Кластерлік модельдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:08, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША...........................

Работа содержит 1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать)

     Ақпарат ырғағын жеңілдететін факторлар:

     - бірге оқу және міндетін атқарп  жүрген кезеңдегі жеке қарым-қатынас;

     - ғылыми қоғамдастықтарға немесе  кәсіби бірлестікте туындайтын  байланыс;

     - географиялық жақын орналасудан  туған байланыстар;

     - кластерге қызмет көрсететін салалық ассоциациялар;

     - ұзақ та берік өзара қарым-қатынасқа  деген сенім сияқты мінез-құлық  нормалары.

     Мақсаттардың  сәйкес келуін анықтайтын және кластерлер ішіндегі сәйкестік факторлары мына төмендегідей:

     - фирмалар арасындағы отбасылық  немесе отбасы маңындағы байланыстар;

     - өнеркәсіп топтары ішіндегі жалпы  меншік;

     - акционерлік жеке меншікке үлестік  қатысу;

     - фирмалар директорларының арасындағы  өзара әрекет;

     - ұлттық патриотизм.

     Жапония жақсы жұмыс істейтін кластерлер еді. Алдымен әдепкі көзге түсетіні ірі топтар. Бұлар акционерлік капитал арқылы өзара байланысы бар, еркін фирмалар тобы, соғыс алдындағы қатаң детерминантталған өнеркәсіптегі холдинг компаниялары. Әрбір топтың орталығы – банк.  Мысалы, “Сумитомо бэнк”, немесе “Мицубиси - бэнк” осындай орталықтар. Алайда іс жүзінде топ стратегиялық немесе тіпті тактикалық шешімдер қабылдауда салыстырмалы түрде көп ықпал көрсете алмайды. Алайда топішілік өзара байланыс кластерлердің жұмысын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Компаниялар бір-бірімен өзара кеңеседі және қарым-қатынастары негізінде жақсы жұмыс істейді.

     Жапонияда кластерлер ішінде өзара ықпал етуге  көмектесетін басқа да маңызды механизмдер  бар. Солардың бірі – акционерлік  меншікке үлестік қатысу. Тағы бір  маңызды фактор бар, ол – фирмалардың  географиялық жақын орналасуы. Кластерлер ішіндегі өзара байланыста жеке таныстықтың рөлін жоққа шығаруға болмайды. Жапондықтар университетте бірге оқыған курстастарымен өмір бойы қарым-қатынасын үзбейді. Бұл тектес фирмалар арасындағы өзара алмасуға жол ашады, жапондық салалық ассоциациялар, сондай-ақ үкіметтің заңдастырылған демеушілігімен жиі ақпараттық және техникалық алмасуды қажет етеді.

     Жапондық  кластер басқа да маңызды мәселелерді  айқын көрсетеді. Қолданыстағы механизмдер  өзара байланысты салалардағы өзара алмасуға жағдай жасағанмен, жекелеген салалар ішінде бәсеке жүреді. Сатып алушылар мен сатушылардың арасындағы мәміле кейде аса киындықпен іске алады.

     Италияда  класстерлер қызметіне тиімділігі шамалы механизмдер әсер етеді. Олардың  ішіндегі ең маңыздысы отбасы және отбасы маңындағы байланыстар болып табылады. Бұған қоса итальяндық өнеркәсіптің географиялық шоғырлануы күшті, көптеген салалар бір немесе екі қалада шоғырланған. Швейцариялық топтасудың басқа ерекшелік белгілері бар. Мысалы, жеке бастың өзара қарым-қатынас жүйесі міндетті әскери қызметті өтеп жүргенде туындайды. Швецияда маңызды рөлді қаржы топтары және директорлар арасындағы қатынастар атқарады. Германияда осындай рөлді банк орындамайды.

     Кластерлердің ішкі өзара қатынасын жеңілденетін механизмдер Жапонияда, Италияда, Швецияда неғұрлым күшті, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та әлсіздеу. Бұны барлық салалар бойынша айтуға болмайды. Мысалы, АҚШ-та денсаулық сақтау жүйесінде және компьютер шығаруда кластерлер барынша жеткілікті рөл атқарады. Осы салалар әлемдік нарықта әйгілі болып тұр.

     Географиялық  шоғырланудың маңыздылығы халықаралық табысты иемденуші салалардың бәсекелес фирмалар, кейде бірнеше кластерлері бір қалада немесе ауданда орналасады. Мысалы, Италиядағы жүн өндіретіндердің басым көпшілігі екі қалада орналасқан. Гелграфиялық шоғырлану көпшілік мойындаған үрдіс болғанымен, оның рөлін тиісінше бағалайды. Британияның барлық акйионерлері Лондонның бірнеше ауданында орналасқан. Базель – үш алпауыт фармацевтік өндірістің отаны. Даттық вертолет өндірісі Хернигте шоғырланған. Америкада жетекші жарнама агенттіктерінің көпшілігі Нью-Йоркте Мэдисон – авенде орналасқан. Компьютер шығаратын ірі өндірушілердің штаб-пәтерлері Миннеаполисте орналасқан. Авиация кәсіпорны Уичитте, ал шағын компьютерлер өндірісі Бостонда шоғырланған.

     Ішкі  бәсекелестердің шоғырлануы жабдықтаушылар мен негізгі сатып алушыларға жақын орналасқан. Сөйтіп қала немесе аймақ бәсеке алаңына айналады. Қорыта айтқанда, география жақын орналасу әлемдік деңгейдегі бақталастарға  бәсеке процесінде үлкен әсер етеді. “Ромб” детерминанттары өрлеп тұрған салаларға географиялық жақындығы негізінде өзара әсерін күшейтеді. Бақталастардың шоғырлануы, олардың сатып алушылары және жабдықтаушылары өндіріс тиімділігінің өсуіне және мамандануына көмектеседі. Географиялық жақындық өндіріс процесін жетілдіруге және жаңалықты енгізуге маңызды екендігін ерекше айтқан жөн. Жақын орналасқан бәсекелестерге эмоционалды және қызғаныш сезімдері де жат емес. Бұны көбінесе жақын орналасқан университертер байқап, оған өз дәрежесінде көңіл бөледі. Өз кезегінде бәсекелестер жергілікті университеттердің қызметтерін қаржыландырып қолдап отырады.

     Географиялық  шоғырландыру жаңа фирмалардың пайда  болуына көмектеседі. Бөлініп шыққан фирма компанияның отауы іспеттес жақын орналасқанды қалайды, ондағы орныққан қатынастарды бағлайды.

     Географиялық  жақын орналасу ақпаратты шоғырландыруды күшейтеді, сөйтіп оны оңай алудың сәті түсіп, қажетінше пайдаланады. Ақпарат  ағымының тасқыны күшейеді және жылдамдаланады. Бұның келеңсіз жағы бар. Ол ақпаратты басқа аймаққа таратуға кедергі келтіреді. Жақын орналасу бақталастарының тәртібін жеңіл бақылауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, көршілеріне қарай отырып өндірісті жетілдіреді. Жергілікті патриотизм таза экономикалық уәждермен арқауласып кетеді, бұл фирмаларды құлшына жұмыс істеуге итермелейді. Географиялық жақын орналасу кластерлерді қалыптастыру процесіне және салалардың кластер негізінде өзара айырбасы белсенді түрде жүреді. Қорыта айтқанда, географиялық жақын орналасу “ромбыдағы” олардың барлық әсер ететін қуаттарын біріктіреді, нәтижесінде “ромба” нағыз жүйеге айналады.

     Жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік, “ромбаның” жақсы қызмет атқаруының нәтижесі екендігі даусыз мәселе. Кейбір жағдайларда  кездейсоқтық та маңызды рөл атқарады. Басталған процестің жалғасуы жаңа бәсекелестерді тартады, ол кезде басқа детерминанттар іске қосылып, барлық әлеуеттің артуы байқалады.

     Іс  жүзінде жаңа салалардың пайда болуына  үш детерминанттардың біреуі ғана ықпал  жасайды. Факторларды алғашқы болып  басымырақ қолға түсіру бәсекеге қабілетті салаларды туындатады. Швециядағы болаттың арнайы түрін өндіру, құрамында фосфоры аз кен алудың нәтижесінде пайда болды. Жергілікті ерекшеліктер, мысалы табиғат жағдайлары салаға көңіл аударудың факторы болып табылады.

     Неғұрлым  дамыған салаларда алғашқы бәсекелестер мамандандырылған өндірістік факторлардың механизмінің әсерінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Арнайы білім алған персонал білімі мен тәжірибесін нақтылы немесе болашақ ішкі сұранысқа қолдануға тырысады.

     Бәсекеге  қабілетті салалардың бастауын тектес және қолдаушы салалардан табуға болады. Италиядағы шаңғы ботинкаларын жасайтын өндіріс туризмге қажетті жергілікті аяқ киім өндірісінен өріс алды. Осы елдегі кәсіпорындарды автоматтандыратын құрал-жабдық өндірісі станок жасау саласынан туындатады. Жапониядағы автокөлік тиейтін жабдықтар өндірісі жүкті тиейтін өндіріспен тікелей байланысты. Саладағы алғашқы кәсіпорындар тектес немесе қолдаушы салалардың немесе саланың бұрынғы қызметкерлері ұйымдастырылған жаңа компаниялар болуы мүмкін.

     Елдің әдепкі даму кезеңдерінде бәсекеге қабілетті  салалардың пайда болуы қолда  бар базалық факторларға немесе жергілікті нарықтағы сұраныстың ерекше болуына байланысты. Алдыңғы қатардағы  елдерде жаңа салалардың пайда болуының қайнар көздері сан-алуан. Жаңа өндіріс қалай десек те тектес және қолдаушы салалардан, университет лабораторияларынан немесе мамандандырылған оқу орындарынан туындайды.

     Салада  кейбір жағдайда алғашқы компаниялардың пайда болуына кездейсоқтық көмектеседі. Ғалымдардың маңызды жаңалық ашуы және болжалмаған басқа да жаңалықтардың туындауы әбден болатын құбылыс.

     Елдің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін артықшылықтарды үзбей және үнемі  қорландырып отыру керек. Негізгі  детерминанттар, мысалы, белсенді бәсеке, жоғары деңгейдегі білікті жұмысшы күші және техникалық білім, болмаса өндірісті жетілдіру қиынға түседі. Келешегінен көп үміт күттіретін сала осындай жағдайда жетейін дегеніне жете алмай тұралап қалады. Сондай-ақ елдің жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігіне жетудің жолы – кейбір детерминанттар жөнінде басымдылықты иелену немесе оны бесенді түрде дамыту болып табылады. Осындай жағдайлар Жапонияда факс аппараттарын шығару кезінде болды. Алайда тек қана дамыған базалық факторлар болса жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігіне жету ұзақ мерзімді қажетсінуі мүмкін. Ұлттық фирмалар алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен бәсекеге түсу үшін оларда озық технология, қаржы мен жаһандық сауда және қызмет көрсету арналары болуы керек.

     “Ромбаның”  кейбір бөліктерінің даму процесінде және ұлттық саланың тиіиді өзара әсерлерінің, жетілуінің және инновацияны ендірудің нәтижесінде ұзақ көп мерзімді өрлеу байқалады, жаңа фирмалар пайда болып, өндірістің жаңа саласы игеріледі. Екінші жағынан, сатып алушылардың талабының өскендігінен өнімнің жаңа түрі шығарыла бастайды.

     Ұлттық  артықшылықты жоғалту, ол саланың даму процесінде ұлттық фирмалар бәсеке артықшылығын жоғалтып алады. Олардың салаға ыңғайлануы ұлттық “ромбаға” тәуелді. Бәсекеге қабілеттілікті ұзақ мерзім сақтап қалу үшін мынандай жағдайлар қажет: талап қойғыш сатып алушылар, кешенді технологияның үнемі жетіліп отыруы, білікті персоналдар, интенсивті ішкі бәсеке, өндіріс масштабын ұлғайту арқылы үнемдеу, сауда маркасының беделі, жаһандық арнаның дамуы және т.б. Жағымсыз факторларды жоюды өндірісті басқа елге көшіру арқылы жүзеге асыруға болады.

     Алайда  саланың бәсекеге қабілеттілігі  инновацияны көтермелемегенде жоғалады. Бәсекеге қабілеттілігі жоғалтудың негізгі себептеріне тоқталайық.

     - факторлық параметрлердің әлсіреуі. Бұл көптеген себептерге байланысты туындауы мүмкін. Бәрінен де қиыны елдің факторларды жасау және жетілдіру жылдамдығынан артта қалуы. Егер мамандандырылған еңбек ресурстарының біліктілігі немесе ғылыми-техникалық базасы басқа елдермен салыстырғанда нашар болса, бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмендейді. Олай болмас үшін инновациялық процестерді жылдамдатып, назарды алдыңғы қатарлы салаға бөліп және жаһандандыруды жалғастыру қажет. Фирманың факторлар құнының өсіп отырғандығына дұрыс қарауы керек. Ол тұрақты артықшылықты қамтамасыз етеді.

     - жергілікті және жаһандық сұраныстың сәйкессіздігі. Ел ішінде ішкі сұраныс параметрлері алдыңғы қатарлы елдердегі сұраныс параметрлерімен сай келмесе, бәсеке қабілеттілігіне қауіп төнеді. Сөйтіп жергілікті сатып алушылар ұлттық фирманы дұрыс бағыттан шығарып жібереді. Бұны АҚШ автокөлік жасау өндірісінен анық байқауға болады.

     - жергілікті сатып алушылардың  шетелдіктерге қарағанда өздерінің  талап қойғыштығынан айрылуы.  Егер жергілікті сатып алушыларға  қарағанда шетелдіктер неғұрлым  талапшыл болса, онда ұлттық фирмалар елеулі қиындықтарға тап болады. Мысалы, өндірісті автоматтандырылған құрал – жабдықтар шығаруда американдықтар жаппай өндірістік технологиялар өндіруден бір кезде алда болады. Кейінгі онжылдықта жапондық, неміс және итальяндық компаниялар көптеген салаларда жаңалық тапқыш болды. Олар робототехниканы және икемді өндіріс жүйелерін пайдаланды. Осындай айырмашылық орташа және шағын кәсіпорындарда анық көрінеді.

         - мамандандырылған өндірістік факторлардағы  жеңуге болмайтын кемшіліктердің  туындауына әкелетін технологиялық өзгерістер немесе жаңа, әзірге болмайтын қолдаушы салалардың қажеттілігі. Технологиялық өзгеріс ұлттық деңгейдегі бәсекелестік қабілетке жаңа дем беріп, ескі артықшылықты жоққа шығарып, жаңасын туындатады. Ұлттық фирма бір технологиялық салада көптеген жетістіктерге жеткенмен, оны өзгерткенде қиындықтар мен зиянға ұшырайды. Кейбір кезде жаңа технологияны енгізгенде қажетті факторлардың арақатынастары өзгереді. Ол адам ресурстары, білім немесе инфрақұрылымдардың жетімсіздігіне әкеліп соғады. Қандай да бір басқа ұлттық фирма қайта құру басталмас бұрын артықшылықты иемденеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЛАСТЕРЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚҰРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 

Информация о работе Кластерлік модельдер