Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:09, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты бюджеттегі экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі
Кіріспе
Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары
1.1. Мемлекеттік бюджет
1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама
2.1. Бюджеттік процес
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Қаржы» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама
Тексерген: оқытушы: Сейсекеев А.О.
Орындаған: БФ-21 студенті Маулетов А.К.
Орал - 2013 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары
1.1. Мемлекеттік бюджет
1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама
2.1. Бюджеттік процес
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмысымның мақсаты бюджеттегі экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі.
Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары
Мемлекеттік орталықтандырылған
ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланымен байланысты болып келетін
бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық
нысандар – бюджеттің кірістері меншығыстары
арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің
жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті
және олардың өзгеше қоғамдық арналымы
болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы
әлеуметтік-экономикалық және тарихи
жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік
бюджет және салық саясатын жүргізудің
бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді
қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың
қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін
КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері
мемлекеттік кәсіпорыдардың ақша жинақтарына
негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің
жалпы сомасының 90% құрады және негізінен
екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан
алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе
1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980
жылдары енгізілген өндірістік қорлар,
еңбек ресурстары және басқлары үшін ақы
түріндегі пайдадан алынатын нормативті
төлемдер қолданылып жүрген төлемдр жүйесін
өзгертпеді және жеке кәсіпрындар қызметінің
жеке –дара нәтижлеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар
немесе оларға барабар төлемдер болып
табылады.Қазақстан Республикасының мемлекттік
бюджеті кірістеріні құрамы мен құрылымы
салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен
және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы
салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің
құрылымы мыналрдан тұрады:
1)түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми транферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша
негізгі брышты өтеуден;
2)шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3)бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4)бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан)
қаржыландырудан.
өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан
алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы
алынған ресми трансферттер бөлігімен
(және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды
немесе қызмет көрсетуді сатып алуға,
кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты
төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын
төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу
санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару
негізінде берілген – бұрынғы жылдардағы
несиелендіру) мемлекттік шаруашылық
жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай
қаражаттардың түсуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық
топтардың шығыстарын қаржыландыруға
жұмсалады.
Мемлекеттік брышқа қызмет ету жөніндегі
шығыстар "борышқа қызмет ету" функциогалдық
тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін
- әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар
– қарыздар бойынша сыйақылар төлеу бойынша
Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға
жататын, басқа экономикалық бірліктерді
насиелендіруге арналған қаражаттар тиісті
бөлікте - функционалдық топ болып табылатын
несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен
қайтарымды негізде бөліген кредиттер
ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің
жалпы сомасынан асыцп түсуін қамтып көрсетеді.Бекітілген
республикалық бюджет тапшылығының көлемі
ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге
пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана
және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы
ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет
профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер
мен ресми трансфеттер түсімдерінің және
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша
негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының
жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде
бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып
түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің
көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы
ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі –
бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану)
қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік
борышті өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып
көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1)тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден
(Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден,
бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойыеша,
шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы
бюджет қаражаттарының қалдықтары) және
сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2)профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді,
бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді
өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік
бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға
пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі
тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен
айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен
бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық,
ведомоствалық және экономикалық сипаттамалар
боынша бюджетке түсетін түсімдер мен
бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын
белгілейтін топтастырылуын белгілейтін
нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің
сыныптамасынан , шығыстардың функционалдық
және экономикалық сыныптамаларынан тұрады.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
дамуының жоспарларымен, болжамдарымен
және бағдарламаларымен, министрліктер
мен ведомоствалардың, ұйымдар мен мекемелердің
қаржы жоспарларымен тығыз байланысын
қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар
мен қаржы жоспарларын құрама сметалар
мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік
береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің
жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді
қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама
мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф,
бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып
келген сыныптама бюджет қаражаттарын
жобалаудың, оған есеп жүргізудің және
бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін
жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына
сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан
бастап оң жаңа, халықаралық стандартқа
сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер
енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар:
санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы,бюджеттің
кірістері мына стандарттарды қамтиды:
салық түсімдері; салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан
алынатын кірістер; алынған ресми трансфеттер
(гранттар) ; бюджеттен берілген кредиттерді
өтеу; жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары
қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер
кірістерді кіріс көздерін неғұрлұм тәтіштеу
ретінде сипаттайды. Тмысалы, салық түсімдеріндегі
сынып – салық түрін, ерекшелік – нақты
салық төлеушіні немесе салық төлеушіні
немесе салық объектісін білдіреді.
Шығыстарды функционалдық, экономикалық
және ведомоствалық сыныптама қарастырылған.
Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің,
шаралардың және бюджет қатынастары қатысушыларының
кең көлемді сипаттамасы болып табылады.
Бюджеттік жоспарлау – мемлекеттің қаржы
саясатының талаптарына бағындырылған
қаржылық жоспарлаудың маңызды бөлігі.
Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні
елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық
дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді
жасаумен олардың атқарылуы процесінде
бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық
өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу
және қайта бөлуде болып отыр.
1) республикалық бюджеттердің кірістерін,
олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті
төлемдердің түсімдерінен (корпорациялық
табыс салығы; қосылған құнға салынатын
салық; импортқа салынатын акциздер; жер
қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері
мен салықтары,
ә)салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық
мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының
үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын
түсім;Үкіметтің депозиттері бойынша
алынған сый-ақылар; (мүдделер);
б)капиталмен жүргізілетін операциялардан
алынатын кірістрден: мемлекеттік резервтерден
алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден
және мемлекеттік қордан астық сатудан
алынатын түсімдерден турады.
1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған
ақшалай қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болып
келетін бюджеттің жұмыс жасауы
ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің
түсімдері мен шығыстары арқылы
болып отырады. Олар құндық бөліністің
жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты
объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: түсімдер мемлекетті
қажетті ақшалай қаражаттармен
қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған
ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге
сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері
табыстар, бюджеттік кредиттерді
өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық
активтері сатудан түсетін
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы
накты әлеуметтік- экономикалық
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама
негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден
тұрады:
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің
атқарылуы туралы есептерді түзу
осы көрсетілген құрылым
Кестеден көрініп түрғандай,
кірістердің негізін салықтық түсімдер
құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі
көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы
мен қорпоративтік табыс салығы болып
табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі
- салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сат
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу
сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін
сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік
түсшдер болып табылады.
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық
емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімде
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген
салықтар мен бюджетке төленетін басқа
міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық
емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті,
қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ
трансферттерден басқа, бюджетке тегін
негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелер
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің
бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан
республикалық бюджетке түсетін трансферттер
түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу
сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер
бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен
бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік
кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына
байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және
(немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға
байланысты бюджетке түсетін ақшалай
түсімдер.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан
түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың,
соның ішінде мемлекеттік меншіктегі
халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен
түріндегі мемлекеттік мекемелер мен
мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін,
бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік
кәсіпорындардың жедел басқаруындағы
немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге
мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке
түсетін түсімдер.
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде
бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың
катаң максатты арналымы болады.
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік
және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін
ақшалар.
Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың,
соның ішінде халықаралық ұйымдардың
қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын
мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған
бюджеттік қаражаттар.
Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы
ратификациялаған мемлекеттік сыртқы
қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар
бойынша халықаралық келісімшарттарға
сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған
бюджеттік қаражаттар.
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің
және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы
айырма ретінде айқындалады.
Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті
беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және
оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін
кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер
берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге
бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін,
орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін,
ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік
келісімшартқа және Қазақстан Республикасы
заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит
бойынша негізгі борышты қарыз алушының
өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар:
Қаржылық активтер мен
операциялар бойынша сальдо қар
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің
қаржылық активтерін сатудан түсетін
түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.Бюджет
тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар,
таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операцияла
Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні
оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының
шамасына сәйкес келеді.
Бюджет профицитін пайдалану қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды,
бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос
қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады.
Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі
борышты өтеу сомасының алынған қарыздар
және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын
қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде
айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану
мәні теріс белгімен белгіленеді және
бюджет профицитінің шамасына сәйкес
келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга
қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстары
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға
арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының қаражаттарын қалыптастыру
мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес
2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық
саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің
мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының
жаңа құрылымы көзделді.
Үкімет пен жергілікті атқарушы орғандардың
резевтері республикалық және жергілікті
бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған
шығындарды, олардың тосындығына және
ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды
талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру
үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің
құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше
резервті, шұғыл шығындарға, соттардың
шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға,
облыстық бюджеттердің, республикалық
маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол
ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді
кіріктіреді.
Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық
бюджет туралы заңмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы орған резервінің
жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет
түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға
тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы
табиги және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге
ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне
де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга
арналған резерв Қазақстан Республикасының
немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің
саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына,
сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына
катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында
пайдаланылады. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған
резерві, сондай-ак оның шешімдерімен
айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға
пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері
бойынша міндеттемелерді орындауга арналған
резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік
орғандардың, олардың ведомстволары мен
аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті
атқарушы орғандардың міндеттемелерін
орындауга пайдаланылады.
Резерв құрамында көзделген ақша толық
көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы
орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет
туралы заңға немесе жергілікті бюджет
туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы
орғанрезервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар
енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы
орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы
жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара
пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның
әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған
бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына
дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз
етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың
резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттің шығыстары - бұл
мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты
ақшалай шығындары. Экономикалық категория
ретінде олар коғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, коғамның сан алуан қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы
өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен
байланысты экономикалық қатынастарды
білдіреді. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің
қаржылық саясатының маңызды құралы, оның
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
кірістерін пайдалануға байланысты болатын
қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет
шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің
тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
камтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет
шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің
экономикалық, әлеуметтік, баскару, қорғаныс
және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. «Шығыстар»
Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының
оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі
қарамақайшылық пен күрделілікті қамтып
көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті
рэсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-карсы)
қажет ететін болса, «шығындар» «есепке
жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты
немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.Шаруашылық жүргізуді
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары оқулықтың
14.4 парагрфында баяндалған.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары
шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
Информация о работе Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама