Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:37, курсовая работа

Описание работы

Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырланады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Работа содержит 1 файл

Болим 1.doc

— 276.50 Кб (Скачать)

9.      Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

10. сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

Сөйтіп, қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомасы Бюджеттік кодекс пен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім

 

2.1

 

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады.

Түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттілік-терге сәйкес бөледі.

Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдердің қолданыстағы жүйесімен және салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

-         салықтық түсімдер;

-         салықтық емес түсімдер;

-         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

-         трансферттер түсімдері;

2) шығындар;

3) таза бюджеттік кредиттеу;

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо:

-    қаржылық активтерді сатып алу;

-   мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;

       5) бюджет тапшылығы (профициті);

       6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

-         қарыздар түсімі;

-         қарыздарды өтеу;

-         бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығындарын шегергендегі республикалық бюджеттен мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2009-2011 жыл аралығындағы мемлекеттік бюджетінің салыстырмалы ақпараттары бойынша төмендегі кестеде берілген мәліметтер негізінде қарастырайық.

 

Кесте 1 – Мемлекеттік бюджеттің 2009-2011 жыл аралығындағы кіріс бөлігінің атқарылуы

Көрсеткіштер

2009

2010

2011

         Ауытқуы

2011/2009

2011/2010

І. КІРІСТЕР

3 505 344,7

4 299 132,2

5 370 826,0

53,2

24,9

Салықтық түсімдер

2 228 681,8

 

2 934 080,7

3 982 338,0

78,6

35,7

Салықтық емес түсiмдер

136 175,5

104 398,2

138 596,6

1,7

32,7

Нег.кап.сатудан түсетін түсімдер

35 887,4

60 653,3

49 891,5

39,1

-17,4

Трансферт-дің түсімдері

1 104 600,0

1 200 000,0

1 200 000,0

8,6

х

 

Мемлекеттік бюджеттің кірістер бөлігі салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдерден, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден және трансферттердің түсімдерінен құралады. Кайталанып тур

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2009 жылы салықтық түсімдерден 1 984 млн теңгеге атқарылды. Қазақстанның экономикасына Жаңа салық кодексінің енгізілуімен ірі салықтар бойынша ставкалардың төмендеуіне (КТС-10%-ға, ҚҚС - 1%-ға, тіркелген әлеуметтік салық - 11%-ға) әсер еткен әлемдік экономикалық проблемалардың салдарына қарамастан, (қаржы дағдарысы) мемлекеттік бюджет кірістерінің өсуінің қарқыны байқалып, бұл салықтық түсімдердің 2010 жылы 2 934 млн теңгеге, 2011 жылы 3 982 млн теңгеге артқанын байқаймыз.

Бюджет кіріс бөлігінің атқарылуы негізінен салық түсімдерін төлеу толықтығына байланысты, оларда анағұрлым үлес салмақты корпоративті табыс салығы, кеден төлемдері және іште өндірілетін тауарларға қосылатын құн салығы алады.

Сонымен қатар салық түсімдерін жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, акциздер т.б салық түрлерінен құралады.

Салықтық емес түсімдер 2009 жылы 136 175,5 мың теңгені құраса, 2010 жылы 76,6% құрайды, ал бұл 2011 жылды 2009 жылдың  көрсеткішімен салыстырғанда 34 198,4 мың теңгеге атқарылған.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекеттке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2011 жылы 2010 жылға қарағанда кемігенін көре аламыз. Ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 24 765 мың теңгеге артқан.

Трансферттердің түсімдері 2010-2011 жылдар аралығында 100% орындалды. Трансферттердің түсімдері бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.

Жоспардағы 1 200,0 млрд. теңгенің орнына бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт 1 200 млрд. теңгеге орындалды.

Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар.

Бұл бюджеттік қаражаттардың көп бөлігі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға (зейнетақылық төлемақылар, жәрдемақылардың негізгі түрлері, т.б) бөлінген. Төмендегі кестеден мемлекеттік бюджеттің шығындарын салыстырмалы түрде толығымен көруімізге болады:

 

Кесте 2 – Мемлекеттік бюджеттің 2009-2011 жыл аралығындағы шығыс бөлігінің атқарылуы

Атауы

2009

2010

2011

Ауытқуы

2011/2009

2011/2010

ШЫҒЫНДАР

3 746 840,2

4 457164,6

5 423234,6

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

166 062,7

224 944,3

296 481,2

 

 

Қорғаныс

187 615,3

221 345,1

264 503,3

 

 

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

316 189,7

368 776,3

448 495,3

 

 

Бiлiм беру

660 917,1

755 294,8

986 773,4

 

 

Денсаулық сақтау

450 892,5

551 325,7

626 309,9

 

 

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

758 308,4

905 272,7

1 133 573,0

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

304 048,8

334 154,8

389 238,2

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

173 618,1

227 564,3

201 639,6

 

 

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

58 577,0

79 720,0

112 490,7

 

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

168 117,9

207 073,8

270 763,4

 

 

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

30 920,7

28 236,0

24 816,7

 

 

Көлiк және коммуникация

337 511,5

390 669,5

449 210,7

 

 

Басқалар

64 853,4

68 170,4

97 263,9

 

 

Борышқа қызмет көрсету

69 206,9

94 616,8

121 675,2

 

 

Дерек көзі: Қаржы министрлігі .........

 

Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1)     мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2)     тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланыс-

ты шығындар,

3)     мемлекеттік тапсырыс шығындары – бюджеттік бағдарламаларды іске

асыру шеңберіндегі азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде жеке, заңи тұлғалардан және шаруа (фермер) қожалықтарынан алынған тауарларға мемлекеттік мекемелердің ақы төлеуі;

4)     жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – жұмыскерлерге еңбегі үшін ақша -

лай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;

5)     мемлекеттің міндеттемелерін орындауға арналған шығындардың өзге

түрлері.

Жалпы шығындардың көлемі 2009 жылы 3 746 млн теңгені, 2010 жыл бұл көрсеткіш 710  мың теңгеге өскен, ал 2011 жылы 5 423 млн теңгені құрап отыр.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 130 418,5 мың теңгеге шығындары көбейген. Денсаулық сақтауға 2009 жылы 450 мың теңгеден астам қаражат жұмсалса, 2010 жылы 551 325,7 мың теңгені көрсетеді, ал 2011 жылы 2009 жылға қарағанда 134 %-ға орындалған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңғырту»  бағыты бойынша жол картасы іске асырылды. Осы мақсатта бөлінген қаражат 99,9 пайызы игерілген. 2009 жылы 304 млн теңге, 2010 жылы 30 млн теңге 2009 жылға қарағанда жұмсалған қаражат ұлғайған. 2011 жылы бұл қаражат сомасы 626 млн теңгені құрап отыр. Бұл дегеніміз құрылыс және басқа да тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың даму бағытында алға ұмтылысын байқатады.

 

Аяқталмаған. Қалай аяқтау керек?

2.2 Республикалық бюджет

 

 

Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.

Бюджеттің шығыстарын бөлу мемлекеттік басқарудың деңгейлеріне сәйкес келеді.

Республикалық деңгейде – бұл:

Мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының жұмыс істеуін, қорғанысты қамтамасыз ету, мемлекеттің сыртқы саясаттық қызметі, кеден қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер дүргізу;

Қоғамдық тәртіпті,қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі, төтенше жағдаяттар саласында қызметті ұйымдастыру, өртке қарсы служба, азаматтық қорғаныс;

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы