Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 22:25, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4

Ι. Қаржы жүйесінің теориялық маңызы.................................................... 5-15
1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру...........................................5-9
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу..................................................................................................................10-15

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.....16-27
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.............................................16-22
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет................................................23-28
2.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру жолдары............................................................................................................ 28-
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................

Работа содержит 1 файл

кусовой айбол.doc

— 242.50 Кб (Скачать)
 

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына  тоқталатын болсақ 2010 жылы мемлеккеттік басқпру органдарын ұстауға бюджетте 637281 мың теңге көрсетілген, соның ішінде жалақыға 369559 мың теңге бөлінген. Осыған сәйкес орындалу 627507 мың теңгені құрады, соның ішіндежалақыға 368161 мың теңге жұмсалды.Жыл ішінде қорғаныс саласына 262216 мың теңге немесе бюджеттен көрсетілген соманың 99,4-ы жұмсалынды. Өртке қарсы қызметке 1911641 мың теңге көрсетілген болатын, сол соманың барлығы толығымен алынды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүзеге асыратын құқық қорғау органдарн ұстауға есепті жылда бюджеттен 541065 мың теңге көрсетілді, ал іс жүзінде кассалық орындалу 99,9%-ды құрады. 2010 жылы  білім беру саласына нақты 4710215 мың теңге жұмсалды, соның ішінде балалардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету үшін 37656 мың теңгені құрады. Есеп берулер бойынша 2010 жылы денсаулық сақтау саласына жоспарланған 3454042 мың теңгенің 99,8%-ы жұмсалынды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                    Қорытынды

 

    Сонымен, жоғарыда баяндалған мәселелелерді  қорыта келе, мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды деп айта аламыз.

    Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.

    Мемлекеттің қаржылық жүйедегі қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

    Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі мақсаты: қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасау, ал міндеттеріне қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

    Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп  мемлекеттік қаржылар аясындағы  өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған  мақсат – міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.

    Қаржылық  жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.

    Қаржылық  жоспарлау мемлекеттің ақшалай  қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта  бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.

    Қаржылық  жоспарлау обьектісі ақшалай  қор болып табылды. Ал ақшалай  қорлардың жиынтығы мемлекеттің  қаржылық ресурстарын құрайды.

   Бірсыпыра   шет  ел  мамандарының  пікірінше   Қазақстанда  жеңіл  өнеркәсіп  және  туризмді  дамытуда  инфляция  салдарын  баяулатуға  болады.Сондықтан  бұл  салалардың   дамуына  айырықша  көңіл  бөлінуі  керек. Сыртқы  сауда  мен  айналысатын  кәсіпорындарды  толық   өзін - өзі   валюталық  ақтауға  кешіру, ұлттық  ақша  теңгені  ендіру  толық  қажет .Сонымен  инфляцияның  халықтың  әл – ауқатының  деңгейіне  теріс  әсер  ететін  нәтижелерін  азайту  керек.

            ″  Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  банкі  туралы" Заңға   енгізілген  және  1 қаңтардан   басатп  күшіне  енген  соңғы   өзгерістерге  сәйкес, Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. Сондықтан  қазіргі  уақытта  Ұлттық  банк  инфляция  бойынша  бағдарларды  белгілейді.Тиісінше,Ұлттық  банк  теңгенің  айырбас  бағамы  бойынша  бағдарларды белгілемейді  және  ішкі  валюта  рыногында теңгенің  айырбас бағамының алыпсатарлық  секірістерінің  алдын алу қажет болғанда  ғана  барынша аз  қатысатыны  болмаса, оны қалыптастыруға  араласпайды.

   Адам  өмірі  өне  бойы  қозғалыста  болғандықтан, ондағы  қоғамдық  қатынастар  өзгеріп, жаңарып отырады.

         Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен  салыстырғанда  құнының   төмендеп  кетуімен  туады   да, товарлар  бағасының  көтерілуіне   әкеп  соғады.Экономика  ілімінің  дүниеге  келуі  адамзат қоғамының аяқтан  тұруымен  қатар жүрді.

         Республикада  осы  өтпелі  кезеңде  ауыр  да  қарама-қайшы   процестер  болып  отыр.Соның   бірі  инфляция  болып  отыр.

         Бүгінде  адамзат  өмірі   қай  жағынан  алып  қарасаңыз   да  әр  түрлі  мәселелермен  бетпе – бет  келіп  отыр,оның  бірі  экономиикалық  жағдайлар.Қазірде  жер  бетінде  сол  сауалдар  мен  жағдайлар  көп  ескерілуде.

         Шынын  айтсақ, ұлттық  валюта  енгізілгеннен  кейін  алғашқы   екі  жыл  біздің  еліміз  үшін  өте  қиын  жылдар  болды. Жалпы  экономикалық  сипаттағы  объективті  қиындықтар  ( бағларды  ырықтандыруға  және  өндірістің  құлдырауына  байланысты  инфляцияның  жоғарғы  деңгейі, импорт  тауарларының  қанағаттандырмайтын  сұраныстың  едәуір )  шет  ел  валютасына  сұраныстың  өсуіне, ал  ізінше, бағамның  өсуіне  әкеп  соқты.Теңгені енгізуге  қатысты есеп  айырысу жүргізген кезде ұлттық  валютаның тұрақтылығына ықпал ете алатын  барлық  негізгі факторлар есепке  алынған. Алғашқы кезде теңге бағамы  төмендейді деп  күтілген  болатын.Алайда ,мысалы  2009  жылы  кәсіпорындардың сәтсіз  жүргізілген өзара шаруашылық  есеп  беруі сияқты  өтінішті   экономикалық  жаңсақтықтар   алғашқы айларда   теңге айналысының жағдайын   біршама қиындатты. Енгізіген  кезден  бастап  алғашқы  жеті  айда  8  есе  құнсызданды.

        Ия, шынында  теңгені  енгізгеннен   кейінгі  екі  үш  жылда   оның  бағамы  тұрақсыз  болды,  инфляция  қарқыны  көбейгендігі  белгілі. Мұны  теңге  енгізілген  кезде  болжамдаған  болатын.  Бірақ, міне  біз  өзіміз  көріп  отырғанымыздай  теңге  нарықта  тұрақтанды. Мүмкін  оның  алғашқыда  құлдырау  себебі,  біздің  елде  КСРО  құлағаннан  кейінгі  қаржы  жүйесінің  біршама  сақталынуы  және  өз  ұлттық  валютамызды  бірінші  рет  нарық  сахнасына енгізуінде, теңгеге  нарықтың  әсері  болуы  шығар. Алайда,енді  біз  сеніммен  теңгенің    аяғына  тік  тұрып   тұрақтанғанын 

        Қазіргі  кезде  біздің  елде  қаржы  саясаты   тұрақтанды  деп  айтуға  болады.Жоғарыда  айтылғандай  ұлттық  банк  бағдарды  инфляция  бойынша  ғана  белгілейтін   болады. Тағы  да  осы  тақырып  бойынша  айтатын  жаңалық  ол  2010  жылы  27   қаңтарда  Президентіміздің  ұлттық  банк  төрағасы  етіп  Сайденов А.Г мырзаны   тағайындауы. Ол  ұлттық  банк  қызметінің  тікелей  ауысуына  байланысты  болар.Ендігі  кезде  бүкіл   халық, Президентіміз  жаңа  ұлттық  банк  төрағасына  сеніп ,әрі  қарай  еліміздің  экономикасына  тұрақтандыруға  сенуде.Халқымыз  үмітпен  " Іске сәт ″ демек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған  әдебиеттер   тізімі:

 
  1. Әубәкіров " Экономикалық  теория  негіздері " Алматы  1994 ж.
  2. Мәдешев Б " Нарықтық  экономика  теориясына  кіріспе " Алматы  1995 ж.
  3. Эдвин.Дж. Доллан " Макроэкономика" Москва 1995 ж
  4. Мельников В.Д " Экономика  Казахстана " Алматы 1995 ж
  5. Тобаяқов  Б "Егемен  елдің  экономикасы "
  6. Алматы  1995 ж.
  7. 6.   Қаржы - қаражат   1999  № 1
  8. 7.  Қаржы - қаражат // 2000  № 9
  9. 8.  Қаржы - қаражат //  2002  №3
  10. Егемен  Қазақстан  2003 № 15 қараша
  11. Казахстан  в  цифрах  2003, 20004
  12. Статистикалық  бюллетень 2004
  13. Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.
 
 

               

 
 

     

 
 

          

                

 
 
 
 
 

     

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары