Кластерлік модельдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:08, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән. Кластерлік бастама аймақ бойынша кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері...............................................................................................5
1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері.................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы........................................................................................................................10
1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі....................................................................................................................
2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы.................................
2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау..........
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары.....................................................................................................
3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері...............................................................
3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі
3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері....................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................................
ҚОСЫМША...........................

Работа содержит 1 файл

кластер.doc

— 927.50 Кб (Скачать)

     МАЗМҰНЫ 

     ҚОСЫМША.................................................................................................... 
 
КІРІСПЕ 

     Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән.  Кластерлік бастама аймақ бойынша  кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

     "Кластер" ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген.  Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар.

     Профессор Портердің тұжырымдары ең белгілі  әрі мойындалған болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны "Портердің бес  күші", "жинақталған құн тізбегі", "кластерлік теория". Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын  жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.

     Кластерлердің дамуына себебін тигізетін басқа  факторлар, уақыт өте келе экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, сондай-ақ аймақтан шалғайда орналасқан, кәсіпорындарға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін, яғни институттардың, компаниялармен университеттердің бар болуы.

     Портердің айтуы бойынша, кластерлер – бұл  "…бір-бірімен байланысты кәсіпорындардың, компаниялардың географиялық  топталуы, белгілі бір өнім типін жеткізумен айналысатын, ұйымдарға, компанияларға қызмет ететін, көршілес салаларда және олармен байланысты институттарда жұмыс істейтін, өндірістің нақты саласында  одақтас,сондай-ақ бәсекелес ұйымдар".

     Бір-біріне жақындығына қарамастан экономикалық қызмет обьектілерінің орналасу маңыздылығын көп жылдар бұрын географтар айтып  өткен, бірақ аналитикалық және нормативті әдебиеттерде соңғы төрт онжылдық қана көрсетілген. Негізгі орынды жеке сектор қамтыса да, маңызды күштер масштабтар мен кластерлеудің салдары кеңінен таралуда. Шешім қабылдауға жауапты тұлғалар тәжірибеде қолдануға қолдануға тырысты, бұл қадамдардың нәтижесі әр-түрлі болды. Кластерлеу концепциясына байланысты мемлекеттік және ұлттық деңгейде көптеген шаралар қолдануда.  Осы саясатты іске асыру жауапкершілігі дәстүрлі түрде әр-түрлі министрліктерге жүктелген: өндірісті қолдау, бәсекелестік саясат, ғылым және технология саласы, еңбек нарығы және білім саласы, әлеуметтік саясат. 

     Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға бағытталған, бір географиялық аумақта қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады.

     Тәжірибеде  кластерлік қатынас жаңа басқару  формаларын дамытып және кеңейтуге пайдалы болды, тікелей араласудың орнына қосымша формалар қолданылды. Берілген көзқарас кластерлер құрылуы нарығында қажеттіліктер үшін және қолданыстағы кластерлердің белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандырулар тудыратын желілер мен институттар жүйесін құруға негізделген.

     Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың  жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді.  Кластерге  деген қызығушылық көптеген елдерде  артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.

     Қазірде әлемнің экономикалық картасында келесідей  кластерлер бар: бір орында өзара  байланысты өндірістермен институттар  салаларының салмағы - белгілі бір  қызмет саласында үлкен жетістіктерге жеткен, жеткізушілерден бастап университеттер мен мемлекеттік органдарға дейін. 

     Мұндай  типтегі ең танымал кластерлер Силикон  жазығымен Голливудта бар, ал әлем бойынша  кластерлер өте көп. Портердің айтуынша, кластерлер бәсекелестікке үш негізгі тәсілмен әсер етеді: біріншіден кәсіпорын орналасқан аумақта еңбек өнімділігін арттырады, екіншіден,  инновацияны енгізудің  жылдамдығымен бағытын анықтайды, үшіншіден, кластер аясында жаңа коммерциялық қызметтің пайда болуына ықпал етеді.   
 
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ КЛАСТЕРЛЕРДІ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

     1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері 

     Бәсекеге  қабілеттіліктің дамуымен құрылымы жөнінде көптеген теориялар бар. Бірақ, жетілген және дамыған фирмалардың тәжірибесі көрсеткеніндей экономикалық өсудің тиімді формасы кластерлік теория механизмі болып табылады. Оның негізінде кластерлік түсінік дегеніміз – экономикалық қызмет түрлерінің байланысы мен тиімді шоғырлануы, яғни, бәсекелес фирманың өзара байланысты топтарының жиынтығы, ол батыстың интерпритациядағы “диамант бриллиант” алтын қосылуы ретінде мемлекеттің барлық экономикалық жүйесімен дүниежүзілік, ұлттық, салалық, нарықтарда бәсекелестік позициясын қамтамасыз етеді.

     Ғылыммен  техниканың көп саласында қолданылатын кластер термині “cluster” – топ, жиналыс, шоғырлану деген ағылшын сөзінен шыққан.

     Негізінен кластер сөзі жаңа ұғым емес. Оның түп тамыры 1826 жылы жарыққа шыққан неміс экономисі И.Фон.Тюненнің “Изолированное государство в отношение к сельскому хозяйству и национальной экономики ” деген еңбегінде (1850 жылы 2-ші бөлімі шықты) орналастыру теориясымен байланысты көрсетілген. Көліктік алымдардың бар болуы өндірістің белгілі бір орталықтың шеңберінде жүргізілгенін көрсетеді. Бұл ұсынылған абстрактілі географиялық үлгінің мазмұны.

     Сонымен қатар, осы саладағы негізгі еңбектерінің бірі Ұлыбритания өндіріс ауданында  жүргізілген зерттеу негізінде  А.Маршалдың “Принципы экономической  науки” атты кітабы болып табылады.

     Өзінің  зерттеулерінде “өндіріс аймағы” және “локальды өндіріс” үшін арнайы терминдер енгізбеген. Бірақта бейнелеуден көргеніміздей, терең фирмааралық еңбек бөлімі кластер мысалға келтірілген. Дәлірек айтқанда, кластердің прототипі болып жалпы мойындалған индустриалды аудан саналады.

     Бұл кітаптың негізгі жетістігі, А. Маршалға, кәсіпорындарды мамандандыруды арттыру мен біріктіру кезінде жеткен синергиялық эффектіні көру бұйырды. Кластер – ішкі экономикада шикізат пен материалдарды жеткізушілермен, құрал-жабдықтар, төменмамандандырылған жұмысшылардан тұратын топтармен байланыстан тиімділікке қол жеткізетін кәсіпорынның салалық немесе географиялық концентрациясы. Кәсіпорынның кластерына жоғары формада арнайы агенттер кіреді. Олар жойылған нарықтағы жұмыс үшін және біріккен қаржылар, біріккен бухгалтерлік қызмет, технологиялық процесті ортақ техникалық жарықтандыруды қолдану сияқты мамандандырылған сектор пайда болуы мүмкін.

     Кластер ұғымына қатысты ақпарат массивін зерттеу қиындығы – кластер ұғымына  әртүрлі мінездеме берілген, ал кейбір авторлар интегрирленген білімді қолданудың тар сферасын көрсететін анықтама береді. Мысалы, инновациялы кластер, алмаз кластері.

     М.П. Войнаренконың пікірінше кластер  ұғымы экономикаға ядролық физикадан  келген. 1984 жылы радиоактивті ыдыраудың жаңа түрі ашылды, қозғалмаған жағдайда тұрған атомдық ядро өздігінен күрделі құрамды бөліктер шығарады.

     Кластер түсінігін әртүрлі салалар арасындағы технологиялық байланыс проблемаларын  зерттеумен айналысатын авторлар да қолданған. Өйткені соңғы өнімнің  өндірісі үшін кластерге әртүрлі сала өндірушілері бірігеді.

     Францияда технологиялық өзарабайланысқан секторларды  бейнелеу үшін “фильеры” терминін енгізді. Оның мәні мынада, бір сектордың технологиялық қуаты басқасына тәуелді. “Фильеры” термині кластердің кең ұғымының нышаны болып табылады. Кластердің пайда болуы бір жағынан, ұсақ өндірушілер арасындағы тығыз технологиялық байланыс құрылу үшін алғышарт, екінші жағынан, бір-бірімен нақты елдің экономикалық секторында байланысқан шағын кәсіпорындарда кластердің құрылуымен ұлттық артықшылықтың жүзеге асу мүмкіндігі.

     Фильерлер кластердің тар интерпретациясын көрсетеді, өйткені потенциалды артықшылықтарды  жүзеге асыру үшін салалар мен  секторлар арасындағы технологиялық  байланысты жасап шығару қажеттігі - кластердің пайда болуының бір  критериіне негізделген.

     Кластерлік  көзқарас швед теоретиктерінің жұмыстарында қолданылған. Олардың кластерлік механизмі  ұлттық экономика құрылымына негізделген, яғни, ірі шведтік көпұлттық корпорациялардың өзара байланысын зерттеуге қолданылады. Мұнда кластерлер Е. Дахменнің “даму блоктары туралы” тезисінде орналасқан. Дахмен бойынша бәсекелестік жетістіктің даму негізі бір сектордың қабілеттілігі арасындағы байланыспен екіншісінде алға басуды қамтамасыз ету қабілеттілігінің бар болуы. Даму кезең бойынша жүзеге асуы керек немесе басқа саламен байланысты бір саланың айналасында.

     Кластердің  кейбір бейнелері аймақтық-өндірістік кешен, өндірістік және ғылыми-өндірістік ұйым ретінде қарастырылады. Кеңес  өкіметі кезінде барлық халықшаруашылық  кешеннің дамуына үлкен көңіл бөлінген, аймақтық-өндірістік кешеннің құрылуында  аймақтық дамуға қызығушылық соңғы орында болды. Аймақтық – өндірістік кешеннің ядросын экономиканың шикізат саласынан құраған. Аймақтық – өндірістік кешен құрылуында және басқа да кешендерде маңызды ролге технологиялық процесс ие болды. Аймақтық – өндірістік кешен құрылу жүйесінде бәсекелестік механизмнің жоқ болуы мемлекеттік реттеу ролінің күштілігімен толықты. Біздің ойымызша, экономикалық аудандыру саласындағы отандық ғылымның жетістігі және аймақтық – өндірістік кешен құрылуы кластерлік механизмнің құрылуына біздің экономиканың шартына сай жүзеге асуына мүмкіндік берді.

     Кластер ұғымы 1990 жыл М.Портердің “Конкурентные преимущество стран” кітабы шыққан соң кең таралды. Ол кітапта ұлттық, мемлекеттік, жергілікті бәсекеге қабілеттілік теориясы жазылған. Бұл теорияда бәсекеге қабілеттіліктің кластері маңызды рол атқарады.

Информация о работе Кластерлік модельдер