тұтынатын тауарлар нарығында белгілі  бір бөлігін жаулап алуды максималды түрде қолданып, максималды пайда табу үшін тігін өнімдерін шығару болып табылады.

     

1 кесте

 

4.2. Жобаны қаржыландыру  құрылымы.

Қаржыландыру  көзі

Сомасы

1

Жеке қаражаттар

 

2

Несие

10 000 мың теңге

3

Басқа да тартылған  қаражаттар

 
 

Жобаның жалпы  бағасы

10 000 мың теңге


 

Қаржыландырудың жеке қаражаттарымен басқа көздерінің жоқ болуы-нан жобаның ұйғарылған қаржыландыруы инвестициялар немесе несиелік займдар есебінен жүзеге асырылады.

Қаражаттар 1 жылға 16%-бен алынады.

2 кесте

 

4.3. Жоба бойынша  қорларды тағайындау.

Қаржыландыру  көзі

Сомасы мың  теңге

1

Жеке қаражаттарды пайдалану

 

2

Несие

  1. Құралдарды сатып алуға
  2. Айналым капиталына

Пайдалану

 

 

 

10 000

3

Басқа да тартылған  қаражаттар

 
 

Жобаның жалпы  бағасы

10 000


 

4.4. Жобаның негізі.

Жобаның негізі ретінде тартылған несиелік қаражаттар арқылы Орал қаласындағы «Ақанай» ЖШС базасында өндірілетін өнімді ұлғайту мақсатында техникалық сипаттамалары бойынша замануи талаптармен тұрғындардың күнделікті өмірдегі қажеттіліктеріне сай жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру үшін заемды қаражаттар есебінен өнімдер жасау үшін жалпы құны 10 000 мың теңге болатын негізгі және қосымша материалдарды сатып алу жоспарланған.

 

4.5. Кепілді қамтамасыз  етуді суреттеу.

«Ақанай» ЖШС-ның 10 000 мың теңге сомасында берілген займды қайтару кепілі ретінде Елизарова 48 көшесінде орналасқан жалпы ауданы 4157,6 шаршы метр болатын өндірістік корпусын беретін «Аяз» ЖШС шығады.

 

5. Серіктестікке сипаттама.

5.1. Серіктестіктің  қалыптасуының қысқаша тарихы.

 

Кәсіпорын жұмыс  істеп жатқан «Аяз» ЖШС цехы базасында  теріден және жүннен тігілген сыртқы киімдерді, жазғы ассортименттегі  арнайы жұмыс тігуге мамандандыру және облыстың жеңіл типтегі демисезонды  жұмыс киімдеріне деген сұраныстарын қамтамасыз ету үшін  құрылған

 «Ақанай»  ЖШС жалгерлік шартымен «Аяз»  ЖШС ұсынған тігін цехы ғимаратында  орналасқан. Аренда шарты бойынша  қойма шаруашылығы сонымен қатар  менеджмент және маркетинг, қамсыздандыру,  жарнама, экономикалық қызметтер  кіреді.

Серіктестік сыртқы киімдерді тігумен, кәсіпкерлікпен және сауда-делдалдық қызметпен айналысады сонымен қатар заң жүзінде тыйым салынбаған қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асыра алады.

Серіктестіктің  жарғылық қорында  оның құрушылары болып «Аяз» ЖШС заңды тұлғасы - 25%, жеке тұлғалар үлесі - 75% табылады.

 

3 кесте

 

Кәсіпорынның  техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің куәләндірілуі

 

Көрсеткіштер

2003 жыл

2004 жыл

1 жартыжылдық

2005 жыл

Жұмысшылар  саны

22

25

26

Шығарылатын өнім көлемі

13070

19829

5573


Өнімнің тауарлық көлемін ұлғайту үшін «Ақанай» ЖШС ең алдымен негізгі өнім түрлерін: мехты куркалар, жылытылған костюмдерді, жұмыс киімдерінің, киіз үйлердің және палаткалардың комплектісін шығаруды жоспарлайды.

5.2. Серіктестіктің  несиелік тарихы – оның  өндірістік қызметі бастал-ған күннен бері серіктестіктің  жеке қаражаты есебінен дамыды, алайда заемды қаражаттар да тартылған болатын.

  1. 2004 жылдың басында ( «Аяз» ЖШС-ның өндірістік ғимаратына кепілдік ретінде) құны 2 000 000 теңге болатын несиелік линия ашылып, кейін бұл сома 2004 жылдың қазан айында уақытынан бұрын өтелген болатын. 16% жылдық ставкамен.
  2. 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 16% жылдық ставкамен АО «Қазақстан Халық Банкінде» құны 15 000 000 теңге болатын несиелік линия ашылды.

5.3. Серіктестіктің  корпоративті құрылымының сипатталуы.

        2005 жылдың сәуір айнан бастап директоры ретінде Кудабаева Тимиргуль Даулетбаевна кәсіпорының қызметін басқарады. 1982 жылы Саратов Жамбыл техникалық жеңіл және тамақ өндірісінің институтын инжинер – экономист мамандығы бойынша бітірген. өзінің өндірістік қызметін тері илейтін Землячка зауытында экономист болып бастаған. «Уральскснабконтракт» специалист болып жұмыс істеген. 2001 жылдан бері «Аяз» ЖШС-да қамсыздандыру бөлімінің менеджері болып қызмет еткен.

Несиелік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын, қаржы ағымдарының бағытын қадағалау, уақытылы және сенімді есептеу серіктестіктің  бас бухгалтері Дусаева Гульжан Жумажанқызына жүктелген. Бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Академиясын бітірген.

 Материалдық үстел бойынша 19 жыл бухгалтер болып оның ішінде 9 жыл «Аяз» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары жұмыс жасаған. 2001 жылы  «Ақанай» ЖШС-на бас бухгалтер қызметіне алынған болатын.

Қалған мамандар контракт бойынша тартылған болатын.

Әкімшілік басқару  персоналы толығымен квалификациясы жоғары мамандардан  жиналған.

Жобада өндірісті  ұйымдастыру үшін саны 20 адам болатын  штатты персоналды жұмылдыру қарастырылған.

 

4 кесте

5.4. Серіктестіктің  басқару құрылымы.

 

   

Қолда бар персонал

 

Административті персонал

1

Директор 

1

2

Цех бастығы

1

3

Бас бухгалтер

1

4

Жабдықтаушы инженер

1

 

Барлығы

4

 

Өндірістік  персонал

7

Еден жуушы

1

8

Жөндеуші слесарь

1

9

Жұмысшылар 

20

 

Барлығы

26


 

5.5. Серіктестіктің  қазіргі кездегі және болшақтағы  мақсаты, алдағы жылға, перспективаға  қойылатын мақсаттар, мақсатқа  жету стратегиясы.

 

Серіктестіктің  мақсаты: жеңіл өндірісті қамтамасыз ету және мейлінше толық қанағаттандыру, пайда табу және қосымша жұмыс орындарын құру.

 

Серіктестіктің  қызмет  бағдарламасы:

1. Серіктестіктің  шаруашылық қызметі мен басқару  жүйесін өзгермелі сыртқы және  ішкі экономикалық жағдайларға  мейлінше тез үйрету.

2. Серіктестіктің  салалық және оның мақсатты  нарықтарында тұрақты қаржылық және материалды жағдайды  қамтамасыз ету.

3. Несиелік ресурстарды  қайтару үшін, жаңа технологияларды  меңгеру үшін және жұмыс істеп  тұрған өндірісті ұлғайту үшін  пайда өсімін ұлғайту.

Серіктестіктің  стратегиясы:

1. Аталған өнім  бойынша Қазақстандық және шетелдік тұтынушыларын күнделікті іздестіру.

2. Эффективті  жарнама есебінен қолданыстағы  ішкі нарықтың үлесін арттыру.  Өткізудің жаңа каналдарын меңгеру.

3. Сыртқы нарыққа  шығу. Шығарылатын өнімнің бәсекелестікке  қабілеттілі-гін арттыру.

4. Шикізаттарға, материалдарға, жанармайға, энергияға және басқада ресурстарға жұмсалатын шығындардың азаюы есебінен шығынның төмендеуі. Жеткізуді оптимизациялау. Ресурс cақтаушы технологияларды енгізу.

5. Өнімнің жаңа  түрлерін меңгеру. Жаңа өнімдерге  маркетинг кешенін құрастыру.

6. Шығарылатын өнім, оның характеристикасы.

Лагерге арналған палаткалар.  ҚР ТО 657 сәйкестігі – 39157628-01-03

Лагерге арналған екіқабатты, төртскатылы палатка. Ағаш тіреулі 10 адамға арналған өлшемі – 4,7х4,7х4,7х1,7 (3,0). Еденінің ауданы 22,09 м2. Ауа кубаторы 47,47 м3. Салмағы 44 кг-нан аспайды. Бүйірлерінде клапаны бар екі (40х40) терезелері, 50х50 өлшемді әйнекке арналған рама бар.           Терезенің үстін бойлай рулондалған жапқыш тігілген. Жайылған күйінде жапқыш бүйір беттерінде орналасқан клеванттарға ілінеді. Алдыңғы скатында орналасқан арнайы тесік пеш мұржасына арналған. Есіктің ені 1,2м. Сыртқы кабаты су өткізбейтін палаткаға арналған матадан, АРТ С3120-ЕХ қалыңдығы 270 г/м2 болатын қатқыл х/б-дан жасалған. Ішкі қабаты ағартылған бөз. Палатка комплектісінде палаткалық жабдықтар (қазықтар, найзалар, бағандар және т.с.с.) қарастырылған.

Киіз үйлер  диаметрі 5м, 8м. ҚР ТО 657 сәйкестігі – 38520340 ЖШС-13-01

Киіз үйлер  тұрмыста, арнайы шараларда, халық шаруашылығында қолдануға арналған. Біздер шығаратын киіз үйдің басты айырмашылығы үйлер бұрынғыдай ағаш емес, темір каркастан жасалған, бұл оны тез әрі жеңіл құрастыру үшін және қолдану ауқымын кеңейтуге арналған. Каркасы (25х3,2)мм болатын болат трубалардан жасалған. Температура-ның тез түсіп кетуінен және уақыттың аздығы салдарынан арнайы бекітулер арқылы желге қарсы тұра алатын киіз үйді 1-2 сағатта құрастыруға болады. Киіз үйдің сырты мыналардан құралған:

- сыртқы бөлігі  су өткізбейтін палаткалық матадан  істелген кровельді тент;

- ішкі бөлігі жел өткізбейтін мата;

- киізді бөлігі  – жылытқыш есебінде таза теріден  істелген.

Киіз үйдің  ішінде жылытқыш құралдардың кез-келгенін қолдануға болады. Жаз мезгілінде ыстықтан қорғайды, ішінде вентиляцияны жеңіл орнатуға болады. Бұл киіз үйлер шабандардың тұрақтарында, тиристтік лагер, қалаларда кафе ретінде сонымен қатар қала ішіндегі және қала сыртынғы үйлердің аулаларында қолданылады. Есігі ағаштан істелген.

Мазм__ны СНАБЖЕНЕЦ.doc

— 93.50 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес-жоспар жасау