Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:37, курсовая работа
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырланады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі шаралардың бір бөлігі, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласындағы шаралардың бір бөлігі;
Экономикалық қызмет (ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, көлік және коммуникация), экономикалық қызметті реттеу;
Басқа бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер; үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; мемлекеттік кепілдер, концессиялық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларды қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық және конциссиялық жобаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге, орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына және Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын шығыстар да қаржыландырылады.
Көрсеткіштер | 2009 | 2010 | 2011 | Ауытқуы | |
2011/2009 | 2011/2010 | ||||
І. КІРІСТЕР | 2 779 227,6 | 3 626177,2 | 4 451683,1 |
|
|
Салықтық түсімдер | 1 451 007,5 | 2 083 554,7 | 3 001 212,3 |
|
|
Салықтық емес түсiмдер | 114 295,8 | 71 428,7 | 108 942,4 |
|
|
Нег.кап.сатудан түсетін түсімдер | 4 538,0 | 23 736,5 | 16 087,8 |
|
|
Трансферт-дің түсімдері | 1 209 386,4 | 1 447 457,3 | 1 325 440,6 |
|
|
Кесте – Республикалық бюджеттің 2009-2011 жылдар аралығындағы атқарылуы
Республикалық бюджеттің 2009 жылғы кірістері 2 779 млрд теңгені құраған, жоспар бойынша түгел атқарылмаған, ал 2010 жылы республикалық бюджеттің кірістері 106,2%-ға орындалды, жоспардағы 3 413,8 млрд.теңгенің орнына түсімдер 3 626,2 млрд.теңгені немесе 212,4 млрд.теңгеге артығымен құрады. 2011 жылы бұл кіріс 2010 жылға қарағанда 825 млрд теңгеге өскен.
Республикалық бюджеттің 2009 жылғы салықтық түсімдер бойынша 108,3%-ға орындалды, бюджетке 1 451 млрд.теңге артық түсті. Трансферттер түсімдері 90,0%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 2010 жылдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдер жоспардағы 1 886,9 млрд. теңгенің орнына, 2 083,5 млрд.теңгені немесе 110,4 %-ды құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 119,6 %-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 90,0 %-ға және трансферттердің түсімдері бойынша 100,5 %-ға орындалды. 2011 жылы салықтық түсімдер 3001 млрд теңгеге атқарылды. 2009 жылмен салыстырғанда 106%-ға өскен.
Салықтық емес түсімдер 2009 жылы іс жүзінде 114,3 млрд.теңге түсті немесе 87,5%-ға орындалды, өткен 2010 жылы Салықтық емес түсімдер бойынша есептік кезеңге жоспардағы 59,7 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 71,4 млрд.теңге немесе 119,6 % түсті.
Жоспарлы көрсеткіштердің негізгі асыра орындалуы мынадай түсімдер есебінен түсіндіріледі:
8,8 млрд.теңге сомасындағы жоспарланбайтын айыппұлдар;
3,5 млрд. теңге сомасында жоспарланбаған дивидендтер.
2011 жылы 108 млрд теңгеге орындалып, 2010 жылмен салыстырғанда 37 млрд теңгеге артық түссе, 2009 жыл бойынша салыстырсақ -6 млрд теңгеге кем түскен.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2009 жылғы жоспарындағы 4,4 млрд.теңгеде 4,5 млрд.теңге түсті. Асыра орындау 0,08 млрд.теңге сомасында жұмылдырылған резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түскен жоспардан тыс түсімдерге байланысты. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 2010 жылы жылдық жоспар кезінде 26,4 млрд. теңгенің орнына 23,7 млрд.теңге түсті. Жоспар төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды сатудан түсетін түсімдер бойынша және материалдық құндылықтарды шығару бойынша бірқатар шарттарды бұзумен байланысты орындалмады. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда біршама төмен көрсеткіш көрсеткен.
Трансферттердің түсімдері 2009 жылы 1 209млрд теңгеге орындалды, 2010 жылы жоспардағы 1 440,8 млрд.теңге кезінде 1 447,5 млрд. теңгені немесе 100,5 %-ды құрады. Мақсатты емес бағытта пайдаланылған және пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару сомасының түсімдері есебінен 6,6 млрд.теңгеге артқан. 2011 жылы 1 325 млрд теңгеге атқарылды.
Төмендегі кестеден республикалық бюджеттің шығыстарын көре аламыз.
Кесте – Республикалық бюджеттің 2009-2011 жылдар аралығындағы атқарылуы
Көрсеткіштер | 2009 | 2010 | 2011 | 2011/2009 | 2011/2010 | |||
II. ШЫҒЫНДАР | 3 118 646,0 | 3 860 974,2 | 4 605 059,3 |
|
| |||
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 120 593,2 | 158 537,9 | 219 746,7 |
|
| |||
Қорғаныс | 183 014,7 | 214 549,5 | 253 096,0 |
|
| |||
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 259 931,1 | 309 793,2 | 367 967,5 |
|
| |||
Бiлiм беру | 231 255,0 | 236 392,9 | 310 709,4 |
|
| |||
Денсаулық сақтау | 176 799,6 | 367 185,5 | 376 704,0 |
|
| |||
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 695 930,8 | 835 497,5 | 1 044 390,9 |
|
| |||
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 170 340,7 | 167 551,8 | 176 283,6 |
|
| |||
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 104 388,5 | 135 388,6 | 116 041,8 |
|
| |||
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану | 61 274,8 | 86 856,7 | 107 185,4 |
|
| |||
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 161 349,8 | 200 220,2 | 229 157,0 |
|
| |||
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 14 215,9 | 8 253,3 | 16 278,9 |
|
| |||
Көлiк және коммуникация | 259 563,5 | 315 559,0 | 359 566,5 |
|
| |||
Басқалар | 83 858,9 | 85 251,8 | 117 138,7 |
|
| |||
Борышқа қызмет көрсету | 69 202,5 | 94 582,0 | 120 853,9 |
|
| |||
Трансферттер | 526 926,8 | 645 354,4 | 789 938,8 |
|
| |||
III. Таза бюджеттік кредит беру | 25 035,9 | 35 981,2 |
84 613,9
|
|
| |||
IV. Қаржылық активтермен болатын опреациялар б/ша сальдо | 146 491,6 | 284 011,1 | 337 961,8 |
|
| |||
V. Бюджеттің тапшылығы | -510 945,9 | -554 789,3 | -575 951,9 |
|
| |||
VI.Бюджеттің тапш қарж-дыру (Профиц.пайд) | 510 945,9 | 554 789,3 | 575 951,9 |
|
| |||
Қарыздар түсімі | 779 909,8 | 882 228,5 | 809 430,1 |
|
| |||
Қарыздарды өтеу | 249 038,3 | 290 107,2 | 275 060,4 |
|
| |||
Бюджет қараж-ң қолдн.қалдықтары | -49 445,9 | -37 332,0 | 71 102,4 |
|
|
Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Қайтарылмайтын негізде берілетін бюджеттік қаражаттар, яғни респбликалық бюджеттің шығындары 2009 жылы 3 118 млрд теңгені құрайды, 2010 жылы бұл қаражат 3860 млрд теңгеге жуық, 2011 жылы 4 605 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 19%-ға артқан.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 2009 жылы атқарылғаны 120 млрд теңгені құрайды, ал 2010 жылы 158 млрд теңгені немесе 31%-ға артқан, 2011 жылы өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға артып, 219 млрд теңгеге артты. Қорғаныс 2009 жылы 183 млрд теңгені, 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 18%-ға өскен не 253 млрд теңгеге қаражат жұмсалған.
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі бойынша 2009 жылы 259 931,1 млн теңгені құрайды, 2010 жылы
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін кіріктіретін үдеріс.
Бюджеттік кредиттер берілу мерзімдеріне байланысты түрлерге бөлінеді. 2009 жылы бюджеттік кредит беру 25 035млн теңгені құрайды, 2010 жылы 35 981 млн теңгеге өскен, 2011 жылы 84613 млн теңгеге дейін артқан.
Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо 2009 жылы 146 491,6 млн теңгені құрады, өткен жылы 93%-ға өскен, ал ағымдағы жылы бұл көрсеткіш тағы 18%-ға артып тұр.
[1]