Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысымның мақсаты бюджеттегі экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі

Содержание

Кіріспе
Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары
1.1. Мемлекеттік бюджет
1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама

2.1. Бюджеттік процес
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС БЮДЖЕТ.docx

— 88.14 Кб (Скачать)
  1. өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
  2. ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
  3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер; көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы капиталдардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады («шығындар» терминінің мағынасын қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың emu- mi және үшінші топтарын кіріктіреді. Баска категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндірісқұралдарының иесі болып табылады, өндірістік үдерістердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін канағаттандырады. Реформалау кезеңінде Қазақстан экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегімен, бірақ меншіктің, ақшалай ресурстардың едәуір үлесі мемлекеттің қарамағында қалады. Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде мұның өзі дамыған рыноктық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және келешекте өзінің манызын сактайды. 
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекетшығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқықтың тәртіпті қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өніміне және қызметтеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Бағыттары мен маңсатты арнсілымы бойынша шығыстардың барлъщ түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның тазата бысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ак өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомаларымен өтелуі мүмкін, бұл ақша мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағыт-талады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салықтық төлемдер, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және техникалық жетілдіру мақсаттарында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады. 
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспаршылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру максатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен үлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын катаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және еңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективалық және прогрессивтік салаларға бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. 
Мемлекеттің шығыстарын каржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл кагидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен катар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын каржылық ресурстардың тиімділігін арттырады. Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай ңаржыландыру қаржылықресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды кағидаты, ол ішкі резе-рвтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған. 
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджеттік, кредиттік және метиікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекетшығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады. 
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдъщ өндіріс пен үлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топка бөлінеді:

  1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты шығыстар;
  2. қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
  3. мемлекеттік резервтерді жасауға жұмсалатын шығыстар;

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және үлттық табысты жасаумен байланысты. Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдыққажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты өндірістік емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтіккамсыздандыруға бағытталады. Мемлекет сондай- ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты баска шараларға жұмсайды. Материалдық емес сфера мұқтаждарына жұмсалатын шығыстар түтыну ңорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы: шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін артғыру карқынында білініп. көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлеріне медициналық қызметті көрсетуді қамқорсыз ету есебінен кол жетеді. Мемлекеттін. шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының ара салмағы өзгерді - соңғы жылдары тұтыну қорының өсу карқыны қорлану қорының өсу карқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылтын ұлттық ғабыстағы түтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды. 
Үшінші топтың мемлекет шығыстары мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға салатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дулей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ак өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды камтамасыз өтуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салысты рылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді. 
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашы-лықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді. Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сактау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сактандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, баскару шығындары болып бөлінеді. 
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды еа жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырубың екі әдісі бар:

  1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.
  2. Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың - каржылаңдырудың дара жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын үстау, қорғаныс шығындары қаржылаңдырылады. Бюджеттік тәртіппен каржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда эдіс ретінде айналысқа қолма-кол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық царжыландыру қолданылады. Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды камтамасыз етуге және баска мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеу қаржы, субвенциялар, субсидиялар 
Демеуқаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу 
үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойынсауық және баскадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын. 
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды камтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік каржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады. 
Субсидиялар -үлестік негізде белгілі бір шараларды каржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар. 
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар. 
Айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің шығыстары мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік сатып алу - акциялардың (үлестердің) елу және одан көп пайызын немесе мемлекетке жататын акциялардың бақылау пакетін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен қосылма заңи тұлғалардың қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы. 
Мемлекеттік сатып алу жүйесі қоғам мен мемлекеттің орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан қызметтің маңызды сфераларында мемлекеттік монополияның қажеттігіне негізделеді. 
Мемлекеттік сатып aлy сферасындағы мемлекеттік монополия тек кана мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындардың заңнамалық актілер негіздемесінде, сондай-ак бәсекені енгізу ұлттық кауіпсіздік, құқық тәртібі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мүдделерінің ұғынысы тұрғысынан колайсыз болатын жағдайларда қызметтің шаруашылық жүргізілетін сферасы. Бәсеке - тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бағытталған және әлуетті жеткізушілер арасында ашық әрі адал бәсекені қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізу әдісі. 
Мемлекеттік сатып aлy үдерісін реттеу мына кагидаттарға негізделеді:

  1. сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді жұмсау;
  2. мемлекеттік сатып any үдерісіне қатысу үшін барлық элуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру;
  3. әлуетті жеткізушілер арасында адап бәсеке;
  4. мемлекеттік сатып any үдерісінің жариялылығы.

Мемлекеттік сатып any мына әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

  1. ашықбәсеке;
  2. жабық бәсеке;
  3. бағапық ұсыныстардың сұрау салуын пайдаланумен жеткізушіні таңдау;
  4. бір көзден;
  5. ашықтауар биржалары арқылы.

Бір немесе бірнеше секторлардың басымдығынан кетуді және экономиканың жаңа бэсекелі секторларын жасауды ұйғаратын ұлттық экономиканы әртараптандыру міндеті жоспарланатын мерзімге көкейтесті болып қала береді және осы үдерісті одан ары ынталандыру жөніндегі, экономиканы тездетіп дамытуды камтамасыз ететін байсалды кадамдар мен нысаналы күш салуды қажет етеді. 
Саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық іс-шаралардың, экономикалық саясат қағидаттарының, басымдықтарының жиынтығы болып табылатын Индустриялдық-инновациялық дамуды іске асыру шеңберінде постиндустрияландыру мен үдемелі инновациялық даму жағына экономиканың құрылымында сапалы өзгерістерді жүргізуді камтамасыз етуге бейім мемлекеттін қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген. Стратегия шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттар ғана емес, сонымен бірге дамуинституттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың каржылық ресурстары, сондай-ак жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ең басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен донор-елдердің көмегі пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама

 

Бюджеттік сыныптама / Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады. [1]

Бюджеттің кірістері мен шығыстарының егжей - тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; дара сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттік көрсеткіштердің үйлесуі мен салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. 
Бюджеттік үдеріс бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, бағдарламалар мен даму жоспарларының, республикалық, бюджет пен жергілікті бюджеттің теңдестірілімдігіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады. 
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданумен басқарудың жоғары оралымдылыққа жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан-жақты анық және атаулы жүйелеуге мүмкіндік жасайды. 
Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптама қолданылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және бекітеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама өзіне бюджеттік түсімдердің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларын кіріктіреді. 
Бюджеттік түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейлердегі бюджеттік түсімдердің белгілі бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасыныңтоптамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалықбелгілері бойыншатоптастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды. Сыныптаманың бөлімшелері кірістерді олардың көздерін көптен-көп бөлшрггеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салықтық түсімдерде сынып салық тоб&н, кіші сынып салықтың түрін, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектін білдіреді. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлер бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады. 
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасына сәйкес шығыстар төрт деңгейге бөлінеді: функциялық топ, функциялық кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар). Функциялық сыныптама қызмет, шаралар түрлерінің және бюджеттік қатынастар қатысушыларының жазулы сипаттамасы болып көрінеді. Функциялық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын бейнелеп көрсетеді. 
Негізгі функциялық топтар бойынша шығыстар былай бөлінеді: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот қылмыстық-атқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, экономика салалары, борышқа қызмет көрсету, төменгі бюджеттерге трансферттер. Аталған деңгейлердің үйлесуі шығыстардың функциялық сыныптамасының кодын құрады. 
Функциялық кіші топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функциялық топ ішінде нақтылайды. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін. Ведомстволық сыныптамсі бюджеттік бағдарламалардың, функциялық топтардың және бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшілері бойыншажасалынды, мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің кеңсесі, облыстардың және Алматы мен Астананың әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасынын басқа ведомстволары мен службалары. 
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсетілетін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санат ағымдағы шығыстарды, күрделі шығыстарды, кредиттер беруді, қаржыландыруды кіріктіреді. Сынып, кіші сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылайды, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы - жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және бекітеді. 
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауга, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орған. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бөлінеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджеттік қаражаттарды дербес пайдаланады. 
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер орғандарын қоспағанда, мемлекеттік орғандардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды. Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың тұрпаттық құрылымы негізге алына отырып айқындалады. 
Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік орғанның стартегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. 
Бюджеттік бағдарламаларды олардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік орғанның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттік пен жеткіліктілік қағидаттарына негізделе отырып әзірленеді. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер керсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тура және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін. 
Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтижелік көрсеткіштерді қолдану шартымен бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. 
Мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламалар: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға; трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге; бюджеттік кредиттер беруге; бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға; күрделі шығыстарды жүзеге асыруға; мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді. 
Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджеттің құрамында бектілетін республикалық бағдарламаларға, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала астана бағдарламаларына; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында беібтілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларга; Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланын, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. 
Облыстық, республикапық маңызы бар қала, астана, аудандық (қапалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдын (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады. Бюджетгік бағдарламалар іске асыру тәсіліне қарай бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламиларга, белгілі бір және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінін бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларга бөлінеді. Бюджетгік бағдарламалар бір тұтас бюджеттік сынып таманың құрамында тиісті белгі(код) берілс отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. 
Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныш тағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңи түлгаларга мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 
Мемлекеттік қызметтер қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджеттік қаражаттар есебінен және Ұлттық банк бюджетінен қаржыландырылатын, жеке және заңи тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет тер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарла маның күнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді. Мемлекеттік қызметтер керсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын анықтау кезінде мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары пайдаланылады. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңи тұлғаларга мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер керсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа міндеттерді орындауга мемлекет тапсырыс белгілей алады, мүндай тапсырыс мемлекеттік тапсырма деп аталады. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рэсімдер сақталмай жүзеге асырылады. 
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау оларды әзірлеу, Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау, оларды іске' асыру, іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру стадияларында жүзеге асырылады. 
Орталық мемлекеттік орғандарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штаттық сан лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады. Бюджеттің атқарылуы кезінде функциялық және экономикалық сыныптамалардың негізгі бөлімшелерін кіріктіретін тоғыспалы сыныптама түрінде екі сыныптаманың үйлесуі пайдаланылады. 
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, басқарудың жоғарғы оралымдығына жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан- жақты айқын және атаулы түрде жүйелеуге мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік бюджеттің (бюджеттік бағдарламалардың) шығыс бөлігінің ағымдағы шығыстар (бағдарламалар) бюджетіне және даму бюджетіне бөлінуінің мынадай әлеуметтік-экономикалық мағынасы бар. Ағымдағы бюджетте әлеуметтік қамсыздандырушылықтың қолданыстағы нормалары мен қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырландырылған. Ол бюджетте шоғырландырылатын ақша қорланымдары мен түсімдерінің өсуі есебінен толық баланстанылған. Даму бюджетіне ұлғаймалы ұдайы өндіріспен байланысты инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруга қаржы бөлу және басқа шығындар кіріктіріледі. Даму бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, жаңа әлеуметтік-экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығындар кіріктіріледі; даму бюджетінің құрамды бөліктерін талдау мемлекеттің жана қосымша шығыстарына негұрлым сындарлы және аңдап келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде мына кағидат дәйекті жүзеге асырылуы тиіс: қажеттіліктерді қатаң нақтылы алынатын, меншікті және қарыздық көздер шегінде қаржыландыру. Даму бюджетінің қарастырылған шығыстарының міндетті сипаты болмауы тиіс және оларды жоғары шек ретінде қарастыру керек, яғни егер бюджеттің атқарылуы барысында табыстар ала алмайтын болса, онда даму бюджетінің шығыстарын қысқартуга тура келеді. 
Бюджеттік кодексте бюджеттік инвестициялар - бюджеттен ортақ қаржыландыру шарты мен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңи тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлгайту мемлекет активтерін күру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөліп қарастырылған. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру мемлекеттің заңи тұлгалардың жарғылық капитапына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. 
Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру, мемлекеттік заңи тұлғапардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге арылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикапық және жергілікті болып бөлінеді. 
Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін Қазақстан Республикасы заннамасында көзделген экономикалық және басқа сараптамалар жүргізілуге тиіс, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді.Үкімет және жергілікті атқарушы орғандар Қазақстан Республикасынын концессиялар туралы заннамасына сәйкес концессиялық міндеттемелер қабылдауы мүмкін. 
Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттікинвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы орғандар іске асырады. Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды - донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына кайшы келмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникапық көмегін қолдану қарастырылған. 
Гранттар берілу шарттары бойынша былай бөлінеді:

Информация о работе Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама