Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:06, курсовая работа
Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді.
Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиял
Үшіншіден, монополия өзінің
саяси және қаржылық салаларындағы
байланыстарын пайдаланып,
Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми- техникалық тіресу; өнеркәсіптік -өндірістік тіресу; сауда- саттық тіресу (сайысу).
Ғылыми- техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
ғылыми – техникалық ақпараты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.
Ғылыми – техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады:
Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді: бәсекелес фирмалар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді; ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп пайданы барлық бәсекелес фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.
Монополистік үлгі. Бұнда жаңалықтар енгізудің арқасында таза монополист тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады. Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.
Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болған, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді- өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады.
Таза монполия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарлатып, соның тәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарлата алады. Бірақ, бәсәкелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиеленісе түседі.
Бұнда екі жағдай қолданылады – ауқым нәтижесі және “Х- тиімсіздік” түсінігі.
Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың
өндіріс көлемі, олардың әрқайсына
масштабтың өсуінен болып тұрған
нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Ал технология және өндіріс
шығындары берілген болғанда көп
бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық
сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай
жағдайда нарыққа қатынасы жағынан
фирма ірі монополистік болуға тиісті,шығарылатын
өнімнің бірлігіне келетін
“Х- тиімсіздік.” Әдетте,өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең жақсысын, ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсалуын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандай болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төменгі дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін “Х- тиімсіздігі” түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады - өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуелділіктен бас тартқанда, қабілеті төмен жолдас- жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.
Сауда- саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді:
Біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы;
Екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында;
Үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.
Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанды түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады- шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:
Сатушының монополист болуын;
Сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттеріне сәйкес топтарға бөле алатын мүмкіндігің болуы;
Алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметті қайтасата алмауы керек.
Бағалық алалаушылық мынадай
жағдайдаларда кең қолданылады:
қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың,
қонақ үйлерін басқарушылардың)
Баға қатысыз бәсеке көбіне
өнім сапасын көтеру, сатужағдайларын
жақсарту, сервистік қызметтерді
көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі
бағыта көрсетуге болады: бірінші- тауардың
техникалық сипаттамаларын жетілдіру;
екінші:тұтынушылар
Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарларды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.
Бәсекенің түрлері және іске асу әдістері әр сан қилы. Негізгілері мыналар:
Импереализмде мала ішіндегі бәсекеге шетел монополиялары да қатысып ерекше шиеленіскен сипатқа ие болады.
Салалық бәсеке күресі жойылмайды
отқа май құйғандай өршіп кетеді.
Монополиялар “бөгде”
деп аталатын, яғни монополистік бірлестіктерге
кірмейтін кәсіпорындармен
Бәсеке күресі жеке капиталистердің
ұсақ кәсіпорындарының, сондай-ақ экономикалық
күшті монополиялардың ірі
Орта пайда алу мақсатындағы бәсеке күресімен қатар үстем пайда үшін күрес бір сәтте тоқтамайды.
Тіпті бәсеке күресің шеңбері ұлғайып барады. Ұлттық рынока ғана емес, әлемдік рынокка қол салады. Қиянкескі күрес тауарларды өткізу рыногы үшін ғана жүргізілмейді, сонымен қатар шикі зат көздерін иемденуді көздейді. Кейбір монополиялар бәсеке күресінде мемлекетке арқа сүйейді.
Монополиялардың бірімен- бірінің күресі әрдайым қатыгездік, қауіпті сипатта болады Бір саладағы монополиялар, саланы бүтіндей қожалығына айналдыру, тек өз үстемдігін жүргізу үшін күреседі.
Өнімдері бір- бірімен алмастыруға болатын және біртектес өнім өндіретін, сонымен қатар бірімен- бірінің сорпасы қайнамайтын монополиялар арасындағы бәсеке күресі де жандана береді. Олардың мақсаты- “ сатып алшылардың доллары” үшін күресте бәсекелестерін түбірімен құртып жіберуі.
Монополияланған және монополияға кірмеген өндіріс орындары орындары арасындағы күресте сан- алуан түрге енеді.
Бәсеке күресі шетелге тауар сатып өткізу рыногы және шикізаттың шоғыр көздері, сондай- ақ капиталды пайдалы жұмсау сферасы үшін жүргізіледі.
Монополияөзінің қалыптасып және дамуында үш кезеңді басынан өткізді.
Бірінші кезең- 19ғасырдың 60-70жылдарын қамтиды.Еркін бәсеке дамуының шарықтау дәрежесіне жетті. Дегенмен монополиялар пайда бола бастады.Алайда олардың пайда болуы ерекше айқын көрінбеді. Көзге көрінер- көрінбес, түсер- түспес кескінде болады
Екінші кезең- тұңғыш рет капитализм әлемін жайлаған 1873жылғы экономикалық дағдарыстан бастап 19ғасырдың соңына дейін созылды. Монополия біршама кең тарады. Алайда экономиканың тұтқасына әлі де болса ие болмады, қолы тізгінге тимеген кезі еді.
Үшінші кезең- 19ғасырдың соңын ала 20ғасырдың бірінші он жылдық мерзімі боынша дарыды. Бұл кезең капиталистік өндірістің өрлеу фазасынан басталып, 1900- 1903жылдары болған дағдарысының салдарымен сипатталады. Өндірістің шоғырлануы шапшаң қарқынмен күшейді.монополиялар шаруашылықтың буынды салаларына үстемдігін жүргізді. Экономикалық өмірде шешуші күшке айналды.
Сөйтіп капитализімнің жоғарғы сатысы импереализмге ұласты. Өндірісті қоғамдастыруға бұрын болмаған әрекеттерді жасады. Сөйтіп экономикалық өмірге монополияларды алып келді және одан әрі жандандырды. Осылардың негізінде құрылған монополиялар толып жатқан ұсақ, орташа және ірі корпорациялардың үстінен қарап қожалық ететін ұлттық, немесе ұлтаралық шоғырланған ккапитал.
Дүние жүзілік монополия
Монополия орасан зор құдіреті күшке айналды. Монополияның толыққанды бейнесін көрсету үшін оның келесі белгісі дүние жүзілін экономикалық жағынан бөлісуді қарастырамыз.
Біздің ғасырымыздың аяғында дүниежүзілік өнімнің едәуір бөлігі монополистердің қолына көшті. Өндіргіш күштердің шоғырлануы жаңа қарқынға ие болды. Өндірісті интенсивтендіру күшейді. Сыртқы сауда өріс молайды және капиталды сыртқа шығару көлемі көбейді, халқаралық байланыс ұясы кеңіді. Осының бәрі халқаралық монополиялардың құрылуңының және қалыптасуының объективті негіздері. Халқаралық монополиялардың құрылуының жоғарыда айтылған объективті негіздерді дүние жүзін экономикалық жағынан бөлісудің жағдайын жасады. Бұл әлемдік рынокты, шикізат көздерін және капиталды пайдалану сфераларын бөлісу ұғымының жиынтығынан тұрады.
Дүние жүзін экономикалық жағынан бөлісудің шешуші буыны – монополия капиталының көлемі және қуат. Түптеп келгенде капиталдың көлемі мен қуаты экономикалық бөлісудің тағдырын шешеді. Халқаралық монополиялар өздерінің құрамы мен іс- әрекеттері жағынан екіге бөлінеді.
Біріншісі- белгілі бір
ел капиталының иелігіндегі
Екіншісі- шоғырланудың неғұрлым жоғары түрі , бірнеше елдердің ірі капиталының меншігіндегі халқаралық монополистер одағы. Бұлар бұрынғылар мен салыстырғанда өндіріс пен капиталдың әлемдік шоғырлануының биік шоқысы. Сондықтан да В.И.Ленин халқаралық монополияларды үстеме монополия деп атаған.
Мемлекеттік-монополистік капитализм халқаралық монполиялардың көбейіп және күш- қуатының өсуімен сипатталады. 19ғасырдың басында- 46, біздің ғасырымыздың басында(1910ж.) - 160, отызыншы жылдары – 320, жетпісінші жылдары әрқайсында 1миллиард доллары бар 500 осындай монополияларболды.
Қазіргі көп ұлтты монополиялардың тірегі-Американың компаниялары. Бір ғана фактіге жүгінейік. Американың көп ұлтты
Монополиялық корпорацияларының қызметі мен экономикалық қуаты бірнеше мемлекеттің ұлттық табысының жиынтығына тең.
Энергетика саласындағы “Эксон” атты монополияның тек қана бір жылда (1980ж)саудадан түсірген пайдасы 110млрд дллар. Бұл Швейцария, немесе Австрия мен Данияның шығарған барлық өнімінен көп деген сөз. Сонымен бейнелеп айтқанда бір корпорацияның өзі ғана, бір немесе бірнеше дамыған мемлекет десе болады.
Ұлтаралық капиталистер одағының
дүниежүзілік экономикалық жағынан
бөлісуінің таптық мәні мен мазмұны
бар. Өйткені бұл құбылыс
Қазір халқаралық монополиялар екіге типке бөлінеді: көп ұлтты және ұлтаралық монополиялар.
Дүниежүзілік екінші соғысқа
дейін халқаралық монополиялардың
басым көпшілігі картелдер
Ұлтаралық монополистік капитал жекелеген елдер ауқымында да, сондай-ақ бүкіл дүниежүзілік шаруашылық ауқымында да шешуші тұлғаға айналды.
Ұлтаралық монополия атануға қойылатын шартр бар. Ол мынау: 70-інші жылдары 1млрд долларқаржысы бар монополияларды жатқызатын. Қазіргі талап күшейді. Ұлтаралық монополия қаржы көлемі 2млрд доллар болуы шартты мәселе.