Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 22:25, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4

Ι. Қаржы жүйесінің теориялық маңызы.................................................... 5-15
1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру...........................................5-9
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу..................................................................................................................10-15

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.....16-27
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.............................................16-22
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет................................................23-28
2.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру жолдары............................................................................................................ 28-
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................

Работа содержит 1 файл

кусовой айбол.doc

— 242.50 Кб (Скачать)

    Францияның  бюджеттік процесі 1959 жылғы декреттер, регламенттер, нұсқаулар, бюджеттік операциялардың ұлттық шот жүйесінде көрініс табуы, бюджеттік процесс пен бақылауға қатысты орталық және аймақтық билік органдардың ролі мен функциясы және көптеген заңдар констетуция баптар қатарымен реттелінеді. Францияда бюджеттік дайындау, қабылдау, атқару және атқарылғаны туралы есеп құру 3 жылға созылады.

           Француздық бюджеттік процестің  бірінші сатысы бюджет жобасын  жасау – елдің басты  қаржы  органы экономика және қаржы  Министрлігімен бақыланады. Бюджеттік дайындық «бюджеттік шешімдерді ұтымды таңдау» атауына ие мақсатты – бағдарламалық әдісті қолданумен жүреді. 9 ай ішінде әрбір министрліктер мен ведомстволар нұсқаулар мен бақұылау сандарды жетекшілікке ала отырып өзіндік смета құрастырады. Содан кейін барлық сметалар ұштастырғаннан кейіналдын ала үкіметпен қабылданып, бюджеттік жоба жасалынады, ол өз кезегінде парламентке беріледі.

           Бюджеттік процестің екінші сатысы  – бюджеттік қабылдау өз кезегінде  3 айға созылады. Бюджеттік жоба парламент қаржы камиссиясының әрбір палатасымен иқарастырылады. Бастапқы кезде төменгі палата – ұлттық жиналыста жоба талқылаудан өтеді. Сонан кейін жоба жоғарғы палата – сенатқа беріледі.

            Егер бюджеттік жоба парламент  екі палатасының біріккен талқылауынан кейін қабылданбаған жағдайда президент бюджетті заң ретінде жарлық беруге құқылы.

           Үшінші саты – бюджеттік атқарылу. Кассалық атқарылу Франция банкінде  шоты бар және бюджеттік. Кассалық  – есеп-айырысу операциялары  жүргізіліп, қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асады.

           Бюджеттік атқарылуын бақылау  үш түрге бөлінеді: әкімшілік,  соттық және парламенттік. 

         Әкімшілік бақылау. Есеп жүйесі иерархиялық құрылымы бойынша жүргізіледі, яғни жоғарғы деңгейдегі бухгалтер өзінен төменгі деңгейдегі бухгалтерлерді бақылап, ал өздері басты қазынашылыққа бағынады. Францияда қаржы министрлігінің кабинетімен байланысты, бірақ басқаруда бұл министрліктің бірде – біреуіне кірмейтін қаржылық бақылаушы – инспекторлар корпорациясын білдіретін басты қаржылық инспекция әрекет етеді. Қаржылық бақылаушылар мемлекеттік қаржылардың барлық буындарын, оның ішінде мекеме және қызметі қазынашылық мүддені қозғайтын жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың есеп жағдайын тексеруге құқылы. Мысалы ретінде транспорттық және құрылыс компаниялар т.б. жатады.

           Соттық бақылау – ұйымның есеп  және есеп беру жағдайын тексеруі  шот поштасымен жүзеге асырылады.  Шот палатасының юрисдикциясы  несиелермен иеленетін басты  бухгалтерияларға таралған. Мәліметтің  толық немесе нақты еместігіне атқарушы органның жетекшілері жауапты өз мойнына алады.

           Парламенттік бақылау – бюджеттік  атқарылуды қамтамасыз ететін  шот палатасының доклады мен  есеп органның орталық шоттары  туралы жалпы деклорация және  жеке министрліктің есеп беруі жоғарыда көтерілген құжатта негізінде бюджеттің атқарылғаны туралы заңды қабылдау мен талқылау барысында жүзеге асырылады.

          Францияда бюджеттік (қаржылық) жыл  колендарлық жылмен сәйкес келеді, яғни 1 қаңтардан басталады. 

    Францияның  макроэкономикалық жағдайы.

         Француздық экономика әлемдік шаруашылықта жетекші орын алады. ЖІӨ көлемі бойынша Франция әлемдік 4 орынға ие. Франция территориясы мен тұрғындар саны бойынша Еуропада ірі мемлекеттердің бірі. Елдің территориясы – 551 мың кв.км., халық саны – 58млн. адам. Оның ішінде 95% - француздар, қалғаны британдықтар, баекілер, каталондықтар, немістер, алжирліктер, итальяндық, португалдықтар, түркілер.

          Елдің экономикалық дамуын сипаттаушы  басты көрсеткіш – нақты ЖІӨ  өсімі. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш оң динамиканы көрсетеді. Егер 2008 жылғы экономикалық рессецияны ескермеген жағдайда. Осы себепке байланысты 2009 және 2010 жылдары нақты ЖІӨ өсімі оң қарқыны қысқарғаны байқалады. (1.1. кесте)

   

        

             1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004  2005 2006  2007 2008 2009 2010

       0,8  1,3     -1,5   2,9    2,7    2,2     2,3   3,2  3,2     3,2     2,6 1,0      2,0 

                                                                                                     

    1.1. кесте. Францияның нақты ЖІӨ өсімі (%)түрінде

 

      Басқа жылдары, әсіресе 1990 жылдың  соңына қарай ішкі сұраныстың  өсу себебінен тұрақты экономикалық  өсу болды. 1998 жылы бұл параметрдің есебінен ЖІӨ өсімі ¾-ке жетті. Ішкі сұраныстың өсуі дайын өнім секторына тұрақты оң әсерін тигізді. 1997 жылдың ортасынан бастап жеке тұтынудың кеңейуі тұтыну негіздегі тауар секторының конъюктурасын ұстап тұрды. Сонымен қатар жинақ нормасы (нақты ақша табысының жинаққа қатынасы) 14% дейін қысқаруы, ішкі сұраныстың өсуіне әкелді. Саясат біртіндеп пайыз қойылымын тұрақты төмендеуіне себепкер болды. Осындай жинақ депозиттердің номиналды қойылымы 1998 жылы соңына қарай 3,2% дейін төмендеді. Нәтижесінде (1986 жылы қарағанда рекордтық көрсеткіш) тұтыну өсімі 4 рет көбейді.

      Ішкі сұраныстың екінші құрамдас бөлігі – инвестиция. Өз кезегінде динамикалық түрде дамыды. 1997 жылмен салыстырғанда олардың қарқыны 1998 жылы 6% дейін көтерілді. 2000 жылы болжамдалған экономикалық өсу қарқыны 3% дейін төмендеуіне қарамастан бұл көрсеткіш өзгермеді және евро аймақтағы жетекші үш елдер арасында жоғарғы көрсеткіш болып қала береді. 2001 жылы нақты ЖІӨ өсімінің төмендеуі әлемдік ынтымақтастыққа экономикалық өсудің болулығымен түсіндіріледі.

    2005 жылға дейінгі Францияның дамуы  батыс еуропа аймағының

жалпы тенденциясына сәйкес келетіні ықтимал. Атап айтқанда орташа    

    жылдық  өсу қарқыны 2,4-2,6% болжамдалады. 

         Соңғы он жылдықта француз экономикасында маңызды фактор-инфляция деңгейінің төмен болуы. 1994 жылы Франция экономикалық саясаттың бағыты информацияны 2% төмен деңгейде баға тұрақтылы болған. Мониторлық саясаттың нәтижесінде 1996 жылы инфляция 2,1% құрды, ал 1997 жылы 1,1% болды. Бұл көрсеткіштер соңғы 40 жыл ішінде ең төмен болып есептелінеді. 2% жылдың инфляцияны және ЖІӨ өсімі 3% болатын болжамға жету үшін Франция банкі жиынтық ақша массасының жалпы жылдық өсімін 5% дейін шектеді. Сөйтіп 1997 жылы жиынтық акция масса өнімі 1,5%-дан аспады, инфляция деңгейі -1,1%, ал нақты ЖІӨ өсімі -2,3% құрды. 1998 жылы азиялық қаржылық кризис арқасында инфляция деңгейі 0,7%, ал 1999 жылы 0,6% дейін төленеді. 2000 жылы инфляция 1,8% өсті. 2001 жылы инфляция деңгейі 1,0-1,6% деп болжамдады.

         Қолайлы экономикалық конъюктура  Франциядағы жұмыссыздық деңгейін  төмендеуіне себепкер болды. (1.2 кесте).

    

1991 1992  1993 1994   1995  1996   1997  1998   1999 2000  2001  2002 2003

9.4   10.4 11.7  12.5   12.5  12.3   12.5    11.8   11.2  9.7     8.8       8.6    8.5     

 

    1.2 кесте. Жұмыс күші саны % бойынша жұмыссыздық деңгейі.

 

             Жұмысссыздар санының қысқаруы үкіметтің жаңа жұмыс орнын құрумен байланысты болды. 2009 жылы 190 мың жұмыс орны құрылды, сонымен қатар мемлекет арнайы жастар үшін 40 мың жұмыс орнын құру үшін қаражаттар бөлді. 2010 жылы жұмыс орындары 300 мың орынға жетті, оның ішінде 100 мың жұмыс орны арнайы жастар үшін құрылған. Нәтижесінде жастар жұмыссыздығы 2010 жылдың 10 ай ішінде 8,5% дейін қысқарылды.

          Француздық экономика сыртқы  байланыстар үшін кең түрде  ашық қызметтермен ауылшаруашылық  өнімдер экспорт бойынша Франция әлемде 2 орында келеді. Өндірістік өнімдер (негізіне құрал-жабдықтар) экспорты бойынша 4 орын. Францияның басты сыртқы экономикалық әріптестері еуроодаққа мүше мемлекеттер болып табылды. ЕО мемлекеттеріне елдің тауар айналымының 63% және экспорттың 60% келеді. Францияның ЕО-пен оң сальдосы 2010 жылы  63млрд.франкқа жетті (9,6 млрд. евро). Германия – Францияның басты сауда әріптесі болып табылады. (Экспорт 16%, импорт 20%). Екінші орында Италия (12%), артынша Ирландия мен Нидерланды елдері Францияның сауда айналымында АҚШ-тың үлес салмағы 6,1% құрайды.

           Елдің жалғаспалы экономикалық  өрлеуінің бір себебі экспорттың

қарқынды  өсуі (2009 қорытындысы бойынша 12% құраған) болып табылады. 2009 жылы ағымдағы төлем балансының оң сальдосы 220млрд. франктан асып түсті, бұл алдыңғы 5 жыл ішінде үлкен көрсеткіш болды. 2010 жылы оң сауда сальдосы 124млрд. франкка жетті (18,9млрд. евро). 2009 жылы өнім экспортта ЖІӨ-нің 26%, яғни 276,61 млрд. евро болды.

       Франция үшін тікелей инвестиция және капитал экспорты тенденциясына тән құбылыс. 2009 жылы шетелде Франция француздық инвестиция портфелі 413,5млрд. франкті құрады, оның 257,4 млрд. франк облигацияны сатып алуға жұмсады. Француз резидентті тұлғалары 158 млрд. франкті басқаруда қатысуға құқық беретін шетелдік акциялар мен басқа да құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған. 2009 жылы француз резидентті тұлғалары шетелдің тікелей инвестициялардың соммасы 181 млрд. франкты құрады. Шетелдік тікелей инвестиция көлемі бойынша Франция Япония мен қатар әлемде алдыңғы орынды алады. Сонымен қатар мемлекет шетелдік әріптестері үшін инвестициялық мүддені сақтап келеді. 2009 жылы шетелдік тікелей инвестиция көлемі бойынша Француз әлемде АҚШ, Ұлыбритания және ҚХР кейін 4 орында келеді. 2009 жылы резидентті емес тұлғалар 257млрд. франкті француздық құнды қағаздарға салды. Резидентті емес тұлғалар азияның қор нарығында басталған кризистерден кейін белсенді түрде өз қаражаттарын құнды қағаздарға сала бастады. Осыған байланысты шетел әріптестердің арқасында Францияда инвестициялық өрлеу қамтамасыз етілді, бұл туралы жоғарыда айтылып кетті. Францияда 2009 жылы 360 ірі инвестициялық жоба шегінде 24 мың жұмыс орны құрылды. Франция Банкісінің мәліметі негізінде 2009 жылы 1-қаңтарда шетелдік тікелей инвестиция соммасы 753,8 млрд. франкты құрды. Олар негізінен 64% ЕО елдерінен түсті. Инвесторлар ішінен АҚШ бірінші орын алады (20.2% немесе 152,3 млрд. франк).

          Елдің 2015 жылға дейін экономиканың  оң динамикасы үшін ең болмағанда  экспорттың бастапқы көрсеткіштерін  сақтап қалу қажет. Үлкен көлемді алдыңғы қатарлы озық өнімдердің мәні күшейіп, әлемдік сұранысқа белсенді бейімделуі билік алдына қойылған мәселенің бірі болып табылады. Бұл жөнінен Франция әлі болсада артта қалуда. Ұлттық экспорттың машина және жабдық бөлігіне 48% келеді. Бұл көрсеткіш АҚШ және Германияға қарағанда айрықша аз. Керісінше басты бәсекелестерге қарағанда өнімнің үлес салмағы аз, ал өңдеу дәреже жоғары болып табылады.             

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері

 

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережe сәйкес жүзеге  асырады.  Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:

      • Қазынашылық комитеті;
      • Кедендiк бақылау комитетi;
      • Салық комитетi;
      • Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
      • Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
      • Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.

ҚР  Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері: мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету; 
       Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, темекi өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен әдiстемелiк басшылық жасау болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары