Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысымның мақсаты бюджеттегі экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі

Содержание

Кіріспе
Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары
1.1. Мемлекеттік бюджет
1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама

2.1. Бюджеттік процес
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС БЮДЖЕТ.docx

— 88.14 Кб (Скачать)
  1. байланыстырылған гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе байланыстырылған грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыруды көздейтін грангтар;
  2. байланыстырылмаған гранттар қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыру көзделмейтін гранттар.

Байланыстырылған гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланыстырылған грант туралы келісімге және Қазақстан  Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік  ұйымдар - гранттарды алушылар жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Бюджеттік процес

Бюджет процесінің жалпы сипаттамасы

1

Бюджет процесі  туралы базалық       заңның болуы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, Қазақстан Республикасының  барлық аумағында әрекет етеді және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негiзгi ережелерін, принциптерін және тетiктерiн белгiлейдi.

 

2

 

Бюджет жүйесінің  құрылымы (деңгейлерінің саны)

 

Қазақстан Республикасында  бюджеттің үш деңгейі әрекет етеді:

республикалық бюджет;

облыстық бюджеттер (14) және Астана және Алматы қалаларының  бюджеттері;

аудандардың бюджеттері мен облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттері.

3

Бюджет қаражатын  резервілеу әдістерін қолдану (тұрақтандыру қорлары, резерв қорлары, келешек ұрпақ  қорлары)

2000 жылдан бастап  Қазақстан Республикасында мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық дамуын  қамтамасыз етуге арналған Ұлттық  қор жұмыс істейді, онда экономиканың  мұнай секторынан тікелей салықтар  және мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерін сатудан түсімдер  түседі. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепiлдi трансферт түрiнде жұмсалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша қалдықтар және республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шеңберінде республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферттің қажетті сомасын анықтайды.

Жоспарланбаған  шығыстарды олардың тосындығына  байланысты қаржыландыру үшін республикалық  және жергілікті бюджеттердің құрамында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады. Резервтер:

Қазақстан Республикасының  аумағындағы табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайларды  жою үшін және Қазақстан Республикасының  басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуге;

Қазақстан Республикасының  немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою үшін;

соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау үшін;

төмен тұрған деңгейдегі бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын өтеу үшін пайдаланылады.

4

Бюджет заңнамасында бюджет процесін ұйымдастырудың базалық  халықаралық қағидаттарын бекіту

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі мынадай принциптерге негiзделедi:

1) бірыңғайлық принципі (бюджет жүйесін ұйымдастырудың  және оның жұмыс iстеуiнiң бірыңғай  принциптерін қолдану, Қазақстан  Республикасында бірыңғай бюджет  сыныптамасын және бюджет процесiнiң  бірыңғай рәсiмдерiн пайдалану);

2) толымдылық принципі (бюджетте және Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген барлық  түсімдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу);

3) реалистік принципі (бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі);

4) транспаренттiлiк  принципі (мемлекеттік немесе заңмен  қорғалатын өзге де құпия болып  табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ  қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау);

5) дәйектiлiк принципі (мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы);

6) нәтижелiлiк принципі (мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару);

7) бюджеттердің  дербестік принципі (түрлі деңгейдегі  бюджеттер арасында түсiмдердiң  тұрақты бөлiнуiн белгілеу және  осы Кодекске сәйкес олардың  жұмсалу бағыттарын айқындау, осы  Кодекске сәйкес мемлекеттік  басқарудың барлық деңгейлерiнiң  бюджет процесін дербес жүзеге  асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердің  атқарылуы барысында қосымша  алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгі бюджеттерге оларды тиiстi өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi);

8) сабақтастық принципі (өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергiлiктi бюджеттерді жоспарлау);

9) негiздiлiк принципі (бюджет жобасына қандай да  болсын түсiмдердi немесе шығыстарды  енгізу қажеттiгiн және олардың  көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын  нормативтік құқықтық актілер  және басқа да құжаттар негiзiнде бюджетті жоспарлау);

10) уақтылылық принципі (республикалық және жергiлiктi бюджеттерге,  Қазақстан Республикасы Ұлттық  қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару);

11) кассаның бірыңғайлық  принципі (бюджетке барлық түсiмдердi  бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру);

12) тиiмдiлiк принципі (бюджет қаражатының бекiтiлген  көлемін пайдаланып, ең үздік  тікелей нәтижеге қол жеткізу  қажеттiлiгiн негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу);

13) жауапкершiлiк  принципі (тікелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізуге және  бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi  мен мемлекеттік мекемелер басшыларының  және квазимемлекеттiк сектор  субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес келмейтін  шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершiлiгiн  қамтамасыз етуге бағытталған  қажетті әкiмшiлiк және басқару  шешiмдерiнiң қабылдануы);

14) бюджет қаражатының  атаулылық және нысаналы сипаты  принципі (бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы).

5

Бюджет қызметтерінің  сапа стандартын қолдану

Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын жекелеген функциялар көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері шеңберінде ақылы немесе тегін негізде көрсетiледi.Мемлекеттік қызметтер көрсету тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

6

Нәтижелілік көрсеткіштерін қолдану

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында келтірілген  стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді  шешу үшін бюджеттік бағдарламалар  әзірленеді. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сондай-ақ сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы тиiс.

Тiкелей нәтиже - қол жеткiзiлуi осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымдардың қызметiне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегiнде атқарылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы.

Түпкiлiктi нәтиже - белгiлi бiр мемлекеттiк орган қызметiнiң, басқа да мемлекеттiк органдар қызметiнiң  тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзумен  ұштасатын, халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасының, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктiң және мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйi (жай-күйiнiң өзгерiсi).

7

Стратегиялық жоспарлау  әдістерін қолдану

Стратегиялық жоспарлау  мына құжаттарды анықтайды: «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» стратегиясы, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары, көп жылдық жекелеген салаларды дамыту бағдарламалары. 2009 жылдан бастап мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары әзірленеді, олар әрбір үш жылда бес жылдық кезеңге бекітіледі. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды. Стратегиялық жоспарды iске асыру үшiн мемлекеттiк орган операциялық жоспар әзiрлейдi.


 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Сонымен бюджет дегеніміз - экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады, 1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады. 1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджеттемемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.

 

 

 

                                              

 

 

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. 1995 жылы қабылданған  ҚР Конституциясы. Алматы. Атамұра., 20087  
2. "Валюталық реттеу туралы" ЌР заңы, 24.12.96.  
3. "ҚР Ұ¦лттық Банкі" туралы ҚР Президентінің Жарлығы 30.03.95.  
4. "Банк және банк қызметі туралы" ҚР Президентінің Жарлығы 31.08.95.  
5. "Шетел валютасымен пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялаудың тєртібі туралы ереже", 24.04.97 /өзгерістер мен толықтырулармен 27.01.98.  
6. Капиталдың қозғалуына байланысты валюталық операцияларды тергеудің Ережесі,27.10.98.  
7. ҚР Валюталық операцияларды жүгізудің Ережесі 23.05.97 /өзгерістер мен толықтырулар 19.02.99./  
8. "Экспорттық-импорттық валюталың бақылауды ҚР-да ұйымдастырудың Нұсқамасы", 05.12.98.  
9. «ҚР-да қолма-қол шетел валюта Нұсқамасы", 19.02.99.  
10."Шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды есепке алу ережесі". БЕЖ. ҚР ¦Бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген. 13.11.96.  
11.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.

12.Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7 

 

 

 


Информация о работе Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама