Монополия дегеніміз не

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді.
Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиял

Работа содержит 1 файл

Менеджмент реферат.docx

— 79.41 Кб (Скачать)

- Жансұлтан Орынбекұлы, өз бизнесіңді ашып, оны әрі қарай сәтті жүргізіп кету үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыз?

- Кәсіпкер болу үшін адамға ең алдымен білім, қабілет, дағды және мотивация қажет. Кәсіпкер үшін ең басты мотивация бұл – тәуелсіз болуды қалау, ақша табуды қалау, соған отбасы мен жақындарын сендіре алу және ісінің табысты болуына шын сену. Адамның басына әртүрлі бизнес-идеялар келеді, соның ішінен «алтын құм» алып келетін жақсы идеяны таңдап алу кәсіпкер емес адам үшін де, кәсіпкер үшін де өте қиын. Сондықтан өз бизнесін бастағысы келетін тұрғындар үшін «Даму» қоры 2009 жылдан бастап «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама аясында қысқамерзімді тегін тренингтер өткізу арқылы қарапайым халыққа, кәсіпкерлерге бизнес негіздерін оқыту арқылы бизнесті бастауда және жүргізуде білім беру көзделген. Бұл тренинтерде тыңдаушы кәсіпкер болуға қажетті психологиялық әзірліктен бастап, бизнес-идеяны таңдау, маркетингтің «5P» ережесіне, алтын ережелерімен танысу және де басқа тақырыптарды қамту арқылы кәсіпкер болуға қадам жасауына көмек береміз. Аталған тренинг жылына 2 рет – көктемде және күзде өткізіледі, оған аудан және ауыл тұрғындары да қатыса алады, өйткені бұл тренингтер барлық аудандарда және Қызылорда қаласында өткізіледі. Тренингтің өту кестесімен «Даму» қорының сайтынан көруге болады немесе филиалға телефон соғу арқылы білуге болады.

- Сұхбатыңызға рахмет!

- Бағдарламалар туралы толық ақпаратты «Даму» қорының Қызылорда филиалына телефон соғу арқылы білуге болады, + 7 7242 27 84 02. Біз әрқашанда кәсіпкерлерге кеңес беруге даярмыз.

 

ҚР кәсіпкерлікті  дамыту жолдары

 

Еліміздің экономикасын қайта  түлетіп, әлеуметтік экономикалық әлеуметті  еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы  кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық  кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытып, мемлекетіміздің іргесін нығайта  беру барысында көптеген қызметтер  атқаруда.  
Экономиканы басқару жүйесін радикалды түрде қайта құру, яғни нарықтық қатынастарға өту елімізде жүргізіліп жатқан реформалық бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде бұл проблеманың маңыздылығы ерекше, себебі, нарықтық экономикада оның жағдайы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. 
Экономикалық белсенділіктің негізгі факторы ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуы көптеген мемлекеттерде орын алған. Шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылған адамдардың 50-60%, жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді, ал өндірілген өнімдер мен қызметтер ЖҰӨ-нің тең жартысын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - капитал салымдарының тез орын толтыруы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, жұмыспен қамту деңгейінің жоғарылығы, сұраныс өзгерісіне икемділігі. 
Бұл сектор экономикалық қатынастар жағдайында дамыған елдердің маңызды құрылымдық звеносы болып табылатындығы, әлемдік тәжірибеде айқын көрсетілуде. Шағын бизнес кәсіпорындарының ынталы түрде жұмыс атқару қажеттілігі бірқатар белсенді тенденцияларға байланысты туындап отыр, оның ішінде еңбек күшінің мамандандырылуы мен бөлінуі, өндірістің диверсификациялануы, жоғары сапалы тауарларға деген сұраныстың артуы, демографиялық факторлардың өсуі және т.б. Конституциялық ережеге сай: «Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы». Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады. 
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді.  
Оңтүстік Қазақстан Облысының шағын және орта кәсіпорындарының жұмысына әсер етуші кедергілердің арасында бірінші орында дайын өнімді өткізу мәселелері алып тұр. Бұл мәселенің пайда болуы келесі факторларға байланысты болып табылады: 
• шетелдік тауарларға қарағанда отандық тауар өндірушілер тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі; 
• жалпы тұрғындардың, әсіресе сауда және өндіріс орталықтарынан шалғай орналасқан аймақтарда тұратын тұрғындардың төлем қабілеттіліктерінің төмендігі; 
• отандық нарық сыйымдылығының төмендігі және отандық кәсіпкерлердің жақын не алыс шетел нарықтарына шығу қиындығы. 
Екінші орынды салық жүйесінің жеткілікті дәрежеде орындалмауы орын алған. Соңғы жылдары бұл проблема басты орындарды алуда және шиеленіскен есеп беру жүйесі, салық ставкалары мен жиындарының жоғарылығы, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктердің жоқтығы және салымдар мен төлемдерді жинау жүйесінің күрделілігі тәрізді түрлі кемшіліктерге ие. 
Кәсіпкерлердің тұжырымы бойынша үшінші орында несие алу қиындығы, оның ішінде-микрокредиттерге (жоғарғы пайыздық ставкалар, несие мерзімінің қысқалылығы, кепілдік мүліктің жоқтығы және несиеге құжаттар толтырудың күрделілігі) қол жеткізу қиын. 
Келесі мәселе бұл шикізатпен қамтамасыз ету, оның пайда болу себептері: жоғарғы баға, сапа төмендігі, сапалы отандық шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың болмауы және транспорттауға тарифтердің жоғарылығы. 
Бесінші орынды мемлекеттік органдардың араласуы мен бақылауы бойынша мәселесі орын алған, оның пайда болу себептері уәкілдік құқықтарын асыра сілтеушілік, күштеушілік және қайырымдылық жасауға мәжбүрдеушілік. 
Бұдан басқа кедергілердің саны көп, солардың ішінде нарықтық және өндірістік инфрақұрылымның дамымағандығы. Көптеген кәсіпкерлердің ескертуі бойынша олардың өз кәсіпорындарын ашу барысында ақпараттың жетіспеушілігі тәрізді кедергілер көп кездескен. Кәсіпкерлер нарық конъюнктурасы, бәсекелестер саны туралы ақпараттарды көп қажетсінеді. Бірақ мұндай ақпараттардың болмауы салдарынан шағын кәсіпорындар өздерінің бастапқы стадиясында шығындалуына тура келеді.

Шағын және орта бизнес

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, шағын кәсіпкерліктің үлесін көтеру, 2011 жылдың қорытындысы бойынша  күтілетін нәтижелер

 

Шағын және орта бизнестің  дамуын қолдау мақсатында облыстық деңгейде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнес субъектілерін ақпараттық қолдауға бағытталған семинарлар, дөңгелек столдар өткізу үшін жыл сайын  қаржы бөлініп, ақысыз негізде кәсіпкерлерді  ақпаратты қолдау жұмыстары жүргізіледі. 
Сондай-ақ, облыс әкімінің облыстың бизнес қауымдастығымен тоқсан сайын кездесуі ұйымдастырылып тұрады. 
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржы-несиелік қолдау екінші деңгейлік банк филиардары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы көрсетіледі. 
Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру  туралы жүргізілетін ай сайынғы монисторингке сәйкес, 2011 жылдың 1 қарашасына жоғарыда аталған барлық қаржы көздері арқылы 5,95 млрд. теңге несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге кеміген. 
Оның ішінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ арқылы 253,8 млн. тңгені құрайтын 183 жоба несиелендірілген. Оның ішінде, мемлекетттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 116,5 млн. теңгені құрайтын 19 жоба, «Көктемгі дала» бағдарламасы бойынша 11,5 млн теңгені құрайтын 5 жоба, «Ауылға шағын несие» бағдарламасы бойынша 125,8 млн. теңгені құрайтын 159 жоба қаржыландырылған. 
Екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы 4,3 млрд. несие берілген. Оның ішінде, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 1,5 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба, «Даму Аймақтар 2» бағдарламасы шеңберінде 98,6 млн. теңгені құрайтын 8 жоба қаржыландырылды. 
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағытындағы «Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қызметі» бойынша 2011 жылға 23 845,0 мың теңге қаржы бөлініп, оқу курстары нәтижесінде облыс бойынша 210 қатысушы сертификат алды.

 

 

 

 

 

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

 бағдарламасының орындалуы

 

 

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 4 бағытта іске асырылуда:

1.     «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау»

2.      «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру»

3.     «Валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдау»

4.     «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру».

Бағдарламаны іске асыру  үшін облысқа 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Оның ішінде, бірінші бағыт шеңберінде 1029,2 млн. теңге:

-         пайыздық ставканы субсидиялауға 150,2 млн. теңге;

-         несиені ішінара кепілдендіру 241,6 млн. теңге;

-         өндірістік инфрақұрылымды дамыту 637,4 млн. теңге.

Пайыздық ставканы субдсидиялау және кепілдендіру үшін Аймақтық үйлестіру  кеңесінде 25 жоба мақұлданып, оның 14 жобасы субсидиялануда, 1 жоба кепілдендірілді.

Бұл ретте, 2011 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілмеуі болжануда. Осыған орай, субсидиялауға бөлінген қаржының 49,2 млн. теңгесі, кепілдендіруге бөлінген қаржының 99,6 млн. теңгесі республикалық  бюджетке қайтарылды.

Бағдарламаның «Өндірістік  инфрақұрылымды дамыту» бағыты шеңберінде бөлінген 637,4 млн.теңге қаржы есебінен 5 жоба іске асырылуда. Олар:     

-    Ауқымы 1000 гектар жерді алатын «Индустриялық аймақ»;

-         44 гектар жерді қамтитын «Өнеркәсіп алаңы»;

-         «Қамбаш» демалыс аймағы;

-         «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Жылыжайлар құрылысы» жобасы;

-         «Рай кz» ЖШС-нің «Қағаз өнімдері өндірісі» жобасы.

Сонымен қатар, бұл жобаларды  толығымен аяқтау үшін республикалық  бюджеттен 3,7 млрд. теңге қаржы сұратылған.

2011 жылға осы мақсатта  қосымша 534,0 млн.теңгеге бюджеттік  өтінім беріліп, оның 300,0 млн.теңгесі  берілді. 

Бұл қаржы индустриялық аймақтың инфрақұрылымдық жүйесінің құрылысын  жалғастыруға және қосымша 5 жобаның  жобалық-сметалық құжаттамаларын  дайындауға бағытталуда.

Екінші бағыт жергілікті атқарушы органдардың қатысуынсыз екінші деңгейлі банктермен тікелей жүргізіледі.

Үшінші бағыт шеңберінде «Валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдауға» 380,0 млн. теңге. Бағдарламаның бұл бағыты шеңберінде 2010-2011 жылдары кәсіпкерлер мен банк филиалдары тарапынан жобалардың ұсынылмауы себебінен 380,0 млн. теңге толығымен республикалық бюджетке қайтарылды.

Төртінші бағыт шеңберінде 37,4 млн. теңге:

-         жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдауға 31,2 млн. теңге;

Бұл бағыт шеңберінде конкрстық  негізде 6 лот бойынша 5 консалтингтік  компания анықталып, бухгалтерлік, статистикалық  және салық есептілігі, кедендік рәсімдер, сапа менеджментін енгізу, ақпараттық технологиялар, маркетинг және заң  кеңестері бойынша облыс кәсіпкерлеріне ақысыз қызмет көрсетілуде. 2011 жылдың 1 қарашасына облыстың 202 кәсіпорнына  ақысыз қызмет көрсетілді.

-         «Іскерлік байланыстар» орнатуға 6,1 млн. теңге.

Бұл бағыт шеңберінде, 13 кәсіпкер Алматы қаласынан оқу курстарынан  өтіп келсе, тағы 2 кәсіпкер курсқа жолдануда. 1 кәсіпкер Германияда іскерлік тағылымдамадан өтіп келді. 

Міндеттер:

- «Бизнестің жол картасы  2020», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларын  іске асыруды жалғастыру;

- Шағын және орта бизнес  ке түсетін әкімшілік кедергілерді  азайту жұмыстарын жалғастыру;

- Шағын және орта кәсіпкерліктің  бәсекеге қабілеттігін арттыру,  қызмеін ынталандыру жұмыстарын  жүргізу:

1.    Облыс әкімінің бизнес қауымдастықпен кездесуін тоқсан сайын

ұйымдастыру;

2.    «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсын өткізу;

3.    «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін»

облыстық көрме-конкурсын  өткізу.

 




Информация о работе Монополия дегеніміз не