Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 14:06, курсовая работа
Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді.
Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиял
[2]
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991
жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы
және оның бәсекелік сипатын
Ø Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Ø Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Ø Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпкерлік орта». Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны», бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым.
Екінші бөлім аты «Кәсіпкерлік бәсекелестік». Бұл бөлімде бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған.
Үшінші бөлім «Кәсіпкерлік
істі мемлекеттік реттеу». Бұл бөлімде
кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік
ісіне араласу жағдайы, себептері,
Қазақстанда кәсіпкерлікті
Курстық жұмысымның басты
мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген
тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта
деп аталғандықтан
Кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі
Біз елімізде неғұрлым көп және алуан түрлі тауар өндіретін болсақ, соғұрлым ел экономикасы да мықты бола бермек. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі мұнай, газ, металл, жоғары сапалы бидай өндіруші алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі. Алайда, көптеген тауарларды біз әлі де өзге мемлекеттерден сатып алуға мәжбүрміз, өйткені біз мұндай өнім түрін өз елімізде шығарып отырған жоқпыз.
Импорттан түскен тауарды
сатып алғанда, біз өзге елдердің
экономикасына қолдау жасап отырмыз,
сөйтіп, шет мемлекеттерге сол
елдің азаматтары үшін жаңа жұмыс
орындарын ашып беруге ықпал етудеміз.
Әлбетте, біздің нарыққа өзге елдерден
тауар жеткізуші әріптес-
2010 жылдан бастап отандық
бизнесті қолдау мақсатында
- «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы 2010 жылдың сәуір айында қабылданды, бұл бағдарлама бойынша «Даму» қоры Қаржы агенті болып табылады. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге не бере алады? Біріншіден, бағдарламаға қатысушы кәсіпкер банктен алынған несиенің пайыздық ставкасын 7% пайызға субсидиялай алады, яғни банктен 14% пайызбен несие алады, оның 7% пайызын мемлекет кәсіпкер үшін банкке өтеп береді. Сол кезде кәсіпкер 7% пайызбен несие алған болып табылады. Екіншіден, кәсіпкер банктен несие алу үшін кепіл мүлкін қоюы тиіс, осы жерде кәсіпкердің қоятын кепіл мүлкі жеткіліксіз болса, «Даму» қоры кәсіпкер үшін банк алдында несие сомасының 50% пайызына дейін кепілдемесін бере алады. Егер кәсіпкер банктен 4 000 000 теңге көлеміндегі несие алатын болса, онда ол 2 000 000 теңге алуға жеткілікті кепіл мүлкін банкке қояды, ал қалған 2 000 000 теңгеге «Даму» қоры кепіл беруші болады. «Даму» қорынан кепілдеме алғандығы үшін кәсіпкер ешқандай да ақша төлемейді немесе Дамуға кепіл мүлкін бермейді, кепілдеме кәсіпкерлер үшін тегін беріледі. Бұл Қазақстан кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау бағдарламасы.
- Жоғарыда айтылған қолдауларды қандай кәсіпкерлер ала алады? Кез-келген салада жұмыс жасайтын кәсіпкер ала алады ма? Және осындай қолдауды алу үшін кәсіпкер қайда баруы керек, «Даму» қорына барады ма, әлде банкке ме?
- Бағдарламаның №1 қосымшасында белгіленген экономиканың басымды салаларында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер қатыса алады. Мысалға, жеңіл өнеркәсіп пен жихаз өндіру, транспорт және складтау, компьютерлерді, тұрмыстық тауарлар мен жеке қолданыстағы тұтыну заттарын жөндеу саласындағы және т.б. Бұл тізімді біздің www.damu.kz, www.dkb2020.kz сайттарынан көруге болады немесе + 7 7242 27 84 02 хабарласып, осы бағдарлама бойынша мамандардан сұрауға болады.
- Ең алдымен кәсіпкер несие алуға қажетті құжаттар тізімімен банкке өтінім (заявка) береді. Банк кәсіпкер жобасына талдау жасап, қаржыландыру мүмкін немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Егер де оң шешім алған жағдайда, жоба Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралады, бағдарлама талаптарына сайлығы тексеріледі, яғни кәсіпкердің жобасы бекітілген басымды салалар қатарына тиісті ме, тиісті емес пе, сол жағы қаралады. Оң шешім шыққан жағдайда, кеңес отырысының хаттамасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданады. Министрлікпен келісілгеннен кейін, кәсіпкер, банк және «Даму» қоры арасында субсидиялау келісім шарты жасалады, сөйтіп әр тоқсан сайын субсидияланатын пайыздық ставка сомасы «Даму» қорымен банкке аударылып отырады, ал кәсіпкер банктік келісім шартында белгіленген кесте бойынша несие төлемін төлеп отырады, яғни несие бойынша негізгі қарызды және несиеге есептелген 7% пайыз көлеміндегі сыйақыны.
- Механизміне қарасақ, өте ұзақ процедура сияқты, кәсіпкер банкке барады, одан кейін үйлестіру кеңесі, одан кейін министрліктің келісімі деген сияқты. Сонда осы бағдарлама бойынша кәсіпкер субсидиялау туралы келісім шартын жасау үшін неше күн күтуі тиіс?
- Ия, қойылған сұрағыңыз орынды. Бізде Қызылорда облысы бойынша бүгінгі таңда Аймақтық үйлестіру кеңесімен 6 жоба мақұлданды, 2 жоба бойынша субсидиялау келісім шарттарына қол қойылды. Бұл жобалар бойынша, алғашқы жобалардың бірі болғандықтан болуы керек, Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, келісімге қол қою күні аралығы орташа есеппен 78 күнді құрады. Бірақ 2010 жылдың қараша айында өткен ҚР Үкімет отырысында осы бағдарламаның жүзеге асырудағы жобаларды қарау мерзімдерін қысқарту туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде субсидиялау келісім-шартына қол қою мерзімі 70 күннен 23 күнге дейін қысқартылды.
- Бағдарламаға қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде. Сол туралы айтып өтсеңіз.
- «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі шарты бойынша несиелер жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың жұмысын кеңейтуге және құрал-жабдықтарды жаңғыртуға бағытталуы тиіс еді. Бірақ та, әрбір жобаның қиындықтарын ескере отырып, бағдарламаға толықтыру енгізілді, яғни несие сомасының 70% пайызын кәсіпкер техника, құрал-жабдық алуға жұмсаса, 30% пайызын айналым қаражатын толықтыруға жұмсай алады. Және қарамағында 100 жұмыскерден асатын, дүкендерінің көлемі 2000 ш.м.-ден асатын саудамен айналысатын кәсіпкерлердің банктен алынған несиесінің пайыздық ставкасын субсидиялауға болады. Сонымен қатар, соңғы ең маңызды өзгеріс – Бағдарламаға «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» атты 4-ші бағыт енгізілді. 4-ші бағытқа:
• Істі жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар)
• Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету,
• «Іскерлік байланыстар» жобасы,
• Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту,
• Кадрлерді дайындау және қайта дайындау деген компоненттер кіреді.
Бұл бағыт бойынша бастаушы
кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі,
яғни «Даму» қорымен бастаушы кәсіпкерлерге
стандартты сервистік қызмет көрсетіледі,
бұл «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы
аясындағы қысқамерзімді
- Бүгінде лизинг деген ұғымның өзі Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі үшін беймәлім ұғым ретінде қалып отыр. Алайда лизинг нарығы барынша дамыған елдерде бұл сөз мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен кәсіпкерлік мақсат үшін ұзақ мерзімге жалға беру дегенді білдіретін қарапайым ғана термин. «Даму» қорында өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерге арналған лизингтік бағдарлама туралы айтып өтсеңіз?
- Аталған бағдарлама бойынша өндіріс саласындағы кәсіпкер, яғни тамақ, сусын, киім, жихаз, қағаз өнімдерін, пластмассалық өнімдерді және басқа да дайын өнімдерді шығаратын кәсіпорын 4 лизингтік компания («Лизинг Групп» АҚ, «Темірлизинг» АҚ, «СК Лизинг» АҚ, «Евразиялық лизинг») арқылы жылына 8% пайыз көлеміндегі сыйақы ставкасымен 7 жылға дейінгі мерзімге техника, құрал-жабдық, транспорт ала алады. Бұл лизингтік схеманың бір ерекшелігі – кепіл мүлкінің қажетсіздігі, яғни кәсіпкер лизингке алынатын техника, құрал-жабдық құнынан 20%-30% көлеміндегі қаражатты аванстық төлем ретінде лизингтік компанияға аударады және кепіл затының орнына сол алынатын мүлік жүреді. Жоғарыда аталған лизингтік компаниялардың Қызылорда қаласында өкілдіктері жоқ, бірақ қызығушылық танытқан кәсіпкер біздің филиалға хабарласу арқылы қандай құжаттар дайындау керектігі туралы толық мағлұмат алып, дайын құжаттарын сол лизингтік компанияға тапсыруына болады.